Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
Ұлттық бірегейленудің осындай мән-маңызына қара-
мастан бұл табиғи процесс неге тежелуде?! Қандай ке-
дергілер бар? Тіпті, әлі күнге дейін қоғам өмірінің осы бір
нәзік саласында атқарылатын мақсатты, жан-жақты ойлас-
тырылған шаралардың қарапайым жоспары неге жоқ?!
Міне, бұл сауалдар саясаткерлер мен қоғамтанушыларға
тікелей қатысты.
Ең алдымен, бірегейлену процесіндегі ұйытқы ұлт –
мына біздер, қазақтар өзімізге жүктелген күрделі де жау-
апты міндеттің салмағын толық сезіне алмай отырмыз. Өз
елімізде отырып, атамекенімізге өзге отандастарымызды
бауырға тарта қамқорлық жасаудың орнына, жетімдіктің
зары өтіп кеткен бала тәрізді жеке мүддеміздің аясынан
шыға алмай, айналамыздың бәріне өгейлене қараймыз.
Бізге салса, «ақша бөлмейтін үкімет те өгей», «жиналып
ап өзге тілде сөйлейтін парламент мүшелері де өгей», «өз
өнерпаздарынан гөрі жат елдің әншілерін жарылқауға
құмар кәсіпкерлер де өгей».
Ұлттық бірегейлену процесінің қажеттілігін түсініп,
отандастарымыздың осынау табиғи құбылысты санасы
мен жүрегі арқылы шынайы түрде қабылдай бастауына
мемлекеттік рәміздеріміз бен атрибуттарға деген құрмет,
еліміздің азаматтары қай жерде, қандай қиындықтарға тап
болса да оларды қорғауға ұмтылуы, өз азаматтарымыздың
мүдделеріне басым қамқорлық жасап, «әр азаматтың жақсы
тұрмысының өзі де тұрып жатқан мемлекеттің егемендігі
мен қауіпсіздігіне байланысты екенін» сөз жүзінде емес, іс
жүзінде нақтылы көрсетуі оң ықпал жасар еді.
Сонымен, еліміздегі ұлттық бірегейлену процесі қазір-
дің өзінде баяу да болса жүріп жатыр екен. Бұған дәлел:
тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарындағыдай этникалық
жіктер арасындағы жаттану мен бөтенсінудің азая баста-
ғаны. Соңғы күндердегі социологиялық зерттеулер нә-
тижесі көрсеткендей, халқымыздың басым көпшілігі біз-
дің еліміздегі этносаралық жанжал қатерінің сейілгенін
мойындайды. Ал, әр түрлі ішкі және сыртқы топтардың
59
1 Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
Қазақстандағы кейбір этностардың жағдайына жаны ашы-
ғансып, жанталаса дабыл қағуы жоғалта бастаған саяси
ұпайларын қайтаруға тырысқан әлегі ғана.
Кез келген ұлттың өзін өзі бірегейлендіруі ұзақ тари-
хи даму нәтижесінде қалыптасатын құбылыс екені белгілі.
Бірақ, қазақ халқы бірегейлену, тұтас ұлт боп ұйысу про-
цесінен баяғыда-ақ өткен. Бұған қазірдің өзінде 2 мил-
лион 700 мың шаршы километр алып аумақты иеленіп
отырған халқымыздың Алтай мен Еділ жағасында тұратын
өкілдерінің тілінде, мінезінде, әдет-ғұрпында, тіпті, қа-
нының құрамында титтей де өзгешеліктердің болмауы
дәлел. Көшпелі өмір салты, шаруашылық жүргізу үрдісі-
нің ұқсастығы, ел мен жердің ортақтығын сезіну түйсігі,
қалыптасқан дәстүрлі билік жүргізу және басқару жүйесінің
ғасырлар бойы сақталуы, біртұтас рухани-мәдени әлем…
бәрі-бәрі қазақ халқының бірегей ұлт ретінде қалыптасу
кезеңін әлдеқашан басынан өткізгенін көрсетеді. Тіпті,
біздің осынау бірегей салтымызды үш ғасырға созылған
сыртқы экспансиялық өктемдік, қитұрқы отарлау саясаты
да бұза алмады. Қаратау мен Алтайдың, Еділ мен Ертістің,
Маңқыстау мен Баянауылдың өз жері екенін ат жалын тар-
тып мінген қазақ баласының бәрі кітап оқымай жатып-ақ
біліп өсті.
Бірегейлену әртүрлі тарихи себептермен біздің еліміз-
ге қоныс тепкен, ондаған жылдар бойы қуанышымызды да,
қиындығымызды да бірге бөліскен, Қазақстанның өндірістік
қуатының негізін қалауға ат салысқан, бүл күндері тәуелсіз
еліміздің тең құқықты азаматтары болып отырған өзге
ұлт өкілдері жайында болып отыр. Бұрынғы КСРО атала-
тын, қолдан күшпен құрастырылған ортақ «шаңырақтың»
күйреп, оның орнына ұлттық идеяға сүйенген бірнеше
тәуелсіз елдердің пайда болуы алғашқыда біздің бұл от-
андастарымызды абыржытып тастағаны рас. Бұл жағынан
олардың әрқайсысының басқа жақта өзінің ұлттық мем-
лекеті немесе мемлекеттік құрылымы бар, ол жерде ана
60
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
тілі мен мәдениеті дамып жатыр. Ұлттық мақтаныш кез
келген адамның бойындағы табиғи қасиет екенін ескер-
сек, қазақстандық орыстың, немістің, украиннің, корейдің,
еврейдің, шешеннің т. б. алыстағы өз отанында болып
жатқан жақсылыққа сүйініп, қасіретке күйініп отыруы
заңдылық. Тіпті, болашақ үрім-бұтақтарының өз отаны-
на етене бауыр басқанын, ұлттық тілі мен мәдениетінің
қайнаған ортасында ержеткенін қалап, пәлен жылғы ыс-
тық қонысымен қимай қоштасып, ата жұртына үдере
көшу әрекетінің шын сырын да жүрегіңмен түсінесің. Бұл
процестің ешқандай саяси немесе экономикалық аста-
ры жоқ. Ата жұртына Монғолиядан, Қытайдан, Ресейден,
Ауғаныстаннан, Өзбекстаннан, Ираннан т. б. елдерден ке-
ліп жатқан қазақтарды қандай сезім жетелесе, Қазақстан-
нан көшіп жатқан бұрынғы отандастарымыз әрекетінің де
негізінде осы сезім жатыр.
«Өткенге салауат, қалғанға береке» дейді сан ғасырлық
тарихында мың өліп, мың тірілсе де келешегінен үмітін
үзбейтін біздің халық. Тәуелсіздік үшін, дербес ел болу жо-
лында тартар зардабымыз, шегетін азабымыз осымен бітсе
шүкіршілік етеміз де.
Ендігі міндет – қазағымыз ба, орысымыз ба, үйғырымыз
ба, немісіміз бе, әйтеуір, Қазақстан деп аталатын қасиетті
мекенге кіндігіміз байланған, оны шын көңілімізбен, адал
ниетімізбен отаным деп таныған он жеті миллионнан ас-
там халықтың бір жеңнен қол шығарып ұйысуы, бірте-
бірте демографиялық тежелуден шығып, асты да, үсті де
байлыққа толы кең байтақ атамекеннің кез келген бәсекеге
төтеп беретін атпал азаматтары боп ер жетуі.
Әбдімәлік Нысанбаев.
Егемен Қазақстан. – 7 мамыр, 2004.
61
2 Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
2 ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ
2.1
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА ЖӘНЕ ТҰЛҒАНЫҢ
РУХАНИ ҚАЛЫПТАСУЫ
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы 2003 жыл-
дың 4-сәуіріндегі Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауының негізінде жасалып,
Қазақстан Рес-
публикасының Ұлттық Қеңесінде қабылданып, (2004–2006,
2007–2009 жж.) іске асырылуда. Президент Жолдауын-
да посткеңестік кеңістікте алғаш рет мемлекеттік тілде
гуманитарлық білімге арналған толыққанды қор құру
жайлы кең және ауқымды мәселе қойылды. Бұл әлемдік
мәдениеттің, ғылымның, философияның, әдебиеттің, бүкіл
гуманитаристиканың ең үздік үлгілері толық қазақ тілінде
сөйлеуі керек деген сөз. Сонымен бірге қазақ халқының бай
рухани және мәдени мұрасы осы саладағы жетістіктерді
ескере отырып, қазақ тілінде толықтай көрініс табуы ке-
рек. Бұл қазақ халқының бай мәдени дүниетанымдық
інжу-маржандары мен мұрасының жүйеленуін, кең тара-
луын және насихатталуын қажет етеді. Мұндай күрделі
мәселе алғаш рет тек республика қоғамтанушыларының
ғана емес, бүкіл ел алдына қойылды. Ол жаһандану дәуі-
ріндегі елдің рухани қауіпсіздігін, мәдени өзіндік төл-ту-
малылығын, республиканың тәуелсіздігін нығайтуға, ұлт-
тық және мәдени бірегейлігін және жаңа қоғамдық сананы
қалыптастыруға өзінің үлкен әсерін тигізеді.
Тәуелсіздік алысымен «Қазақ даласының ойшылдары»
атты 4 кітаптан тұратын зерттеулер сериясы іске асты. Бұл
топтамалардың 4 кітабы жарық көрді. 2004 жылы Вашинг-
тонда менің «Қазақстандағы мәдени мұра және әлеуметтік
62
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
трансформация» атты көлемді кітабым ағылшын тілінде
жарық көрді. Ұлттық философиялық мұра бойынша жұ-
мыстарды кезең-кезеңге бөліп жүйелі жүргізуде осындай
зерттеулердің маңызы айтарлықтай болды.
ҚР БҒМ Философия және саясаттану институты Респуб-
ликаның жоғары оқу орындары өкілдерінің күш-жігерін
біріктіре отырып, «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі
қазақ халқының философиялық мұрасы» (20 томдық) топ-
тамасына қосу мақсатында іріктелген мәтіндерді құрас-
тыру, аудару, сараптама жасау, беташарлық мақала жазу,
түсініктемелер беру, ғылыми редакциялау сияқты кең кө-
лемде жүргізілген ғылыми жұмыстардың үйлестірушісі
болды. Сонымен қатар 20 томдық «Әлемдік философия-
лық мұра» және әл-Фарабидің «10 томдық шығармалар
жинағы» мемлекеттік тілде тұңғыш рет жарық көрді. Ма-
териалдарды сұрыптау осылайша ғылыми жұмыстардың
өркениетті елдердегі деңгейіне сәйкес шынайылық пен
объективтіліктің өлшемдеріне төтеп бере алады. Бұл дү-
ниежүзілік интеллектуалдық кеңістіктегі бәсекелестікке үй-
ренудің өзіндік көріністері деуге болады.
«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру – қазіргі
тәуелсіз Қазақстанның жаңарған рухани келбетін, жа-
һанданған әлемдегі жаңа Республиканың орны мен ұста-
нымын, оның өркениетті қауымдастықтағы беделі мен мәр-
тебесін көтеретін теңдесі жоқ гуманитарлық бағдарлама.
Бұл бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан Рсепублика-
сы Президенті әкімшілігі жетекшілігі орынбасары Мәулен
Әшімбаев басқаратын Қоғамдық кеңес өз жұмысын екінші
кезеңге (2007–2009 жж.) сәйкес тиімді де нәтижелі түрде
жүргізуде.
Әлемдік философиялық мұраны қазақ тіліндегі
оқырмандарға жүйелі түрде жеткізу мәселесіне тоқтала
кетелік. Сарапшылардың таңдаулары арқылы әлемдік
философиялық ойдың ең озық үлгілері іріктеп алынып,
қазақ тіліне аударылды. Платон, Аристотель, Кант, Ге-
63
2 Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
гель және тағы басқа философияның ғұламалары қазақ
тілінде сөйледі. Бұл антологиялық ұстынмен таңдаудағы
негізгі ұстын – ұлы философтардың шығармаларындағы
тәуелсіздігімізге демеу болатын, рухани жетілуімізге көмек
беретін идеяларды жас ұрпаққа барынша төлтумаға жа-
қын нұсқада жеткізу болып табылады. Бұл қадамдарымыз-
ды жүзеге асыру үшін күрделі философиялық мәтіндерді
қазақ тіліне тәржімелей алатын Қазақстандағы ең алдыңғы
қатарлы кәсіби мамандар жұмылдырылды. Жоғары мек-
тептің қазақ тілді студенттері мен магистранттарына, аспи-
ранттары мен докторанттарына, оқытушылары мен жалпы
оқырман қауымға жоғарыда жасалып жатқан игілікті істер-
дің шапағаты мол боларына сенімдеміз. Тек айта кететін
бір жәйт: жарық көріп жатқан томдарға көптеп сұраныс
болып жатқанымен таралымы өте аз көлемде болып отыр.
Сондықтан Қазақстанның барлық түкпірлеріндегі қалың
оқырманға «Мәдени мұра» бағдарламасының өнімдерін
жеткізуді, оларды кеңінен насихаттауды ғалымдар өз қолы-
на алғаны жөн деген пікірдемін. Әрбір ұлт өзінің мәдени
мұрасын жоғары деңгейде қадірлеген сайын ол әлемдік
жұртшылық алдындағы, Ұлы адамзат тарихы алындағы
мәртебесін биіктете түседі. Руханияты мен мәдениеті жо-
ғары халықтың болашағы да жарқын және айқын болады.
Адамзаттың рухани әлеміне барынша толыққанды көңіл
бөлгенімізден ешқашан ұтылмаймыз. Осындай тарихи қа-
дамдардың арқасында халқымыз өзінің мемлекеттік тілде-
гі білімін жетілдіру бағытында асқақ биіктерге көтеріліп,
Орталық Азияның нағыз рухани жетекшісі рөлін атаратын
тарихи субъектіге айналары анық деген ойдамын.
Қазірдің өзінде көп томды мәдени және философия-
лық мұраны жариялау жөніндегі жұмыс пен дайындық
процесінде әр түрлі әрі ұйымдастырушылық, әрі әдісна-
малық сипаттағы сұрақтар туындайды. Мысалы, қандай да
бір ойшылды, шығарманы таңдау барысында біз қандай
өлшемді жетекшілік етіп алуымыз қажет: оқу мен білім
64
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
беру бағдарламаларының мұқтаждықтарын қамтамасыз
етеміз бе? әлде халықтың ұлттық сана-сезімі мен мәдение-
тін дамыту негізігі бағдар жасаймыз ба? Ақиқат әрқашанда
аралық деңгейде орналасатыны белгілі. Бұл екі үрдісті,
бағыт-бағдарды мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру
барысында ескергеніміз жөн іспетті.
Адамзат тарихындағы ең қасіретті жиырмасыншы ға-
сыр бізге оңай мұра қалдырған жоқ: қырғын соғыстар, діни
экстремизм, терроризм, ұлтаралық соғыстар мен қақтығыс-
тар, рухани азғындық, экологиялық және антропологиялық
апаттар. Бірақ үміттің сәулесі, адамдардың санасы мен із-
гілікті еркіне деген сенім бізге өмір сүруге және болашақ-
қа қатысты жоспарлар құруға көмек береді. Бейбітшілік-
ті, тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету әлемдегі
адамзаттық болмыстың шынайы рухани негіздерін сақтау
мәдениет пен руханият арқылы іске асатыны даусыз.
Қоршаған әлемді, адами өмірді әр түрлі ұғымдар,
түсініктер, көркем бейнелер арқылы рухани игеруге ұм-
тылмайтын, даналық тағылымдарды қордаламайтын тарих
толқынындағы халық та, ұлттық мәдениет те болмайды. Ол
саланы қадірлемеу, оның философиялық байыбына же-
туге тырыспау этностың рухани құлдырауына, әлеуметтік
дағдарысына алып келуі мүмкін. Сондықтан дүниені әм-
бебап кейіпте танып-білуге, өрнектеуге талаптанатын фи-
лософиялық дүниетаным кез келген мәдениет үшін, тарихи
кезең үшін адамгершілік, гуманизм ұстындарын тарата-
тын маңызды феноменге айналады. Қазақ халқы даналыққа
құштар халық, философия оның өмір сүру формасы бо-
лып табылады. Ал, енді қазақ халқының сан ғасырлық та-
рихында орасан зор рухани байлық, даналық тағылымдары
болғаны және қазір де бар екені белгілі. Мәселе сол руха-
ни дүниені жүйелі түрде, кәсіби сараптаудан өткізе оты-
рып келесі ұрпаққа жеткізе білуде. Бұл біздің халқымыз
алдындағы рухани парызымыз. Міне, осы мағынада біздің
әріптестеріміз, қазақстандық философтар қауымы бірталай
ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқарды. Бұрын жеткілікті
65
2 Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
назар аударылмай келген философиялық танымның ұлт-
тық типіне барынша ыждағаттылықпен назар аударыла
бастады, тарихтың «ақтаңдақтары» болып келген көптеген
жаңа ойшылдар мен шығармаларға жаңа түсініктемелер де
беріліп үлгірілді.
Шығыстың бай әралуан философиялары, солардың
ішінде қазақ халқының философиялық мұрасы батыста-
ғыдай қалыптасқан философиялық жүйелерде емес, ми-
фологияда, поэзияда, фольклорда, музыкада, ауыз әде-
биетінде, мақал-мәтелдерде, қанатты сөздерде жатыр.
Әлемді, адамды, оның өзін-өзі тануын, сөйтіп өзін басқаға
таныту, бәсекеге қабілетті тұлғаның өмірдегі орны мен
рөлін философиялық-дүниетанымдық және дәстүрлі эти-
калық тұрғыдан жан-жақты зерделеуге айрықша мән беру
қазақ философиясының ерекше сипаты болып табылады.
Бұл тұрғыдан келгенде қазақ философиясы – шығыстық
философиядағы, ең алдымен, ұлы Абай «Адам бол!» де-
гендей, толық рухани жағынан жетілген адам болу рухын
қастерлеу мен зерделеу дәстүрін жалғастыра отырып, оны
өзіндік ең жоғары кісілік мазмұнмен байытқан философия.
Қазақ философиясы дегенде оның ежелгі түркілік бастау-
ларын, халықтық және кәсіби формаларын айтқан дұрыс.
Қазақ халқының философиялық мұрасын зерттеуші
ғалымдар осындай ерекшеліктерді ескере отырып, ұлттық
әдебиетті ұлттық философияның өмір сүру формасы ретін-
де түсінгені, жеке тұлғалардың поэтикалық мұрасындағы
бай философиялық-дүниетанымдық мазмұнды ашып көр-
сету үшін оны герменевтикалық және компаративистік
тәсілдердің көмегімен қайта саралағаны дұрыс болар еді.
Жалпы тарихи процесті зерделеудің қиындығы да осын-
да. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ ойшыл-
дары Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ах-
мет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев,
Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов,
Ғұмар Қарашев, Мәшһүр Көпеев және тағы басқа даналар
66
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
ой еркіндігін өздерінің дүниетанымының басты ұстын-
дарының бірі етті, сөйтіп жаңа ұлттық ояну философиясын
ұсынды.
Ұлттық және әлемдік философиялық мұраны игеру
тек тәуелсіздік жағдайында ғана толық іске аспақ, ал оның
негізгі мақсаты тұлғаның рухани қалыптасуын іске асыру,
ұлттық сана мен рухты ояту, оны тәуелсіздік жолындағы жа-
сампаздық іске қосу, сөйтіп, еліміздің рухани тәуелсіздігі
мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Әлемдік
философияның, яғни Ежелгі Қытай мен Ежелгі Үндістаннан
басталып, қазіргі Батыс Еуропалық постмодерндік филосо-
фияға дейінгі ғұламалар шығармаларының озық үлгілері
болып есептелетін антологиялық ұстынмен жинақталған
үзінділер мен тарауларды оқырмандарға ұсынудың аста-
рында қазақ тіліндегі жастардың философиялық мәде-
ниетін көтеру мақсаты жатыр, сонымен қатар жоғары оқу
орындарында жетіспей келген мемлекеттік тілдегі оқу
материалдарының орнын толтыру мүддесі алға қойылған;
екіншіден, бұрын жеткілікті деңгейде қолға алынбай келген
күрделі философиялық мәтіндерге аударма жасау мәселесі
жолға қойылып, елімізде философия саласында кәсіби ау-
дармашылар корпусы қалыптасты және олар өзара біріге
қызмет атқарудың арқасында көптеген философиялық
терминдерге ортақ, бірізді баламалар тауып та үлгірді.
Мәселен, глобализация деген ұғымды жаһандану деп, мен-
талитет деген ұғым діл деп айтылса, разум – зерде, рассу-
док – пайым деген кейіпте қолданысын таба бастады. Осын-
дай терминологиялық базаны нығайту мақсатын қойған
ғылыми тұрғыдағы қадамдар мемлекеттік тілдің еліміз-
дегі қолдану аясын кеңейтуге, оның мағыналық, ұғымдық
жағынан алғанда лингвистикалық қауқарын тереңдетуге
барынша игілікті ықпалын тигізеді деген ойдамыз.
Меніңше, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы
бойынша жарық көріп жатқан тамаша туындыларды
оқитын оқырман қауымды қалыптастырған жөн. Сонда
67
2 Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
ғана ұлттық рух пен ұлттық намыс оянады. Ұлттық және
әлемдік философиялық мұраны игеру жастарды тәуелсіз
және еркін ойлауға үйретеді. Ой еркіндігі, пікір дербестігі
қазақ халқының қанына туа біткен қасиет. Оған ақын-
жыраулар дүниетанымы, би-шешендер және ағартушылар
философиясы кепіл. Қалыптасқан пікірлер мен қағидалар-
ға күмәнмен қарау – қазақ ойшылдарының негізгі ұстыны.
Еркін ойлау Адамзаттың танымын кеңейткен талай-талай
ғылыми және техникалық жаңалықтардың ашылуына,
өнер мен шығармашылық туындыларының пайда болуы-
на, күрделі саяси-экономикалық мәселелердің шешілуіне
себеп болды.
Аудармашының ыждағатты еңбегін талап ететін қыз-
метін – басқа ешкім емес, негізінен, кәсіби философ-
тар атқаруы тиіс, өйткені философияның категориялық
(ұғымдық) аппаратының мәні мен мазмұнын бұрмалауға
жол беруге болмайды. Әдеби мәтіндердің тамаша тәр-
жімалаушылары немесе журналист-аудармашылар фило-
софиялық мән мен мазмұнның жіктелуі маңызды болып
табылатын мәтінмен жұмыс істей отырып, еріксіз түрде
шынайы басқа акценттер жасау арқылы мәтіннің мазмұнын
өзгертуі немесе оның мәнін оқырманға дейін толық жеткізе
алмауы мүмкін. Сондықтан тұтастай жұмыстың сапасын
қамтамасыз ету үшін қазақ мәдениетіне қатысы бар, әсіресе,
ежелгі, маңызды мәтіндерді іріктеуді, мәтіндердің ауда-
рылуы мен түпнұсқамен бірегейлігін тексеруді, біртұтас
категориялық аппарат пен бірыңғай терминологияны
жасақтау және философиялық редакциялауды, негізгі иде-
ялар мен қағидалардың түсініктемелерін дайындауды және
т. б. міндетіне алатын дайындық кезеңіне интеллектуалдық
тұрғыдан да, қаржылық тұрғыдан да ерекше көңіл аудары-
лу қажет.
Қазақ тіліндегі 20 томдық «Әлемдік философиялық
мұраға» қатысты бұл жауапкершілікті кәсіби философ-ау-
дармашылармен кадрлық қамтамасыз етілуін талап етіп
68
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
қана қоймай, ең алдымен, әлемдік философиялық ойдың
аса бай қазынасынан анағұрлым қөрнекті ойшылдарын
іріктеп алуды керек етеді. Олардың шығармаларын таңдау
біздің тәуелсіз еліміздің мәдени және рухани дамуының
қажеттіліктерінен туындауы тиіс.
Қазақ тілі әлемдік ойшылдардың рухани байлығы осы
тілде сөйлей бастағанында ғана, бұл тіл әрбір адамның
қүнделікті өмірқамында қажеттілікке айналғанында ғана
және оның сөздік қоры, коммуникативті және мәдени
қызмет аясы байытылғанда ғана, жаңа терминдер мен
ұғымдар пайда болғанда ғана толық қанды мемлекеттік
тілге айналады. Ендеше, мемлекеттік тіл философия тіліне,
ғылым тіліне айналады.
Философиялық аударма деген түбірінен жаңа сала
пайда болды. Осы жерде Аристотельдің «Метафизика-
сын», әл-Фарабидің «Музыка жайлы үлкен кітабын», Кант
пен Гегельдің шығармаларын және тағы басқаларын қазақ
тіліне аударудың қиындықтарын айтқан жөн.
«Қазақ халқының философиялық мұрасы» сериясы бо-
йынша «Қазақтың халық философиясы», «Қазақтың эти-
касы мен эстетикасы», «Қазақ ақын-жырауларының дүние-
танымы», «Қазақ ағартушыларының философиясы» және
тағы басқа томдар жарық көрді.
«Әлемдік философиялық мұра» бойынша «Антикалық
философия», «Жаңа дәуір философиясы», «Өмір филосо-
фиясы», «Ашық қоғам философиясы», «Постмодерн фило-
софиясы», «ХХ ғасырдағы тарих философиясы» және тағы
басқа томдар жарық көрді.
Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылығына арнал-
ған 10 томдық шығармалар жинағына ортағасырлық кемең-
гер ойшылдың бірнеше еңбектерінің нұсқасы еніп отыр.
Айта кететін жағдай бұл топтамада әл-Фарабидің «Музы-
ка жайлы үлкен кітабы», «Аналитика», «Мутакаллимдер
қолданған кіші силлогизм», «Теология» трактаты және т. б.
еңбектері алғашқы рет қазақ тіліне тікелей араб тілінен ау-
|