№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013



Pdf көрінісі
бет26/44
Дата27.01.2017
өлшемі7,69 Mb.
#2837
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
29
КАСЫМЖАНОВА Акмарал Салыковна, 
ЗАКАРЯНОВА Камара Құдайбергенқызы, 
№19 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдері, 
Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Түйін 
Бұл  мақалада  бастауыш  сыныптарының  сабақтарында  ойын  элементтерін 
пайдаланып  жаңа  тақырыпты  ашу,  сабақты  қорытындылау,  бекіту  жұмыстары 
жазылған. Өз іс тəжірибемізден алынған ойын түрлері қамтылған. 
Кілт  сөздер:  бастауыш  сынып,  сабақ,  ойын  элементтері,  жаңа  тақырыпты 
ашу, сабақты қорытындылау, өз іс тəжірибеміз, ойын түрлері. 
 
Адамзаттың  көптеген  жылдар  бойғы  ойнау  тəжірибесі  ойынның  білімдік 
құндылығын  дəлелдеді.  Ойынның  шығу  сырын  ғалымдар  жүздеген  жылдар  бойы 
зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар. 
Көп  тұжырымдардың  бірі  бойынша  ойын  қоғамның  діни,  əлеуметтік-
экономикалық  жəне  мəдени  дамуы  кезіндегі  бос  уақыт  пен  демалысты  өткізу 
мəселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған 
діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған  десе, Қытайда 
мерекелік  ойындарды  император  ашып,  өзі  де  қатысқан.  Ойын  өмірде  пайдасыз 
көрінгенмен аса қажетті көрініс – құбылыс. 
Бастауыш  сыныпта  сабақ  үрдісінде  ойын  технологиясын  пайдалану  –  білім 
сапасын,  логикалық  ойлау  қабілеттерін  арттырудың  тиімді  жолдарының  бірі. 
«Еліміздің  ертеңі  –  білімді  ұрпақ  қолында»,  -  деп  Елбасымыз  Н.Ə.  Назарбаев 
айтқандай, ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. 
Қазіргі  қоғам  дамуының  жалпы  білім  беру  мазмұнына  қоятын  талабы 
оқушыларға  əлемдік  деңгейде  білім  беру,  олардың  логикалық  ойлау  мүмкіндігін 
жетілдіру,  шығармашылық  тəжірибесін,  дүниеге  қарым-қатынас  нормаларын,  оқу 
белсенділігін арттыру болып отыр. Бұл жағдайларда оқушы бойында қалыптастыру 
үшін  ұстаз  кəсіби  іскерлігі  мен  шеберлігін  ұштап,  жаңа  технологияларды  меңгеруі 
қажет. 
Бұл тақырыпты алудағы мақсатымыз – ойынды сабақтарда пайдалану арқылы 
оқушылардың  ой-өрісін,  тілін  дамыту;  өзін  көрсете  білуге,  өз-өзіне  деген 
сенімділікке  үйрету;  достық,  жолдастық  қарым-қатынасқа,  бірін-бірі  тыңдауға 
үйрету;  сабақ  оқуға  деген  қызығушылықтарын  ояту,  ынтасын  арттыру  арқылы 
белсенділігін дамыту. 
Сабақтарды  қызықты  өткізу  үшін,  əр  оқушының  сабақ  барысында  шаршамай, 
енжарлыққа  салынбай,  терең  білім  алу  үшін  жан-жақты  ізденіп,  алдымызға  мақсат 
қоя отырып, ойын технологиясын таңдадық. 
Ойын  технологиясының  мақсаты:  жалпыға  бірдей  білім  стандартын  ала 
отырып,  əр  оқушыны  объективті  түрде  дайындау,  нақты  білім  беру;  терең  ойлау, 
өздігінен  ізденіп,  оқып-білу  іс-əрекеттерін  меңгерту;  жан-жақты  дамыған,  білімді, 
жеке тұлға қалыптастыру. 
Міндеттері: ойын түрлерін сабақтың түріне сай таңдап алу; оқушылардың жас 
ерекшеліктеріне,  білім  деңгейлеріне  көңіл  бөлу  керек;  сыныптағы  оқушы  санына 
қарай  ойын  түрін  ұйымдастыру;  өтілген  материалды  ұдайы  қайталап,  тереңдетіп 
отыру; сабаққа қатысу белсенділігін арттыруды қадағалау. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
30
Ойын  технологиясын  қолданудың  тиімділігі:  оқушылардың  сабаққа  деген 
қызығушылығы  артады;  логикалық  ойлауы  жəне  өз  бетінше,  топтық  жұмыс  істеу 
белсенділігі  артады;  мақсатқа  жетуге  талпынады;  өз  күшін,  білімін  байқауға, 
бақылап, бағалауға ынталанады. 
Сынып  оқушысы  мектеп  табалдырығын  аттағаннан  бастап  қиын  да  қызықты 
өмірге енеді. Ол бірте-бірте өз қатарластарымен жəне мұғалімдермен қарым-қатынас 
əліппесін  меңгере  бастайды.  Педагог-психолог  ғалымдардың  зерттеуі  бойынша 
мектепке  келген  балада  бірнеше  психикалық  өзгерістер  пайда  болады:  өз  мінез-
құлқын, тəртібін бақылай алады; өз ойын жинақтап қорытады, сөйлеуді практикалық 
түрде жете меңгереді, қоғамдық іс-əрекеттерге белсенділік білдіреді. 
Біздің  эрамызға  дейінгі  ІV  ғасырда  өмір  сүрген  грек  философы  Гиппокрит 
ойынды  мəңгілікке  теңеген.  Оның  пікірінше,  ойын  «Мəңгілік  –  шахмат  ойнап 
отырған  бала».  Келесі  грек  ойшылы  Платон:  «Ойын  –  əрі  жоғары  ақыл,  рахаттану, 
қызық жəне теңдесі жоқ жоғары құбылыс», - деген. Ал, Ушинский: «Ойын арқылы 
бала  жан-жақты  дамып  жетіледі»,  -  деген  екен.  Ойын  технологиясы  –  оқыту 
үрдісінде  оқытудың  əр  формасы,  əрі  əдісі  ретінде  дербес  дидактикалық  категория 
бола  алады.  Сонымен  бірге  ойын  кезінде  оқушы  мен  оқытушының  арасындағы 
байланыс туындап, оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. 
Ойындарды  барлық  сабақтарда  пайдалануға  болады.  Білім  беруде  ойын 
технологиясының  көмегі  зор.  Оқушылардың  назарын  сабаққа  аудару  жолдарын 
іздестіру  барысында  ойын  арқылы  бала  белсенділігі  мен  ынтасын  арттырудың 
нəтижелі  болғанын  байқадық.  Оқушылар  өз  бетінше  оқуға,  тапсырмаларды 
орындауға талпына бастайды. Өздеріне деген сенімділіктері қалыптаса бастайды. 
Ойын түрлерін сабақта қалай қолдануға болатынына тоқтала кетейік. Мысалы, 
тілін,  сөздік  қорын,  байқампаздығын  дамытуға  «Пантамимо»,  «Өлең  жолдарын 
жалғастыр»,  «Попугай»,  «Сиқырлы сөздер»; шығармашылық қабілеттерін дамытуға 
«Артық  сөзді тап»,  «Ұйқасын тап»,  «Ерекшелігін тап»,  «Сəйкестігін тап» т.б. түрлі 
тақырыптарға байланысты ойындарды пайдалануға болады. 
Ал  өзіміздің  тəжірибеміз  бойынша  дамуында  тежелуі  бар  оқушылардың  өз 
əрекеттерін мектеп нормаларына сəйкес реттеу қиынға соғады. Мұндай балалардың 
мектеп  өміріне  бейімделуі,  оқу  бағдарламасын  меңгеруі  нашар  болып  келеді.  Бұл 
балаларға  мұғалімнің,  психологтың,  дəрігердің,  ата-ананың  жəне  ортаның  ерекше 
назары  қажет.  Оқушы  оқу  бағдарламасын  толық  меңгере  алмауы  баланың  болашақ 
интеллектуалды жəне жеке дамуына кері əсерін тигізеді. Сондықтан мұндай баламен 
жұмыс  жасау  үшін  баланың  жеке  ерекшелігіне,  байланысты  ықпал  ету  қажет.  Біз 
осындай балалармен жұмыс жасап əр түрлі жағдайда бақылауға алдық. 
1. Мектепке келгенде бала ешқандай оқу меңгермеген, неге? 
2. Ойнағанды жақсы көреді. 
3. Барлық тапсырманы ұзақ орындайды. 
4. Егер көмекші құралдар болса жауап береді. 
5. Мұғалім түсіндіргенннен кейін де сол тапсырманы орындай алмайды. 
6. Көбіне анық жауап бере алмайды, негізгісін таба алмайды. 
7. Ата-ананың айтуы бойынша, сабақ қарауға күшпен отырады. 
Бұл зерттеу жұмысты ата-анамен тығыз байланыста жүргіздік. Əрбір ата-анаға 
өз баласының мінез-құлқы туралы баланың жақсы, нашар жақтарын жасырмай ашық 
айтуына  ықпал  еттік.  Ата-аналармен  тренингтер,  дөңгелек  үстел  басында 
балаларынының  сабаққа  қалай  қызығушылығын  ояту,  сабаққа  деген  ынтасын 
арттыру  жөнінде  пікірлесіп  отырдық.  Ойындар  оқушылардың  ой-өрісін  дамытып, 
ойлау  қабілеттерін  арттырумен  қатар,  үйретілген,  өтілген  тақырыптарды  саналы  да 
берік  меңгеруге  үлкен  əсер  етеді.  Ойындар  оқушылардың  шығармашылық  ойлау 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
31
қабілеттерін  жетілдірумен  қатар,  сөздік  қорларын  молайтып,  сауатты  жазуға  да 
баулиды.  Оқушылар  ойын  ойнау  барысында  үйренген  сөздерін  айтып  қана қоймай, 
оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. 
Балалардың  қоршаған  ортаны  аялауға,  өзін  жəне  өзгені  сыйлай  білуге 
бастайтын  міндеттің  негізгі  шешімі  –  ойындар.  Ойынның  негізгі  ерекшелігі  ол 
балалардың  қоршаған  өмірді  –  адамның  қимылын,  іс-əрекетін,  олардың  бала 
қимылынан  туған  жағдайдағы  қарым-қатынасын  бейнелеуі  болып  табылады. 
Ойында бөле ғажайып алаң да, ғарыш кемесі де, автобус аялдамасы да, қала көшесі 
де  болуы  мүмкін.  Бала  сол  ойынның  сюжетіне  еніп,  ойлаған  түпкі  ниеті  мен 
мазмұнына  лайықты  маңыз  береді.  Атақты  педагог  А.П.  Усова  былай  деп  атап 
көрсетіпті:  «Балалардың  өмірі  мен  іс-əрекетін    дұрыс  ұйымдастыру  –  оларды 
тəрбиелеу  деген  сөз.  Тəрбиенің  тиімді  процесі  ойын  жəне  ойынның  өзара  қарым-
қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді 
үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді». 
Сабақта  тиімді  қолданылған  ойын  түрлері  –  мұғалімнің  түсіндіріп  отырған 
материалын  оқушылардың  аса  зор  ілтипатпен  тыңдап,  жемісті,  сапалы  меңгеруіне 
сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне 
байланысты  ойынға  өте  ынталы  келеді.  Балалар  тез  сергіп,  тапсырмаларды  тез,  əрі 
қызығып  орындайтын  болады.  Ойын  –  балалардың  оқуға,  еңбекке  деген 
белсенділігін,  қызығушылығын  арттырудағы  басты  құрал.  Ойын  барысында 
балалардың  белсенділігі,  шығармашылығы  дамиды.  Ал  мұғалімнің  міндеті  – 
балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. 
Ойын  мен  адам  мəдениетінің  өзара  байланысы  ғылыми  түрде  анықталды. 
Олардың  тұлғаны  дамытудағы  маңызы  анықталды,  оның  психологиялық  жəне 
əлеуметтік 
факторлармен 
келісімі 
жөнінде 
кең 
қарастырылуда. 
Ойын 
технологиялары əлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. 
Педагогикалық  технология  ұғымы  түрлі  педагогикалық  ойын  түрлерін 
педагогикалық  процесте  əдістер  мен  тəсілдердің  кең  көлемді  топтарын  біріктіреді, 
оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен жəне 
оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нəтижесіне 
сай  анықталады.  Сабақ  барысындағы  ойын  əдістері  оқушыларды  оқу  қызметіне 
ынталандыру  құралы  ретінде  ойын  əдістері  мен  жағдайларының  көмегі  арқылы 
құрылады. 
Сабақ  барысында  ойын  əдістері  мен  жағдайларын  өткізу  мынадай  негізгі 
бағыттарда  жүргізіледі:  сабақ  процесінде  пайдаланатын  ойындардың  бірнеше 
түрлерін атап көрсетуге болады. 
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тəрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. 
Сабақ  үстінде  оқушылардың  біліктілігі,  іскерлігі,  дағдысы,  дүниетанымы  дамиды. 
Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нəтижені көре 
білу,  яғни  оқушыға  берген  біліміміздің  қайтарымын  көру.  Ол  үшін  сабаққа 
сыныптағы  оқушының  барлығын  қызықтыра  отырып  қатыстыру  қажет.  Бес  саусақ 
бірдей  емес,  яғни  əр  оқушының  сабаққа  қызығушылығы,  дүниетанымы,  даму 
ерекшеліктері  əртүрлі.  Сондықтан  оқушылардың  осы  топтарына  əртүрлі  деңгейде 
талап  қоюға  тура  келеді.  Ал  ойын  элементтері  кез-келген  оқушының 
қызығушылығын  тудырады.  Тіпті  нашар  оқитын  оқушының  өзі  ойын  арқылы 
берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. 
Оқушылардың 
қызығушылықтарын 
туғызатын 
ойындардың 
бірі 
– 
дидактикалық ойындар. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың 
сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында əртүрлі əдіс-тəсілдерді 
қолданады.  Атап  айтқанда,  мұғалім  ойын  жағдаяттарын  туғыза  отырып,  əртүрлі 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
32
заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін 
құрастырады. 
Бастауыш  сыныптардың  тіл  сабақтарында  дидактикалық  ойындарды  жаңа 
тақырыпты  түсіндіру  барысында,  қайталау,  пысықтау,  жаттығу  сабақтарында  да 
пайдалануға  болады.  Бастауыш  сынып  оқушылары  əлі  де  ойын  баласы,  сондықтан 
мұғалім  оларды  жалықтырмай,  əртүрлі  ойын  түрлерімен  сабақты  қызықты  өткізуге 
тырысуы қажет. 
Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, 
үйретілген,  өтілген  тақырыптарды  саналы  да  берік  меңгеруге  үлкен  əсер  етеді. 
Ойындар  оқушылардың  шығармашылық  ойлау  қабілеттерін  жетілдірумен  қатар, 
сөздік  қорларын  молайтып,  сауатты  жазуға  да  баулиды.  Оқушылар  ойын  ойнау 
барысында  үйренген  сөздерін  айтып  қана  қоймай,  оның  қандай  мағынада 
қолданылатынын  да  біледі.  Ойын  оқу  пəндерінің  мазмұнымен  тығыз  байланыста 
жүргізілгенде ғана дұрыс нəтижелер береді. 
Ойын  арқылы  оқушы  нені  меңгереді?  Оқушылар  нақты  қызмет  тəжірибесін 
меңгереді.  Оқушылар  тек  бақылаушы  ғана  емес,  өздері  қатыса  отырып  қиын 
мəселелерді  өз  бетінше  шеше  білуге  үйретеді.  Оқу  процесінде  алған  білімді  нақты 
істе  қолдана  білуге  мүмкіндік  береді.  Оқушы  əрекетіне  негізделген  оқу  көлемін 
басқарады. Уақытты үнемдеуге үйретеді. Оқушылар үшін психологиялық жағымды. 
Ойын  барысында  шешім  қабылдау  оқушылардан  аса  жауапкершілікті  талап  етеді. 
Оқушылар  үшін  қауіпсіз.  Кейде  қарапайым  оқу  қызметімен  салыстырғанда  көп 
уақыт  мөлшерін  алады.  Ойын  материалдары  дəстүрлі  оқу  материалдарымен 
салыстырғанда  күрделірек.  Кейбір  ойын  түрлерінде  қатысушылардың  саны 
шектеулі.  Ойын  нəтижесі,  өз  жетістіктері,  əсерлері,  алған  білімі,  дағдысы  жөнінде 
оқушылар  ата-аналарымен,  өзге  балалармен,  мұғалімдермен  көбірек  əңгімелеседі, 
кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді. 
Ойын  əрекеті  балалардың  бағалы  өмірінің  алғашқы  күндерінен  бастап-ақ 
маңызды  орын  алады.  Халық  жасаған  мұралар  сан  алуан.  Солардың  бірі  ұлт 
ойындары.  Ойынға  тек  ойын  деп  қарамай  халықтың  ғасырлар  бойы  жасаған  асыл 
қазынасы,  бір  жүйеге  келтірілген  тамаша  тəрбие  құралы  деп  қарау  керек.  Ұлт 
ойындары  отбасы  тəрбиесінен  бастап,  мектептегі  жеке  пəндерді  оқыту  барысында 
қосымша  материал  үшін,  баланың  сол  пəнге  қызығушылығын  арттыру  үшін 
пайдалануға  болады.  Оны  тиімді  пайдалану  сабақтың  əсерлігін,  тартымдығын 
күшейтеді,  оқушылардың  сабаққа  ынтасы  мен  қызығушылығын  арттырады. 
Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға  көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп 
алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше 
назар  аударған  жөн.  «Ойыннан  басталады»,  -  десек,  баланың  ойын  жетілдіріп, 
сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің 
басты қолданатын тəсілі – ойын. 
Педагогикалық  ойынның  маңызы  зор.  Ойын,  біріншіден,  білу  жəне  үйрену, 
екіншіден,  адамның  ойнай  отырып,  өзіндік  білім  алуы  өмір  тəжірбесін  жинақтауға 
көмектеседі.  Ойынның  кəсіптік,  əуестену,  оқу-жаттығу  ойындары  сияқты  түрлері 
бар.  Ол  дем  алу,  көңіл  көтеру  бола  тұра  оқуға,  шығармашылыққа,  емдеуге,  адам 
қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады. Ойынды ерте 
заманнан үлкендердің іс-тəжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. 
Ойын  халық  педагогикасында,  мектепке  дейінгі  жəне  мектептен  тыс  мекемелерде 
кеңінен пайдаланылады.  Қазіргі  мектепте  ойын  əрекеті  ойын пəнінің  тарауын  жəне 
тақырыбын  түсіну  үшін  өздік  технология  ретінде,  жалпы  технологияның  элементі 
ретінде,  сабақ  немесе  оның  бір  бөлігі  ретінде,  сыныптан  тыс  жұмыстың 
технологиясы ретінде қолданылады. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
33
Мектептегі  психолаогтың  көмегімен  оқушылардың  зейінінің  қаншалықты 
дəрежеде  екенін  зерттеу  мақсатында  тест  жұмыстары  жүргізіліп  келеді.  Мысалы: 
«Суреттердің  айырмашылығын  тап»,  «Жасырылған  сөзді  тап»,  т.б.  Оқушылардың 
достық,  ынталылық,  байқағыштық  қасиеттері  бойынша  зерттеу  жұмыстары 
жүргізіледі.  Себебі,  зейіні  тұрақтанбаған.  Зейіні  тұрақты,  əр  сабақта  нақты  білім 
алған оқушы ғана оқуға ынтасы, қызығушылығы жəне өз-өзіне деген сенімі болады 
деп  ойлаймын.  Осы  қасиеттерді  дамыту  үшін  жасалған  жоспардың  үлгісі:  тəрбие 
жұмыстарына,  тəрбие  сағаттарына  қатыстыру;  ата-анамен  байланыста  болу;  бір-
бірімен  жақсы  қарым-қатынаста  болу;  кітапханаға  тарту;  ойын  түрлерін  сабақта 
кеңінен пайдалану. 
Қазақ   тілі   сабағында  ойын  технологиясын  қолдану  арқылы  бастауыш 
сынып  оқушыларының  тілге  деген  қызығушылығын  қалыптастыру.  Еңбек, 
ойын жəне оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. 
Ол балалар үшін кəмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы 
балалардың  айналасын  тану  қызметіндегі  белсенділігі  мен  шығармашылығының 
қалыптасуына  жолды  кең  ашатын  табиғи  құбылыс.  Атақты  педагогтар  В.А. 
Сухомлинский,  Н.К.  Крупская,  К.Д.  Ушинский  ойынның  балалардың  ой  өрісін 
дамытуда,  дүние  танымын  қалыптастыруда  практикалық  маңызы  зор  екенін  атап 
көрсеткен. Қазақ  халқының  ұлттық  ойындарының  педагогикадағы  рөлі  туралы 
алғашқы пікірлерін айтқан Ə.А. Диваев, М.О. Əуезов. 
Ойын  арқылы  оқыту  технологиясы  бастауыш  сыныптарда  кеңінен 
қолданылады.  Əр  мұғалім  технологияның  нəтижесін  дұрыс  болуы  үшін  мынадай 
жағдайларды  ескеруі  қажет:  əр  ойынның  тəрбиелік,  білімділік,  дамытушылық 
маңызын 
алдын-ала 
жете 
түсініп, 
оның 
балаларға 
қандай 
нəтиже 
беретіндігін анықтау;  ойын  жүргізетін  орынның  мүмкіндігі,  ойын  жабдықтарының 
эстетикалық  талаптарға  сай  болуы,  алдын-ала  əзірлеу;  сыныптағы  оқушылардың 
жас,  психологиялық  ерекшеліктеріне,  білім  деңгейлеріне,  сөздік  қорына  сəйкес 
келуі;  ойын  кезіндегі  қозғалыс,  техникалық  қауіпсіздіктен  қамтамасыз  ету; 
ойынның,  сабақтағы  ойын  элементтерінің  оқушылардың  ынтасын  тартып,  пəнге 
деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы. 
Бастауыш  сыныпта  қазақ  тілін  оқып  үйрету  барысында  ойындардың  алатын 
орны  ерекше.  Əр  сабақтың  тақырыбына  сай  ойындарды  пайдаланып  отыру 
оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. 
Басты  мақсат  –  ойын  əрекеттері  арқылы  тілдік  материалдарды  меңгертіп,  сөздік 
қорды  молайтып,  тілдесім  əрекетіне  жетелеу.  Ойын  барысында  грамматикалық 
анықтамаларды,  тілдік  нормаларды  игерту  мүмкіндіктері  мол  болады.  Сабақта 
мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, 
бірігіп  жұмыс  істеуге  деген  қызығушылықтары  артады.  Адамның  жас  ерекшелігіне 
қарамай,  яғни  адам  балалық  шағынан  бастап  кəрілікке  жеткенше  ойын  қажеттілігі 
жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында 
баланың  адамгершілік  қасиеттері,  өмірге  деген  көзқарасы,  қызығушылығы 
қалыптасады.  Ойын  арқылы  сыныптағы  нашар  оқитын  оқушыларды  да  сабаққа 
нəтижелі тартуға болады. 
Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын оқушылардың 
сол  орындалатын  іс-əрекеттер  арқылы  тіл  үйренуге  деген  сенімін  қалыптастырады. 
Олар:  қазақ  тіліне  ғана  тəн  дыбыстарды  дұрыс  айту,  жазуға  жаттықтыру; 
оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамыту; жағдаяттар туғызып, 
іс-əрекеттер арқылы сөйлетіп үйрену. Белгілі педагог А.С. Макаренко баланың ойын 
үстінде  түрлі  таным  түсініктері,  қасиеттері  дамып,  қабілеті  мен  белсенділігі 
артатынын  атап көрсеткен.  Сабақта  ойналатын  дидактикалық  ойындардың  пайдасы 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
34
өте  зор.  Ол  ойындарды  тақырып  бойынша  өзгертіп  тұруға  ыңғайлы  болады. 
Ойынның мақсаты, шарты балаларға түсіндіріледі. 
Ойындарды төмендегі мақсатта пайдалануға болады. «Араларға көмек» ойыны. 
Ойынның 
мақсаты: оқушылардың 
байланыстырып 
сөйлеу 
дағдыларын 
қалыптастыру.  Ойынның  шарты:  тақтаға  араның  ұясындағы  балға  келе  жатқан 
аюдың  сүреті  ілінеді.  Аюдың  балға  келе  жатқандығын  ескертуге  күзетші  ара  басқа 
араларға  кетеді.  Оқушыларға  тақырыпқа  байланысты  грамматикалық  тапсырмалар 
беріледі:  берілген  сөздерден  дұрыс  сөйлем  құрау;  көптік  жалғауын  дұрыс  жалғау; 
септік жалғауларын табу. 
Қазақ  тілі  сабағындағы  ойын  технологиясының  мақсаты  –  оқушылардың 
сабақта  үйренген  сөздерін  ауызекі  сөйлеуде,  күнделікті  қарым-қатынаста  дұрыс 
қолдануға үйрету. Барлық сыныптарда «Жыл мезгілдері» деген модуль бар. 
Мен  өз  сабақтарымда  (нəтиже  сабақта)  көптеген  ойын  түрлерін  қолданамын. 
Ойын «Кім тез ай аттарын дұрыс жазады?». Бұл ойынды жеке, топ бойынша өткізуге 
болады.  Бұл  ойын  оқушылардың  буынға  дұрыс  бөліп  оқу  дағдысын  дамытады. 
Оқушылардың  қызығып  ойнайтын  ойыны  «Адасқан  айлар».  Төрт  қорап 
дайындайсыз.  Əр  қорап  сыртында  жыл  мезгіліне  сай  сурет  болады,  ай  аттарын 
ауыстырып  саласыз,  оқушы  əр  айды  жыл  мезгіліне  сай  тауып  салады.  Бұл  ойынды 
уақытпен  ойнатуға  болады.  Ойын  оқушының  тез  оқу,  қимылдау  дағдысын 
қалыптастырады.  Мұғалім  оқушының  ай  аттарын,  жыл  мезгілін  есінде  қалай 
сақтағанын бағалайды. 
«Сымсыз  телефон»  ойыны.  Лексикалық  бақылауды  ауызша  жүргізілгенде 
қолданамыз.  Мысалы,  тақырыбы:  «Қалада.  Қаладағы  мəдени  орындар».  Оқушы 
телефон  тұтқасын  алады  да,  сөзді  айтады.  Біздің  қала  –  аудармасын  2-ші оқушы. 
Ары  қарай  жалғаса  береді.  Сөздік  диктант  үнемі  жүрсе,  баланы  жалықтырады, 
сондықтан  бұл  ойынды  оқушылар  қызыға  ойнайды.  Осы  ойын  арқылы  шағын 
диалогты ойнатуға болады. Бұл ойын оқушыны дұрыс мəдениетті сөйлеуге үйретеді, 
сөздік қорын бағалауға мүмкіндік береді. Үлкен бір модульді аяқтаған кезде нəтиже 
сабақта «Қоржынды кім тез шешеді?» деген ойын ойнаймыз. Үш қатар болса (немесе 
3 топ) үш қоржын дайындайсыз. Əр қоржында аударма жұмысы, сөз тіркесін құру, 
буынға  бөлу,  модулға  сəйкес  грамматикалық  тапсырма,  мəнерлеп  оқу,  диалог 
болады.  Қай  топ  тез дайындалып,  дұрыс  айтып  шығады (7-10  минут)?  Бұл  ойынды 
мұғалім  белгілі  бір  модуль  бойынша  оқушының  қандай  деңгейде  меңгергенін 
тексере алады. 
Қазақтың  ұлттық  ойындарының  бірқыдыруы  асық  ойынынан  тұрады.  Асықты 
«Сен айт», «Мəтінді жалғастыр» ойындарында қолдануға болады. Бұл ойындар асық 
лақтыру  арқылы  жүреді  де,  баланы  шапшандыққа,  тез  ойлауға  дағдыландырады. 
Сабақта  ұлттық  ойын  элементтерін  қолдану  барысында  мұғалім  сөздермен 
таныстырады, дұрыс айтуға үйретеді, салт-дəстүрді сүюге тəрбиелейді. 
Оқушылар көбінесе сабақта ойын түрлерінің жиі болуына жақсы дағдыланады. 
Мысалы:  жануарлар  атауларын  жақсы  естерінде  сақтап  қалулары  үшін  мынандай 
ойын  түрін  жүргіземін  –  «Адасқан  малдар»  ойыны.  Төрт  түлік малдың  сүреттері 
тақтада  ілулі  тұрады  жəне  суреттердіңқасында  жануарлардың  өз  балалары 
суреттелмеген. Сонымен  балалар  төрт  түлік  малдың қозысын,  ботасын,  бұзауын, 
құлынын  тауып,  тақтаға  шығып  жазады.  Бұл  ойын  балалардың  тез  ойлану,  дұрыс 
жазу  дағдыларын  қалыптастырады.  Сабақтарда  қолданатын  ойын  элементтері 
оқушылардың  белсенділігін  арттырып,  оларды  ынталандырады,  теориялық 
білімдерін  практикада  қолдануға  үйретеді.  Кез  келген  ойын  элементі  сабақта  екі 
түрлі мақсатқа бағытталады. Оның біріншісі – оқушының сабаққа қызығушылығын, 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
35
ынтасын  арттыру,  тілін  дамыту,  екіншісі  –  оқушыларды  тапқырлыққа  баулып, 
зейініне, ойлау қабілетін арттыру. 
Ойын  элементтерін  тиімді  қолдану  1-4  сыныптарда  өте  тиімді  деп  ойлаймын, 
себебі  тез  жазу,  оқу,  мазмұндау  дағдылары  қалыптаспаған  оқушыларды  бірыңғай 
жаттығу  жұмысы  жалықтырады,  ал  ойын  технологиясы  керісінше  пəнді  сүюге, 
қызығуға  ықпал  жасайды.  Берік  білім  берудің,  оқу  белсенділігін  арттырудың 
маңызды  жолдарының  бірі  –  ойын  технологиясын  пайдалану  деп  ойлаймыз. 
Оқушылар  ойын  арқылы  жан-жақта  дамып,  сапалы  білім,  саналы  тəрбие  алып 
шығады.  Ойын  арқылы  балалардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытып  қана 
қоймай, берілген тапсырмалады ынтасымен беріліп орындауына жəне өз-өзіне деген 
сенімділікке үйретеміз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет