Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
• қазіргі кездегі қақтығыстардағы діннің роліне ерекше
назар аударылады (бұл осы қақтығыстарды діннің көмегімен
де реттуге мүмкіндік бар деген сенімді туындатады),
• діннің дәстүрлі мәдениеттің бір бөлігі ретінде жағымды
рөлін көрсетеді;
• мәдениетаралық және өркениетаралық сұхбатта діннің
рөлі мойындалады.
Саясаттағы діни фактордың күшеюіне ықпал ететін фак-
торлар:
• бүкіл әлемдегі, сонымен қатар, саясаттағы жалпы дін
рөлінің төмендеуі;
• діни ұйымдардың саяси жүйенің жеке субъектісіне
қатысты өзгеруі;
• бір жағынан саяси шешімдерді діни факторлармен
негіздеу жағдайлары жиі орын ала бастаса, екінші жағынан
діни белсенділікті саяси аргументтермен негіздеу орын ала бас-
тады;
• радикалды діни ұйымдар санының өсуі;
• діни негіздегі партиялардың белсенді бола бастауы;
• діни саясатты мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізуде
есепке алу;
• қазіргі таңда ұлттық сана қалыптастыру және ұлттық
бірлікті нығайтуда дін ролінің өсуі;
• әлемдік және ұлттық БАҚ діни негіздегі экстремизм мен
терроризмге ерекше көңіл аудара бастауы және бұл үрдістің
ұлғаюы,
• «исламдық әлемге» жататын елдердің модернизациялау
әрекеттерінің белсенді бола бастауы;
• діни идеология негізінде Солтүстік пен Оңтүстіктің
қарсыласу мәселелерін жиі көтере бастауы.
Қазіргі таңда діндер бір-біріне салыстырмалы түрде төзім-
ді болып келеді. Бұл олардың бірі-бірінің дұрыстығын мой-
ындаудан шығып отырған жоқ, қайта, керісінше, олардың
әрқайсысы өздерін ғана ақиқат дін деп есептейді. Оның
себебі, олар бір дінді келесі діннен бөлуді жойған кеңістікте,
жаһанданданған әлемде, барлық әлемдік діндер бір мем-
61
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі
бағыттары мен үрдістері
лекетте бірге өмір сүру қажеттігін түсініп отырғандығы.
Діннің догматикалық және сенім негіздеріне таралмайтын
төзімділік шегі болатынын ескеру қажет. Аталмыш шектеу-
дің дінаралық сұхбатқа да қатысы бар: ол бірнеше аспектілерді
қамтиды, алайда сұхбатты діннің догматикалық деңгейінде
жүргізуге болмайды, бұл жерде шешілмейтін қайшылықтар
туындайды. Сол себептен де, діндерді біріктіру, жақындату,
ортақ бір дін «құруға» ешқандай әрекет жасаудың қажеті
жоқ. Діндер өздерінің догматтары арқылы ерекшеленеді
және оларды өзгерту немесе догматикалық салада белгілі бір
келісімге келу мүмкін емес.
XXI ғасырда діндер арасындағы қайшылықтар өрши
түсті. Әрбір дін әділетті және ізгі әлемнің өзіндік бейнесін
қалыптастырады. Осы тұрғыдан, діннің өзіндік идеологиясы,
әлемнің идеалды бейнесі бар және бұл идеалдар сәйкес келе
бермейді. Өткен ғасырларда әлемнің жекеленген бөліктерінде
өздерінің діни ерекшеліктері болды, мәселен: христиандық,
исламдық, иудаистік, буддистік. Олар діннің таралу аймақтары
бойынша бәсекеге түсті, алайда өздерінің аймақтарында
біртұтас және басым дін болып келді. Қазіргі таңда, діндер
әлемнің әр бөліктеріне таралып, бір-бірімен бәсекеге түсіп
отыр. Дінаралық қайшылықтардың стратегиялық негізі
осында. Осындай қайшылықтар ұлғайып келеді. Көп
жағдайда, барлық деңгейдегі саясаткерлер де діндердің өзара
қайшылығына өз үлестерін қосады. Оларға мысал келтірейік:
- исламның, бір жағынан, еуропалық мемлекеттерді діни
белгі бойынша кемсітеді деген айыптары орынды. Еуропаның
бірқатар мемлекеттерінде қоғамдық орындарда исламдық
рәміздерге тыйым салынған. Швейцарияда минареттерді
тұрғызуға тыйым салынған. Исламофобия көлемі де
ұлғайып келеді. Миссионерлік мүмкіндіктер шектелген.
Бірақ, ислам мемлекеттерінің өздері де діни еркіндікті жиі
бұзып отырады. Сауд Аравиясында исламнан басқа дінді
ұстануға тыйым салынса, Пәкістанда христиан дініне
өткені үшін өлім жазасына кесіледі (алайда, аталмыш өлім
жазасына кесілу өте сирек болып отырады) және т. б. 2010
62
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
жылы әлемдегі діни сенім үшін қудаланғандардың 75%
ислам мемлекеттеріне тиселі болды және ол христиандарға
қатысты жүрді. Бұл мәселе әсіресе, Мысыр, Судан, Ауғанстан,
Сирия, Марокко, Нигерия, Пәкістан, Филиппин, Кипр,
Иран, Ирак елдеріне қатысты. АҚШ-тың анықтамасына
сәйкес, өте төзімді және «Азиядағы демократияның тірегі»
болып саналатын Үндістанда жыл сайын дінаралық қақты-
ғыстардың ең жоғарғы көрсеткіші тіркеледі (2001 жылдан
бері христиандарға жылына 130 шабуыл жасалған, ал 2010
жылы ол көрсеткіш 149-ға көтерілді, Үндістанда мұсыл-
мандар да жиі қуғын-сүргінге ұшырап отырады).
- жалған христиандық Еуропа мұсылмандарды «өркениетке
қарсы» іс-әрекеттерге итермелейді. Мысалы, Пайғамбарға
қатысты карикатуралар мен Құранды жағу сияқты анти-
исламдық сипаттағы бірқатар деректі фильмдер, жиі жа-
рияланып отыратын крест жорықтары. Дінге бүкпесіз игі
қатынастағы Исламдық әлем аталмыш арандатушылықтарға
ұрынып, «бүкіл әлемге өзінің агрессияшылдығын» көрсетеді.
Қайшылықтар тек діндер арасында ғана емес, сонымен қатар
діннің ішінде де орын алып отыр.
• мұндай қайшылықтар дәстүрлі түрде исламда орын
алып отыр. Радикалды исламистер өздерімен келіспей-
тіндердің барлығын мұмсылман деп аталу құқықтарын
теріске шығарады. Исламның түрлі бағыттары бір-біріне
тәкфір жариялап отырады. Құранды өз бетінше тәржімалау
көбеюде, бірақ аса құрметті ғұламалар, муфтилер, имамдар
және шейхтардың өздері де оның алдын ала алмай отыр.
2005 жылы Амманда (Иордания) аса ірі уламалар мен
шейхтер кейінірек пәтуа ретінде бекітілген «Шынайы ислам
және оның қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі» атты құжатты
қабылдайды, онда исламның шынайы бағыттарын тізіп өтіп,
мұсылмандардың бір-біріне деген сенімсіздіктен аулақ болуға
шақырады. Алайда, көріп отырғанымыздай, қайшылықтар
тек ұлғаюда. Бұл қайшылықтардың соңынан исламның
радикалдануы, діни негізделген экстремизм мен терроризмнің
орын алуы мүмкін.
63
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі
бағыттары мен үрдістері
• Православиелік шіркеулер арасындағы қайшылықтар
да бой көрсете бастады. Олардың негізінде автокафальді,
диптихті, канондықты түрліше түсіну жатыр. 2011 жылы,
қыркүйекте Ыстамбул қаласында ежелгі православиелік
шірекулердің патриархтарының кездесуі өтті, олардың
қабылдаған шешімдері жағдайды одан ары өршіте түсті.
• католицизм де өзінің біртұтастық сипатынан айрылды.
Латын Америкасының, солшыл, социалистік бағыттағы
католицизмі, Екінші Ватикан Соборының бір мағыналы
емес шешімдері, литургияның либерализациясы, дін қыз-
меткерлерінің гомосексуализм мен педофилиямен бай-
ланысты жанжалдары Рим-католик шіркеуінде алауыздық
пен жікшілдікке алып келді.
• Протестантизм қазіргі таңда 25 000 деноминацияларға
бөлінген. Олардың басым көпшілігі бір-бірінің діндарлығын
теріске шығарады. Сонымен қатар, протестантизмнің
құндылықтары көп жағдайда либерализм құндылықтарына
сай келетіндігін және оның көптеген христиандыққа
қарсы жаңашылдықтарға төзімділігін айта кету қажет:
гомосексуализм, әйел адамының дін қызметкері мен әйелдер
эпископатының болуы, эвтаназия және т. б. Сондықтан
католиктер мен православтар протестанттардың басым
көпшілігін христиандықтың негіздерінен айрылғандар деп
есептейді. Яғни, аталмыш бағыттар бойынша да қайшылық-
тар бар.
Қазіргі кездегі дін саласындағы басқа да маңызды мәселелер мен
қайшылықтарды қысқаша атап өтейік.
1. Соңғы кездегі қайшылықтар көп жағдайда діни және
этникалық сипатта орын алып отыр.
2. «Дәстүрлі» және «дәстүрлі емес» діндер арасында қайшы-
лықтар анықтала бастады. Дәстүрлі дін деген түсініктің өзі
бір мемлекеттен екінші мемлекетке қарай ауысып отырады,
бір елде ислам дәстүрлі дін болса, бір елде буддизм дәстүрлі
дін болып табылады. Алайда, әрбір мемлекет үшін дәстүрлі
діндер «жиынтығы» белгілі. «Дәстүрлі емес діндер» «дәстүрлі
діндермен» қатар мойындалмайды. Сәйкесінше тәртіппен
64
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
орналастырылған «дәстүрлі» діндерге заңнамалық деңгейде
артықшылықтар беру жиі орын алады.
3. АҚШ, «Әлемдегі діни бостандық жөніндегі баяндама»
арқылы әрбір елге осы діни еркіндікке қатысты баға беріп, өздері
қызығушылық білдіретін егеменді мемлекеттерге көптеген
бағыттар бойынша қысым көрсетеді. Дін геосаясаттың құралына
айналды.
4. ЕҚЫҰ барлық мемлекеттерге ұлттық қауіпсіздік және
ұлттық мәдениет пен бірегейлдікті сақтау мәселесімен дін
саласындағы заңнамаларды күшейтпеуге кеңес береді. Соған
сәйкес, ұлттық мемлекеттер мемлекеттік-конфессиялық
қатынастар саласындағы заңдарын жақсарту құқықтарынан
айырылып отыр.
5. Қазіргі таңда этникалық және діни бірегейліктің
сәйкес келуі орын алады, ол тарихи негізделген, алайда, этни-
калық және діни мәселелерге қатысты жағдай болса, ол оның
ұлғайып, қақтығысқа ауысу қауіптері бар.
Діни мәселе жақын және алыс болашақта өзінің өзектілігін
жоймайды деп күтуге болады. Сонымен қатар, діни және
дінаралық салаларда, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
саласындағы қайшылықтар мемлекеттің ішкі деңгейінде және
әлемдік деңгейде күшейе түседі.
65
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі
бағыттары мен үрдістері
2.3. ОРТА АЗИЯДАҒЫ ДІНИ АХУАЛДЫҢ
ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Орта Азиядағы діни ахуалға байланысты бірнеше
бағыттар бар. Бұл бағыттарды исламнан бастайық.
Бірінші бағыт – ислам аймақтағы халықтың жеке
өмірінде маңызды орынға ие болып келе жатыр. Орталық Азия
мемлекеттерінің халықтарының басым көпшілігі өздерін
мұсылманбыз деп есептейді. Егер, осыдан бес-алты жыл
бұрын осындай сәйкестендіру немқұрайлы түрде жүрсе,
қазіргі таңда аймақтың бұрынғы мұсылмандарының өздері-
нің діни сауаттылығын көтеру бағыттары байқалуда.
Дегенмен, мұсылмандардың жалпы көлемінің үштен
бір бөлігі исламды формальді түрде ұстануда, бұл Орталық
Азиядағы исламға қатысты жағдайды түсіндіреді. Мәселен,
салафиттердің уағызы неліктен аймақтарда сондай сәтті
болып отыр? Себебі, сенімге тереңдей ену көп жағдайда
ресми мұсылмандар арасында діни басқарма жауап бере
алмайтын, бірақ, салафиттер жауап бере алатын көптеген
сұрақтарды өзектендіреді. Неліктен, экстремистердің санды-
рағына қарамастан олар аймақтағы мұсылмандар ара-
сында қолдау табады? Себебі, ислам дінін формальді түрде
ұстанатын мұсылмандар осы мәселелердің себептерін анық-
тай алатындай ислам дінінің негіздерін біле бермейді, ал бұл
жағдай экстремизмге алып келеді
Екінші бағыт, бірінші бағытпен байланысты, аймақтағы
қоғамның айтарлықтай деңгейде исламдануы.
Мұның жағымды да жағымсыз да жақтары бар. Жағымды
жағы ислам қоғамдағы өзінің орнын тауып, қоғамды және
оның жекеленген саяси қырларын рухани жаңғыртуға
мүмкіндік алады. Жағымсыз жағы исламшылдар қоғамнан
тек шариғат заңдарымен ғана өмір сүру қажеттігін талап ету.
Екінші бағытқа белгілі бір деңгейдің өтемі ретінде үшінші
бағыт – Орталық Азия мемлекеттерінің зайырлы сипатының
тұрақты сақталуы шығады. Орталық Азия мемлекеттерінің
66
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
халықтарының исламның елдегі мемлекеттік құрылымға
тигізетін ықпалының болашағы жөніндегі жалпы пікірлері
мемлекеттің зайырлы сипатына басымдық береді. Социо-
логиялық зерттеулер бойынша мына жағдайды көреміз.
Мемлекеттік құрылымның зайырлылығын қолдайтындар:
Қырғызстан халқының 55%-нан (мемлекеттік тұрақтылық-
тың болмауының себебінен халық исламды қоғамның
«тірегі ретінде» қабылдауға дайын – аймақтағы ең төменгі
көрсеткіш) Қазақстандағы 90%; дейін, қалған мемлекеттер
осы көрсеткіштердің аясында орналасқан. Осыдан, аймақтағы
мемлекеттерде исламизация үрдістері жоқ деген қорытынды
жасауға болады.
Төртінші бағыт – аймақтағы ислам дінін ұстануға шетелдік
тікелей ықпалдың азаюы. Мұның бірнеше себептерін атап
көрсетуге болады:
- аймақтардағы мұсылмандар діни басқармасы (олар-
дың іс-әрекеттерін көптеген себептер бойынша сынға
алады) аймақтар үшін дәстүрлі және мемлекет пен ұлттық
дәстүрлерге барынша жақын ислам дінінің ханафиттік
мазхабын негізгі бағыт ретінде ұстап отыр;
- аймақтағы мемлекеттік билік құрылымдары аймақта-
ғы ислам дініне экстремистік ықпалды болдырмау үшін дін
саласындағы заңнаманы күшейту және шет елдерде ислам-
дық білім алу көлемін шектеу сияқты шаралар қолданып
отыр. Алайда, аймақтағы ислам дінін ұстауға шетелдік
ықпалдың азайғанына қарамастан алдыңғы жылдары олардың
мықты болғандығы соншалықты, шетелдік уағызшылар аймақта
исламның дәстүрлі емес бағытының негіздерін салып үлгерді.
Қазіргі таңда осы ықпал өзінің нәтижелерін беріп отыр.
Орталық Азияда көлемі жағынан ең үлкен бұқаралық
дін – православие болып табылады. Православиемен байла-
нысты бағыттар мынадай:
Бірінші – православие Орталық Азияда аймақтағы мемле-
кеттердің тәуелсіздігін алған жылдардан бері өзінің таралу
көлемін азайтты және қазіргі таңда оның ықпалы тұрақталды.
Жалпы, Орыс православтық шіркеуі (ОПШ) Орталық Азия
67
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі
бағыттары мен үрдістері
аймағын өзінің канондық территориясы деп есептейді, яғни,
христиандық миссиямен байланысты өзінің рухани жауап-
кершілік аймағы деп қарастырады. Аймақтың барлық елде-
рінде православие тұрақты орныққан, сонымен қатар діни
және саяси тұрақтылықтың факторы ретінде сипатталады.
Екінші – православие қазіргі таңда аймақтың «орыс тілді
тұрғындарын» мемлекетаралық біріктіруші күш болып табы-
лады. Түрлі славяндық ұйымдар этникалық топтар арасында
түрлі себептерге байланысты лайықты лауазымға ие бола
алмай отыр. Сондықтан да, жақын болашақта ОПШ өзінің
жамағаты алдындағы қоғамдық-саяси міндеттерінің өсу
мүмкіндіктері бар деген болжам жасауға болады.
Аймақтағы діни картадағы маңызды оқиға – құрамына
Ташкенттік, Бішкектік, Душанбэ епархиялары мен Түркі-
менстан благочинийлері кіретін (2011 жылдың 27 шілдесінде
ОПШ Синодтының шешімі, отырыс журналы №67) Мәскеу
патриархиясының ОПШ Орта Азиялық Митро-полиелік
округі құрылды. Митрополийлік округтің басшысы ретінде
Митрополит Викентий тағайындалды. Синодың бұл
шешімі аймақ мемлекеттерінің басшыларымен келісілді.
Митрополийлік округтың құрылуы сөзсіз Орталық Азия-
дағы ОПШ беделінің өсуіне өз үлесін қосады. Алайда, ОПШ
күшеюінен күтілетін нәтижелерді асыра сілтеудің қажеті жоқ.
Бір жағынан, бұл шешім кеш қабылданды. Аймақтағы ОПШ
ықпалы әлдеқайда төмендеді, енді жоғалған позицияларды
қайта қалпына келтіру үшін орасан зор жұмыстар атқаруға
тура келеді. Сонымен бірге, аймақтағы орыс тілді халықтың
жапппай миграциясы ОПШ жамағатының азаюына алып
келеді.
Өзге діндерге, конфессиялар мен деноминацияларға
байлынасты бағыттар да аймақтағы жалпы рухани, әлеу-
меттік, саяси және геосаяси жағдай үшін аса маңызды. Біздің
пікірімізше, аймақтағы әлі белгісіз, негізгі бағыттардың
бірі Орталық Азиядағы Рим-католиктік шіркеуі қызметінің
күшеюі. Бұл РКШ-ның саясаты үшінші мыңжылдықта
азиаттық бағытты өзінің негізгі бағыты деп қарастыратын
68
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
Рим стратегиясына ену. РКШ аймақтағы барлық мемлекет-
терде өзінің құрылымдарын құрды және жалпы осы құры-
лымдардың болашаққа бағытталғанын көруге болады.
Дәстүрлі емес конфессиялар мен деноминацияларға қатыс-
ты жалпы бағыт жөнінде айтар болсақ, онда жаңа діни ұйымдар
күшеймесе де, өздерінің көзқарастарынан айрылмағандығын
көрсетеді.
69
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі
бағыттары мен үрдістері
2.4. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК-КОНФЕССИЯЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ ҮРДІСТЕР
Бұл саладағы стратегиялық үрдістерді біз мынадан
көреміз. Қазақстандағы зайырлылық ұстанымының сипа-
ты мен мазмұнын нақтылау бағытында жұмыс күшейе
түседі. Зайырлы мемлекет деп айту аздық етеді. Көптеген
мемлекеттер зайырлылық ұстанымын түрліше түсінеді.
Қазіргі кездегі зайырлылық ұстанымдарын түсінудің
ауқымы аса зор: мемлекеттік діни ұйымдардың істеріне
араласпаудан мемлекеттік органдардың діни ұйымдардың
барлық іс-әрекеттерін толықтай бақылауға дейін. Қазақстан
Республикасы үшін «Діни қызмет және діни ұйымдар
туралы» Заңның аясында тиімді мемлекеттік-конфессиялық
қатынастар құру үшін алдағы уақытта зайырлылық
ұстанымын нақтылап алу қажет. Аталмыш ұстанымның
жалпы концептуалды мәнін сақтай отыра, оны Қазақстанға
тән діни сала жағдайын сипаттайтын нақты және анық
мазмұнмен толықтыру қажет.
Тағы бір стратегиялық үрдіс ретінде діни саланың дамуы
реактивті емес, нақты болашағы бар деген түсініктің дамуы.
Стратегияның мәні Қазақстан үшін дін саласындағы ең тиімді
жағдайды көре білуінде. Сонда, қандай жағдай тиімді болып
табылады? Діни сенім бостандығының ұлттық қауіпсіздікті
сақтау кепілдігімен ұштасуы тиімді. Ал, дінге байланысты
ұлттық қауіпсіздік нені білдіреді? Бұл дегеніміз, мемлекетке
діннен қосымша қауіп-қатерлер болмайды деген сөз. Мәсе-
лен, мемлекетімізде ислам діні басым көпшіліктің діні және
оның міндеті ешқандай қиындықтар туғызбау. Жамағат өз
алдында тұрған мәселелерін мемлекетке бағыттамай өзі
шешуі қажет. Егер, провославиенің қиындықтары болса, оны
өздері шешуі қажет. Жалпы, зайырлы мемлекетте діннің
қызметінің маңызды бір ұстанымы бар: діндер мемлекеттің
«аралық сотына» жүгінбей, өзін-өзі реттей алады. Сол кезде,
мемлекеттің де діни ұйымдардың қызметіне араласудың
70
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
қажеті болмайды. Ал егер, діннен мемлекет пен қоғамға тек
қиындықтар туғызбай айтарлықтай пайда келіп тұрса тіпті
жақсы болар еді.
Тағы бір маңызды бағыттардың бірі барлық негізгі кон-
фессиялардың діндарларының санының азаюы, оның себептері
мынадай:
- Қазақстанда жалған діндарлықтың көлемі және алдағы
уақытта жалған діншілдер діннен кетеді (адамдар өздерін
бірқатар себептерге байланысты діншілміз деп көрсетеді:
көпшілікпен тең болу; кейбір діндерге қолдау көрсетіп отыр-
ған билікке жалтақтау, бұл – жағымпазданудың бір түрі;
қазіргі кездегі діншілдер басым көпшілігі дінге өз еркілері-
мен емес, өздерінің этникалық белгілеріне сай келгендер –
бұл адамдар ерте ме кеш пе дінді тастап кетеді; Қазақстанда
атейстер мен дінге бейжай қарайтын адамдар көп, олар «дін-
нің көлеңкесінен» бір күні шығып, діндарлар санын азайтады);
- діндарлар сенім мәніне тереңдей бастағанда, көп
жағдайда қиыншылықтарға ұшарай бастайды, ал мұндай
жағдайда олардың сенімді сақтап қалуы екіталай;
- Қазақстандағы экономикалық жағдайдың нашарлауы
діни жағдайға да әсер етеді: бұл әртүрлі бағыттардың ықпалда
болады. Мәселен, материалдық жағдайы нашарлаған сайын,
діндарлық деңгейі көтерілетін сияқты (әлеуметтанулық өл-
шемдер дәл осы заңдалықты көрсетеді), бірақ, өмір сүру
деңгейі төмендеген кезде, діншілдік деңгейін де төмендейді.
Экономикалық жағдайдың төмендеуіне байланысты тағы бір
маңызды кезең бар: діни радикализмнің өсуі – бұл корреляция
анық, алайда, экономикалық жағдайдың айтарлықтай нашар-
лау жағдайында радикализм көлемінің азаюын көреміз.
Бірқатар саяси, этникалық және бизнес-элита өкілдері
топтардың белгілі бір діни ұйымдардың мүдделерін жүзеге асыру
жұмысын күшейтеді. Оны бүгінгі күннің өзінде де байқауға
болады, бірақ ол одан ары өсе түседі. Үрдісті Қазақстан
қоғамы үшін жағымсыз үрдіс деп анықтау қажет. Ол діни
қауым пен жалпы, қазақстан қоғамын жіктеуге бағытталған.
Сонымен қатар, діни топтардың мүдделерін қорғау оларды
71
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі
бағыттары мен үрдістері
конфессия басшыларына деген бағынушылықтан алып
шығып, қорғаушыға қатысты бағынушылық жағдайына алып
келеді. Бұл өз кезегінде, мемлекеттің аталмыш діни ұйымдарға
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды
реттейтін заңнамалар мен нормативті актілер аясында тиісті
деңгейде ықпал ету мүмкіндігінен айырады. Яғни мүдделерін
қорғайтын топтар заңнан тыс қызмет етуге мүмкіндік алады,
ал осыдан шығатын нәтижелер бұл үрдістің тікелей салдары
болып табылады.
Қазақстандағы діни сауаттылықты көтеру, сөзсіз жағым-
ды нәтижелермен қатар, бірқатар белгісіздікті, тіпті қауіпті
туындатады. Діни сауаты бар діндарлар мемлекеттен әділетті
әлеуметтік саясатты жүргізуді талап етеді. Дін басшыларын
сынға алу күшейе түседі.
|