Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


 Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата29.01.2017
өлшемі1,4 Mb.
#2940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
жаратқан  –  құдай,  бірақ  қалдырған  құдай  емес,  ауру-
ды  жаратқан  –  құдай,  ауыртқан  құдай  емес,  байлықты, 
кедейлікті  жаратқан  –  құдай,  бай  қылған,  кедей  қылған 
құдай емес». 
Мәселенің мәні – қолыңнан келсе ерен еңбегіңмен бай 
болуға тырыс, бірақ өз қатарыңнан оза шыққан отандасың-
ды күндеме, аяғынан шалма, керісінше, тілекші бол. Себебі, 
ол өзіне ғана байлық жинап жатқан жоқ, елдің байлығын 
молайтып, ертеңімізге қызмет жасауда. 
Осындайда  Макс  Вебердің  «бүкіл  батысты  өркениетке 
жеткізген  протестанттық  еңбек  этикасы»деген  пікірі  еске 
түседі. Байқап қарасақ, жылына 7-ақ күн еңбек демалысын 
алатын анау жапондардың еңбек тәртібінің негізінде де буд-
дашыл рух күші жатыр. Ал, мұндай ұжымдық еңбек этика-
сын біз қайтіп қалыптастырамыз? 
Бұл  сұрақ  кезінде  ұлы  Абайды  да  қатты  мазалаған: 
«…құдай  тағала  қолына  аз-маз  өнер  берген  қазақтардың 
кеселдері болады. Әуелі – … өнер арттырайын деп, түзден 
өнер  іздемейді.  Екінші  –  …  бір-екі  қара  тапса,  малға  бөге 
қалған  кісімсіп,  «маған  мал  жоқ  па?»дегендей  қылып, 
еріншектік,  салдау-салғырттыққа,  кербездікке  салынады…
»Дала  өркениеті  кемеңгерінің  осы  сөзін  оқығанда  есіме 
алыпсатарлықтан  тапқан  азын-аулақ  ақшасын  ырду-дыр-
дуға  құртып  жүрген  бүгінгі  кейбір  желөкпе  «бизнесмен-
дер» оралады. 
Алайда онымен мәселе шешілмейді. Ашығын айту ке-
рек:  кезіндегі  Кеңес  Одағының  өнеркәсіпті  орталықтарды 
арзан  етпен,  сүтпен,  нанмен  қамтамасыз  ету  үшін  құрған 
кеңшарлары мен ұжымшарларындағы жағдайды қайтадан 
орната  алмаймыз.  Бәлкім,  ірі-ірі  өнеркәсіп  орындарының 
азық-түлік өндіретін қосалқы шаруашылықтары түріндегі 
азын-аулақ  ауылдар  әлгі  кеңшарлар  дәрежесіне  жетер, 
бірақ  ауыл  еңбеккерлерінің  көпшілігі  бәсекеге  төтеп  бере 
алатын,  базар  нарқына  өтетін  өнім  өндіріп,  сол  өндірген 
өнімдерінен  түскен  пайдамен  ғана  күнін  көретіні  анық. 

48
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
Бұл  –  базарлы  экономика  заңы.  Мемлекет  тарапынан  тек 
ауылшаруашылық  өнімдерін  сату  базарын  ұйымдастыру, 
өнім  ұқсату  өндірісін  дамытуға,  жаңа  құрал-жабдықтар, 
асыл тұқымды мал сатып алуға жәрдемдесу, өзінің өндіріс-
тік ұқсатушы, сатушы құрылымдары бар ауылшаруашылық 
концерндерін  жасақтау  сияқты  «қамқорлықтар»  жасалуы 
мүмкін. 
Кенттену әлемнің барлық халықтары басынан өткерген 
процесс.  Әлеуметтік  зардаптарына  қарамастан,  бұл  про-
цесс  қазіргі  заманғы  жеке  ұлттардың  дербес  мемлекет 
құруы  ісіндегі  болмай  қоймайтын  құбылыс  деп  санала-
ды.  Өз  мемлекетін  екі  ғасырдан  соң  қайта  құрған  қазақ 
халқының  «кенттенуі»,  яғни  Қазақстандағы  орташа  қала-
лардың  «қазақтану»процесі  қазірдің  өзінде  жүріп  жа-
тыр.  Тек  бұл  процесс  ешқандай  жүйесіз,  әлеуметтік 
зерттеу орталықтарының назарынан тыс, мемлекеттік бағ-
дарламасыз жүріп жатыр. Сондықтан да оның әлеуметтік 
зардаптары (ауылдан келгендердің қара базар маңындағы 
арзан  жұмыс  күшіне  айналуы,  қылмыстық  топтарға 
қосылуы,  нашақорлық,  жезөкшелік,  т.  б.)  күрт  асқынып 
кетті.  Сондықтан  «Ауыл  жылы»  іс-шараларының  аясында 
ауыл  жастарының  жаңа  кәсіптерді,  мамандықтарды  мең-
геруіне  жәрдемдесу,  оларды  нысаналы  түрде  өнеркәсіп 
орындарына жұмысқа тарту, баспанамен қамтамасыз ету, 
т. б. шаралар да жүзеге асырылуы қажет.
Жалпы  қазақтардың  «кенттенуі»  немесе  қалалардың 
«қазақылануы» дербес мемлекеттігін орнатқан ұлт мүдде-
сінің айқын бедерленуіне қажетті шарттардың бірі. Мыса-
лы,  еліміз  ішіндегі  қазіргі  саяси  кеңістікте,  тәуелсіз  бұқа-
ралық ақпарат құралдарының бетінде, әр түрлі жиындарда 
қазақ ұлтының мүддесін көздеген топтардың үні неге бәсең? 
Неге  басқа  этникалық  топтар  қазақ  ұлтының  мүддесін 
қорғауда  табандылық  көрсетпейді?  Мұның  себебі  мына-
да: кез келген елде, кез келген заманда үлкен саясат үлкен 
қалаларда  жасалады,  содан  да  қалалықтар  ең  ықпалды 

49
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
әлеуметтік  топ  болып  табылады.  Еліміздегі  мемлекетті 
құрушы  ұлт  болып  саналатын  қазақ  халқы  өкілдерінің 
қалалықтар  арасында  сандық  басымдыққа  ие  болмауы 
ұлттық мүдденің батыл білдірілмеуінің себебі болып отыр. 
Қазірдің өзінде бел ала бастаған қалалардың «қазақылану» 
процесі  бұл  олқылықтың  орнын  толтырып,  әлемнің  бар-
лық мемлекеттері үшін қалыпты жағдайдың біздің елімізде 
де орнығуына жеткізеді.
Дәл  қазіргі  таңдағы  ұлтымыз  алдындағы  ең  маңызды 
мәселенің тағы бірі – жастарымызға қазіргі заманға лайық 
жоғары деңгейде білім беру болып тұр. Олардың оқығаны 
мен тоқығаны бір-біріне сәйкес және әлемдік стандарттар 
деңгейінде  болғаны  абзал.  Әрине,  бұл  орайда  бар  кінәні 
еліміздегі білім беру жүйесіндегі олқылықтарға, тіпті осы-
ның бәрін жөнге сала алмай жатқан үкіметке, білім беру-
дің ұлттық доктринасының жоқтығына аудара салуға болар 
еді. Бірақ, ешбір елде ешқашан үкімет адамдарға бәрін әзір 
етіп бермейді. Артында атын өшірмейтін ұрпақ қалдыруды 
бұл пәнидегі адам өмірінің негізгі мәні деп ұғынатын әрбір 
ата-ана  өз  баласының  болашағын  өзі  ойлауы  шарт.  Бір 
жағынан  шетелдік  әріптестерімен  бәсекеге  түсе  алатын-
дай  әмбебап  маман,  екінші  жағынан,  ата-бабасының  тілі 
мен  ділін,  діні  мен  әдет-ғұрпын,  дәстүрі  мен  мәдениетін, 
ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  бойына 
барынша сіңірген отаншыл азаматтарды тәрбиелеу бүгінгі 
қазақстандықтардың  адами  парызы  ғана  емес,  ұлттың 
алдындағы борышы да.
Еліміздің таяу болашақтағы ең ықтимал және барынша 
тиімді экономикалық құрылымы, соған сай пайда болатын 
кейбір әлеуметтік жіктері төмендегідей үлгіде қалыптасуы 
мүмкін: 
1.  Іскерлік  пен  біліктілік  арқасында  бүгінгі  күні-ақ 
біршама  байлық  жинап,  билік  тұтқаларына  өз  өкілдерін 
өткізіп  үлгірген,  болашақта  ірі-ірі  өнеркәсіп  орындарын 
иеленіп ұлттық экономикалық элитаға айналатын ауқатты-

50
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
лар тобы. Бұлар бірте-бірте ел экономикасының іргетасын 
құрайтын  кәсіпорындар  акцияларының  бақылау  пакетін 
мемлекеттен,  шет  елдік  қожайындардан  сатып  алу  жо-
лымен  үкіметтің  мойнын  ішкі  шаруашылықтық  жүктер-
ден  босататын  болады.  Мемлекет  бюджетін  молайтатын 
салықтардың  да  басым  бөлігі  осы  ауқаттылар  табысынан 
жиналады.  Осындай  элитарлық  мәртебесіне  орай  бұл 
топ,  жоғарыда  айтқанымдай,  мемлекетіміз  бен  ұлтымыз-
дың  өсіп-өркендеуіне  мүдделі  және  жауапты.  Сондықтан, 
оларға қауымдық немесе әулеттік мүдделер аясында шек-
теліп  қалуға  болмайды,  жалпымемлекеттік  мүдде  бәрі-
нен  биік  тұруға  тиіс.  Мен,  тіпті,  ұлтымыздың  болашағы 
үшін  бұл  топтың  өз  арасында  саяси  және  экономикалық 
бәсекелестіктің  мүлде  болмағанын  қалар  едім.  Керісінше, 
халық  та,  үкімет  те  ішкі  және  сыртқы  рынокта  шетелдік 
әріптестерімен  иық  тірестіре  бәсекеге  түсуге  қабілетті, 
қажет  болса  өзара  күш  біріктіре  алатын,  тіпті,  кейбір  са-
лаларда монополиялық мәртебеге ие, қуатты өнеркәсіптік 
бірлестіктер  құруға  ынталы  болуы  керек.  Мұндай  ұлттық 
монополиялардан шошынудың қажеті жоқ. Үкімет бақылау 
тетігін  өз  қолына  ұстап  қала  береді  емес  пе?!  Ал,  оларды 
тоқыратпай, үнемі жетілуге мәжбүр ететін қозғаушы күш-
бәсеке десек, ашық қоғам жағдайында мұндай қарсыластар 
әрқашан табылады. 
2.  Бірқатары  жоғарыдағы  ірі  ұлттық  компаниялардың 
маңына шоғырланған, екінші біреулері ауыл шаруашылы-
ғы өнімдерін өндіріп, өңдеп ұқсатуға маманданған, үшінші 
біреулері  қызмет  көрсету  саласына  бейімделген,  төртінші 
біреулері  делдалдықпен,  кеңес  берумен,  өсімқорлықпен 
айналысатын  т.с.с.  шағын  және  орта  кәсіпкерлер.  Қоғам-
дағы  орташа  тапты  құрайтын  бұлар  әулеттік  қауымдасу 
негізінде  де,  келісімшарт  бойынша  жеке  адамның  жалда-
малы жұмысшылар ұстауы негізінде де қызмет етуі мүмкін. 
3.  Мемлекеттік  қызметкерлер,  зиялы  қауым  өкілдері, 
банк мамандары т. б. 

51
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
4.  Жалдамалы  жұмысшылар  мен  мамандар.  Қазақ 
қоғамында  біреуге  жалданудың  қорлық  болып  саналып 
келгені  белгілі.  Ежелден  қазақтар  шағын  да  болса  дөңге-
ленген  өз шаруашылығы  болғанын,  жұрттан  қалмай  жаз-
да  жайлауға,  қыста  қыстауға  көшкенді  мәртебе  санаған. 
Бұл  тұрғыдан  біздің  ұлттық  діліміз  жалақысы  қанша  көп 
болса  да  ірі  кәсіпорындардағы  қызметін  тастап,  қатер 
мен  қиындыққа  толы  шағын  кәсіпорын  ашуға  тырысатын 
американдықтарға  ұқсас.  Осындай  жаппай  ауқаттылар 
қатарына  қосылуға  құлшыныс  түріндегі  «американдық 
арманның»,  яғни  ұлттық  кәсіпкерлік  рухтың  нәтижесінде 
ол  ел  халқының  жартысы  шағын  және  орта  бизнеспен 
айналысады,  елдері  де  өркениеттің  көш  басында.  Еркін 
кәсіпкерлік рух, яғни өз шаруашылығын құруға ұмтылыс, 
көріп отырғанымыздай, қазақ қауымына да жат болмаған. 
Мәселе осы рухты қайта оятып, дұрыс арнада дамуына әділ 
құқықтық мүмкіндік туғызуда болып отыр. 
5. Еңбек етуге, өздігінен шаруашылығын құруға қабілетсіз, 
сондықтан  мемлекет  қамқорлығына  алынуға  тиісті  зейнет-
керлер, кемтарлар, жетім-жесірлер т. б. Мемлекет денсаулық 
сақтау,  салауатты  өмір  салтын  уағыздау,  қоршаған  орта-
ны  қорғау,  отбасылық  және  сақтандыру  міндеттемелерінің 
орындалуын  қадағалау,  қайырымдылықты  қолдау  шарала-
ры  арқылы  бұл  топқа  жұмсалатын  шығындарды  азайтуға 
мүдделі. 
Қоғамымызда  қазірдің  өзінде  бедері  білініп  қалған, 
болашақта  араларындағы  алшақтық  айқын  біліне  бастай-
тын  әлеуметтік  жіктердің  сипаты  осындай.  Бізге  ұнаса  да, 
ұнамаса да, барша өркениетті елдердің даму үрдісіне түскен 
қоғамымыздағы экономикалық құрылым осындай әлеумет-
тік жіктелуге алып келеді. Ендігі мәселе осы жіктердің өзара 
ынтымағын  жарастырып,  халқымызды  іштей  топтастыра-
тын,  сөйтіп,  ашық  қоғам  жағдайында  ұлттық  рухымыз  бен 
болмысымызды,  ұлттық  бірегейлігіміз  бен  қауіпсіздігіміз-
ді  сақтап  қалатын  ортақ  ділімізді,  яғни  көзқарасымыз  бен 
дүниетанымымызды айқындауға келіп тірелмек. 

52
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
Ұлттық діл және кәсіпкерлік рух
Әр ұлттың ділі, яғни менталитеті туралы мәселе әлем-
дік  әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдағы  өзекті  тақы-
рыптардың  бірі.  Қаржы  мен  ақпарат  ағынына  шекара 
сызықтары  бөгет  бола  алмайтын,  адамдардың  бір  елден 
екінші  елге  жүріп-тұруына  ешқандай  шек  қойылмайтын 
қазіргі  өркениетті  әлемдік  құрылым  жағдайында  кез 
келген  ұлт  өзінің  болмыс-бітімін,  тілі  мен  ділін,  дінін, 
мәдениеті  мен  әдет-ғұрпын  басқалармен  өзара  әсерлесу, 
аман  сақтау  арқылы  ғана  қорғауға  тырысады.  Сондықтан 
олар  дәстүрлі  мәдениетін  дамытуға,  әдет-ғұрыптарын 
атадан  балаға  таза  жеткізуге  күш  салады.  Сан  ғасырлар 
бойы жер шарының әр қиырында шашырап жүрген еврей 
халқы  ділінің  мықтылығы  арқасында  өз  жерін  қайтарып, 
дербес  мемлекетін  орнатып,  ғасырлар  тозаңының  астын-
да  ұмтылуы  мүмкін-ақ  тілін  қайта  тірілтіп  алды.  Оған, 
керісінше,  қырық  рудан  құралған  ең  жас  ұлттардың  бірі 
американдықтар,  салыстырмалы  түрде,  аз  уақыт  шегінде 
халықты топтастыратын ортақ діл жасап, әлемдік өркениет 
дамуының көш басшысына айналып отыр. Ал, этникалық 
жіктелу қатерінен арылмай отырған өзге халықтар қасіре-
тінің  негізгі  сыры  –  осы  ортақ  ділдің  болмауында  жатыр. 
Тіпті, «кеңес халқы» деген жаңа этнос қалыптастырдық деп 
70 жыл бойы жар салған КСРО-ның ыдырауына да себеп 
болған осы: оның құрамындағы ұлттардың ғасырлар бойғы 
төл ділін сақтап қалуы. 
Қазіргі  кейбір  қоғамтанушы  ғалымдар  қазақ  ұлтын 
«жас  ұлт»деп  атап  жүр.  Егер  халқымыздың  орта  жасына 
қарап бағалайтын көзқарас тұрғысынан алсақ, біз, шынын-
да да, жас ұлтпыз, ал тарихи-әлеуметтік даму тұрғысынан 
алып қарағанда, қазақтар – ортақ тілі мен ділі әлдеқашан 
орныққан,  өзін  өзі  сақтау  рефлексі  қалыптасқан,  сыртқы 
ықпалды әсерлердің қай-қайсысына да алдырмай, болмыс 
бітімін таза сақтаған байырғы ұлттардың бірі. 

53
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
Ұлттың  өзін-өзі  сақтау  рефлексі  мәселесі  де  –  терең-
дей  зерттеуді  қажет  ететін,  халықтың  ғасырлар  бойғы 
қалыптасқан әдет-ғұрпында көрінісі сақталған күрделі та-
қырып. 
Еуразия  құрлығының  дәл  ортасындағы  кең-байтақ  ке-
ңістікті  иеленген  қазақ  ұлтының  өзін-өзі  сақтау  рефлексі 
сонау  көктүріктер  заманындағы,  Шығыс  пен  Батыстың 
шаңын  ат  тұяғымен  бір-біріне  қосқан  кезеңге  қараған-
да  кейін  тарихи  рөлдердің  ауысуына  сәйкес  елеулі  өз-
геріске  түскен.  Көктүріктер  заманында  көпшілдік,  яғни 
ұрпағымызды  таза  сақтайын  деп  қауіптенбей,  ешкімді 
жатырқамай,  жаугершілік  жолында  кездескен  этностар-
ды топ-тобымен құрамына сіңіре беру үрдісі үстемдік етсе 
(Ұлы  Түрік,  Бұлғар,  Хазар  қағанаттарының  түбіне  жеткен 
де осы кеңпейілдік болатын), кейін өздері өзге ұлттардың 
ығына  жығылып,  боданына  айналған  кезде  ұрпағының 
тегі  мен  қанын,  діні  мен  әдет-ғұрпын,  тілі  мен  ділін  таза 
сақтауға  бағытталған  табиғи  ұлттық  рефлекс  қалыптаса 
бастады. Тіпті, күні кешегі кеңес дәуірінде, интернационал-
дық  некелер  жаппай  насихатталып,  Қазақстан  «халықтар 
достығының  лабораториясы»  аталған  кезеңде  де  халық 
бойындағы  өзіндік  болмыс-бітімін  сақтауға  ұмтылған  осы 
табиғи рефлекс тегеурінді насихаттың бәріне төтеп берді. 
Осы  дәстүрдің  ықпалынан  дербес  мемлекетімізді  құ-
рып,  елдегі  біріктіруші  ұйытқы  ұлтқа  айналған  бүгінгі 
күнге  дейін  арылған  жоқпыз.  Бәлкім,  бір  есептен,  баты-
сымызбен  де,  шығысымызбен  де  экономикалық  қарым-
қатынасымызды  кеңейтіп,  ашық  қоғам  құрып,  Азия  мен 
Еуропа сияқты әлем құрлықтары арасындағы байланысты-
рушы ел болып отырған кезде шыққан тегімізді, ділімізді, 
дінімізді, тілімізді таза ұстау дәстүрінің сақтала бергені де 
дұрыс шығар. Алайда, басқа этникалық топтардан тараған 
отандастарымыздың  бәрін  бауырымызға  тартып,  ұйытқы 
ұлт міндетін атқарып, ортақ қазақы діл негізінде біртұтас 
халық  ретінде  қалыптасу  процесіне  көшбасшылық  жа-

54
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
сау  үшін  бізге  бұрынғы  оқшаулап,  қорғап  келген  ұлттық 
ділімізді жүйелеп, таразылап, өзге отандастарымызға ұғын-
дыруға  тура  келеді.  Оның  үстіне  дәстүрлі  ұлттық  ділдің 
экономикаға, өндірісті ұйымдастыру тәсіліне ықпал ететіні 
ежелден белгілі ақиқат. 
Көріп  отырғанымыздай,  біздің  еуразиялық  сипаты-
мызға сай, тарихи даму жолымыз барысында қалыптасқан 
өзіндік діліміз бар екен және осы діл болашақ өркениетті 
қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық моделін жасауда 
шешуші рөл атқарады. 
Бір жағынан, атамекеніміз табиғатының қаталдығына, 
көшпелі ата кәсібіміздің ауырлығына байланысты дәстүр-
лі  қазақ  қоғамында  бір-біріне  жәрдемдесіп,  қауымдаса 
ғұмыр  кешу  дәстүрі  баяғыдан  қалыптасқан.  Қауым 
ішіндегі  жетім  де,  жесір  де  қамқорлықсыз  қалмаған. 
Қайғысын да, қуанышын да ағайынмен бөлісіп отыру, ба-
сына іс түскенде әр адамның көпшіліктен жәрдем дәмету 
әдеті  әлі  күнге  дейін  сақталып  келеді.  Түркияға  қоныс 
теуіп,  шағын  шаруашылықтарын  дөңгелетіп  отырған 
қандастарымыз  негізінен  туыстық,  әлеуметтік  жақын-
дықтарына  қарай  біріккен.  Өзіміз  айта  беретін  кеңес  за-
манында  да  «отбасылық  мердігерлік»деген  атауды  ой-
лап тауып, өндіріс барысында жеке мүдде мен қоғамдық 
мүддені  ұштастырудың  қауымдық,  яғни  әулеттік  тәсілі-
нің  тиімділігін  пайдалануға  тырысқанымыз  көпшіліктің 
есінде  болар.  Ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарын  же-
кешелендіріп,  жеке  қожалықтар  құру  кезінде  өндірісті 
ұйымдастырудың  ежелгі  әулеттік  тәсілі  көп  жерлерде 
қайта  жаңғыртылуда.  Мұндай  қожалықтар  өзге,  таза  құ-
қықтық-келісімшарттық  негізде  құрылған  шаруашылық 
субъектілерімен  салыстырғанда  тиімді,  орнықты  жұмыс 
істеуде. 
Екінші жағынан, қазақ қоғамында ежелден жеке адам-
дардың  даралық  қасиеті  өте  жоғары  бағаланған.  Кез  кел-
ген  батырлық  жырларымызды  немесе  халықтың  мақал-

55
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
мәтелдерін  сүзіп  шығыңыз.  Бәрінде  де  негізгі  рөл  тұлғаға 
беріліп,  жігіттің  батырлығы,  дарқандығы,  адамгершілігі, 
кісілігі,  жомарттығы  т.  б.  асыл  қасиеттер  насихатталады. 
Тіпті,  ғасырлар  бойы  ауыл-ауыл,  ата-ата,  құда  –  жекжат, 
ру-ру боп, қауымдаса тіршілік кешкен қазақ қоғамындағы 
әр  ауыл,  әр  ру  белгілі  батырлардың,  беделді  билер  мен 
байлардың  маңына  топтасқан.  Әлгі  дара  тұлға  өзінің  сая-
сына паналаған елді жауға алдырмай, жұтқа ұрындырмай, 
аштыққа  ұшыратпай  аман-есен  өсіріп  өрбітуді  пары-
зы  санаған.  Қазіргі  беделді  де  білікті  азаматтар  маңына 
ұйысып,  шаруашылықтарын  дөңгелетіп  жүргізе  бастаған 
қожалықтар  мен  шағын  фирмалар  жұмысынан  да  осы 
дәстүрдің ұшқынын байқау қиын емес. 
Алайда,  бұдан  біздің  болашақ  экономикалық  құры-
лымымыз әулеттік, тамыр-таныстық байланыстар негізінде 
ұйысқан  қауымдық-ұжымдық  субъектілерден  құралатын 
болады  деген  қате  пікір  тумауы  керек.  Екінші  жағынан, 
мұндай шағын кәсіпкерлік бірлестіктер елді жік-жікке бө-
ліп,  ұлттық  тұтастығымызға  қатер  төндіреді  деп  орынсыз 
қауіптенудің де қажеті жоқ. 
Ұлттық бірегейлену үрдісі
Ұлттық ділдің экономикалық құрылымға тигізетін ық-
палына  жоғарыда  тоқталып  өттік.  Ал,  мұның  этникалық 
жіктер арасындағы өзара төзімділік пен татулықты, ұлттық 
бірегейленуімізді  қамтамасыз  етудегі  рөлі  ерекше  зор. 
Мысалға, бенгал ақыны Р. Тагордың бір өлеңіне байланыс-
ты  басталған  дау  студенттер  толқуына  ұласып,  ақырында 
тұтас  бір  елдің  екі  жарылуына,  сөйтіп,  қазіргі  Бангладеш 
мемлекетінің  пайда  болуына  әкеп  соқтырғаны  күні  кеше 
ғана  еді  ғой.  Немесе  мыңдаған  адамның  өмірін  жалмаған 
Таудағы  Қарабақ  жанжалы  қас  қылғандай  сол  аймақтағы 
басым этностың ұлттық азалы күні жасалған тойдағы бол-
машы төбелестен басталмап па еді?! Бұл мысалдар бірегей 
ұлтқа  айналғалы  отырған  бізге  ортақ  ділімізді  –  бәріміз 
мойындайтын тарихи-дүниетанымдық санамыз бен мінез-

56
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
құлық өлшемдерімізді осы бастан айқындап алуымыздың 
қажеттігін көрсетеді. 
Үстіміздегі  ғасырда  бір  жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас 
шығарып  ұйысу,  яғни  қазақстандықтардың  «бірегейлену» 
проблемасы  халықтың  денсаулығын  қорғауды  ұйымдас-
тыруға  қарағанда  әлдеқайда  күрделі,  әлдеқайда  астар-
лары  көп  әлеуметтік  мәселе.  Мен  бұл  арада  құлағымыз 
әбден  жауыр  болған  «ұлтаралық  жанжал  қатері»  туралы 
айтып отырғаным жоқ. Қазақстан мұндай қатерлі сыннан 
сүрінбей өтті. Ұлттық татулық пен халық бірлігін нығайту-
ды үнемі назарда ұстап отырған Елбасымыздың байсалды 
саясаты жалғаса берер болса (мен бұған күмәнданбаймын), 
түптің  түбінде  Қазақстанда  этникалық  жіктелу  жойыла 
бастауы  мүмкін.  Яғни  Қазақстан  бірте-бірте  моноұлттық 
елге  айнала  бастайды.  Қазір  әр  түрлі  түсінбестік  туғызып 
жүрген  «Қазақстан  халқы»,  «қазақ  халқы»  деген  тіркестер 
арасындағы мазмұндық алшақтық жойылып, олар түбінде 
бір ұғымды білдіретін атауларға айналады. Алайда мұндай 
«бірегейлікке» жету үшін өзге этникалық топтар өкілдері-
нің әлеуметтік-психологиялық жайсыздық сезімдерін жай-
малап тарататын уақыт, оларды шоғырланып тұрып жатқан 
аймақтарында тілінің, мәдениетінің, білім беру жүйесінің 
жойылмайтынына  сендіретін  нақтылы  мемлекеттік  іс-
шаралар, тең құқықтарының ешуақытта бұзылмайтынына 
кепілдік  беретін  заңдар  қажет.  Бұлардың  бәрі  бізде  бар, 
тек  отандастарымыздың  кейбір  бөлігінің  әлгі  әлеуметтік-
психологиялық жайсыздық сезімінен арылуына мүмкіндік 
беретін уақыт тапшылығы болмаса.
Шет елдерде (тіпті, Ресейдің өзінде де) қазақстандықтар-
ды «қазақтар» деп атай береді. Олар үшін атақты шаңғышы 
В. Смирнов та қазақ, бір ойыншымыздан басқасының бәрі 
өзге ұлттың өкілдерінен құралған хоккей командамыздың 
бәрі де қазақ. Ата тегін қазбаламай, әр елдің азаматын сол 
елге ат беріп отырған ұлтқа теліп рәсімдеу әлемдік түсінік-
те қалыптасқан дәстүр. Мұны әлгі азамат намыс көрмейді. 
Керісінше, мақтанышпен қабылдайды.

57
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
Осы  дәстүр  Қазақстанның  өз  ішінде  де  тезірек  қабыл-
данып,  орнығуы  үшін  біз  –  қазақстандықтар  төмендегі-
дей  кейбір  әлеуметтік  ақиқаттарды  күлбілтелемей,  анық 
түсінісіп  алуымыз  керек.  Қазақстан  –  қазақ  ұлтының  жер 
бетіндегі  жалғыз  отаны,  мемлекеті,  бірақ  ол  өз  азамат-
тарының  ұлтына,  тіліне,  сеніміне  қарамай,  бәрінің  бірдей 
тең  құқықтарын  қамтамасыз  етеді.  Демократиялық  мем-
лекеттің  түпкі  мақсаты  теңдік  пен  бостандықтың  іштей 
үйлесімділігін  қамтамасыз  етеді.  Белгілі  бір  аумақтарда 
шоғырланып  қоныстанған  этникалық  топтардың  тілі  мен 
мәдениетінің  дамуына  қамқорлық  жасайды.  Алайда,  біз 
көпэтносты мемлекет болуға тырыспауымыз қажет. Себебі, 
көпэтностық  кез  келген  елдің  іргетасындағы  ақау,  сы-
зат  іспетті.  Ол  ғұмыр  бойы  елдің  ішкі  қуатын  алаңдатып, 
үнемі  қатер  қаупін  сездіреді  де  тұрады.  Керісінше,  кез 
келген  дамыған  ұлттың  негізі  бірнеше  этникалық  жік-
терден  құралған.  Яғни,  этникалық  бірігу,  бірегейлену 
мемлекеттік  ауқымда  емес,  ұлттық  ауқымда  жүзеге  асуы 
қажет.  Мұндай  бірігу  мемлекеттің  іргесін  бекітеді,  ұлт-
тың да рухани-мәдени жағынан молығуына, кемелденуіне 
жеткізеді. Осындай ұлттық бірегейлену процесі неғұрлым 
тез  жүзеге  асса  еліміздің  экономикалық  өсуі  мен  дамуы 
да,  ұлттық  қауіпсіздігінің  нығаюы  да,  азаматтық  қоғам 
құруға  талпынған  демократиялық  реформаларымыз  да 
қарқынды  әрі  орнықты  бола  түсер  еді.  Қазіргі  кейбір  са-
ясаткерлер  жиі  айтатын  «азаматтық  қоғам»,  яғни  жеке 
адамдардың құқықтары қатаң қорғалатын, олардың саяси 
және экономикалық бастамаларына еркіндік берілетін, кез 
келген әлеуметтік проблеманы мемлекеттің араласуынсыз 
өзін-өзі  реттейтін  механизмі  қалыптасқан  қоғам  ұлттық 
бірегейленуден кейін ғана пайда болады. Мемлекет өзін өзі 
сақтау үшін үнемі этникалық жанжалдардың алдын алып, 
еріксіз  қоғам  өміріне  араласуға  мәжбүр  болып  отырған 
жағдайда «азаматтық қоғам» ешқашан құрылмайды.

58

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет