Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата29.01.2017
өлшемі1,4 Mb.
#2940
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
2.3 ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ 
РУХАНИ ТІРЕГІ
*
Әрбір  ұлттық  мәдениет  өзінің  дамуында  руханият 
дүниесіне  сүйенеді.  Әлемдегі  басқа  ұлттар  мен  ұлыстар 
сияқты қазақ халқының көп ғасырлық тарихында даналық-
тың озық үлгісі боларлық әлемді танып-білудің, зерделеудің 
өзіндік сипаттамалары, түркілік ерекшеліктерді танытатын 
философиялық ойлар мен тұжырымдар жеткілікті болғаны 
белгілі. Мәселе сол рухани інжу-маржанның қадірін біліп, 
қаймағын  бұзбай  қазіргі  жаһандану  заманында  жүйелі 
түрде  жинақтап  алуда  және  оны  әрбір  жаңадан  келетін 
жас  ұрпаққа  рухани  сабақтастықпен  жүйелі  түрде  бере 
білуде  болып  отыр.  Осы  жауапты  істі  абыроймен  жүзеге 
асырған  жағдайда  ғана  еліміздің  Еуразиялық  кеңістіктегі 
өзіндік ерекшелігі бар халық ретіндегі мәртебесі өседі, басқа 
халықтар алдындағы құрметімізді асқақтата түседі. Өйткені, 
өзінің  тарихта  қордалаған  маңызды  рухани  құндылықта-
рын құрметтеген, аялаған, өрбіткен ел ғана және оған жаңа 
заманда өзін-дік жаңғырту бедерлерін, келбетін бере білген 
халық  қана  адамзаттың  өркениеттік  аренасында  шынайы 
және ла-йықты бағалануға ие болатыны сөзсіз.
Әлемдік философияның бастауларын іздегенде көбіне-
се Ежелгі Қытай, Ежелгі Үнді елі мен Ежелгі Грекия атап 
өтіледі.  Алғашқы  тұтастанған  мағынадағы  философия-
лық мектептер, ағымдар мен бағыттар міне осы үш орта-
лықта пайда болған, ал қалған елдер осы үшеуінен тараған 
философиялық түсініктерді қолдана отырып өздерінің фи-
лософиялық  ұғымдарын  қалыптастыра  алған  деген  пікір 
қазіргі  кезеңде  көптеген  оқулықтарда  орын  алған.  Әрине, 
жоғарыда  аталған  өркениет  кеңістіктерінде  шынымен  де 
философияның  озық  үлгілері  тарихи  процестің  ерекше 
белгісіндей көрініс тапқанын мойындауға тиістіміз. Деген-
мен философиялық қайнар көздерді іздегенде әлемді руха-
ни игерудің рационалдық түрлерімен шектелмеуіміз керек, 
* С. Нұрмұратовпен бірге.

81
2  Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
адамзат  тарихының  сан  қырлы  мүмкіндіктерін  айшықтай 
түсіп қана оның бойындағы тылсым қуаты мен күшін, ора-
сан  зор  шығармашылығын  аша  түсеміз.  Міне  осы  тұрғы-
дан алғанда түркілік философиялық ойлар өзіндік тарихи 
ерекшеліктері бар дүние және ол көркем бейнелерді жан-
дандыра  түсетін,  белгілі  бір  тұтастанған  жүйеге  бағына-
тын, өзіндік келбеті бар рухани құрылым болып табылады.
Адамзат  тарихының  руханиятының  ең  маңызды  түп-
негізі  оның  ақыл-ойынан,  парасатты  дербес  ойлау  тә-
жірибесінен  байқалады.  Ойлаудың  ұғымдық,  түсініктік 
жүйеленуі  әлемдік  философиялық  дәстүрдің  жарқын 
көрінісі  ретінде  танылады.  Жалпы  адами  эволюцияның 
өлшемі  ретінде  даналық  үлгілерін  алуға  толық  болатыны 
анық. Осы тұрғыдан алғанда адамзат тарихындағы кез кел-
ген халықтан философиялық пайымдаудың үлкен жүйелі 
құрылымдарынан бастап өлшеулі деңгейдегі тұжырымдар 
мен түсініктерден тұратын ерекше сілемдер аралығындағы 
көптүрлілікті  аңғаруға  болады.  Олардың  барлығына  әр 
қилы бағалау беріп, әр түрлі өлшемдер арқылы сараптау-
дан өткізу міндеті гуманитарлық ғылымдар алдында тұрған 
қасиетті  міндет.  Дегенмен  негізінен  ойлау  жүйесінің  ада-
ми ұстындарының өзара ұқсастығына тәнті боламыз және 
әрбір  мәдениеттің  өзіндік  көріністерінің,  ерекше  сипатта-
рының  бар  екенін  де  мойындауға  тиістіміз.  Міне,  осыған 
орай  халқымыздың  өзіндік  ойлау  жүйесі,  философиялық 
мәдениеті бар екеніне еліміздегі көрнекті ғалымдары өткен 
ғасырдың екінші жартысында түбегейлі көңіл бөле бастады, 
философиялық мәселелер кәсіби тұрғыда игеріле бастады. 
Әрине,  қазақ  халқының  философиялық  ойы  жайлы   
еліміз  тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  бері  ғана  толыққан-
ды сипатта айтылып, қазақ және орыс тілдерінде бірталай 
еңбектердің  жарық  көргені  белгілі.  Қазақ  философиясы 
қазақ  халқының  өмір  сүру,  даму  және  көркею  формасы. 
Олардың кейбірі жеке монографиялар мен мақалалар бол-
са, біршамасы оқулық немесе оқу құралы түрінде көрініс 

82
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
тапты.  Бірақ  олардың  баспадан  шығу  даналары  да,  тара-
лу  ауқымы  да  жоғары  оқу  орындарындағы  күннен  күнге 
ұлғайып  келе  жатқан  зияткерлік  рухани  байлыққа  де-
ген  сұранысты  толығымен  қанағаттандыра  алмасы  анық. 
Оның  үстіне  философиялық  ойлау  тарихына  деген  көз-
қарас  біржақты  болмауы  тиіс,  ол  әртүрлі  түсініктердің 
сұхбатынан,  өзара  байланысынан  қалыптасқаны  тиімді. 
Сонда ғана жас ұрпақтың шығармашылыққа деген талпы-
нысы күшейе түседі, тарихи тұлғалардың дүниетанымдық 
жүйелері  бойынша  соны  ойлар  туындайды.  Міне,  осын-
дай  түпкі  астары  бар  жағдайды  ескере  отырып,  Елбасы-
мыз  «Тарих  толқынында»  атты  еңбегінде  қазақ  халқының 
руханиятының  тарихи  қайнар  көздерінің  бастауын  алты 
мың жылдық тарихтан туындатып, оны он екі кезеңге бөле-
ді. Әрбір кезеңнің сипаттамасын бере отырып, «Қазақтың 
сана-сезімі  өткендегі,  қазіргі  және  болашақтағы  –  тарих-
тың толқынында өзінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиетін 
түсінуге  тұңғыш  рет  енді  ғана  мүмкіндік  алып  отыр... 
Бірақ бұл мүмкіндік қана; ол шындыққа, тек қазақтардың 
ғана  емес,  барлық  қазақстандықтардың  жаппай  санасына 
орныққан фактіге айналуы қажет» деген ойды әлеумет пен 
ұлттық  философиялық  ойды  тұжырымдаушылар  алдына 
гуманитарлық парыз ретінде тартады.
Қазақ  философиясы  еліміздің  рухани  тәуелсіздігінің 
көрінісі болып табылады. Қазақ философиясы адамзат та-
рихында ғасырлар бойы қалыптасқан әлемдік философия-
ның  ажырамас  құрамдас  бөлігі  екені  белгілі.  Күні  кешеге 
дейін бұл тақырыппен байланысты мәселелердің барлығы 
мұқият  бақылауда  болып,  көбісі  тыйым  салынған  жабық 
дүниелер қатарында болып келгені баршаға аян. Өйткені, 
социализмнің  ұстындары  тек  бір  коммунистік  идеяның 
төңірегіне  шоғырланғандықтан  оған  сәйкес  келмейтін 
басқаша  мағынадағы  түсініктердің  барлығын  жоққа  шы-
ғарып  отырды.  Тіпті,  бұл  тақырыппен  айналысамын  де-
ген  зерттеушілердің  әрекеттеріне  өткен  қоғам  «ұлтшыл-

83
2  Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
дықтың  жалауын  көтеру»  деген  үстірт  бағалаулар  беруге 
асыққаны  да  рас.  Тоталитарлық  қоғам  қазақ  философи-
ясымен  айналысамын  деген  азаматтардың  осы  мақсатта 
ұлттық  ойлау  жүйесін  жандандыруға  ұмтылғандарын  да 
осындай  бағалаулармен  шектеп  отырды.  Міне,  осындай 
идеологиялық тұмшалаудың арқасында тарих сахнасында 
әртүрлі рухани тереңдіктердегі өздерінің даналыққа толы 
тұжырымдарын  бұқара  халыққа  жеткізген  ойшылдардың 
шығармаларының мәтін түрінде қоғамда кең тарамай және 
ғылыми  зерттеулер  түрінде  өз  бағалауларын  ала  алмай 
ондаған жылдар бойы уақыт өткізгені белгілі.
«Қазіргінің  талай  елін  қайран  қалдырған  осынау  бай-
тақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем, – деп атап көрсетті 
Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты 
кітабында, – тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шек-
телмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. 
Содан  да  болар,  қазақтың  поэзиялық  шығармашылығын-
да  мейлінше  терең  танымдық  қасиеттер  бар.  Сондықтан 
да  қазақтың  дәстүрлі  поэзиясы  ұдайы  философиямен 
шендесіп  жатады».  Қазақ  халқының  тарих  философия-
сы,  халық  философиясы,  би-шешендерінің  философиясы, 
ақын-жырауларының дүниетанымы өмірге келді.
Қазақ халқының философиялық және әлеуметтік ойын 
зерттеуші ғалымдар осындай ерекшеліктерді ескеріп, ұлт-
тық  әдебиетті  ұлттық  философияның  өмір  сүру  пошы-
мы  ретінде  түсінгені,  көркем  әдебиет  туындыларын  салы-
стырмалы талдау әдісін қолдана отырып зерделегені, жеке 
тұлғалардың  поэтикалық  мұрасындағы  философиялық 
мазмұнды ашып көрсету үшін оны философиялық ойлау 
құралдары  көмегімен  қайта  саралағаны  дұрыс  болар  еді. 
Енді,  міне  қазіргі  уақытта  жаңа  заманның  тарихи  кезеңі 
келді, рухани дүние де демократиялана бастады, яғни ойлау 
еркіндігінің ұстындары қоғамдық санада беки түсуде. Сөй-
тіп,  бұл  басқа  мәдени,  саяси  дәуір  орыстың  философия-  
лық даналығының, қазақ халқының және басқа да халықтар-

84
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
дың  ой-тұжырымдарының  тарих  доңғалығының  астында 
жоғалып  кетпей  олар  халықтың  рухының  терең  тамыр-
ларында  бойлай  орналасқанын,  өмір  сүргенін  байқатты. 
Мәңгіге жабылған шығар, енді олар Ақиқат әлемінен орын 
теппес деген тарихтың «ақтаңдақтары» бірте-бірте ғылыми 
кеңістікте  мамандар  үшін  ізденістер  ауқымы,  нысаны  ре-
тінде күн санап ашылу үстінде. Сол рухани күштердің, та-
рихи деректердің еркіндікке шығу кереметін, яғни басқаша 
айтқанда, халық рухының шабыттық асқақтауын қазіргі за-
манда өз көзімізбен көріп, оның куәсі болып отырмыз. Бұл 
құбылыстар шын мәнінде қазіргі тарихи кезеңнің дәуірлік, 
шынайы тарихи сипаттамасы болып табылады, этникалық 
жаңғыруымыздың бастамасы болары хақ.
Шыныменде,  егер  қазіргі  замандағы  «шынайы»  фило-
софияның  өлшемі  ретінде  тек  батыстық  модельді  алатын 
болсақ,  онда  оған  ұқсамайтын,  сәйкес  келмейтін  барлық 
ұлттық философиялар «философия» деп аталудан қалады. 
Олар класикалық неміс философиясындай гносеологиялық 
және  логикалық  мазмұнның,  теориялық  құралдардың 
және  категориялық  безендірудің  жоқ  екенін  желеу  етеді. 
Бірақ  мұндай  дәйектеудің  түп  негізі  күйреген.  Өйткені 
әлемді  рухани  игеруде,  зерделеуде  қатып  қалған  бір  ғана 
философиялық үлгі болуы мүмкін емес. Жалпы адамзаттың 
рухани  әлемінде  Ақиқатқа  қарай  ұмтылудың  даналыққа 
толы пайымдаулары сан түрлі формада көрініс бермей ой-
саналық даму туралы жартымды сөз қозғау болмасы анық. 
Сондықтан әрбір халықта өзіндік философия қалыптасқан 
және бар деген жөн. Олар болашақта әр қайсысы өз шамасы 
келгенше адамзаттың жалпы мәдениетіне шығармашылық 
тұрғыдан өз үлестерін қоса беретініне күмән келтіруге бол-
майды.  Бұл  ой-тұжырымдарды  толығымен  кешегі  түркі-
лік  заманнан  бастау  алған  қазақ  философиясына  да  бай-
ланысты айтуға болады.
Ал,  енді  қазақ  философиясының  толыққанды  зерт-
телуі  үшін  және  оған  қатысты  ғылыми  ізденістердің  өр-

85
2  Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
буі үшін елімізде тәуелсіздік алған уақыттан бері қолайлы 
кезеңдер  орнай  бастағаны  белгілі.  Философия  және  сая-
саттану  институтутында  қазақ  философиясын  зерттеу-
ге  арналған  бөлімнің  ашылуы  бірнеше  ұжымдық  моно-
графиялар  шығарып,  көптеген  жас  ғалымдардың  қазақ 
философиясы  бойынша  диссертациялар  қорғауына  мұ-
рындық  болды,  тәуелсіз  Қазақстанның  түкпір-түкпіріне 
гуманитарлық  сала  бойынша  қажетті  аса  білікті  кадр-
мамандар дайындауға өзінің қомақты үлесін қосты. Сонау 
тарихтың  қойнауында  жатқан  рухани  мұраларымызды, 
тарихи  тұлғаларымызды  қайта  жаңғыртуға  талаптанған 
ғалымдарымыз Қорқыт Ата, әл-Фараби, Ибн Сина, Қожа 
Ахмет  Иасауи,  Ахмед  Иүгінеки,  Махмұд  Қашқари,  Жү-
сіп  Баласағұни,  Асан  Қайғы,  Қадырғали  Жалайыри,  қа-
зақтың  билері  мен  ақын-жыраулары,  Махамбет,  Шоқан, 
Абай, Шәкәрім, Ғұмар Қараш, Мұстафа Шоқай, Мағжан 
Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев сияқты 
есімдердің философиялық мағынада халық жадында жан-
дануына  өз  еңбегін  сіңірді.  Ол  өзінің  еңбектерінде  қазақ 
халқының  басқа  халықтар  сияқты  философиялық  ойлау 
жүйесі  тарихи  маңызды  құбылыс  ретінде  қалыптасқа-
нын  және  оның  қайталанбас  өзіндік  ерекшеліктері  бар 
екендігін үнемі ескертіп отырады. «Біз өзімізге этникалық 
тегіміз жағынан келсек, мың жылдан аса мәдениетіміз, та-
рихымыз, философиямыз бар халықпыз» деп тұжырымды 
халықтың  әлем  туралы  образдары  мен  түсініктеріне  қа-
рап,  оның  ұлттық  рухы  мен  діліне  сүйеніп  отырып  ай-  
туға болады. 
Қазақтардың ежелгі түркілік дәуірі кезеңінде дәстүрлі 
дүниетанымы  болғаны  мамандарға  белгілі.  Міне,  сондық-
тан  халықтың  дүниетанымының  семантикалық  діңгегі, 
онтологиялық  тірегі  ретінде  «құт»  ұғымы  алынады.  Шы-
ныменде  қазақтың  ұлттық  болмысында  «құт»  деген  терең 
ұғыммен  өмірдің  барлық  саласы  байланыстырылады.  Кез 
келген әлеуметтік немесе рухани құбылыстың мағыналық, 

86
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
мазмұндық,  құндылықтық  көрінісі  жеке  адам  үшін  не-
месе бүтіндей халық үшін құтты, қайырлы болмаса, онда 
оның  өзіндік  келбетінің  әлеуметтік  субъект  үшін  мәні  де 
жоғалатыны анық. Бұл тұжырымдар өз кезегінде өткен та-
рихи кезеңдердегі және қазіргі таңдағы әлеуметтік процес-
ке, әлеуметтік практикаға берілген жан-жақты және оңды 
аксиологиялық  сипаттама  болары  сөзсіз.  Қазақтың  ділін 
жақсы түсінетін адам оның ұлттық дәстүрінде материалдық 
құндылықтарды  иеленуге  ұмтылушылық,  оның  қызығына 
дәнігушілік пен құнығушылық сияқты әдеттерді халқымыз 
өзінің  қоғамдық  санасында  дәріптемейтіндігін  байқайды. 
Сондықтан  да  болар  мұсылмандық  дүниетаным  арқылы 
келген «қанағат», «сабыр», «тәуба» сиықты терең мағыналы 
ұғымдар халқымыздың әлемді түсіну көкжиегіне үйлесім-
ді сіңісіп кеткені көрінеді. «Қанағат қарын тойғызар» деген 
халқымыз  әрбір  нәрсенің,  әрбір  құбылыстың  өз  мөлшері, 
үйлесімділікке  сай  келетін  өлшемі  болады  деп  түсінген. 
Олар  халықтың  дүниетанымында  диалектикалық,  логика-
лық,  экзистенциалдық  түсініктердің  қалыптасқандығын 
білдіретін әлемге қатынастардың болғанының дәлелі. Хал-
қымыз  адамзат  тарихында  моральдік-этикалық  қалып-
тарды өзінің дүниетанымына негізгі арқау еткен этностар-
дың қатарына жатады. Бұл жағынан алғанда сан ғасырлық 
дәстүрлі  тарихы  бар  Шығыстың  даналығын  қордалаған 
қытайлықтардың  құндылықтық  бағдарларымен  біршама 
ұқсастығымыз  да  бар  деуге  болады.  Ал,  енді  басқа  ха-
лықтардың әлеуметтік тіршілігіндегі онтологиялық тіректі 
рухани  дүниенің  әртүрлі  салаларынан  таба  біліп  (жапон-
дар эстетикадан, римдіктер құқықтан, гректер философия-
дан,  парсылар  поэзиядан  және  т.  б.),  басқа  салаларды 
сол  жүйені  тұтастандыра  құраушы  элементтері  ретінде 
қарастыруы  шын  мәнінде  жалпы  өмірдің  терең  құпиялы 
мәнін философиялық тұрғыда ашады.
Қазіргі  кезеңде  ғалымдар  еліміздегі  философияның 
болашақта  тереңірек  зерттелуге  тиісті  мәселелерінің 

87
2  Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
қатарына  –  руханилық,  құндылықтар,  өзара  түсінісу, 
сұқбаттасу  сияқтыларды  алға  тартады.  Шынымен  де  қо-
ғамдағы  орнықтылық  пен  тұрақтылықты  сақтауды  алды-
мен ойласақ, онда әрбір азаматқа төзімділік, сабырлылық, 
толеранттық,  сыйластық  сияқты  қасиеттердің  қажеттігі 
туындайды.  Ал  соңғылары  адамның  бойында  шынайы 
руханилықты,  рухани  құндылықтарды  дәріптеп,  оларды 
асқақтата  бастаған  кезеңнен  бастап  қалыптаса  бастайды. 
Міне, осындай философиялық құрылымдардың арқасында 
тәуелсіз елдің жаңа философиялық келбеті орнығары анық. 
Өзіндік  философиясын  қалыптастыратын  халық  біршама 
есейген қауымдастық болғаны.
Жоғарыдағы аталған мәселелер біздің халқымыздың сан 
ғасырлар бойы әртүрлі діни сенімдерді өзіне бағдар етіп алған 
тарихын білуге итермелейді. Әсіресе, Х ғасырдан бері Қазақ-
стан  территориясына  кеңінен  тарай  бастаған  ислам  дінінің 
құндылықтары мен руханияттың дамуы тікелей байланысты 
екені белгілі. Осы орайда бірнеше еңбектер еліміздегі ислам 
философиясының  қалыптасуына  арналғанын  атап  өтуге  бо-
лады. Ол еңбектердің негізгі арқауы болған идея әрбір халық-
тың  дүниетанымды  таңдау  еркіндігінің  бар  екендігін  дәлел-
деу  болып  табылады.  Шыныменде,  қазақ  философиясының 
антропологиялық және этикалық ұстынға жүгінетін бағдары 
мұсылмандық  қалыптармен  қайшы  келмейді,  керісінше, 
олар бір-бірін барынша толықтыратындығы белгілі. Сол діни 
ұстанымдарды ту етіп ұстап азаматтар Қазақстан халқының 
ішіне конфессияаралық іріткі тудырумен айналыспауы керек. 
Сондықтан діннің саясаттан, мемлекеттік істерден алысырақ 
болып,  жеке  адамның  дүниетанымдық  жүйесінде  өзінің 
конструктивтік,  пайдалы  қызметін  атқарғаны  абзал.  Абай 
айтқандай,  дінге  сенудегі  шынайылық  қана  өзінің  рухани 
нәтижесін беріп, пендені Ақиқатқа жақындата түсері анық.
Жалпы  исламның  дүниетанымдық  көпқырлылығы, 
әсіресе,  адамгершілік  мәселелері  исламның  қазақ  даласы-
на  таралған  алғашқы  және  одан  кейінгі  тарихи  кезеңде-

88
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
рінде  Даланың  ұлы  дана  ойшылдарының  философиялық 
тұжырымдарынан  да  көрініс  тапты.  Біздің  ойымызша, 
исламның ерекше мәдени жетістігін және оның диалог пен 
түсіністікке негізделген әлем мәдениетінің айнасы атанған 
қағидаттарын  түсінген  атақты  жерлес  бабамыз,  өз  зама-
нында ғылымға жан-жақты ойшылдығымен танылған Әбу 
Насыр  әл-Фараби  және  оның  ізбасарлары.  Қазақ  даласы-
ның пірі, данагөйі, барша түркі елінің тәлімгері әрі ұстазы 
Қожа Ахмет Иасауи, ұлы ойшыл және әлем мәдениетінің 
данышпаны  Абай  мен  оның  ізбасары,  ойшыл  Шәкәрім 
шығармаларына  жүгіну  арқылы  халқымыздың  ұлттық 
діліне  жақын  адамгершілік  және  кісілік  философияның 
әлемін ашуға болады.
Қазақ халқының философиялық мәдениетіне мән беріп, 
назар  аударған  ғалымдардың  көбісі  халықтың  дәстүрлі  дү-
ниетанымында «көркем образдар» ғаламы үстемдік ететінін 
байқайды. Шыныменде, қазақтар әлемді ұғымдық мағынада 
шегелеп  көрсетуден  гөрі,  көркем  бейнелермен  астарлап 
өрнектегенді  қалап  келген  халықтардың  қатарына  жатады. 
Оның  бұл  ерекшелігі  оның  кемшілігі  болып  есептелмейді, 
керісінше, ақынжанды халықтың арманшылдығын, ақкөңіл-
ділігін  және  даналығын  білдіреді.  Дегенмен  сан  ғасырлар 
бойы ділге әсер еткен ауыр психологиялық соққылар мен сая-
си қыспақтар бұл ерекшелікті біршама көмескілеп, тұмшалап 
тастағаны байқалады.
Ал қазіргі кезеңде жаһандану процестері алып келген сұ-
рықсыздық, тұтынушылық психологиясы мен дарашылдық, 
өзімшілдік  философиясы  қазіргі  замандасымыздың  санасы-
на енбей қоймайды. Міне, сондықтан бұрынғы кісілікті, ізгілік-
ті, қайырымдылықты, құтты бәрінен жоғары қоятын халық-
тың  санасы  өзгерістерге,  яғни  трансформацияға  ұшырауда. 
Сөйтіп,  жаңа  тұрпайы  материалистік,  прагматистік,  тіпті, 
утилитарлық  сипаттағы  құндылықтар  жүйесі  қоғамдық  са-
нада беки түсуде. Мұндай теріс мағынадағы процестер Жер 
бетіндегі барлық халықтардың тағдырына қатысты екені бай-

89
2  Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
қалады.  Қазақтар  сол  тұтастықтың  бір  бөлігі.  Осыған  орай 
қазақ халқының тағдыры абстрактілі мәселе емес, ол сол ха-
лықтың  әрбір  өкілінің  бақытты  өмірімен,  дүниетанымымен 
астасып жататынын айтуға болады. Ал әрбір тұлға бақытты 
болуы үшін халықтың ғасырлар бойы қордалаған даналыққа 
толы  рухани  байлығын  игеруі  тиіс  және  әлеуметтің  әрбір 
ғылыми  мәселесін  жан-жақты  зерделеу  әріптестеріміздің 
қасиетті парызы.
Менің  ғылыми  басшылығыммен  «Қазақ  даласының 
ойшылдары»  атты  көптомдық  жинақ  бірнеше  жылдар 
бұрын  Институт  ғалымдарының  еңбегі  нәтижесінде  жа-
рық  көрген  еді.  Өкінішке  орай,  кезінде  бұл  топтамадағы 
материалдардың  Қазақстан  Республикасының  интеллек-
туалдық  кеңістігі  көлемінде  кеңінен  таралмады,  баспа 
таралымының  аздығынан  студенттердің  қолына  жете 
қоймады.  Міне,  осындай  мәселелер  ізденушілерді  жаңа 
пәрменді  жұмысқа,  зерттеуге  итермелейді.  Қазақ  фило-
софиясы  тарихының  мазмұнды  тұстарын  баяндаудағы 
аталған олқылықтарды кәсіби деңгейде болдырмау мақса-
тында,  сонымен  қатар  қазақ  философиясының  қыры  мен 
сырын белгілі бір теориялық жүйеге келтіру үшін ғалым-
дар тарапынан әлі де көптеген тер төгілуі керек. Бұл жұмыс-
тың бір сәтті әрекеттермен бітпейтіндігі бесенеден белгілі. 
Бізге  орыс  ағайындардың  өздерінің  тарихта  қордаланған 
философиялық байлығын жинақтап, «орыс философиясы» 
деген  ұғымды  толыққанды  ғылыми  айналымға  қосқанды-
ғы үлгі болуы тиіс. 
Ғалымдардың  болашақтағы  зерттеулерінің  негізгі 
мақсаты  –  қазақ  философиясының  көп  ғасырлық  тари-
хында  орын  алған  дүниетанымдық  әмбебаптар  мен  руха-
ни  құндылықтарға  ғылыми  түсініктемелердің  көкжиегін 
кеңейту,  оқушы  қауымды  зияткерлік  сұхбатқа  шақыру, 
жас  ұрпақты  шығармашылыққа  баулу  болып  табылады. 
Жетілген  ұлт  болудың  бірден-бір  жолы  жан-жақты  терең 
тәуелсіз ойлай білетін, кез келген күрделі мәселені зерде-

90
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
лей  алатын  қауымдастықты  тәрбиелеу,  әлеуметтің  руха-
ни  деңгейін  асқақтатып,  әлем  туралы  пайымдаулардың 
тұтынушы қоғам ғана деңгейінде қалып қоймауды ескеру 
болып табылады.
Жалпы  философияның  өзі  адамдардың  еркін  ой-
лау  мәдениетін  қалыптастыруға  бағытталған  ілім.  Оның 
құрылымынан  догмалық  түрде  қатып  қалған  көзқарас-
тарды,  түсініктерді  іздеу  жаңсақтық.  Ол  үнемі  ағып  жат-
қан  өзендей  түрленіп  жаңғырып  отыруы  тиіс.  Тек  тота-
литарлық  қоғамда  ғана  философияның  аясы  тарылып, 
белгілі  бір  идеологиялық  қалыптардың  ауқымдарымен 
шектеліп  отырылды.  Әрине,  ол  дегеніңіз  белгілі  бір  іргелі 
ұғымдар  болмайды  деген  сөз  емес.  Қазақ  дүниетанымы 
үшін ондай базалық негіз болған әмбебап ұғымдар бар екені 
белгілі.  Мәселен,  қазақтың  дүниетанымдық  әлемі  этика-
лық ұстындарды, негізінен, адамаралық қатынастарда өзек-
теп,  биікке  шығарып,  оны  барлық  бағдарлардан  жоғары 
қоятындығы анық көрсетіледі және осы ұстаным зерттеудің 
басымдылық танытатын әдіснамалық қағидасына айналған.
Әрбір  этникалық  мәдениет  қазіргі  кезеңде  өзінің  төл-
тумалық  мәдениетін  сақтау  үшін  ұлттық  бірегейлігін, 
даралығын  білдіретін  құндылықтар  жүйесіне  көңіл  ауда-
руда, сондықтан оны сақтауға, әрі қарай дамытуға жанта-
ласуда.  Шығыстық  ділге  сәйкес  келетін  ерекшеліктер  мен 
батыстық  өркениеттік  сипаттардың  жетістіктерін  син-
тездеу  арқылы  еліміздің  өзгешелігіне  сай  келетін  ұлттық              
идеяны, құндылықтық бағдарды анықтау мәселесі тұр. Бұл 
мақсатқа  қоғамды  іштей  біріктіру,  топтастыру,  ешкімді 
көзқарасына  қарап  алаламау,  сөйтіп,  әрбір  адамның 
әлемдегі  өзіндік  құндылығын  бағалау,  асқақтату  сияқты 
теориялық іргетастарға әлеуметтік қатынастар негізделген 
жағдайда ғана қол жеткізуге болады. 
Қазіргі  кезеңде  Қазақстан  өзінің  болашағын  анықтау 
үстінде,  сонымен  бірге  әрбір  қазақстандықтың  көңілінде 
жатқан  көптеген  сұрақтардың  шешімі  табыла  бастауы 

91

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет