№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013


Сұрапыл  соғыстан  қалған  беймəлім  белгі.  Белгісіз  он  сарбаз  табылды



Pdf көрінісі
бет43/44
Дата27.01.2017
өлшемі7,69 Mb.
#2837
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

Сұрапыл  соғыстан  қалған  беймəлім  белгі.  Белгісіз  он  сарбаз  табылды. 
Тарихы  мол  қарт  Мұғалжардың  қойнынан  тағы  бір  тарихи  жағдай  жылт  етті. 
Еліміздегі  барлық  бұқаралық  ақпарат  құралдары  мұны  жарыса  жариялады.  Алайда 
мəйіттер табылып, қайта жерленгенімен, олардың кім екендері əлі анықталған жоқ. 
«Тарихта  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  ретінде  жазылып  қалған  бұл  қанды 
оқиғаның ақтаңдақ беттері Жеңіске 70 жыл толса да əлі толық ашылмай келеді. Оған 
куə  –  майдан  даласы  болмаған  Қазақ  елінен  тұңғыш  рет  бауырластар  зиратының 
табылуы. Мұғалжардан 23 шақырым жерде орналасқан Қырғыз бекеті əлімсақтан аз 
түтінді  ауыл  ғана.  Бұрыннан  теміржол  бойында  орналасқандықтан,  бұл  жердің 
адамдары  да  əртүрлі  оқиғалардың  куəсі  болып,  ештеңеге  таң  қалмайтын  болған. 
Бірақ,  өткен  аптада  табылған  белгісіз  сарбаздардың  зираты  –  ашық  күні  аспаннан 
жай түскендей əсер қалдырды. Қырғыз стансасы маңында бауырластар зираты барын 
жауынгерлердің  өліміне  куə  болған  зейнеткер  Жұмағазы  Қуатов  айтқан.  Бұл 
қайғылы  оқиға  1942  жылы  22  шілде  күні  болған  екен.  Ол  кезде  14  жастағы 
Жұмағазы ата темір жолда жұмыс жасаған. 
Қазір  84  жасқа  жеткен  қария  былай  дейді:  «Мен  1928  жылы  дүниеге  келдім. 
1942  жылы  шілде  айының  22-нде  түнгі  сағат  12-30  шамасында  болды.  Бір-біріне 
қарама-қарсы бағытта №58 Құлама разъезінен тақ пойызы, №57 Тас разъезінен жұп 
пойызы  шыққан.  Жұп  пойызы  Мұғалжар  бекетіне  тоқтайды.  Алдындағы  əскери 
эшалон  пойызы  №58  разъезд  бағытына  қарсы  бет  алады.  Мұғалжар  бекетінің 
ортасында  «петля»  («тұзақ»  –  теміржолдың  термин  сөзі)  бар.  Сол  жерге  келгенде 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
159
пойыз  тарта  алмай,  артқы  6  вагон  тізбеден  шығып  қалады.  Вагондарды  бір-біріне 
тіркеп тұрған жері үзіліп, жұп пойызының 6 вагоны рельстің бойымен төмен қарай 
құлдилай  жөнеледі.  Оларды  қалай  да  тоқтату  мақсатымен  рельске  шпалдар  да 
төселеді,  бірақ  бəрібір  нəтиже  болмайды.  Үзілген  вагондар  сол  күйі  қатты 
жылдамдықпен Қырғыз бекетінде тұрған əскери эшалонға соқтығысып, құлайды. Ол 
кезде қазіргідей бағдаршам, автомат дегендер жоқ, бəрі қолмен атқарылатын. Əскери 
эшалонның 3 вагоны кіре беріс жолға кіруге үлгере алмай құлайды. Сол вагондағы 
бірнеше адам сол жерде тіл тартпай қаза тапты» [6, 3-4 бб.]. 
Қорытынды.  Қазақ  ежелден  кең  даланы  еркін  жайлап,  көшіп-қонып  өмір 
кешкен  сауыққой  халық.  Ол  өзінің  өміршең  асыл  мұрасы  –  өнері  мен  əдебиетін  де 
аттың  жалында,  түйенің  қомында  жүріп  тудырған  жəне  оның  табиғи  бояуын 
жоғалтпай  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп  отырған.  Сол  асыл  мұра  халық  ауыз 
əдебиетінің бірі – аңыз əңгімелер. Аңыз əңгімелердің бірінші белгісі – кейіпкерлері, 
тарихи тұлғалар. Екінші белгісі – кейіпкерлерінің сөзі де, ісі де таңданарлық тапқыр 
болады.  Аңызға  айналатыны  да  осы  тапқырлық  қасиеттері.  Үшінші  белгісі  – 
оқиғаның шешілуі əрі сүйіндіреді, əрі еліктетеді, адамды жақсылыққа жетелейді. 
Аңыз əңгімелер – халық өмірінің шежіресі əрі тəрбие құралы. Біз ауыз əдебиеті 
үлгілерімен  таныспыз,  оның  ішінде  аңыз  əңгімелерді  қызыға  оқыдық.  Бізді 
ауылымыздағы  көнекөз  қарттардың  айтқан  шежіре  əңгімелері  қызықтырды. 
Сондықтан  Мұғалжар  тауы,  Айрық  тауы,  Қыз  əулие,  Құл  əулие,  Құлқай  əулие, 
Күшен  тамы  туралы  аңыз  əңгімелерді  тыңдап,  жазып  алып  жүйеледік.  Ауыл 
тұрғындарының  айтуынша,  Мұғалжарда  қырық  əулие  бар  деседі.  Бұл  əулиелер 
туралы  аңыздар  ұмытылмауы  тиіс,  болашақ  ұрпақ  біліп  тағзым  етіп  жүрсе,  нұр 
үстінен нұр болар еді. Келешек жастар өз дінінен адаспай, қадірлеп, туған жерінің əр 
тау-тасының  құпиясын  біліп,  иманды,  ибалы,  ұлтжанды  патриот  болып  өсуі  керек. 
Қарт Мұғалжардың құпияға толы сырын біз ашуымыз керек. 
Ауылымыздағы  жоғарыда  айтылған  аңыздар  жинақталып,  кітап  етіп 
шығарылса,  «Өлі  риза  болмай,  тірі  байымайды»  дегендей,  əулиелерімізді  ұмытпай, 
тағзым етіп тұрсақ, əрі Айрық тауының маңы демалуға тамаша, ауасы таза, табиғаты 
əдемі,  сондықтан  осы  жерге  келешекте  шипажай,  яғни  сауықтыру  кешені  ашылса, 
біз  мақтанар  едік.  Біздің  туып-өскен  жерге,  Отанымызға  деген  сүйіспеншілігіміз 
артады деп ойлаймыз. 
Ұсыныс: Мұғалжарда қырық əулие бар деседі, солардың құпия сыры ашылса; 
жоғарыда  айтылған  аңыздар  жинақталып,  кітап  етіп  шығарылса;  ауыл  маңынан 
табылған белгісіз сарбаздардың кім екендігі анықталса. 
 
Əдебиеттер 
1 М. Əуезов энциклопедиясы. – Алматы: «Атамұра» баспасы, 2011. 
2 Сегедин Р.А. Рассказ о геологии Актюбинской области и богатствах ее недр. 
– 73, 78, 79 б. 
3  Оралмағамбетов  Ж.,  Есмағамбетов  М.  Аңыздар  мен  ақиқаттар  өлкесі.  – 
Алматы, 2001. – 107-110 б. 
4  Ақтөбе  энциклопедиясы.  –  Ақтөбе:  «Отандастар  –  Полиграфия»  ЖШС 
баспаханасы, 2001. – 404, 565, 566 б. 
5 Мұғалжар энциклопедиясы. – 2011. – 7-11 б. 
6 Əжіғұлов Қ. Шежіренама. – 2006. – 43-44 б. 
7 Кенжебаева Б. Мақтанышым – Мұғалжар. – 2012. – 62-63 б. 
8 «Мұғалжар» газеті. – 11 қазан. – 2012. 
 
 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
160
СЕЙІТЖАН Несібелі Қайратқызы, 
М. Шоқай атындағы №187 қазақ орта мектебінің 9 «Ə» сынып оқушысы, 
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: НҰРМАНОВА Гүлназ Серікбайқызы, 
М. Шоқай атындағы №187 қазақ орта мектебі «Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнінің 
мұғалімі, Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАЗАҚ АҢЫЗ ƏҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ 
 
Аңдатпа 
Ғылыми  жұмысының  мақсаты  –  қазақ  тарихында  өшпес  орны  бар  Абылай 
бейнесіне  қатысты  аңыз  бен  ақиқат  мəселесін  зерделеу,  идеалды  билеушінің 
бейнесін  жасаған  қазақ  аңыздарындағы  Абылай  ханның  ерекше  қасиеттерін  ашу. 
Жұмыста  маңызды  оқиғалар  мен  көрнекті  тұлғаларға  берген  халықтың  бағасын, 
қарым-қатынасын  көрсетуде  аңыз  əңгімелердің  орны  ерекше  екендігі  айтыла  келе, 
Абылай  туралы  аңыздар  мен  қазақ  фольклорында  жиі кездесетін  тұрақты  мотивтер 
талданған. 
Қазақ  аңыздарындағы  Абылай  ханға  берген  халықтың  бағасын  көрсету  үшін 
Абылай  хан  туралы  аңыздарды  жинақтай  отырып,  Абылай  бейнесі,  оның  мінез 
қырлары жан-жақты ашылған. 
Атақты ханның бейнесі елдің рухында азаттықтың рəмізіндей болып сақталып, 
бүгінгі  күнге  дейін  жетуі  Абылайдың  тектілігінен,  елді  жаудан  қорғаған  батыр, 
дарынды  қолбасшы,  халқын  даналық  істермен  басқарған  билеуші  болғанынан 
екендігі көрсетілген. 
 
Кіріспе.  Тарихы  сан  ғасырлардың  тереңіне  кететін  халқымыздың  «қазақ» 
аталғаннан  бергі  дəуірінде  ел  бастаған  көсемдер,  сөз  бастаған  айтулы  шешендер, 
жүйрік ақындар, жердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен шешкен дана билер, қалың жауға 
қарсы  жалғыз  шапқан  жүректі  батырлар  аз  болмаған.  Олар  туралы  сан  алуан 
аңыздар, жырлар, толғаулар мен дастандар, өлеңдер мен əндер, күйлер туып, біразы 
біздің дəуірімізге жетіп отыр. Солардың ішінде халық жадында молынан сақталғаны 
–  атақты  Абылай  хан  туралы  аңыздар  мен  жекелеген  ақын-жыраулардың  жырлары 
мен дастандары.  
Шындағында,  Абылай  өмір  сүріп,  елінің  азаттығы  жолында  жанкештілікпен 
арпалысқан ХVІІІ ғасыр қазақ елінің басына қара күн туып, құрып кету қаупі төнген, 
халқымыз  «Ақтабан  шұбырындыға»  ұшырап,  «Елім-айлап»  күңіренген  зар  заман 
екені  бүгінде  əркімге  аян.  Абылайдың  аты  осы  қазақ-жоңғар  соғысында  жарқ  етіп 
шығып,  ерлігі  мен  ақылы  арқасында  қатардағы  сарбаздан  беделді  сардар,  батыр 
қолбасшы,  көреген  хан  дəрежесіне  көтеріліп,  ата  жаудан  ата  мекенімізді  түгел 
тазартуы – оның қазақтың бағына туған жан екенін дəлелдемей ме? [5]. 
Көзі  тірісінде-ақ  аты  аңызға  айналып,  қазақ  үшін  қасиетті  Алаш  сияқты 
жауынгерлік  ұранға  айналған  Абылай  туралы:  «Адам  Атадан  Абылайға  дейін, 
Абылайдан  кейін  де  Қазақбайдың  баласы  Абылай  тұсындағыдай  өмір  сүріп  көрген 
жоқ», - деген Мəшһүр Жүсіптен немесе «Қазақтардың аңыз-əфсаналарында Абылай 
айрықша  қасиеті  бар  киелі,  керемет  құдірет  иесі  болып  саналады.  Абылай  дəуірі  – 
қазақтың ерлігі мен серілігінің ғасыры», - деген Шоқаннан асырып айту қиын. 
Болып өткен оқиға зор, тарихи тұлға тұғырлы болған сайын оның жұмбағы мол 
болады. Себебi оның айтылмай қалған тұстарына аңыз, ертегi «тор» құрады. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
161
Аңыз  –  фольклорлық  проза  жанры.  Онда  тарихи  шындыққа  негізделген, 
халықтың  тарихи  жадында  сақталған,  əйтсе  де  уақыт  өте  өңделіп,  көркемдік  сипат 
алған  оқиғалар  баяндалады.  Заман  алға  озып,  ел  жадында  тарихи  тұлға  көмескі 
тартып, тарихи оқиға елеске айнала бастағанда, əуелдегі реалистік əңгіме халықтың 
көркемдік  қисын  тезіне  түсіп,  өзгеріске  ұшырап,  аңыз  ретінде  айтылатын  болған. 
Аңыздар  шартты  түрде  тақырыптық  сипатына  қарай,  тарихи  аңыздар  жəне 
топонимикалық  аңыздар  болып  жіктеледі.  Қазақ  арасына  көп  тараған  Абылай, 
Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Райымбек, Сұраншы, Кенесары, Исатай, т.б. көрнекті 
тұлғалар  туралы  аңыздар  бірінші  топқа  жатса,  екінші  топқа  нақтылы  қоныстардың 
тарихын баяндап, оның қай кезде, қалай аталуының сырын ашатын аңыздар кіреді. 
Зерттеудің маңыздылығы. Тарихи аңыздар – ұлттық фольклордың көркемдік 
ерекшелігі,  тағылымы  терең  салаларының  бірі.  Аңыздар  –  сан  ғасырлар  бойы 
халықтың  өткенін  білуге,  тануға  деген  сұранысы  мен қызығушылығын  өтеп  келген 
бай рухани қазына. Онда қазақ руханиятына қатысты көркемдік танымдармен қатар 
ұлт пен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы тарихында болған оқиғалар мен айтулы 
тұлғалар туралы хабар-деректер де сақталған. 
Өкінішке  қарай,  айрықша  рухани  əрі  тарихи  маңызға  ие  аңыздар  осы  күнге 
дейін арнайы зерттеудің нақты нысанына айнала қойған жоқ. Аңыздардың көркемдік 
мəн-мағынасы мен қоғам тарапынан үлкен сұранысқа ие тағылымын мақсатты түрде 
жүйелі, кешенді қарастыру ғылыми межеден тыс қалып келді. Сондықтан аңыздарды 
тұтас  фольклорлық  жанрлар  жүйесінде  қарастыру  жəне  оның  ұлт  тарихындағы 
«ақтаңдақ»  тұстарды  қалпына  келтіруге  көмектесетін  дерек  көзі  ретіндегі 
танымдылығын көрсету – көтеріліп отырған мəселенің өзектілігі мен маңыздылығын 
айқындайтын басты сипаттардың бірі болып табылады. 
Зерттеудің  мақсаттары  мен  міндеттері.  Зерттеу  жұмысының  алға  қойған 
басты  мақсаты  –  Абылайханды  ұлы  тұлға  ретінде  көрсетіп,  оның  тарихи  сахнада 
алатын  орнын  бағалау,  ардақты  бабамыз  Абылай  ханның  жетістіктері  мен 
жемістерін  бүгінгі  ұрпаққа  жария  ете  отырып,  қазақ  аңыз  əңгімелеріндегі  Абылай 
ханның бейнесін ашу. 
Осы  мақсатқа  жету  үшін  зерттеу  жұмысында  мынадай  міндеттерді  шешу 
көзделді:  Абылай  хан  туралы  аңыздарды  жүйелей,  кешенді  түрде  қарастырып, 
аңыздардың  тарихилығы  мен  көркемдік  белгілерін  ашу.  Аңыздардың  фольклорлық 
жанрлар  жүйесіндегі  рөлі  мен  маңызын  талдау,  зерделеу,  аңыздардың  ортақ 
сюжеттік  құрамын  белгілеу;  аңыз  бен  тарихи  шындықтың  арақатынасын  талдап, 
белгілі  тұлғалар  мен  олардың  фольклорлық  бейнесі  арасындағы  байланысы  мен 
айырмашылықтарын  көрсету;  тарихи  аңыздарда  жиі  кездесетін  тұрақты  мотивтерді 
сипаттау. 
Негізгі  бөлім.  Қазақ  фольклоры  мен  Абылай  хан  туралы  аңыздар 
сабақтастығы.  Аңыз  əңгімелер  бір  жағынан  əдеби  мұра  болса,  екінші  жағынан 
тарихи  мəні  бар  мұра.  Өйткені  аңыз  əңгімелер  тарихи  қайраткерлер  жайында 
əңгімелейді,  халықтың  тарихқа  қатысын,  көзқарасын  танытады.  Маңызды  оқиғалар 
мен  көрнекті  тұлғаларға  берген  халықтың  бағасын,  қарым-қатынасын  көрсетеді. 
Фольклорлық  шығарманың  жүйелі  сюжетін  құруда  мотивтер  ерекше  қызмет 
атқарады.  Қазақ  аңыздарында  жиі  кездесетін  тұрақты  мотивтерді  Абылай  туралы 
аңыздардан да кездестіреміз. 
Жетімдік.  Атақты  тұлғалардың  жас  күнінде  жетімдік  күйін  шегіп,  елден 
жыраққа кетіп, аңшылықпен, болмаса қарапайым кісілердің қолында малшы болып 
күн кешіп, кейін өзіне лайықты орынға (таққа) ие болуы – фольклорда жиі кездесетін 
мотив.  Жетімдік  –  болашақ  билеушінің  ғұмырнамасындағы  ажырамас,  тұрақты 
бөлік. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
162
Бұл  мотив  Абылай  хан  туралы  аңыздарға  да  тəн.  Əкесі  Түркістанды  жаулап 
алған  көрші  билеушінің  қолынан  қаза  тапқан  он  үш  жасар  Абылайды  оған 
қалтқысыз  берілген  бір  құлы  аман  алып  қалады.  Ол  оны  қазақ  даласына  алып 
қашады. Қазақ даласына келген Абылай Жақсылық руының бір бай кісісіне қызмет 
етеді. 
Лақап  есім.  Эпикалық  сюжеттердегі  тұрақты  кездесетін  мотивтердің  бірі  – 
болашақ  лауазым  иесінің  немесе  батырдың  лақап  есіммен  жүруі.  Қазақ  аңыздары 
лақап есімді таңуда қаһарманның лауазымы мен атқарған ерлік істеріне байланысты 
беретін көне түркілік дəстүрді сақтаған. Ел билеген хандардың бір тобына даналық, 
данышпандық  қызметтері  үшін  (Əз-Жəнібек,  Əз-Тəуке  хан)  «əз»  деген  лақап 
қосылса, жауға қарсы ерлік, батырлық істерімен көзге түскен хандарға «арыстан, ер, 
салқам,  баһадүр»  (Еңсегей  бойлы  ер  Есім,  Салқам  Жəңгір,  Əбілқайыр  баһадүр, 
Абылай баһадүр) деген лақап есімдер қосылып отырады. 
Абылай  алғашқы  ерлік  көрсеткенге  дейін  Сабалақ  деген  есіммен  ұсқынсыз, 
көріксіз кейіпте тегін əдейі жасырып жүреді. Қолайлы сəтті күтеді. Тегін жасырған, 
сырты  ұсқынсыз,  киген  киімі  көріксіз,  шашы  таз  кейіпкерлер  қазақ  фольклорында 
жиі кездеседі. Олар керекті уақытында ақылды, қу, тапқыр болып шыға келеді. 
Алғашқы  ерлік.  Түркілік  аңыз-жырларда  батырлар  көрсеткен  алғашқы  ерлік 
түрлері  сан  алуан.  Қаһарманның  алғашқы  ерлігіне  жеке  дара  жауға  шауып,  асқан 
батырлық  көрсету,  жабайы  аңды  өлтіру,  түрлі  күрес,  сайыста  жеңіп  шығу,  т.б. 
жатады. Алғашқы ерлік сынына дейін болашақ батыр елеусіз, атақ-даңқсыз жүреді. 
Ал аталмыш сыннан өткеннен кейін ол шексіз құрметке, атақ-даңққа ие болады, ер 
атанады.  Сабалақтың  жаңа  батырлық  «Абылай»  есімі  қалмақ  батыры  Шаршыны 
жеңгеннен  кейін  қойылады.  Кісі  қолында  жалшы  болып,  елеусіз  күн  кешіп  жүрген 
жетім бала Сабалақ ел назарына бірден батырлығымен ілінеді. 
Қаһармандық  істері  мен  жорықтары.  Абылайдың  қаһармандық  жорықтары 
дін  немесе  шексіз  билікке  ие  болам  деген  билікқұмарлық  емес,  қазақ  халқының 
қалмақ  пен  қырғызға  кеткен  кегін,  өзге  жұрт  билеген  қазақтарға  өз  биліктерін 
қайтару  мақсатында  болды.  «Орыспен  жауласпады  –  ел  болды,  шүршітпен 
жауласпады – ел болды, екеуіне де тіл болды. Өзіне-өзі əбден келді, кемеліне толды. 
Енді  Үргеніш,  Бұқара,  Қоқан,  Ташкент  жанындағы  қазақты  сыртқа  билетіп 
қоймаймын деп, үш жүздің баласына жар шақыртып, қосын жинап аттанады» [3], - 
деп баяндайды аңыз. 
Бас  кейіпкерге  қамқорлық,  адал  қызмет  көрсетушілер.  Абылайдың  ел 
бірлігін  сақтаудағы  қызметіне  атақты  батыр,  би-шешен,  жырау-жыршылар 
көмектеседі.  Батырлар  ханға  адал  қызмет  жасайды.  Олар  қашан  да,  қай  уақытта 
болмасын  елді  жаудан  қорғауға,  қиын-қыстау  сəт  туғанда  кеудесін  оққа  тосып, 
басын  қауіп-қатерге  тіге  отырып  ханның  амандығын  сақтауға  əзір.  Батырлар  ханға 
жасаған қызметті халыққа жасаған қызмет деп ұғынады. 
Билік басында да, жорық үстінде де хан жанынан табылатын тұлғалардың бірі 
–  жырау,  жыршылар.  Абылай  туралы  аңыздарда  көп  аталатын  жырау  –  Бұқар. 
Ханның көрген түсін жору, ертеден қалған сөздің мағынасын ашу, сүйікті батырдың 
өлімін  естірту,  ажал  жастығына  бас  қойған  ханның  көңілін  сұрау  –  бəрі  Бұқар 
қызметіне  тиген.  Халық  ұғымынша,  ханның  жырау  сөзіне  ден  қоюы  –  хан  мен 
қарашаның татулығының белгісі. 
Абылайға  көмек  көрсетушілердің  қатарында  оның  киелі  бурасы  да  бар. 
Мəшһүр  Жүсіп:  «Абылайдың  киесі  сары  бурасы  екен»,  -  дейді.  Бұл  сары  бураның 
қасиетін қазақ аңыздары былай суреттейді. «Абылай жас кезінде Төле бидің түйесін 
бағып жүргенде кішкентай сары ботаны бауыр басып, атан болғанда да қалмайтын. 
Кейін  Абылай  хан  болғанда  сарай  маңынан  атан  табылды.  Абылайдың  саят  құрып 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
163
демалған, жорық шатыры тігілген жерден сары атан табылатын. Оңғарылып жатса, 
жолы  болатын,  көлденең  жатса  –  сəтсіздіктің  белгісі.  Абылайдың  «Сары  атан» 
күйінің шығуы да осыдан болар» [14]. 
Тұтқынға  түсу.  Абылайдың  тұтқынға  түсуі  мен  босану  себебі  де  дəстүрлі 
фольклорлық  арнаға  сай  келеді.  Аңда  жүрген  Абылай  ұйықтап  жатқанда  –  қапыда 
қолға  түседі.  Эпос  батырларының  басым  көпшілігі  алып  ұйқы  үстінде  тұтқынға 
алынады,  өйткені  қаһарманын  ұрыс  үстінде  жеңілтіп  немесе  күші  кемдігінен  жау 
қолына түсіру – фольклорлық дəріптеуге қайшы. Қазақ фольклорындағы билігі мен 
байлығы асқан ханды шешендік тапқыр сөз арқылы жеңіп шыққан қарапайым халық 
өкілдері  Тазша,  Алдар  Көсе,  Аяз  би  сияқты  Абылай  да  Қалдан  тұтқынынан 
шешендік тапқыр үлгісі арқылы босанып шығады. 
Түс  көру.  Қаһарманның  қарапайым  жандардан  тегі  бөлек,  айрықша 
жаратылған  жан  екенін  білдіретін  белгінің  бірі  –  оның  ерекше  түс  көруі. 
Фольклорлық қаһарманның ерекше түс көруі – көнеден келе жатқан тұрақты мотив. 
Түс  көру  мотиві  кейіпкер  бейнесін  əсірелей  суреттеуге,  дəріптей  түсуге,  оны 
идеалды  қаһарманға  айналдыруға  қызмет  жасайды.  Қазақ  халқында  «Мөңке  бидің 
түсі»,  «Абылай  ханның  түсі»,  «Балуан  Шолақтың  түсі»,  «Шақшақ  Жəнібек 
батырдың түсі» деген даналық ойға толы аңыз-əңгімелер бар. 
Абылай  ханның  түсіне  назар  аударсақ,  ұлы  хан  түсінде  арыстанды  қуады,  ол 
жолбарысқа  айналады,  ал  жолбарысты  қуса,  жолбарыс  қасқырға,  қасқыр  түлкіге, 
түлкі  құрт-құмырсқа  мен  бақа-шаянға  айналып  кетеді.  Мұны  ханның  көріпкелдері 
ұрпақтарына  байланысты  жорып,  əулетінің  өзінен  бастап,  арыстан,  жолбарыс 
болатынын, бара-бара ұсақталып кететінін айтады. Иə, хан тұқымынан енді қайтып 
Абылайдай тұлғаның туар-тумасы бір Аллаһқа ғана аян еді. 
Қазақ аңыздарындағы Абылай хан бейнесі. Абылай туралы аңыздар белгілі 
бір  болған  оқиғаның  негізінде  туғанымен  уақыт  өте  келе  өзгерістерге  ұшыраған, 
жаңа  мазмұнмен  толықтырылған,  сондықтан  олар  тарихи  фактіні  дəлме-дəл 
бермейді,  оны  өңдеп,  өзгертіп,  халықтық  таным-түсінік,  арман-тілек,  аңсары 
негізінде жеткізеді. 
Абылай  туралы  аңыздарды  екі  топқа  бөліп  қарастыруға  болады:  өмірбаяндық 
аңыздар  жəне  тарихи  ғұмыр;  Абылайдың  жорықтары  мен  бейбіт  өмірдегі  істері 
туралы  аңыздар.  Абылай  туралы  аңыздар  мен  жырлар  негізінен  ең  маңызды  деп 
саналған төрт оқиғаны тақырып етіп алады: жас Абылайдың жетімдік көруі; Сабалақ 
атанған  баланың  алғашқы  ерлігі;  Абылайдың  жекпе-жекте  өлтірген  жау  батыры; 
Абылайдың қалмаққа тұтқынға түсуі, одан шығуы. 
Əртүрлі  аңызда  баяндалғанмен  аталған  төрт  оқиға  Абылай  ханның  ерекше 
қасиеттерін  ашуға  арналған.  Демек  фольклор  осы  тəсілмен  идеалды  билеушінің 
бейнесін  жасаған.  Əлбетте  аңыздарда  баяндалатын  оқиғалар  тарихи  шындықпен 
дəлме-дəл  келіп  жатпайды,  соған  қарамастан  əр  аңыз  Абылай  ғұмырындағы  қиын 
сəттерді қамтыған жəне өзінше фольклор заңдылығына сəйкес суреттеген. 
Абылай  жəне  оның  айналасындағы  батырлары  мен  билері  туралы  аңыз 
əңгіменің  бір парасы  атақты  ақын  əрі  шежіреші,  ауыз  əдебиетін  жинаушы  Мəшһүр 
Жүсіп  Көпейұлының  жазбалары  арқылы  жеткен.  Бұл  əңгімелер  Абылайдың  халық 
санасында  қаншалық  берік  те  биік  орын  алғанын  дəлелдейді.  Өзінің  көркем 
жинақтаушылық  күші  жағынан  мұндай  əңгімелер  ұлы  хан  жөніндегі  эпикалық 
аңыздаулардың  ең  шұрайлы  беттерін  құрайды  деуге  болады.  Қиялдан  туған, 
көптеген  жарасымды  əсірелеулері  аралас  аңыздар  ел  басшысы  қандай  болуы  керек 
деген  жұртшылық  аңсарына  неғұрлым  толық  жауап  бере  алатындай  деңгейге 
көтерілген. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
164
«Абылай  айтыпты»  деген  сөздерді  дер  кезінде  жазып  алған  хатшы  жоқ,  оның 
есесіне  «Абылай  айтуға  тиіс»  дегенді  халық  даналығы  өзінше  қиыстырып, 
шындықтың  шырқын  бұзбай,  жағдайға,  уақытқа,  орнына  сəйкес  етіп,  тамаша 
шығарма  тудырған.  Осы  сарындас  хикаялар  ел  арасында  ұзақ  сақталып,  жиі 
айтылғандықтан,  қауымның  «редакциясынан»  өткен,  əрбір  айтушы  оларды 
жетілдірген.  Соның  арқасында  түрі  мен  мазмұны,  көркемдігі  мен  ғибраты  тең 
түсетін жұп-жұмыр əңгімелер тізбегі дүниеге келген. Бұлар Абылайдың қазақ халқы 
алдындағы  өшпес  еңбегін  бағалаған  жамағатшылықтың  таусылмас  алғыс 
лебіздерінің көріністері, ауызша тараған сан түрлі аңыздың ұмытылмай қалғандары 
ғана. 
Мəшһүр  Жүсіп  жазып  қалдырған  «Абылайдың  қалмақтың  ханы  Қалдан 
Серенге тұтқын болған хикаясы» дастанның жүгін көтеріп тұрған халықтың қарасөз 
туындысы.  Мұндағы  əрбір  əңгіме  ханның  мінез  қырларын  жан-жақты  жарқыратып 
аша  алады.  Абылайдың  бірнеше  күн  бойы  аш  бола  тұрса  да  «бір  аяқ  қара  суға 
тобықтай тоң май салып бергенді намыс көріп» ішпей қоюы оның өрлігін көрсетсе, 
қалмақ  ханының  ақылымен  жендеттер  келіп:  «Ханнан  жарлық  болды,  қарадан 
жабдық  болды,  сіздің  мейманаңыз  толды,  құдайдың  сізге  бұйрықты  жазуы  осы 
болды»,  -  деп  бопсалап,  қылышпен  шаппақ  болғанда  жасқанбастан  отыруы  жүрек 
жұтқан ерлігін танытады. 
Сондай-ақ  Абылайды  қамаудан  шығарып,  қалмақ  ханының  үйіне  кіргізгенде 
босағада  тұрып  қалмай,  төрде  тұрған  таққа  барып  отыруы,  «Ол  жерге  неге 
отырасың?»  -  дегенде:  «Бұл  орын  Қалдан  серендікі  еді,  оның құты қашты  да  менің 
аруағым  басты.  Өз  орнына  өзі  отыра  алмай,  менің  атағымның  зоры,  аруағымның 
күштілігінен  орнынан  безіп  шығып  кетті.  Тақтың  үсті  ханның  орны  болады, 
қалмақтың  ханы  Қалдан  Серен  отырмағанда,  қазақтың  ханы  Абылай  отырмағанда 
бұл орынға шайтан отыра ма?» - деуі кемел парасаттылықтың белгісіндей [3]. 
Мұндай  «тектiлiктi»  тіпті  бала  жасында  да  бiреу  байқап,  Төле  би  атамызға 
жеткiзедi.  «Қара  жерге  отыра  кетпейдi,  шекпенiн  төрт  бүктеп,  өзiне  «тақ»  жасап 
алады», - дейдi əлгi адам. Ұлы би əлгi айтқанға сенiңкiремейдi. Сонда өз бəйбiшесi: 
«Басқаны  қойшы,  сол  жылқышың  сəлем  берiп  кiрiп  келгенде,  өзiң  орныңнан  қалай 
жылжып  кеткенiңдi  бiлмейсiң  ғой!»  –  дейдi.  Төле  би:  «Ол  мүмкiн  емес!»  –  дейдi. 
Содан  бəйбiшесi  баланы  бiр  күндерi  шақыртады  да,  байқатпай  бидiң  шапанын 
жердегi  көрпешеге  тебен  инемен  шаншып  қояды.  Айтқандай-ақ  бала: 
«Ассалаумағалайкөм!»  -  деп  iшке  сəлем  берiп  кiрiп  келгенде,  көрпеше  де  бiрге 
көтерiлiп, қопсып кеткен екен дейдi. 
Бұл  туралы  Мəшһүр  Жүсіп  былай  жеткізеді:  «Сарыарқаға  шығып,  Ағытай, 
Қарауыл  деген  елдің  ішіне  келіп,  Дəулеткелді  байдың  жылқысын  бақты.  «Атың 
кім?»  -  деп  сұрағанда,  атым  «Сабалақ»,  -  депті.  Бай  бəйбішесіне  айтыпты:  «Өзге 
жалшыдай  көрме  мұны,  күте  гөр,  осы  Сабалақ  анық  сарт  емес.  Ана  Оразауық  сарт 
болса  болар!  Көзі  алақандай,  табаны  түйенің  табанындай  жап-жалпақ  болып,  көзі 
адамды ішіп-жеп, аузынан суы ағып, ессіз-түссіз болып отыра береді. 
Мынау  Сабалақтың  ешнəрсемен  ісі  жоқ,  ойлағаны  ғақыл-ой,  езу  тартып 
күлмейді, қабағын шытып кейімейді. Алты күн, алты түн аш жүрсе  де, өз қолымен 
құйып  ас  ішпейді.  Жəне  жарты  аяқ  ас  ішсе  де,  сарқытын  кісіге  бермесе  көңілі 
көншімейді.  Жерге  бір  отырмайды.  Дəнеме  табылмаса,  сайын  далада  болса  да, 
киімін  шешіп,  астына  салып  отырады.  Жəне  ұйықтап  жатқанда  үсті  жап-жарық 
болып  тұрады.  Сыйлап  ұстай  гөр,  қасиеті  болып  бір  нəрсесіне  ұшырап  қалып 
жүрмейік», - дейді» [3]. 
Абылайдың  эпостық  жырлардағы  Алпамыс  батыр,  Ер  Тарғындардан  кем 
түспейтін  аруақты  батыр  екенін  аңызда  былай  көрсетіледі:  Құданың  құдіретінің 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
165
шеберлігінің тамашасы өзіне оқ өтпейді, шапса қылыш өтпейді. Кірген жерін – есік, 
шыққан  жерін  –  тесік  қылып,  жападан-жалғыз  өзі  қалмақтың  қамалын  бұзып, 
жылқының  жасау  тезегіндей  топырлатып  тастаған  соң,  қазақтың  батырлары  тұс-
тұсынан кіріп, қалмақты шауып, талап, шаш етектен олжаға қарық болып қайтыпты. 
Хан  Абылайда  ұлы  əруақ  болғанын  замандастарының  бəрi  айтып  өткен. 
Мысалы,  Шарышпен  жиырма  жасында  жекпе-жекке  шыққанда,  Шарыштың  сол 
шайқасын  бақылап,  байқап  тұрған  үзеңгiлес  жолдастары:  «Анау  Шарышқа 
ұмтылғанда,  екi  иығында  екi  қыран  бүркiт  қанаттары  далпылдап  келе  жатқандай 
болды. Содан ба, Шарышты қара басты ғой!» – дескен екен... 
Халық  аңыздарының  көпшілігінде  əңгімеленетін  тақырып  –  Абылайға 
батырлық  даңқ  əкелген  ерлік  іс  –  қалмақтың  ерен  батырымен  жекпе-жегі.  Аңыз-
жырларда  жиі  кездесетін  бұл  көріністе  кімнің  батыры  жеңсе,  сол  əскердің  рухы 
көтеріліп,  шайқас  жеңіспен  аяқталады  деген  халықтың  байырғы  түсінігі  сақталған. 
Абылайдың  алғашқы  жекпе-жегінде  өлтірген  жау  адамы  –  Қалдан  Сереннің  өзі. 
Қазақ  батырларын  шетінен  жапырып  өлтіріп  жатқан  Серен  Қоңтажыға  жас  бала 
Абылай  қарсы  шығып,  қалмақтың  атақты  ханын  масқара  етіп  жеңіп,  басын  кесіп 
алады. Бұл – фольклордағы көрініс. 
Аңыз  бен  оны  айтушы  адам  үшін  маңызды  нəрсе  –  қазақ  ханының  жеңуі,  ал 
өлген  қалмақ  кім  еді,  аты-жөні  кім,  ол  шындыққа  тура  келе  ме,  жоқ  па  –  бұл 
мəселелер аңыз үшін де, жыршы үшін де аса маңызды нəрсе емес. Басты идея – қазақ 
елін, жерін жаудан қорғау жəне мемлекеттің тəуелсіздігін сақтап қалу. Сондықтан да 
кейбір  аңыздарда  Абылайдың  жекпе-жекке  шығып  жүрген  қарсыласы  Қалдан 
Сереннің баласы Шарыш немесе қоңтайшының інісі Сəру. 
Бұлардың  қай-қайсысы  болса  да  талай  шайқасқа  қатысып,  жекпе-жектерде 
жеңіске  жеткен,  бетіне  жан  қаратпайтын  баһадүрлер.  Оларды  жекпе-жекте  жеңу 
кімнің болса да абыройын өсіріп, даңққа бөлейтіні сөзсіз. Осылайша қазақ сұлтаны 
жас  Абылай  ерлік  ісі  арқылы  бүкіл  елге  танылады  жəне  елге  абырой  əпереді. 
Халыққа да, айтушыға да керегі – осы. 
Қалдан  Серен  мен  Абылай  арасындағы  «сынасудың»  шырқау  жері  қалмақ 
ханының соғыста өлген ұлы Сəру туралы əңгімесі. Тарихи деректер бойынша Сəруді 
бір ұрыста Абылай өлтірген. Ішіне ыза-кегі сыймай отырған Қалдан Сереннің: «Сəру 
қайда?»  -  деп  үш  қайталаған  сұрағына  Абылай  бірінші  жолы:  «Жақ  тартушы  көп 
болды, жаман аты бізде қалды», екінші кезекте: «Сəрумін деп ол айтпады, кеспеймін 
деп  қару  айтпады»,  үшінші  кезекте:  «Көрінбеген  Сəруді  іздегенше,  көрініп  тұрған 
өзіңді ізде», - деп жауап береді. 
Алғырлық пен тапқырлыққа толы бұл сөздер бір қазақ емес, жаһан əдебиетінің 
шежіресінен  орын  аларлық.  Əрине,  Қалдан  мен  Абылай  арасындағы  сөздердің  дəл 
осылай  болғанын  құжатпен  дəлелдеу  мүмкін  емес,  бірақ  артында  іргелі  елі  бар 
Абылай  сынды  қайраткердің  тұтқында  отырмын,  қылмысым  ауыр  екен  деп 
дұшпанға  жалбарына  сөйлемейтіні,  болған  істі  терезесі  тең  адамша  баяндайтыны 
күмəн туғызбайды. Демек, бұл арада халық қиялы шындықтың мəйегін дəл тапқан. 
Сол үшін Абылайға мағынасы терең, дəлелі мықты сөздер айтқызады. 
Жекпе-жекте жауды жеңген батыр енді өз намысын, абыройын жау ордасында 
да  қорғап,  қайсарлығын  танытып,  елдің  мерейін  асыруы  қажет.  Мұндай  сəт 
фольклорда  қаһарманның  тұтқында  болуы  кезінде  жүзеге  асады.  Бұл  –  Абылай 
туралы  аңыздардың  ішіндегі  ең  маңызды  тақырып.  Қазақ  билеушісінің  тұтқында 
болуы  –  тарихи  шындық.  Тарихи  мəліметтер  бойынша  ХVІІІ  ғасырдың  бірінші 
жартысында болған шайқастардың бірінде, дəлірек айтқанда, 1741 жылы Абылай екі 
мыңдай  жасағымен  жоңғарлардың,  яғни  Қалдан  Сереннің  қолына  тұтқынға  түскен. 
Осы  оқиға  аңызда  айтылады,  бірақ  фольклорлық  дəстүрге  сəйкес  өзгертілген. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
166
Мысалы,  Шоқан  Уəлиханов  жазып  алған  аңыз  бойынша,  жоңғарлардың  кезекті  бір 
шабуылында  Абылай  жекпе-жекке  шығып,  Қалдан  Сереннің  Чарча  деген  баласын 
өлтіреді. Қалдан баласын өлтірген адам кім болса да, қайдан болса да тауып əкелуді 
бұйырады. Қалмақтар аңдып жүріп, Абылайды серіктерімен аң аулап жүргенде қолға 
түсіреді де, Қалданға алып келеді [9]. 
Кей  нұсқада,  мысалы,  Мəшһүр  Жүсіп  хатқа  түсірген  аңызда  Абылай  Қалдан 
Сереннің  Сəру  деген  інісін  өлтіріп  қана  қоймайды,  жоңғар  тарапынан  қудаланған 
қалмақтың  Сына  батырын  өзіне  паналатады.  Қалдан  Серен  кісі  жіберіп,  бейбіт 
жолмен  Сына  батырды  қайтаруды  сұрайды.  Қазақ  ханы  оны  бермейді.  Қалмақтар 
Көкшетауда  бүркіт  салып  жүрген  Абылайды  ұйықтап  жатқан  жерінде  ұстап  алып, 
Қалдан Серенге əкеледі [8]. Батырдың жау қолына қапыда не ұйқы үстінде, болмаса 
аң  аулап  жүргенде  тұтқынға  түсуі  фольклорлық  шығармада  жиі  кездесетін 
сюжеттер. Шындығында Абылай қалмақтармен бірге болған кезекті бір ұрыста қолға 
түседі. Мұны тарихи еңбектер дəлелдейді. 
Сондай-ақ  Абылай  жорықтар  үстінде  бірнеше  рет  жараланады,  бірақ  ол 
оқиғалар  аңызға  түспеген.  Себебі  сүйікті  қаһарманын  жау  алдында  төмендетіп 
көрсету  –  фольклорлық  дəріптеуге  қайшы.  Ал  аңызда  халық  өзінің  батырын, 
Абылайдай  сұлтанын  төмен  дəрежеде  көрсеткісі  келмейді,  сондықтан  ол  фольклор 
эстетикасына  сəйкес  көтермеленіп  көрсетіледі,  яғни  Абылайдай  сүйікті  батыр  жау 
қолына қапыда түседі, əйтпесе ол шайқасқа түсіп, дұшпанға дес бермес еді. 
Абылай  үшін  жоңғар  тұтқынында  болған  жылдар  із-түссіз  кеткен  жоқ.  Ол 
ойрат тілін, жазбасын үйренумен қатар ол  елдің ішкі жағдайымен мұқият танысты. 
Абылай  сонда  жүріп,  жоңғар  ханзадаларымен  кездесіп,  пікір  алысты,  мəн-
жағдайларын  түсініп білді.  Мұндағы хандықтың  мықты жəне  осал  жақтарын  көрді. 
Өзімен  пікірлес  адамдар  тапты,  əсіресе,  Дауаци,  Əмірсана  деген  нояндармен 
жақындасты. Мұның бəрін кейін өз саясатында мейлінше тиімді пайдалана білді [2]. 
Осындай  əңгімелер  ішінен  нақтылығы  жағынан  неғұрлым  күмəнсіз  болып 
көрінетіндері де бар. Абылай өз тағдыры белгісіз алмағайып болып тұрған кездерде 
Қалданға:  «Үш  арманым  бар  депті»,  -  делінетін  тұс  тарихи  диалогтың  таза 
көшірмесінен  əсер  қалдырады.  Елін,  келешегін  қатты  ойлаған,  алдына  үлкен  мұрат 
қойған  данышпан  ханның  бұлайша  толғанбауы,  ойындағысын  ақырғы  сыр  етіп 
айтпауы мүмкін емес. 
«Бірінші, мен айдалада жосып жүрген қазақ деген халыққа хан болып едім, бір 
жерге  қала  салып,  отырықты  ете  алмай,  жосыған  күйінде  қалдырдым-ау  деп  арман 
қыламын...  Екінші,  мен  Сəруді  қан  майданда  жекпе-жекте  өлтіріп  едім.  Сəруше 
майданда  өлмей,  қапыда  ұйықтап  жатқанда  ұсталып  едім-ау  деп  арман  қыламын... 
Үшінші,  мен  төрт  атадан  жалғыз  едім,  балам  жоқ  еді,  мен  өлсем  тұқымым  құрып 
кетеді-ау  деп  арман  қыламын»,  -  деген  сөздер  дəл  осылай  қатерлі  шақта  жан  сыры 
болып төгілуі табиғи. 
Тарихи  оқиғалар  ізінен  қаншалықты  «ауытқуы»  бола  тұрса  да,  бұл  əңгіме 
Абылайдың  елден  асқан  ақылды,  кең  ойлайтын  кемеңгер,  соңындағы  елінің 
жауаптылығын  мойнына  алған,  дарыны  мен  қайратын  осы  жолға  бағыштаған  дара 
тұлға  екенін  айтуда  əсте  жаңылыс  кетпеген,  қайта  көркемдік  қиялмен  əрлеуді 
күшейте отырып, типтендірудің биік үдесінен шыққан. 
Абылай  тек  ақылды,  əділ  ел  басшысы  ғана  емес,  сонымен  қатар  ол  батыр, 
дарынды қолбасшы да. Бұл оның жорықтағы қылықтарынан айқын көрінеді. Шоқан: 
«Абылайдың  əрбір  жорығының  өзінше  аты  болады  екен.  Мысалы,  ол  бір  жорығын 
«Шаңды шабуыл» деп, екінші бір жорығын «Қап қағылған соғыс», енді бір жорығын 
«Жаяу  жорық»  деп  атапты.  Абылайдың  əр  жорығы  туралы  өлең,  жыр,  күй 
шығарылған екен, олар қазақ-қырғыз арасында əлі бар», - деп жазады. Мұның үстіне 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
167
қазақ  арасында  «Абылай  асқан  асу»  деген  аңыз  бар.  Тегі  бұл  да  Абылайдың  бір 
жорығы – асу алып соғысқан жорығы болу керек. Жорықтар атауына, ел аузындағы 
аңыз-əңгімелерге қарағанда Абылайдың Шығыста, Орта Азияда өзінен бұрын болған 
əйгілі қолбасшылардың – мысалы, Шыңғыс ханның, Ақсақ Темірдің соғыс əдістерін 
шебер қолданғаны аңғарылады. Абылайдың «Шаңды шабуыл» деген жорығы аз қол 
аттандырып, бірақ аттың құйрығына бұта, бұтақты ағаш байлап, көп шаң шығарып, 
жер  қайысқан  қол  келеді  екен  деген  пікір  туғызып,  жаудың  үрейін  ұшырып, 
берекесін  қашырып  жеңген  жорық  болса  керек.  Ал  бұл  тəсіл  Шыңғыстың  да, 
Темірдің де тұсында қолданылған екен. 
Абылайдың  жорықтары  бір  жағынан  оның  өзінің  тапқыр  қолбасшы  екенін 
көрсетсе, екінші жағынан қазақ халқының сол кездегі батырлығын, төзімділігін, елі, 
Отаны  үшін  бостандық,  намыс  үшін  жанпидалықпен  соғысатынын  көрсетеді. 
Мысалы,  Абылайдың  əлгі  «Қап  қағылған  соғыс»  деген  жорығын  алсақ,  онда  қазақ 
жоңғарлармен  қиян-кескі  соғысады,  айқас  көпке  дейін  созылады,  қаптың  түбі 
қағылып,  əскердің  азық-түлігі  əбден  таусылады,  жеті  күн  бойы  нəр  татпай,  аш 
соғысады, осылай етіп, ақыры жеңіп шығады [11]. 
Көкшетаулық Дəдет Шахановтың айтуынша (ел аузынан жазылып алыныпты) 
талай  шайқасқа  қатынасқан  батырларымыз  бар  тəжірибелі  Абылай  əскері  қырғыз 
елін билеуші Садырбаланың жасақтарын талқандап, оның өзін тұтқынға алады. Енді 
Садырбала  айыбын  мойындап,  Абылайдан  келісімге  келіп,  бітім  жасауды  өтіне 
отырып:  «Абылай  хан  дəл  осы  кезде  сіздің  күшіңіз  де,  қаруыңыз  да  менен  артық 
емес еді. Сізде ерекше қасиет бар екен. Маған не істесеңіз де ризамын. Кінə менен, 
өзіңіз  біліңіз.  Қандай  бітім  айтсаңыз  да,  барлық  мал-жанымды,  халқымды  қолыңа 
бердім», - депті. 
Сонда Абылай тұрып: «Бұрын қазақ аулын шауып алған мал-мүлік, адамдарды 
қайтарасың.  Онда  дау  жоқ.  Сонан  соң  айыбыңа  еліңнен  таңдап  жүріп,  қырық  жігіт 
аламын.  Өз  балаңды  алсам  да,  қолымды  қақпайсың.  Сонан  соң  əлгі  қырық  жігіт 
еліңнен таңдап жүріп, қырық қыз алады. 
Өз  қызыңды  алсам  да,  алдымнан  шықпайсың.  Сол  қырық қызды  отаулап,  той 
жасап  ұзатасың.  Бұдан  былайғы  жерде  жауласпауға  анттасамыз»,  -  депті.  Мұндағы 
Абылайдың  бір  ойы:  «Қырғыздың  басшы  адамдарының  балаларын  алып,  қан 
араластырсақ, жауласпаймыз», - дегені [12]. 
Қырғыз феодалдарының қазақ ауылын қапылыста шауып, бейбіт елді зəбірлеп 
кеткенінен  кейін  де  Абылай  күшім  артық  екен  деп  бірден  ашуға  мінбей,  мəселені 
ынтымақ  жолмен  шешуге  ұмтылады.  Сонан  соң  Абылай  сол  қырық  отауды  алып 
келіп,  өз  иелігіндегі  Бурабайдың  күнгей  тұсындағы  шұрайлы  жерге  жайғастырады. 
Осыдан  кейін  қазақ  пен  қырғыз  арасында  тұрақты  бейбітшілік  орнаған  екен.  Сол 
қырық  отаудан  өрбіген  ұрпақтар  жаңа  қонысқа  судай  сіңіп  кетсе  де,  шыққан  ата 
тегін  ұмытпаған,  өздерін  қырғызбыз  деп  санаған.  Сөйтіп  қазақ  даласының 
ортасында,  жер  шоқтығы  Көкшетау  өңірінде  қазақтың  «қырғыз»  деген  руы  пайда 
болыпты.  Жүз  жылдай  уақыт  өткеннен  кейін  сол  руда  350  отбасы  болғаны  кейбір 
құжатта көрсетілген [2]. 
Абылай хан, ірі əскери қолбасшы, көреген саясатшы болумен қатар, қазақтың 
шежіре  тарихын,  тұрмыс  салтын,  əдет-ғұрпын,  ауыз  əдебиетін,  халықтың  əн-күй 
сазын  терең  білген.  Абылайдың  өзі  де  «Ақтолқын»,  «Алабайрақ»,  «Бұлан  жігіт», 
«Дүние  сарсаң»,  «Дүние  қалды»,  «Жетім  торы»,  «Қайран  елім»,  «Қара  жорға», 
«Қоржынқақпай»,  «Майда  жал»,  «Майда  қоңыр»,  «Садаққақпай»,  «Сары  бура», 
«Шаңды жорық», «Терісқақпай» атты күйлер шығарған. Бұл күйлерінде ел қамы мен 
халық тағдыры жөнінде толғанған ойлы сезімдердегі күйлерді дүниеге келтірген. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
168

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет