Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата29.01.2017
өлшемі1,4 Mb.
#2940
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ
ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ
Әбдімәлік Нысанбаев
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ 
РУХАНИ-ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ ӘЛЕМІ
Алматы
2015

2
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
ӘОЖ 1/14
КБЖ 87.3
Н 90
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
«Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін» атты жоба 
ауқымында шығарылды (2014–2016 жж.)
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының докторы,
профессор З.К. Шәукенова және философия ғылымдарының докторы, 
профессор С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен 
Рецензенттер:
Т.Х. Ғабитов, философия ғылымдарының докторы, профессор
М.З. Изотов, философия ғылымдарының докторы, профессор
Қ.Ұ. Әлжан, философия ғылымдарының кандидаты, доцент
Н 90    Нысанбаев Ә. 
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі // З.К. Шәукенова 
және С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен . – Алматы: ҚР БҒМ ҒК 
Философия, саясаттану және дінтану институты, 2015. – 178 б.
ISBN – 978-601-304-044-8
Бұл кітапта кезінде қазақ және орыс тілдерінде академик Ә. Нысанбаев-
тың  тәуелсіздік  жылдары  жариялаған  маңызды  деген  мақалалары  мен 
интервьюлері беріліп отыр. 
Мұнда қазіргі қазақстандық қоғамның құндылықтары, қазақ халқының 
рухани және құндылықтық әлемінің қалыптасуы талданады. Өзгеруші қо-
ғамдағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың арақатынасына 
айрықша мән берілген.
Басылым студенттерге, магистранттарға, докторанттар мен жоғары оқу 
орны  оқытушыларына,  жалпы  қазіргі  көпэтностық  қоғамның  мәселелері 
қызықтыратын қауымға арналады.
ӘОЖ 1/14
КБЖ 87.3
ISBN  – 978-601-304-044-8                             © ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану
                                                                             және дінтану институты, 2015
                                                                         © Нысанбаев Ә.Н., 2015

3
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫ СӨЗ..................................................................................................
4
1. ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..............
6
1.1 Абайдың әлеуметтік онтологиясы және қазіргі заман...........
6
1.2 Абайдан артық не айтамыз?!..........................................................
16
1.3 Ұлт руханияты мен мәдениеті, игілігі үшін 
еңбектенген адам өмірден шаршамайды...................................
26
1.4
Қазақ зиялыларына ой еркіндігі жетіспейді..............................
35
1.5 Еліміздегі адам ресурсы: сан мен сапа.........................................
42
2. ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ.........
61
2.1 Философиялық мұра және тұлғаның 
рухани қалыптасуы..........................................................................
61
2.2 Халықтың ұлылығы – оның руханиятында………..................... 72
2.3 Қазақ философиясы – ел бірлігінің рухани тірегі.....................
80
2.4 Тәуелсіздік. Мәдени мұра. Ұлттық ояну.....................................
93
2.5 Сенім – басты құндылық................................................................. 102
3. ДӘСТҮР, ДЕМОКРАТИЯ, ФИЛОСОФИЯ.................................... 111
3.1 Қазақ дүниетанымының рухани-құндылықтық 
бастаулары.......................................................................................... 111
3.2 Білім – әлемдік, тәрбие ұлттық болғанын қалаймын.............. 116
3.3 Қазақ философиясының бүгіні мен ертеңі................................. 124
3.4 Астана – қазақ елінің өсу тарихы................................................... 139
3.5 Қазақ халқының ұлы ойшылы....................................................... 149
3.6 Қуатты қайнар................................................................................... 159
АКАДЕМИК Ә. НЫСАНБАЕВТЫҢ ЖАРИЯЛАҒАН 
ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ТІЗІМІ.......................................................................... 167
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану
институты туралы мәлімет..................................................................... 172
Информация об Институте философии, политологии 
и религиоведения Комитета науки Министерства 
образования и науки Республики Казахстан..................................... 174
Information about the Institute for Philosophy, Political Science 
and Religion Studies of Science Committee of the Ministry 
of Education and Science оf the Republic of Kazakhstan..................... 176

4
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
АЛҒЫ СӨЗ
Қолдарыңыздағы  жарық  көріп  отырған  кітап  тәуелсіз 
Қазақстанның  жиырма  төрт  жылда  жүріп  өткен  жолы-
нан,  іске  асырылып  жатқан  жүйелі  экономикалық,  саяси-
әлеуметтік,  рухани-мәдени  реформалардың  негізгі  дина-
микасынан  сыр  шертеді.  Кітапты  оқи  отырып,  Қазақстан 
Республикасы  деп  аталатын  жаңа  мемлекеттің  өзге  елдер 
жүз жыл бойы шиырлаған даму жолын жиырма төрт жыл 
ішінде жүріп өткеніне анық көзіміз жетеді.
Осы тәуелсіздіктің жиырма төрт жылы ішінде өзіне тән 
барлық  институттары  бар,  әлемдік  қауымдастықтың  ық-
палды  мүшесі  болып  табылатын  түбірінен  жаңа  егемен 
мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамта-
масыз  етілді.  Конституциялық  жолмен  мемлекеттік  және 
саяси  билік  құрылымдарын  жедел  жаңарту  негізінде  елдің 
демократиялық жолмен дамуының берік іргетасы қаланды.
Осы жиырма төрт жыл ішінде жеке адамның, тұлғаның 
құқықтары мен бостандықтары заңмен қорғалатын, демо-
кратиялық  институттары  мен  құндылықтары  орныққан 
ашық қоғам құру үстінде.
Тәуелсіздік  жылдары  қазақ  халқының  рухани-құнды-
лықтық әлемі, оның ұлттық санасы мен дүниетанымы жаңа-
рып, өзін-өзі тану, өзін басқаға таныту, өзінің бай ежелден 
қалыптасқан  тарихы  мен  ұлттық  дәстүрлерін  ардақтау, 
қазақ халқының генофонындағы ұлы ойшылдары мен тұл-
ғаларын бүкіл әлемге таныту, бай рухани және мәдени қа-
зынасын  әлемдік  өркениетпен  ұластыру  бағытында  қыр-
уар шаруалар атқарылды.
Бұл  кітапқа  еш  нәрсе  ойдан  қосылған  жоқ.  Қазақстан 
Республикасы  өз  тәуелсіздігін  жариялаған  күннен  бүгінге 
дейінгі жиырма төрт жыл бойғы өзекті оқиғалар, мәселелер 

5
А л ғ ы  с ө з
туралы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған автордың 
интервьюлары мен мақалалары жүйеленіп берілді. Солар-
дағы  мәселелердің  қойылуының  динамикасы  еліміздің  де 
рухани тарихын біршама көзге елестететін сияқты.
Сонымен  бұл  кітапта  әл-Фарабиден  Абайға  дейінгі 
қазақтардың  рухани  өмірі  туралы  қысқаша  қызғылықты 
мәліметтер, қазақ халқының рухани-құндылықтық әлемінің 
жаңаруы,  қазақ  дүниетанымының  эволюциясы,  оның  ру-
хани-мәдени бастаулары сөз болады.
Кітап,  негізінен,  сұхбаттасу,  интервью  форматына  ба-
сымырақ  мән  берілген.  Қарапайым  баяндаудан  гөрі  сұ-
рақ-жауап  формасы,  сұхбаттасу  тәсілі  ақиқатты  іздеудің 
тиімді жолы болмақ. Сонымен қатар кейбір қажетті деген 
мәселелерде баяндау логикасы берілді.
Қазақ  халқының  рухани  әлемі  сонау  ежелгі  түркілік 
кезеңнен Абайға дейінгі дәуірде қалай өзгерді, қалай жаңар-
ды, халықтың даналыққа құштарлығы артты ма, әлде өмір-
дің  материалдық  жағы  басым  болды  ма?  Тұлғаның  руха-
ни  әлемін  сақтау  мен  дамыту  бойынша  қандай  үдерістер 
жүріп  жатыр?  Әл-Фарабиден  Абайға  дейінгі  қазақтардың 
рухани өмірінде қандай өзгерістер бар? 
Кітап осындай сұрақтарға жауап іздейді, халықтың ру-
хани  әлемін  сақтау  керектігін  тұжырымдайды,  адамның 
жауы адам екенін тағы да еске салады. Біздер рухани жаққа 
көптеп көңіл бөлгеннен ұтылмаймыз. Ұлттық руханиятты 
одан  ары  дамыта  және  нығайта  түскен  абзал.  Руханияты 
жоғары халықтың болашағы жарқын.
Бұрын  «Тәуелсіздік.  Демократия.  Гуманизм»,  «Тәуелсіз 
Қазақстанның  құндылықтар  әлемі»,  «ЖаҺандану  және  Қа-
зақстанның  орнықты  дамуы»  сияқты  еңбектер  жарық  көр-
ген болатын. Жаңа кітапқа бұрын аталған кітаптарда жарық 
көрген  кейбір  мақалалар  мен  интервьюлар  енгізілді.  Бірақ 
олардың  саны  онша  көп  емес.  Негізгі  мақсат  қазақ  фило-
софиясы  түркі  философиясының  құрамдас  бөлігі  екенін, 
ұлттық мемлекеттіліктің рухани бастауларын ашып көрсету, 
сөйтіп қазіргі ұлттық тәуелсіздікке алып келіп қосу.  

6
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
1 ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 АБАЙДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОНТОЛОГИЯСЫ 
ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
Абай  мұрасы  Шығыс  пен  Батыс  әдебиетіндегі  озық 
көркемдік  әдістердің  қазақ  топырағындағы  тоғысуы  ғана 
емес,  бұл  –  халқымыздың  тереңнен  тамыр  тартқан  руха-
ни қуатының жаңа пішін мен жаңа көркемдік әдіс тауып, 
әлемдік мәдениет төріне қарай толқуы. Ұлы Абай ұлттық 
мәдениетіміздің  бойындағы  булыққан  бұлақтың  көзін 
ашты. Оның кепілі оның әлеуметтік болмыс туралы ілімі.
Абайдың  шығармашылық  кезеңі  дәстүрлі  қазақ  қоға-
мын  өз  дамуының  жаңа  деңгейіне  және  әлеуметтік  бол-
мыс  тәсілін  түбірімен  өзгертуге  әкелген  тарихи  уақыттың 
аяқталған сәтіне дөп келді. Бұл жерде біз патшалық Ресей-
дің отаршылдық саясатының барлық жерге енгізіліп, қазақ 
қоғамының саяси және мемлекеттік дербестігінің айрықша 
белгілерінің  біртіндеп  жойылуымен  сипатталатын  Қазақ-
станның  Ресейге  күштеп  қосылу  үдерісін  айтып  отырмыз. 
Түбегейлі  төңкеріс  қазақ  қоғамының  тек  өмірқамының  тә-
сілінде, экономикалық және шаруашылық өмір тәртібінде, 
мемлекеттік-аумақтық  басқарылуында  ғана  емес,  сонымен 
қатар  психологиясында,  мәдениеті  мен  көңіл-күйінен  де 
орын алды. Бұл осы ойшыл-ақынның дүниетанымын қалып-
тастырған жағдайдың алғышарты болды.
XVIII  ғасырдың  екінші  ширегінен  басталып,  XIX  ға-
сырдың  60-шы  жылдарымен  аяқталған,  бүкіл  дәстүрлі 
қазақ  қоғамын  қамтыған  жүйелі  дағдарыс  өлкені  жап-
пай  отарлаудан  туындаған  еді.  Соның  салдарынан  екі 
этностың – қазақ пен орыстың, екі мәдениеттің – көшпелі 

7
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
және  отырықшы  мәдениеттер,  қоныс  аударушылардың 
екі  ағымының  –  «көшіп  келгендер»  мен  негізгі  байырғы 
халық, шаруашылық жүргізудің екі тәсілінің – малшылық 
пен  егіншілік,  өндірістің  екі  тәсілінің  –  аграрлық  және 
индустриалдық  тәсілдер  және  т.  б.  бетпе-бет  ұшырасты. 
Бұл қарама-қарсылықтардың кездесуінің сипаты көп жағ-
дайларда  әрқилы  қырынан  және  деңгейлерінен  алғанда 
бір-біріне  асыға  ұмтылған  екі  бастаудың  кездесуіне  ұқсай 
қоймады. Бұл кездесу күрделі, әрі соқтықпалы, кездейсоқ 
оқиғаларға  толы  болды,  сондықтан  кейде  бейбіт,  кейде 
қақтығысты формалардағы біртекті емес жағдайда өтті.
Мейлінше  қарама-қарсы  және  сонымен  бір  мезгілде, 
әлдебір  жағынан  жақын  бір-бірімен  әрекеттесуге  мәжбүр 
болған  әлеуметтік  қауым  типтерінің  бұл  кездесуінің  бір-
қатар  жағымды  да,  жағымсыз  да  нәтижелері  болды.  Әри-
не,  бұл  өзара  әрекеттің  жағымды  ықпалының  бірі  қазақ 
қоғамының  анағұрлым  прогрессивті  экономикалық  жүйе 
мен  шаруашылық  жүргізу  тәсіліне  көшуі  болып  табыла-
ры  сөзсіз.  Ол  дәстүрлі  қазақ  қоғамын  бастапқыда  жарты-
лай  отырықшылыққа,  ал  одан  кейін  түбегейлі  отырықшы-
лыққа  өтуіне,  тауар-ақша  қатынастарының  дамуына,  сауда 
және  өнеркәсіптік  өзара  байланыстардың  өсуіне  және  мал 
шаруашылық әрекеттің тұрпайы формаларын оның жетіл-
ген  түрлерімен  алмастыруға,  ақыры  аяғында  қоғамның 
өндіргіш  күштерінің  шұғыл  дамуы  үшін  орнықты  негіз 
қалыптастыруға әкелді. Осы өзара әрекеттің жағымсыз ық-
палы ауылды патриархалдық тәртібін іштей кеулеп, барған 
сайын  алшақтай  түскен  қоғамдық  әлеуметтік  теңсіздіктен, 
бұрынғы әлеуметтік қауымдық бірегейлік белгілерінің жой-
ылуынан, қоғамдық сана мен индивидтердің санасында беки 
түскен ұрпақтардың адамгершілік құндылықтары мен пси-
хологиясы арасындағы алшақтықтан, рулық қауымдастықты 
байланыстырып тұрған түйіннің үзілуінен көрініс тапты. 
Қазақстанның  бұрынғы  әкімшілік  бөлінісінің  алма-
суы,  бір  жағынан,  билікті  орталықтандыруына  мейлінше 

8
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
көп  жағдай  жасағандықтан,  отарлық  тәуелдікті  күшейте 
түссе,  екінші  жағынан,  ыдыраңқылық  пен  руаралық  қыр-
қыстың  тоқтатылуы  үшін  қолайлы  шарттар  туғызды.  Бұл 
басқарудың прогрессивті формаларын енгізуге ықпал еткен-
дей  көрінгенімен,  шын  мәнінде  отаршылдықты  нығайтуға 
қызмет етті. Билер соты түріндегі дәстүрлі қоғамның бұрын-
ғы  құқықтық  реттеуіштерінің  шектелуі,  дәлірек  айтқанда, 
алмастырылуы,  соның  нәтижесіндегі  бұрынғы  әлеуметтік 
ұйымның  теріске  шығарылуы  да  жалпы  отарландырудың 
ағымында  жүрді,  бірақ  сонымен  бір  мезетте  бұл  шаралар 
белгілі  бір  деңгейде  саяси  шашыраңқылықты  жоюға  жағ-
дай жасады. 
Осылайша, дәстүрлі қазақ қоғамының бастан кешірген 
жаңа әлеуметтік, саяси, экономикалық және рухани қаты-
настарға  көшуі  жаңа  әлеуметтік  онтологияның  әр  алуан 
«үлгілерінің» пайда болуына түрткі болған осы өзгерістерді 
пайымдаудың объективті шарттарын тудырды. Қазақстанға 
Ресейдің  қоғамдық  санасын  толқытқан  әлеуметтік-саяси 
және  философиялық  идеялар  шұғыл  ене  бастаған  сайын, 
олар  Қазақстандағы  бұрынғы  орнықты  көзқарастармен 
қатар,  қоғамдық  идеялардың  даму  келешегіне  де  өз  әсер-
лерін  тигізбей  қоймады.  Бұл  идеялардың  қатарына,  ең 
алдымен,  революциялық  демократизм  идеяларын,  ха-
лықшылдардың,  декабристердің  идеяларын  және  т.б. 
жатқызуға  болады.  Хандар  мен  билердің  институтымен 
нығайтылған,  дәстүрлі  қоғамның  сұраныстарына  сәйкес 
келетін  бұрынғы  әлеуметтік  онтологияның  қалыптасып 
жатқан  жағдайларда  дағдарысқа  ұшырауы  және  жаңа 
әлеуметтік-саяси жағдайларда өз ұстанымынан айрылғаны 
түсінікті де. Жаңа онтологияға деген қазақ қоғамы мұқтаж 
болып  отырған  әлеуметтік  және  индивидтер  керек  етіп 
отырған ішкі экзистенциалдық қажеттілік пайда болды. 
Бұрынғы әлеуметтік онтология қазақ қоғамының рулық 
негізі  мен  құрылымын,  индивидтердің  рулық  қауымның 

9
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
ұжымдық  ұмтылыстарына  деген  тәуелділігін,  оның  таби-
ғилыққа, яғни бұл жерде этностық тиесілік басым мәнге ие 
тұтастыққа бағыныштылығын бекітті. Социумның өзі таби-
ғатпен етене жақын болды, рудың үлкендерін құрметтеу мен 
ру  көсемдерін  қадірлеуге  негізделген  оның  құрылымдық 
ұйымдасуы  мен  басқарылуы,  тұтастай  алғанда,  индивид-
тің  дербес  әлеуметтік  бірлік  ретінде  көрінуіне  мүмкіндік 
бермеді. Әлеуметтік өмірқамы бүтіндей табиғи ықпалдарға 
негізделген  қазақ  қоғамы  құқықтық  және  адамгершілік 
мәдениетте дәстүрлі өмірлік әрі өндірістік тәртіпті бекітті, 
оны индивидтердің дүниетанымдық көзқарастарын қалып-
тастыру  мен  тәрбиелеуде  әртүрлі  деңгейде  және  әрқилы 
формаларда қайта жаңғыртып отырды.
Ресей  патшалық  әкімшілігінің  Далада  жүргізген  ре-
формалары дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік болмы-
сының іргетасын шайқалтты, сонысымен қоғамдық сананы 
толқытты, ұлттық өзіндік сананың өсуі мен оянуына әкелді. 
Абай  қазақ  қоғамының  тап  болған  әлеуметтік  дағда-
рысының  қайшылықты  да  күрделі  ахуалын  пайымдай 
отырып, «онтологиялық жобаны» ойластырады. Дәстүрлі 
қазақ қоғамы болмысының іргетасы едәуір сөгілгендіктен 
және оның бұрынғы бағытта дамуы ешқандай пайда әкел-
мейтінін білгендіктен ол бұрынғы әлеуметтік онтологияны 
қабылдай  алмайды.  Бірақ  қоғам  да,  Абайдың  өзі  сияқты 
болмыстың мызғымас іргесіне, мықты тіреуге мұқтаж бол-
ды.  Оны  іздеу  Абайды  жан  азабына  салады,  ол  мұратқа 
деген  сағынышпен  қатар  жүреді,  терең  қайғы-мұңды 
бойына  сіңіреді,  дегенмен,  бірақ  бұл  ізденіс  адамды  ру-
хани тұрғыдан көтеретіндей мұратты бекітуге және оның 
бақытқа жетуіне бағытталған. 
Мұндай  негіз,  ойшылдың  толғаулары  бойынша,  абсо-
лютті  бастау,  адамның  өмірдегі  басты  әрі  жалғыз  тірегі  – 
Құдай  болып  табылады.  «Адам  өміріндегі  ең  басты  нәрсе 
– руханилық, – деген түйінге келеді Абай алтыншы сөзінде. 

10
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
– Өзің тірі болмай, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға 
алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер 
қыла алмайсың».
Өз  шығармашылығында  Абай  жолайрықта  тұрған 
адамның  –  ол  өмір  сүрген  қоғамның  бұрынғы  тұғыр-
лары  мен  құндылықтары  келмеске  кеткендіктен  өткені-
нен  айрылған  және  қазіргісі  тайғанақ  әрі  тұрақсыз  бол-
ғандықтан осы шағы жоқ адамның жағдайын кескіндейді. 
Ақырында,  бұл  осы  тайқымалы,  түсініксіз  әрі  кейде  қа-
сіретті  болмыстан  көңілге  үміт  ұялататын  келешектің 
кескінін  құрастыруға  тырысатын  адамның  жағдайын 
бейнелейді.  Әсіресе,  мұның  соңғысы  өте  қажет,  өйткені 
ойшылдың  кәміл  сенімінше,  «ұлы  мақсаты  немесе  ортақ 
ақиқаты жоқ халық рухани өлік. Ал өмір болмаған жерде, 
кемелдену де болмайды». 
Абайдың  ұстанымының,  біздің  пікірімізше,  Абайға 
дейінгі әлеуметтік онтологиямен қайшы келетіні мына тұс-
та: адам, барлық жан-дүниесімен бай индивид, әуел бастан 
қоғамнан  бай  болып  келетін  адам  және  өзге  адамдармен 
өз қатынасын құра білген адам қоғамдық жүйенің бастап-
қы  нүктесіне  айналады.  Егер  бұрынғы  онтология  рудың 
тұғырларына басымдылық бере отырып, рулық қауымның 
жетекшілігін  ұстанса,  ал  Абай  үшін  бұл  ұстын  тобырдың, 
оның  үстіне  қараңғы  тобырдың  үстемдігіне,  бөтен  пікір 
мен  рулық  пайымның  үстемдігіне  айналып  шығады.  Міне 
сондықтан әлеуметтің болмысы сияқты, адамның болмысын 
да Абай ағартусыз мүмкін емес деп санайды, міне сондықтан 
қазақ халқын білім мен ғылымды игеруге шақырған Абайдың 
үндеуі барған сайын қаттырақ шығады. Қазақ ойшылының 
бұл  үндеуі  қазіргі  жағдайларда  да  өзектілігін  әлі  жойған 
жоқ.
Сондықтан  Абайдың  әлеуметтік  онтологиясында 
әлеуметтік  сатыдағы  немесе  әлеуметтің  ұйымдасуындағы 
индивидтің  алатын  орны,  ондағы  оның  рөлі  –  қайта 
жаңғыртылған  және  өндірілетін  құбылыс.  Оның  үстіне 

11
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
оны  Абай  адам  емес,  шенеунік,  Жаратушының  нұрымен 
шабыттанбаған  тұлға,  табынушылықты  ғана  жақтаушы 
басқаратын  әлеуметтік  өзара  әрекеттердің  жағымсыз 
нәтижесі  ретінде  қарастырады.  Абай  адамдарды  екіжүз-
ділікке,  өтірікші  немесе  өсекшіге  айналдыратын,  достық-
ты  сатып  кетуге  және  жағымпаздыққа  мәжбүрлейтін, 
бөлектенуден  туындайтын  руханилықтан  жұрдай  және 
тылсым сыртқы күштің ықпалымен болатын күнәhар әсер-
ді де айқын түсініп, көрсетіп береді.
Ол  адами  тұлғаның  мән-маңызын  алғырлықпен  те-
рең  түсіне  білді,  адамды  асқақтатты  және  «Адам  бол!» 
тұжырымын философиялық ұстын деңгейіне дейін көтерді. 
Бұл,  біздің  ойымызша,  оның  әлеуметтік  онтологиясының 
мәнін білдіретін тәрізді. Мұндай онтологияда қоғам адамға 
қысым  көрсетпейді  және  оны  әлеуметтік  жүйенің  жәй 
бұрандасы  немесе  өндірістің  механикалық  қосымшасы 
етпейді,  керісінше,  әрбір  адам  рухани  және  адамгершілік 
тұрғыда дами отырып, жүрегінің түкпірінде Жаратқанның 
өсиеттеріне  деген  адалдықты  сақтай  отырып,  өзінің  ар-
ожданының  үніне  құлақ  түре  келе,  қоғамдық  тұтастықты 
құрайды.  Дәл  осы  себепті,  біздің  пікірімізше,  Абай  адам-
дардың  достығына  соншалықты  үлкен  көңіл  бөледі. 
Қоғамдық  қатынастар  мен  қоғамдық  өзара  әрекеттердің 
осы басты екпіні ойшылдың поэзиясында да жүйелі түрде 
естіледі және оның философиясында да бірдей табандылық-
пен жүргізіледі.
«Адам  бол!»  ұстыны  ақылдың  адамгершілік  қатынас-
тар  саласына  енуінің  мәнін  ұғынуға  да  септігін  тигізеді, 
өйткені  ол  адами  қарым-қатынасты  тек  адамның  адамға 
деген  сыртқы  бағыты  тұрғысынан  ғана  емес,  адамның  өз-
өзіне  ішкі  бағыттылығынан  да,  әрбір  индивидтің  ішіндегі 
ар-ұяттың үнін де сипаттайды. Адамгершілік қылық, Абай 
бойынша, қашанда тек сыртқы жағдайларға, нормалар мен 
дәстүрлерге  ғана  сәйкес  болмай,  ішкі  ақыл-ойыңа  сана-
лы  түрде  бағыну  арқылы,  ішкі  еркің  арқылы  әрекет  етуді 

12
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
білдіреді. Ақылға сай әрекет ету сондықтан нағыз шынайы 
адами  әрекет,  адамгершілік  әрекет  ақылды  әрекет  болып 
табылады.
Абайдың көзқарастарына ақыл-ой адамның сезімдерін, 
эмоциясын,  еркін  қадағалауға  қабілетті  деген  тұжырым 
тән  және  сонымен  бірге  адам,  Абай  бойынша,  өз  «жа-
ратылысының»  тұтқынында  қалып  қоймауы  тиіс,  ол 
одан  тысқа  шығып,  өз  табиғатынан  жоғары  тұруы  тиіс. 
Тәрбиенің,  мәдениеттің  арқасында,  білімді  молайтудың 
арқасында адам өзінің табиғи нышандарын жетілдіруі ке-
рек. Бұл Абайдың ағартушылық-философиялық тұжырым-
дамасының күре жолы.
Абайдың тұлғасына қатысты, оның адамгершілік тура-
лы  ойларының  оның  өмірлік  практикалық  ұстанымынан 
алшақтамағанын, оның нық сенімі болғанын сипаттайтын 
тағы бір маңызды сәтті атап өту керек. Оның ар-ожданының 
ішкі  дауысы  одан  өзінің  туған  қазақ  халқының  тағдырын 
шынайы пайымдауды талап етті, өзі туралы ащы да болса, 
халыққа шындықты айтуды талап етті, өйткені, оның іліміне 
сәйкес, ұлы мақсаты немесе ортақ ақиқаты болмаған халық 
рухани  өлімші.  Ал  өмір  болмаған  жерде  жетілу  де  бол-
майды. Қазақ халқының рухани күш-жігерінің сарқылмас 
бастауына айналып, үздіксіз рухани кемелденудің ұлы жо-
лында  оны  асқақтата  білген  өзінің  «Адам  бол!»  ұстынына 
негізделген философиясының адамгершілік талабын өмірге 
енгізген Абайдың өмірлік ұстанымы осындай болды. Бізге 
бүгінгі  күні  жүрекпен  ойлана  алатын  адамның  қабілетін 
қалыптастыруымыз керек сияқты. 
Абайдың  әлеуметтік  онтологиясының  жоғарыда  атал-
ған  айырмашылықтарынан  басқа  бір  өзгешелігі,  біздің  пі-
кірімізше, оның енді рулық центризм ұстанымында тұрмай, 
одан  қол  үзгендігімен,  бірақ  индивидуализм  ұстанымына, 
капиталистік  эгоизмге  мүлдем  «асықпайтынымен»  сипат-
талады.  Мұны  ойшыл  мына  сөздерімен  тамаша  әрі  ерек-
ше  мәнді  білдірген:  «Өзімшілдіктің  кез  келген  көрінісі 

13


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет