№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013



Pdf көрінісі
бет29/44
Дата27.01.2017
өлшемі7,69 Mb.
#2837
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44

тербетеді»  деген  қанатты  сөз  де  бар.  Біздің  пікірімізше,  ана  өзінің  əлдиі  мен  бесік 
жыры арқылы тілді де тербетеді. 
Ұлттық  тілін  «ана  тілі»  деп  атаған  ойға  жүйрік,  сөзге  шешен  халқымыздың 
біртуар  ұлы,  заманымыздың  заңғар  жазушысы  М.  Əуезовтің:  «Ел  болам  десең, 
бесігіңді түзе!» - деген сөзінің мəн-мағынасы дəл қазіргі кезеңде айқын жол табуға, 
тілімізде сақталған ұлттық рух пен сананы жаңғыртып, жаңа сапаға көтерілуге бағыт 
алған ұлт болашағын дамытудың өзекті арқауы болмақ. Ана сүтімен бойға сіңген ана 
тəрбиесі,  үлгі-өнегесі,  асыл  өсиеті  адамның  көкірегінде  жатталып,  өле-өлгенше 
сақталады. Сол үшін əрбір қазақ əйелінің дүниеге əкелген сəбиі жылағанда, қазақша 
əлдилеп  жұбатып,  қазақша  бесік  жырын  айтып  ұйықтатып,  «апа»  деген  алғашқы 
сөзді  үйретіп,  тілін  де  қазақша  шығаруы,  қазақ  тілінде  ертегі  айтып,  қазақша 
«құлыным, ботам» деп еркелетуі оның өмірлік қағидатына айналуы тиіс. 
Қорытынды. Ана сүтімен бойға сіңген ана тəрбиесі, үлгі-өнегесі, асыл өсиеті 
адамның  көкірегінде  жатталып,  өле-өлгенше  сақталады.  Сол  үшін  əрбір  қазақ 
əйелінің дүниеге əкелген сəбиі жылағанда, қазақша əлдилеп жұбатып, қазақша бесік 
жырын  айтып  ұйықтатып,  «апа»  деген  алғашқы  сөзді  үйретіп,  тілін  де  қазақша 
шығаруы, қазақ тілінде ертегі айтып, қазақша «құлыным, ботам» деп еркелетуі оның 
өмірлік қағидатына айналуы тиіс. 
Тіліміздің  алтын  арқауын  асыл  қолдарынан  шығармай  ұстап,  құнарын 
жоғалтпай  сақтап,  ұлттық  тіліміздің  қадірі  мен  құдіретін  ұғындыруды  аналардың 
қасиетті  парызы  ретінде  қазіргі  қазақ  қоғамында  қалыптастыру,  оның  əлеуметтік-
материалдық негізін жасау – өзекті мəселелердің бірі. Қазақ əйелінің ойлау қабілеті, 
зейін-зерде  ерекшелігі,  парасат-пайым  деңгейінің,  мінезінің,  еңбекқорлық, 
төзімділік,  махаббат,  сұлулық  т.б.  тілдік  көрінісі  этностың  ерекше  этноөзектік 
концептілері болып табылады. 
«Қазақ  əйелінің»  концептілік  бейнесі  көркем  жəне  прецеденттік  мəтіндерде, 
мифологияда, сакральды, топонимдік, антропонимдік т.б. жүйеде жасалады.  «Қазақ 
əйелі»  бейнесі  –  ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп,  сақталған  ұлттық  таным  ақпаратының 
санада  қалыптасқан  мəн  мазмұны,  қызметі.  Тілде,  жадта  бұрыннан  сақталған 
ақпаратты  қабылдау,  өңдеу  арқылы  жаңа  сапада  жаңғыру  таным  мен  мəдениет 
сабақтастығын дəлелдейді. «Қазақ əйелі» концептісінің əлеуметтік сипаты гендерлік 
лингвистика  аясында  айқындалады.  Зерттеу  мазмұнында  талданған  ассоциациялар, 
бағалаулар  қазақ  əйелінің  сезімдік,  əлеуметтік,  психологиялық,  мəдени  т.б.  дəйегі, 
ұлттық сананың кілтін ашатын тілдік құралдар болып табылады. 
 
Əдебиеттер 
1 Қабдолов З. Жанр сыры. – Алматы, 1964. – 12-20 б. 
2 Мүсірепов Ғ. Ана. – Алматы, 1934. – 5 б. 
3  Орда  Г.  Ғ.  Мүсірепов  əңгімелеріндегі  аналар  бейнесі  //  Көркем  ойдың 
құдіреті. Зерттеулер. 
4 Бекбергенов М. Ғ. Мүсіреповтің прозасы. – Алматы: Рауан, 1990. – 23 б. 
5 Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалар. – III том. – Алматы, 1956. 
6 Қазақстан Коммунистік партиясы тарихының очеркі, 1963. 
7 Жаңа əдебиет. – 1929. – №5. – 7 б. 
8 Мүсірепов Ғ. Əңгімелер. – Алматы, 1950. – 106 б. 
 
 
 
 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
48
МАХАНОВА Гүлшат Нұрдəулетқызы, 
№111 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, 
Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ТАБИҒАТ – СЫРЛЫ ƏЛЕМ 
(1-4 сыныптардың оқушыларына арналған авторлық бағдарлама) 
 
Түсінік хат 
Факультатив курсының мақсаты: оқушылардың «Дүниетану» пəнінің əрбір 
тарауына  байланысты  білімдерін  толықтырып,  қоршаған  орта  туралы  таным-
түсініктері мен ұғымын қалыптастыру. 
Сабақ аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат. 
Сабақтың  міндеті:  «Дүниетану»  пəнінің  негізгі  мақсаты  –  айнала  қоршаған 
дүние  жайлы  оқушының  білімін  кеңейту;  табиғатқа  бақылау  жасай  білуге, 
зерделеуге,  тəжірибе  жасауға  дағдыландыру;  өзін  қоршаған  зат,  дене 
құбылыстардың  пайда  болу  жағдайына  мəн  беріп,  олар  жайлы  түсінігін 
қалыптастыру;  айнала  қоршаған  табиғатты  қорғап,  экологиялық  мəдениетін 
қалыптастыру жəне оны сақтауға деген өз жауапкершілігін арттыру. 
Күнтізбелік жоспар 
Р/с 
Өтілетін сабақтың 
тақырыбы 
Сағат 
саны 
Мерзі-
мі 
Сабақтың 
түрі 
Берілетін 
тапсырма 

Табиғатты зерттеу жəне 
бақылау əдістері 

 
Дəстүрлі 
Эссе жазу 

Тірі жəне өлі табиғат 

 
Дəстүрлі 
Конспект 

Табиғат құбылыстары 

 
Дəстүрлі 
Реферат 

Ауа жəне оның қасиеттері 

 
Дəстүрлі 
Баяндама 

Су жəне судың үш күйі 

 
Дəстүр-ден 
тыс 
Практикалық 
жұмыс 

Судың маңызы 

 
Дəстүрлі 
Жеке 
тапсырма 

Табиғаттағы су айналымы 

 
Дəстүрлі 
Конспект 

Жыл мезгілдері 

 
Дəстүр-ден 
тыс 
Эссе жазу 

Өсімдіктер 

 
Дəстүрлі 
Конспект 
10 
Гүл, жеміс жəне тұқым 

 
Дəстүрлі 
Конспект 
11 
Өсімдіктің қоректенуі 

 
Дəстүрлі 
Жеке 
тапсырма 
12 
Өсімдік – тірі ағза 

 
Дəстүрлі 
Эссе жазу 
13 
Жануарлардың өмір сүруі 

 
Дəстүрлі 
Практикалық 
жұмыс 
14 
Жəндіктер 

 
Дəстүрлі 
Конспект 
15 
Құстар қоректенуі 

 
Дəстүрлі 
Реферат 
16 
Аңдар  

 
Дəстүрлі 
Реферат 
17 
Балықтар 

 
Дəстүрлі 
Практикалық 
жұмыс 
18 
Қосмекенділер 

 
Дəстүрлі 
Жеке 
тапсырма 
19 
Бауырымен 
жорғалаушылар 

 
Дəстүрлі 
Реферат 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
49
20 
Қазақстан өсімдіктері мен 
жануарлары  

 
Дəстүрлі 
Жеке 
тапсырма 
21 
Орман-тоғай жануарлары 

 
Дəстүрлі 
Эссе жазу 
22 
Орманның пайдасы жəне 
оны қорғау 

 
Дəстүрлі 
Эссе жазу 
23 
Дала өсімдіктері мен 
жануарлары 

 
Дəстүр-ден 
тыс 
Практикалық 
жұмыс 
24 
Дала жануарлары 

 
Дəстүр-ден 
тыс 
Реферат 
25 
Адам ағзасы жəне 
денсаулықты сақтау 

 
Дəстүрлі 
Эссе жазу 
26 
Қаңқа  

 
Дəстүрлі 
Конспект 
27 
Қан айналу жүйесі 

 
Дəстүрлі 
Эссе жазу 
28 
Тыныс алу жүйесі 

 
Дəстүрлі 
Реферат 
29 
Асқорыту жүйесі 

 
Дəстүрлі 
Конспект 
30 
Тамақтану гигиенасы 

 
Дəстүрлі 
Жеке 
тапсырма 
31 
Жүйке жүйесі 

 
Дəстүрлі 
Эссе жазу 
32 
Сезім мүшелері. Сезім 
мүшелерінің гигенасы  

 
Дəстүрлі 
Реферат 
33 
Құлақ – есту мүшесі 

 
Дəстүрлі 
Конспект 
34 
Тест  

 
 
Жеке 
тапсырма 
Тақырыбы: Өсімдік – тірі ағза 
Мақсаты: 
Білімділік: Өсімдіктердің тіршілік ету мерзімі туралы түсінік беру. 
Дамытушылық:  Өздіктерінен  жұмыс  істеу,  ой-өрісін  дамыту,  іскерлік 
дағдыларын қалыптастыру; Ойын еркін жеткізуге машықтандыру. 
Тəрбиелік:  Өсімдіктерді  қорғауға,  табиғатты  сүюге,  қамқор  болуға,  қорғай 
білуге тəрбиелеу. 
Түрі: Дəстүрлі сабақ. 
Типі: Жаңа сабақ беру. 
Əдісі: СТО элементтері сұрақ-жауап, түсіндіру, дамытушылық, көрнекілік. 
Көрнекілік:  өсімдік  суреттері,  оқулық,  интерактивті  тақта,  дəрілік  өсімдіктер, 
таулы, жазық жер өсімдіктері. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Топырақтың маңызын сұрау. 
ІІІ. Сабақты бекіту. «Кім жылдам?» ойыны: 
Топырақ  дегеніміз  не?  (Жердің  бетіндегі  өсімдік  өсетін  жұмсақ  қабатын 
топырақ дейміз). 
Көк  жиек  дегеніміз  не?  (Жай  көзбен  қарағанда  көз  жеткен  жерге  дейінгі 
кеңістік көк жиек деп аталады). 
Ауаның қасиеттерін ата (Көзге көрінбейді, түссіз, иіссіз, дəмсіз). 
Судың қасиетін ата (Түссіз, иіссіз, мөлдір). 
Судың жай-күйі (Су, бу, мұз). 
Қандай топырақта өсімдік жақсы өседі? (Құнарлы). 
ІV. Ой шақыру. Мына сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы 
шығады. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
50
1. Мал жайылымы? 
2. Жылт-жылт етеді, 
Жылғадан өтеді. 
3. Ел іші алтын ... 
4. Тұқым өнімі? 
5. Наукасты кім емдейді? 
6. Сүттен жасалатын тағам түрі? 
7. Еңбек құралы? 
Өсімдік суреттері. 
Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Өсімдік – тірі ағза». 
V.  Мағынаны  тану.  Балалар,  өсімдік  туралы  өз  білетіндерімізді  дəптерге 
жазып, оқимыз: жеміс, гүл, тамыры, жылу, сабақ, жапырақ, ауа, қорек, су, дəрілік. 
Оқулықпен жұмыс. Өсімдіктер бұта, шөп, ағаш тектес болып үшке бөлінеді. 
Табиғат нешеге бөлінеді? Екі – өлі табиғат, тірі табиғат. 
Барлық  өсімдіктер  қоректенеді,  тыныс  алады,  жарықты,  жылуды,  суды  қорек 
етеді. Олар – тірі ағзалар. 
Сергіту  сəті.  «Ойлан  тап».  Өсімдік  тіршілігі  үшін  қандай  жағдайлар  қажет? 
Өсімдіктер  тіршілігіндегі  өзгеріс  біртіндеп  пайда  болады.  Тұқым 
  өнуі 
бүрі 
жапырағы 
гүлі 
жемісі. Жемістен өнген өскін топырақ арасы мен жер бетіне 
шығады. Бұл – өсімдіктің балауса шағы. 
Одан əрі өсімдік жапырақтары көбейіп, сабағы ұзарып, қатаяды, бұтақтанады. 
Тамыры  тармақталып,  топырақ  арасынан  таралады,  ұзарып  өсіп,  топырақтың  терең 
қабатына кіреді. Өсімдік топырақта мықтап бекініп, гүлдеп, тұқым салады. Дегенмен 
айлар,  жылдар  өткенде  өсімдік  қартайып,  күзде  жапырағы  сарғайып,  қурайды. 
Өсімдік тіршілігі тоқтайды. 
Біз  нені  білуіміз  керек?  Жазықтар  –  орманды  дала  аймақтары  еліміздің  2% 
жуық бөлігін алып жатыр. 
Шөл мен шөлейттер өңірі Қазақстан аумағының 60% жуығын алып жатыр. 
Таулар,  биік  белдеулі  таулы  аймақтар  Қазақстанның  19  миллион  га  жерін 
қамтиды, яғни жалпы көлемнің 7% құрайды. 
Жұмбақ жасыру. Тікен тікен тік пісте, Қысы-жазы бір түсте (шырша). 
Ақ көйлекті көк желек, Орманда орны бір бөлек (қайың). 
VI. Ой толғаныс. Сəйкестендіру. 
1.                             1.                                   1. 
2.                             2.                                   2. 
3.                             3.                                   3. 
Мына өсімдіктер қай топқа жатады? 
1. Селеу, бақпақ. 
2. Итмұрын, қарақат. 
3 Қайың, қарағай. 
VII. Бағалау. Оқушылардың біліміне сай бағалау. 
VIII.  Үйге  тапсырма.  Өсімдік  –  тірі  ағза.  Оқу,  мазмұндау.  «Менің  жақсы 
көретін өсімдігім» атты тақырыпта эссе жазу, суретін салу. 
Сабақтың тақырыбы: Құстардың қоректенуі. 
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: 
1. Құстардың қоректену ерекшеліктерімен таныстыру. 
2. Мəтін бойынша жаңа сөздерді меңгерту, сөздік қорын байыту. 
3. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту негізінде белгілеу əдісін меңгерту. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
51
Сабақтың  көрнекілігі:  Тақта,  бор,  оқушыларға  таратылып  берілетін 
ақпараттар, құстардың суреттері, қаламсап. 
Сабақта  қолданылатын  əдіс:  Дөңгелек  үстел,  сұрақ-жауап,  түсіндіру, 
дамытушылық. 
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару: 
-  Балалар,  бүгін  дүниетану  сабағымызды  жұпта  жəне  топта  «белгілер»  əдісі 
жəне  «дөңгелек  үстел»  əдістері  бойынша  өткіземіз.  Сендердің  алдарыңда  белгілеу 
кестелері бар. 
II. Үй тапсырмасын сұрау. 
III. Сабақты бекіту. 
IV. Қызығушылықты ояту. 
Балалар сөзі: 
1. Құстарда қол бола ма? Болмаса өз азығын қалай ұстайды? 
Жауап:  Құстарда  қол  болмайды.  Қанаттары  бар.  Азығын  аяқтарымен, 
тұмсығымен ұстайды. 
2. Құстардың қоректенуі туралы не білеміз? 
Білетініміз туралы бірінші жұпта, сонан соң топта талқылаймыз. 
Талқылап  болғаннан  кейін  сұрыптап,  тақтаға  жəне  кестеге  «білемін»  бөліміне 
жазамыз. 
Балалар өздері жазып отырады. 
3. Құстардың қоректенуі туралы не білгілерің келеді? 
Сұрақтар «Білгім келеді» бөліміне жазылады. 



Білемін 
Білгім келеді 
Жаңа білім 
Құстар тышқанмен, 
Балықтармен қоректенеді. 
Тұмсықтары əр түрлі. 
Дəндерді жейді. 
Құстарда қол жоқ. 
Тырна судан балықты 
ұстап жейді. 
Құстар жемін іздеп, қай 
жаққа ұшып кетеді екен? 
Құстар қорегін қалай 
ұстайды? 
Құстарда неге қол жоқ? 
Құстарда тіс бола ма? 
Етпен қоректенетін құстар 
бола ма? 
Қарлығаш жемін қалай 
ұстайды? 
Құстар түрліше 
қоректенеді. 
Тұмсықтары алуан 
түрлі: имек, аузы 
үлкен, кішкентай. 
Өңештің жуан бөлігі 
бөтеге. 
Тас 
қиыршықтарынан тас 
бөлінеді, сілекей дəн 
жібиді, бұлшық еттер 
жиырылады, азық 
езіледі жəне т.б.  
V. Мағынаны тану. 
1.  Балалар,  құстар  жер  бетінде  алуан  түрлі.  Құстардың  алуан  түрлілігіне 
байланысты  олар  түрліше  қоректенеді  екен.  Қазір  құстардың  қоректенуі  туралы 
жаңа білім, яғни жаңа сұрақтарыңа мəтіннен жауап іздейсіңдер. Мəтінді оқуға уақыт 
беріледі. 
2. Мəтінді оқып болғаннан кейін оқығанымызды елестетіп көріңдерші. 
3. Мəтінді жұпта, сонан соң топта талдау. Талқылау кезінде қандай жаңа білім 
алдыңдар,  ол  сендердің  ойларыңмен  сəйкес  келе  ме,  жаңа  сұрақтар  пайда  болады? 
Бұл туралы мəтінге жəне кестелеріңе қарауға болады. 
4.  Талқыланғаннан  кейін  əр  топтан  топ  жетекшілері  шығып,  əңгімелеп 
түсінгендерін айтады. 
5. Тақтада жəне кестеде жаңа білім бөлімін толтырамыз. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
52
Суретпен жұмыс. Топтарға сурет көрсетіледі. Жəне сұрақтар қойылады. 
1 топ. Құстардың аттарын атау. 
2 топ. Қоректенудегі ерекшеліктерін табу. 
3 топ. Құстар немен қоректенеді? 
Балалар сұрақтарға жауапты топта талқылап, тақтаға шығып, айтады. 
1 топтың жауабы: бірқазан, торғай, қарлығаш, бүркіт. 
2 топтың жауабы: 
a) бірқазанның тұмсығы үлкен жəне жалпақ. 
ə) торғай, қарлығаштың тұмсығы кішкентай, аузы үлкен. 
VI. Ой толғаныс. 
Дөңгелек  үстел  əдісі.  Балалар  бүгінгі  сабақта  үйренгендері  туралы  не 
ойлайды,  не  түсінді?  Бұл  жөнінде  «Дөңгелек  үстел»  əдісі  бойынша  əр  топтан  бір-
бірлеп оқушылар шақырылып, олар бірінің сөзін бірі қайталамай, əңгіме жүргізеді. 
1 бала: Құстар түрліше қоректенеді. 
2 бала: Олардың тұмсықтары əр түрлі. 
3 бала: Қарлығаш жемін ұшып жүріп, аулайды жəне т.б. 
Осылай жалғаса береді. 
1. Сен құстардың қоректенуіне қандай көмек жасай алар едің? 
2. Құстардың қоректенуіне сенің көмегің? (əңгіме құрастыру). 
VII. Бағалау. 
VIII. Үйге тапсырма беру. 
Тест сұрақтары І нұсқа 
1. Мақта өсірілетін аймақ. 
А) Солтүстік Қазақстан 
В) Оңтүстік Қазақстан 
С) Шығыс Қазақстан 
D) Батыс Қазақстан 
2. Қоректік заттарды басқа мүшелеріне жеткізетін өсімдік мүшесі. 
A) тұқым 
B) жапырақ 
C) жеміс 
D) сабақ 
3. Су қоймасында тіршілік ететін аң. 
A) сілеусін 
B) жапалақ 
C) құндыз 
D) қасқыр 
4. Бунақденелілерді көрсет. 
A) балық, шаян 
B) шыбын, құрт 
C) жылан, кесіртке 
D) шымшық, бұлбұл 
5. Судың табиғи күйі. 
A) 3 күйде 
B) 1 күйде 
C) 2 күйде 
D) көп күйде 
6. Өзеннің көлге, теңізге қосылатын жері. 
A) сағасы 
B) бастауы 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
53
C) арнасы 
D) саласы 
7. Ауаның қызғандағы көлемі. 
A) үлкейеді 
B) қызады 
C) суиды 
D) кішірейеді 
8. Ауа қоспасындағы ең көп газ. 
A) оттегі 
B) азот 
C) көмірқышқыл 
D) өсімдік 
9. Өсімдіктер мен жануарлардың шіріген қалдықтары. 
A) құм 
B) топырақ 
C) қарашірік 
D) саз 
10. Террикондар дегеніміз... 
A) жазық 
B) таулар 
C) бос жыныстардың үйіндісі 
D) төбелер 
11. Жазықтың түрлері 
A) 4 
B) 3 
C) 2 
D) 1 
12. Тас көмірдің басты кен орындары. 
A) Жезқазған, Көкшетау 
B) Қарағанды, Екібастұз 
C) Қостанай, Алматы 
D) Астана, Орал 
13. Антрактиданың мұз сауытының қалыңдығы. 
A) 4500 м 
B) 4000 м 
C) 4004 м 
D) 4001 м 
14. Адам денесінің тірегі. 
A) қаңқа 
B) бас 
C) жүрек 
D) қол-аяқ 
15. Өкпеге енген ауа құрамында көп болатыны. 
A) микробтар 
B) көмірқышқыл газы 
C) шаң-тозаң 
D) оттегі 
16. Аяққа қатысты сүйек. 
A) шынтақ 
B) ортан жілік 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
54
C) жауырын 
D) тоқпан жілік 
17. Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған мерзім. 
A) 1986 жыл 16 желтоқсан 
B) 1995 жыл 30 тамыз 
C) 1992 жыл 
D) 1991 жыл 1 желтоқсан 
18. Картада қоңыр түс нені бейнелейді? 
A) қырат 
B) ойпат 
C) таулар 
D) үстіртті жазық 
19. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімін ата. 
A) 5 жыл 
B) 6 жыл 
C) 3 жыл 
D) 8 жыл 
20. Заң шығарушы орган. 
A) Прокуратура 
B) Əкімшілік 
C) Парламент 
D) Президент 
Тест сұрақтары ІІ нұсқа 
1. Орман өсімдіктері. 
A) Қарақат, мойыл, таңқурай, тошала 
B) Күріш, жүгері, мақта 
C) Қызғалдақ, қарақат 
D) Терек, шеңгел, алабұта 
2. Жапыраққа жасыл түс беретін зат. 
A) Хлор 
B) Хлорофилл 
C) Бояғыш 
D) Су 
3. Шөлді жерде өсетін аса бағалы мал азығы. 
A) Шырыш 
D) Селеу бояу 
C) Ақсексеуіл 
D) Құмқияғы 
4. Қазақтың аса бағалы сиыр түрі. 
A) Қазақтың ақбас сиыры 
B) Ала сиырлар 
C) Қазақтың арқар мериносы 
D) Қазақтың қара бас сиыры 
5. Қазақстандағы тұзды теңіз 
A) Балқаш 
B) Каспий 
C) Ертіс 
D) Байкал 
6. Мұз дəуірі кезінде ормандар жойылғанда, оның орнына не пайда болды? 
A) Далалы жер 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
55
B) Өзендер 
C) Қалалар 
D) Батпақтар 
7. Ауаның қызғандағы көлемі. 
A) Ериді 
B) Үлкейеді 
C) Қатады 
D) Кішірейеді 
8. Ауаны тазартудың ең тиімді жолы. 
A) Көгалдандыру 
B) Тазаландыру 
C) Тозаңдандыру 
D) Қондырғылар орнату 
9. Алғашқы адамның пайдаланған құралдары. 
A) Мылтық, садақ 
B) Найза, айбалта 
C) Мүйіз, тас, сүйек, таяқ 
D) Пышақ, күрек 
10. Шоқы дегеніміз – 
A) Биік төбе 
B) Жота 
C) Басы сүйір төбе 
D) Қыраттар 
11. Физикалық картадағы таулардың түсі. 
A) Қоңыр 
B) Жасыл 
C) Көк 
D) Сары 
12. Пайдалы қазбалардың бөліну тобы. 
A) 2 
B) 5 
C) 4 
D) 3 
13. Тас көмірдің ең сапалы түрі. 
A) Шымтезек 
B) Тас көмір 
C) Антрацит 
D) Қоңыр 
14. Омыртқа жотасындағы омыртқа саны. 
A) 33-34 
B) 40-45 
C) 12-13 
D) 30-35 
15. Қан айналым мүшесі. 
A) Бауыр 
B) Мұрын 
C) Жүрек 
D) Өкпе 
16. Адам қаңқасындағы аяқ сүйектері. 
A) Жауырын, шыбық 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
56
B) Омыртқа, қабырға 
C) Ортан жілік, асықты жілік 
D) Төс сүйек, кəрі жілік 
17. Бүкіл ағайындардың бірлесіп үй салуы. 
A) Сыйластық 
B) Қонақжайлылық 
C) Асар жасау 
D) Татулық 
18. Отбасы қандай қоғам? 
A) Шағын қоғам 
B) Жеке қоғам 
C) Дара қоғам 
D) Басқарушы қоғам 
19. Вавилондағы жеті кереметтің бірі. 
A) Александрия манары 
B) Зевс мүсіні 
C) Семирамиданың аспалы бағы 
D) Артемиданың аспалы бағы 
20. Президенттің сайланған уақыты. 
A) 1986 жыл 16 желтоқсан 
B) 1995 жыл 30 тамыз 
C) 1997 жыл 11 шілде 
D) 1991 жыл 1 желтоқсан 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет