Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


 Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата29.01.2017
өлшемі1,4 Mb.
#2940
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

2  Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
мүмкін.  Ал,  енді  экономиканы,  әлеуметтік  мәселелерді 
бір  жүйеге  келтіру  арқылы  қоғамға  тиімді  рухани  құн-
дылықтар  жүйесін  қалыптастыруға  болады  деген  үстірт 
пікір.  Себебі  руханилық  қолайлылықтан  туындамайды. 
Керісінше, ол қиындықты адамдар жұмыла отырып бірге 
жеңе  білуге  үйрену,  ешкімді  шыққан  тегі  мен  түр-түсіне, 
өмір  сүру  салтына  қарамай  шеттетпеуден  басталады.  Ал, 
руханилық  орныға  бастаған  қоғамда  құндылықтар  әлемі 
өзінің  нағыз  шынайы  бейнесінде,  өз  формасында  болмы-
сын көрсетеді және адам үшін қызмет етеді, жеке тұлғаны 
бұл өмірде бақыттылыққа жеткізеді. Қазақ ойшылдарының 
шығармашылығында осындай бағыттағы даналық үлгілері 
көптеп кездеседі. 
Тарихи  процестің  үздіксіздігін  қамтамасыз  ететін,  ру-
хани сабақтастыққа, ынтымақтастыққа негіз болатын руха-
ни  құндылықтар  еркіндік  пен  шығармашылықтың,  қайы-
рымдылық  пен  ізгіліктің  арқасында  қалыптасады  және 
дамиды. Адамның әлемге қатынасын айқындаушы фактор-
лар  Ақиқаттың  заңдылығымен,  оның  үйлесімділікке  толы 
ұстанымдарымен астасып жатады. Ал енді бір кезеңдердің 
өткен көшпелі мәдениетке сай құндылықтар жүйесі өзінің 
ділінде  адамның  табиғатпен  үйлесімділігін  дәріптеумен 
ерекшеленеді.  Дәстүрлі  қоғамның  рухани  құндылықтары 
көбінесе  адамды  тұрақтылыққа,  әсемдікке  жетелейді, 
оның  бойындағы  бояулар  нәзік  лирикамен  көмкерілген, 
техногендік  прагматизмнен,  утилитаризмнен  алыстау  бо-
лып  келеді.  Сондықтан  қазіргі  заманның  өркениетті  бағ-
дарлары,  нанотехнологияға  бетбұрған  индустриалдық  да-
муы  дәстүрлі  қоғамның  рухани  байлығын  тұтастай  жоққа 
шығармауы тиіс, оны тиісті жерінде пайдалана білгені жөн.
Қазақстандағы  қазіргі  философияның  алдында  жаңа 
әлеуметтік  және  саяси  шындықтың  күрделі  мағынасын 
ашу,  қазіргі  кезеңнің  қайшылықтары  мен  ерекшеліктерін 
анықтау,  тәуелсіз  Қазақстанның  өркениетті  ел  қатарына 
кіруінің  мәдени-тарихи  алғышарттарын  байыптау  сияқты 

92
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
қиын да күрделі міндеттер тұр. Жаңа философиялық білім 
беру,  ғылыми-техникалық,  ұлттық  және  мәдени  саясатты 
қалыптастыру  мәселелері  сананың  азаматтық  қоғам  мен 
нарықтық  экономиканың  құндылықтарына  бағдар  ұс-
тануын  қажет  етеді.  Жаңа  құндылықтарға  бағдар  ұстану 
Қазақстан инновациялық дамуының демократиялық жол-
мен өрбуіне, әлеуметтік қатынастардың қоғамды біріктіре 
түсетін құрылысқа айналуына негіз бола алады. Бұл этно-
саралық  және  конфессияаралық  келісімнің,  әлеуметтік 
және  саяси  тұрақтылықтың,  ел  бірлігінің  республикада 
нығая түсуіне ықпал етеді. 
Ал, енді ұлттық қауіпсіздіктің қайнар көзі болатын Қа-
зақстан халқының рухани бірлігі мәселесі осы ұлттық фи-
лософияның  қалыптасуы  мен  дамуы,  яғни  халқымыздың 
руханиятының  үйлесімді  өрбуі  құбылыстарымен  тікелей 
астасып жатады. Халқымыздың этнофилософиясының маз-
мұнды тұстарын жақсы көрсете білген сайын ұлтымыздың 
рухани әлемі байи түседі. Ол өз кезегінде еліміздегі әрбір 
азаматтың  жеке  дүниетанымында  сапалы  өзгерістер  әке-
ліп, оларды даналық әлеміне де жақындата түседі. Елбасы-
мыз  бұл  бағыттағы  іс-шаралардың  орнықты  жүзеге  асуы-
на мүдделі және ол өзінің қомақты үлесін қосуда. Жалпы 
қоғамдағы  дағдарысты  процестерді  еңгерудің  тереңінде 
қоғамдағы рухани тіректерді нығайту проблемасы тұрады. 
Сондықтан ұлттың философиялық жасампаз, руханиланған 
даналық әлемін көркейте түскен сайын еліміздегі өркениет-
ті және орнықты дамудың іргетасын нығайта түсеміз, әрбір 
құбылыстың және әрекеттің терең мағынасын анықтай ала-
мыз.  Бұл  тәуелсіздіктің  барлық  қырларын  бекітіп  жатқан 
әлеумет  үшін  маңызды  және  қазіргі  заманда  қазақ  фило-
софиясы үшін идеялар мен түсініктер бәсекелестігіне түсе-
тіндей мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан- Zаман. – 1 шілде, 2010.

93
2  Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
2.4 ТӘУЕЛСІЗДІК. МӘДЕНИ МҰРА. ҰЛТТЫҚ ОЯНУ 
Күні бүгінге дейін жинақталған халқымыздың бай ру-
хани  және  мәдени  қазынасын  біз  ұлттық  тәуелсіздік  тұр-
ғысынан таразылай бастасақ, оның болашақта бүкіл әлемді 
елең  еткізуі  мүмкін  ерекше  қуаты,  ең  алдымен,  фило-
софиялық-дүниетанымдық  астары  өте  терең  сөз  өнеріміз 
бен саз өнерімізде жатқанына көз жеткізер едік.
Әр  дәуірде  ежелгі  Қазақстанды  қоныстанған  арий, 
ғұн,  сақ  тайпалары  «кейін  басқа  жаққа  көшіп  кеткен, 
олардан  қалған  мәдениеттің  сіздерге  қатысы  жоқ»  дейтін 
қызғанышқа толы қаңқу пікірлер кейде кездеседі. Қазақ кең 
байтақ  даласындағы  мәдениет  дамуының  біртұтастығын, 
ежелгі дәуірлерден бастап күні бүгінге дейін үзілмей келе 
жатқан  күретамыр  желісін  сырттағы  «зерттеушілерден» 
гөрі мына сіз бен біз жан дүниемізбен анығырақ сезінеміз. 
Сол  дәуірлерден  сақталған  таңбалы  тастардағы  суреттер-
ді  де,  «Авестадағы»  жырларды  да,  Анахарсистің  қанатты 
сөздерін  де  біз  өзгелерден  гөрі  өзгешелеу  түйсікпен  те-
реңірек ұғынамыз, түсінеміз. Бұл – бір. 
Екіншіден,  «Тоныкөк»,  «Күлтегін»  іспетті  тасқа  қаша-
лып  жазылған  жырлар,  Қорқыт  Ата,  Әбу  Насыр  әл-
Фараби,  Қожа  Ахмет  Иасауи,  Махмут  Қашқари,  Жүсіп 
Баласағұн, Сүлеймен Бақырғани сынды бабаларымыз түбі 
бір түркі жұртының бәріне ортақ десек те, «қара шаңырақ 
иесі болып қалған» (Мағжан Жұмабаев) қазақ халқына ете-
не  жақын.  Сондай-ақ,  хатқа  түсіп,  Еуропа  мұрағатында 
қатталып  қалған  қыпшақ  дәуірінің  жәдігері  –  «Кодекс 
куманикустағы»,  өзге  де  тарихи  жазбалардағы  жырлар-
дың  да  түпкі  иесін  тапқаны  ешкімнің  намысына  тимес. 
Осылардың барлығы біздің бай мәдени мұраларымыздың 
бастаулары, ежелгі көшпелілер дүниетанымын қалыптас-
тырған тұлғалар.
Абай  мұрасы  Шығыс  пен  Батыс  әдебиетіндегі  озық 
көркемдік  әдістердің  қазақ  топырағындағы  тоғысуы  ғана 

94
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
емес,  бұл  –  халқымыздың  тереңнен  тамыр  тартқан  руха-
ни  қуатының  жаңа  пішін  мен  жаңа  көркемдік  әдіс  тауып, 
әлемдік  мәдениет  өріне  қарай  толқуы.  Ұлы  Абай  ұлттық 
мәдениетіміздің бойындағы булыққан рух сынды бұлақтың 
көзін ашты. Оның кепілі ретінде оның әлеуметтік онтологи-
ясы – әлеуметтік болмыс туралы ілімі.
Абайдың  шығармашылық  кезеңі  дәстүрлі  қазақ  қо-
ғамын өз дамуының жаңа деңгейіне және әлеуметтік бол-
мыс  тәсілін  түбірімен  өзгертуге  әкелген  тарихи  уақыттың 
аяқталған  сәтіне  дөп  келді.  Бұл  жерде  біз  патшалық  Ре-
сейдің  отаршылдық  саясатының  барлық  жерге  енгізіліп, 
қазақ  қоғамының  саяси  және  мемлекеттік  дербестігінің 
ай-рықша белгілерінің біртіндеп жойылуымен сипаттала-
тын Қазақстанның Ресейге күштеп қосылу үдерісін айтып 
отырмыз.  Түбегейлі  төңкеріс  қазақ  қоғамының  тек  өмір 
қамының  тәсілінде,  экономикалық  және  шаруашылық 
өмір  тәртібінде,  мемлекеттік-аумақтық  басқарылуында 
ғана емес, сонымен қатар психологиясында, мәдениеті мен 
көңіл-күйінен де орын алды. Бұл осы ойшыл-ақынның дү-
ниетанымын қалыптастырған жағдайдың алғышарты бол-
ды.
Батыс  өркениеті  мен  философиясы,  қоғамдық  ойдың 
үздіксіз тарихы, ғылымы мен мәдениеті қазақ данагөйінің 
рухани  есею  жолында  елеулі  рөл  атқарып,  Батыс  пен 
Шығыс  мәдениеттерін  өз  дүниетанымында  тамаша  ұш-
тастырды.
Абайдың рухани әлемі – ерекше бір тылсым дүние. Оның 
негізгі зерттеу объектісі – адам. Сол адамның эстетикалық, 
этикалық бет пернесі, арман-мақсаты, өмірінің мәні, сезімі 
мен  түйсігі,  болмысы  мен  ұлттық  ойлау  ерекшелігі  ұлы 
ойшылды терең тербеністерге түсірген. Олардың негізінде 
адам және кісілік философиясы жатыр. 
Шығыс ойшылы ретінде Абайда қарастырылатын күр-
делі адам мәселесі үлкен ауқымда, яки қоғамдық, рухани-
лық,  құндылықтық,  этикалық,  эстетикалық  жақтарда  қа-

95
2  Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
ралады. Ал, бұл мәселелердің қайсысының да бір-бірімен 
тығыз байланыста екендігі күмәнсіз.
Абай  адам  табиғатын  этикалық  тұрғыда  қарай  оты-
рып, оның тұтас алғандағы кісілік қалпын, ұжданды, «сегіз 
қырлы,  бір  сырлы»  сырбаз  адам,  яки  кемеліне  жеткен, 
«толық адам» кейпінде алға тартады. «...Адам деген даңқым 
бар», – дейді Абай.  Сол арқылы ол неден қашық, неге асық 
болуға  үндейді,  жақсылық    пен  жамандықтың,  надандық 
пен имансыз адамның шынай мәнін ашады.
Абайдың  ойшыл-дана  ретінде  негізгі  ұсынар  этика-
лық ұстыны – «Адам бол!» деген сөздермен кірігіп келетін 
кісілікке, адамгершілікке, имандылыққа жетелеу. Бұл – ақын 
шығармаларының  басты  өзегі.  Осы  арқылы  ол  адамның 
қоғамдық  өмірдегі  басты  рөлі  мен  орнын  анықтайды, 
ондағы сыншыл ақылды жоғары бағалайды. Соған ерекше 
мән береді. «Әсемпаз болма әрнеге» атты жастарға арналған 
өлеңінде Абай; – «...Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та 
бар қалан!», – дейді.
Ақын  философиясында  адам  ақыл-ой  мен  кісіліктің, 
еңбексүйгіштік пен білімділіктің, достық пен махаббаттың 
тоғысқан үлгісі болуға тиіс. Сондықтан да ол «Күн менен 
айдың,  аспанның,  ағаштар  мен  жемістердің,  таулардың 
сәні  болғаны  секілді,  адам  –  жер  бетінің  сәні»  деп  ұғып, 
өзінің адам болып жаратылғандығын мақтан тұтады.
Бұл  жағдай  өткен  заман  –  қазіргіні  түсінудің  кілті  де-
ген  белгілі  ақиқатты  дәлелдей  түседі.  Біздің  қазіргіміз  – 
бұл барған сайын жаһандана түскен әлем, онда халықтар 
мен  мәдениеттер  барған  сайын  бір  бірінен  өзара  тәуелді 
бола  түседі.  Абайдың  онтологиялық  көзқарастарынан 
өніп  шыққан  рухани  әлеуетті  сақтау,  оны  жаңа  тарихи 
жағдайларда  дамыту  –  біздің  өтпелі  кезеңнің  және  біздің 
бүгінгі  замандастарымыздың  міндеті.  Біздің  болмысы-
мыздың қаншалықты  шынайы  екендігін  пайымдауға бізді 
жақындата  түсетін  тарихи  өткеннің  нәрлі  дәні  оны  баға 
жетпес қазынаға айналдырады, ал бізді рухани кемелдікке 

96
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
және бәсекеге қабілетті қазақ ұлтының тек алға ұмтылуына 
итермелейді деген ой туындайды. Міне сондықтан, Абай – 
қазақ халқының жан-жүрегі мен ақыл-ойы – XXI ғасырда-
ғы    жаhандық  әлеуметтік-мәдени  өзгерістер  дәуірінде  ру-
хани өсу мен ағартудың қайнар көзіне айналады. Сонымен 
Абайдың  онтологиялық  ілімі  қазіргі  жаһандануға  байла-
нысты  туындайтын  күрделі  мәселелерді,  олардың  ішін-
де  еркіндік  пен  руханият  проблемасын  талдауға,  мәдени 
мұраның  мәдени  және  ұлттық  бірегейлікті  нығайтудағы 
рөлін анықтауға үлкен септігін тигізері айдан анық.
Кешегі  кеңес  заманында  да  іштегі  арманын  сөзбен 
жеткізе  алмаған  зиялы  азаматтарымыздың  ұлы  баба  сөз-
дерін әспеттеп, үнінің  алысқа жетуіне жағдай жасауының 
бір сыры осында жатыр. Қазақтың күйлері мен өнер туын-
дыларын  үзбей  тыңдаған  ұрпақтың  өршіл  рухын  бойына 
сіңіріп өспеуі мүмкін емес. Сол рух, міне, бүгін жаһандану 
заманында  біздің  егемен  елдігімізді  дербес  демократия-
лық жолмен қайта құрып, мәдениетімізді дамытып, бүкіл 
дүниетанымымызды жандандырудамыз. Мәдени және ру-
хани мұраны игеру – халық рухын жандандырудың бірден-
бір жолы.
Біз  үшін  жасанды,  виртуальды  әлемде  жоғалып  кет-
пеу,  жаһандану  заманында  өз  төлтумалығымызды,  қай-
таланбас  ұлттық  болмысымызды,  ұлттық  ойлауымыз  бен 
кейпімізді  сақтап  қалуымыз  маңызды  болып  отыр.  Батыс 
мәдениетімен бәсекеге түсе алатындай XXI ғасырдағы рухы 
биік жаңарған мәдениетімізді дамытқанымыз жөн. 
Шынында,  жер  бетіндегі  тіршілік  иесі  еркіңдік  үшін 
жаратылған.  Өсімдік  екеш  өсімдік  те  қалағанынша  өркен 
жайып,  өз  қуаты  жеткенше  күнге  қарай  бой  созуға  ұм-
тылады.  Жан-жануар  атаулының  да  аңсары  сол.  Ал,  адам 
ше?! Шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап, құндақтауға 
көнбей еркіндікке талпынған тірі пенде қашан жер қойнына 
кіргенше өз мүддесі жолында тырмысып, тырбанып өтпей 
ме?! Тіпті, нағыз тәубәшіл де төзімді кісінің жан сарайына 

97
2  Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
үңіліп қараңыз, оның да көкірегі еркіндікке бұлқынған ар-
ман мен мұратқа толы.
Шыққан  тегі  мен  өскен  тарихының,  әдет-ғұрпы  мен 
мінез-құлқының,  табиғи  ортасы  мен  шаруашылығының, 
ең соңында, ұлттық ойлауы мен тілінің, дүниетанымының 
тығыз  байланысы  бір  ұлт  етіп  ұйытқан  кез  келген  халық 
та  әлгі  жеке  адам  сияқты  ғұмыр  бойы  азат  және  тәуелсіз 
ел  болуды,  жұмыр  жер  бетінен,  адамзат  тарихынан  өзіне 
лайықты  орнын  алуды  армандап  өтеді.  Арманынан  айы-
рылған,  сенім мен мұратын жоғалтқан адам да, халық та, 
мемлекет те дара тұлғалық қасиетінен айырылып, азып-то-
зып, ақырында жоғалып бітеді.
Үш  жүз  жыл  бойы  бодандық  бұғауында  тұншыққан 
қазақ  халқының  қайтадан  ұлттық  идеяны  ту  етіп  дербес 
мемлекетін  орнатып,  айналасы  жиырма  төрт  жылдың 
ішінде  төрткүл  дүниеге  танылуына  жеткізген  қандай  ұлы 
күш  еді,  –  деп  таң  қалатындар  болса,  сол  ұлы  күш  осы  – 
ғасырлар бойы халқымыз көкірегінен өшпеген ұлттық на-
мыс пен ұлттық, азаттық рухы. Сонау көк түріктер заманын-
да айбынымен жарты әлемді ықтырған жауынгер жұрттың 
тікелей мұрагерлері кейін адамзат көшінің соңына сырғып, 
бодандық қамытын мойнына киеді деп кім ойлаған?!
Бұл,  бәлкім,  кезінде  ертеңгі  болашағын  парасатпен  ба-
ғамдай алмай, қауіп-қатерді елең қылмай, өзге жұрт жаппай 
меңгеріп  жатқан  жаңалық  атаулыны  көзіне  ілмей  астамсы-
ған тәкаппарлығымыздың жазасы болар. Бұл, бәлкім, адамзат 
дамуының ұлан-асыр дамуының өн бойында көшбасшылық 
тізгінін  алма-кезек  қолына  алған  халықтарды  дүркін-дүркін 
сынға салып, ділі мен тілінің, рухы мен төзімділігінің берікті-
гін тексеріп отыратын тарих заңы болар. Қалай болғанда да, 
бір  кезде  ат  тұяғы  жетер  маңдағы  жұртты  айбынымен  сес-
кендіріп,  Еуразия  құрлығының  орталығын  емін-еркін  ием-
денген  бостандық  сүйгіш  халқымыздың  сыртқы  және  ішкі 
қайшылықтар  мен  жанжалдар  шырмауынан  шыға  алмай, 
ақыр соңында бодандық бұғауына маталып тынғаны ақиқат.

98
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
Ұлы  Абай  айтқандай  «Өз  еркіміз  өз  қолымыздан  ке-
тіп», жат жұрттың қабағына жалтақтаған үш ғасыр бойғы 
өзгеге тәуелділік халқымыздың бірнеше буын ұрпағының 
бойындағы тәуелсіз елдік, отаншылдық, ұлтжандылық ру-
хын езіп-жаншып, дүниетанымымыз бен ділімізді әр түрлі 
қитұрқы идеологиялық қисындар қалыбына салуға тыры-
сып баққаны рас. Бірақ, халық көкірегіндегі тәуелсіз елдігін 
қайта орнатсақ деген сенім мен үміт ұшқыны қоздап жа-
нып, ауық-ауық лап етіп белгі беріп қалатын. Әсіресе, ХХ 
ғасырдың  басында  қаулап  өсіп  жетілген  демократиялық 
ұлттық  интеллигенция  шоғыры,  ұлттық  кәсіби  саяси 
және  интеллектуалдық  элита  өз  халқының  мүддесі  мен 
болашақ  дербес  даму  бағдарын  айқындауға  бел  шеше 
кірісті.  Олардың  қатарында  Ә.  Бөкейханов,  М.  Әуезов,      
М.  Шоқай,  М.  Дулатов,  М.  Жұмабаев,  А.  Байтұрсынов, 
Ш.  Құдайбердиев  және  тағы  басқа  данышпандар  бол-
ды.  Жан-жақты  білімдарлық  пен  парасаттылықты,  са-
яси  күрестің  тәсілдері  мен  қалыптасқан  жағдайды  шы-
найы  бағалай  білуді  жетік  меңгерген  демократияшыл 
қазақ  зиялыларының  бұл  тобы  бұрынғы  ұлт-азаттық 
көтерілістердің  жалаң  қылышпен  зеңбіректің  аузына 
қарсы шабатын ақкөз басшыларынан мүлде өзгеше тұғын. 
Олар  туған  халқының  көзін  ашып,  көмескі  тартқан  ру-
хын  оятып,  біліммен  қаруландырып,  бірте-бірте  тәуелсіз 
ел  болуға  жеткізудің  қиын  да  болса,  ен  сенімді  жолын 
саналылықпен  таңдап  алды.  Бірақ,  осындай  кәсіби  зия-
лылар қаққан тәуелсіздік қоңырауының сарыны ұрпақтан 
ұрпаққа  жалғасып,  бостандық  пен  тәуелсіздікті,  азаттық 
пен  дербес  дамуды  аңсаған  біз  атаған  азаматтар  рухын 
шыңдаумен болды. Бізді бүгінгі тәуелсіз демократиялық ел 
болуға жеткізіп отырған да сол биік өршіл рух.
Алайда,  қазіргі  заманда  жаһандану  процесі  ық-
палынан  оқшау  қалу  мүмкін  емес  екені  белгілі.  Жа-
һандану  жағдайындағы  Шығыс  пен  Батыстың,  Азия  мен 
Еуропаның  сұхбаты  мәселесінің  Қазақстанда  күн  тәрті-

99
2  Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
біне  қойылып,  біздің  елімізде  шешімі  табылуы  мүмкін 
екендігіне  төмендегідей  жағдайлар  негіз  болады:  бірін-
шіден, қазақстандық (өз рухы бойынша еуроазиялық) фи-
лософияның  өзіндік  ерекшелігі  қазіргі  кезеңде  әлемдік 
өркениеттік  кеңістіктің  кең  көлеміне  шығуға  мүмкіндік 
береді,  мәдениеттер  мен  өркениеттердің  сұхбатына  ша-
қырады.  Екіншіден,  біз  үшін  жаңа  мәдени-тарихи  өл-
шемдерге  осындай  болып  ену  қазақстандық  мәдениеттің 
басқа  мәдениеттермен  танысуы  арқылы  өзінің  көкжиегін 
«кеңейтуге» көмектеседі және бұл үдерістің өзін тереңірек 
тануға  мүмкіндіктер  ашылады.  Сөйтіп,  сол  арқылы  әлем-
дік  дамудың  жаңа  биіктеріне  көтерілуге  болады.  Үшінші-
ден,  жаһаңданудың  жаңа  үлгісі,  міне,  осылай  әлемдік 
ақпараттар ағымына қосылатындай мәдениеттердің ашық, 
шығармашылықты  қолдайтын  сұхбатын  артық  көреді. 
Бірақ сонымен қатар өзіндік ұлттық төлтумалықты, өзіндік 
ұлттық болмыс пен намысты, халықтың ұлттық бірегейлігін 
және  қайталанбастығын  сақтап  қалу  қажеттілігі  бар.  Бұл 
бағытта елімізде нақтылы шаралар да атқарылып жатыр.
Міне, осындай қиын өтпелі кезеңде қайшылықтар мен 
жанжалдарды реттеуге Шығыс философиясы, оның ішінде 
қазақ-түрік  философиясы  қатысады.  Қазіргі  кезеңде  Батыс 
философиясы  мен  Шығыс  философиясы  қарама-қарсы 
бағыттарда  дамып  бара  жатқандай.  Батыстықтар  жасанды 
виртуальды  әлемге  талпынса,  Шығыс  философиясы,  оның 
ішінде қазақ философиясы болмыстың нағыз шынайы руха-
ни әлеміне шақыру үстінде. Қазақ философиясы мәдениет 
әмбебаптарына, қазақ өркениетіне, сондықтан қазақ рухына 
және нақты әлемге жақын.
Осы «екі қарама-қарсы бағыттың» түйісуі қажетті бай-
ланысты  туғызады,  бір-бірін  толықтыратын  мүмкіндіктер 
ашады. Сөйтіп, қазір жаһандану заманында біртұтас, бірік-
кен  болашақтағы  еуразиялық  философия  қалыптастыру 
мүмкіндігі туып отыр. Егер қазақтың дәстүрлі философиясы 
осы кезге дейін ғылым формасындағы батыстық канондарға 
сәйкес  келмей  келсе,  онда  қазіргі  қазақстандық  филосо-

100
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
фия  өзінің  бойына  батыстың  да,  қазақтың  ой-толғауының 
озық үлгілерін жинақтап үлгірді. Қазақ халқының ғасырлар 
бойы қордаланған бай даналық мұрасын қазіргі қазақстан-
дық философия жаңа категориялық аппаратпен сараптау-
дан  өткізуде,  халықтық  дүниетанымның  терең  тамырлары 
мен  қырларын  өрнектеу  үстінде.  Міне,  осының  негізінде 
мәдениеттер  мен  өркениеттер  арасында  тиімді  сұхбат  ор-
найтынына нақты сенім білдіремін.
20 томдық «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ 
халқының  философиялық  мұрасы»  атты  антологиясы  жа-
рық көрді:
1 том – Ежелгі көшпелілер дүниетанымы.
2 том – Әл-Фараби философиясы.
3 том – Әл-Фараби философиясы.
4 том – Ислам философиясы.
5 том – Орта ғасырдағы түркі ойшылдары.
6 том – Қазақтың тарих философиясы.
7 том – Қазақтың халық философиясы.
8 том – Қазақ ақын-жырауларының философиясы.
9 том – Қазақтың би-шешендерінің философиясы.
10 том – Қазақ ағартушыларының философиясы.
11 том – ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ояну фило-
софиясы.
12 том – Қазақтың этикасы мен эстетикасы.
13 том – Диалектикалық логика.
14 том – Философия тарихы.
15 том – Ғылым философиясы және әдіснамасы.
16 том – Фарабитану.
17 том – Әлеуметтік философия.
18 том – Таным теориясы.
19 том – Философиялық антропология, мәдениет фило-
софиясы, дін философиясы.
20 том – Тәуелсіз Қазақстан философиясы.
20  томдық  «Әлемдік  философиялық  мұра»  бойынша 
антологиялық ұстынмен мынандай еңбектер жарық көрді:

101
2  Тәуелсіздік және қазақтың рухани мұрасы
1 том – Ежелгі Шығыс философиясы.
2 том – Антикалық философия.
3 том – Аристотель философиясы.
4 том – Әл-Фараби мен Ибн Сина философиясы.
5 том – Орта ғасырлық діни философиясы.
6 том – Жаңа дәуір философиясы.
7 том – Жаңа дәуірдегі француз философиясы.
8 том – Кант пен Гегель философиясы.
9 том – Өмір философиясы.
10 том – Ғылым мен техниканың батыстық философиясы.
11 том – Өмір сүру философиясы.
12 том – Орыс философиясы.
13 том – Классикалық емес Батыс философиясы.
14 том – Ашық қоғам философиясы.
15 том – Постмодерн философиясы.
16 том – ХХ ғасырдағы тарих философиясы.
17 том – ХХ ғасырдағы мәдениет философиясы.
18 том – Қазіргі Шығыс философиясы.
19 том – Қазіргі мұсылман философиясы.
20 том – Қазіргі түрік философиясы.
10 томдық «Әл-Фараби» шығармалар жинағы бойынша 
мынандай еңбектер жарық көрді:
1 том – Әл-Фараби метафизикасы.
2 том – Әл-Фараби метафизикасы.
3 том – Әл-Фараби логикасы.
4 том – Әл-Фарабидің әлеуметтік философиясы, этика-
сы және эстетикасы.
5 том – Әл-Фарабидің әлеуметтік философиясы, этика-
сы және эстетикасы.
6 том – Әл-Фараби ғылымы (Жаратылыстану және ма-
тематика).
7 том – Әл-Фараби. Птолемейдің «Әлмагесіне» түсінік-
темелер.
8 том – Әл-Фараби. Музыка туралы үлкен кітап.
9 том – Әл-Фараби. Музыка туралы үлкен кітап.

102
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
10 том – Әл-Фараби мұрасы: қазақстандық философия-
лық зерттеулер. Биобиблиография.
Осындай  жүйелі  қомақты  жұмыстар  еліміздің  рухани-
мәдени тәуелсіздігін одан ары нығайтуға септігін тигізеріне, 
еліміздің жаһандану процесіне енуінің қажетті баспалдағы 
болатынына кәміл сенеміз. 
2.5
 СЕНІМ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Қазіргі әлемде сырттай қарағанда сыйыспайтын, бірақ 
диалектикалық тұрғыда сәйкес келетін құбылыстар жүріп 
жатыр.  Бір  жағынан,  әлем  одан  сайын  тұтастана  түсіп, 
саяси,  экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  өлшем-
нің  үлгілері  кеңінен  тарап,  жаhандану  процесі  кеңейе 
түсуде. Екінші жағынан, елдердің мемлекетік тәуелсіздігін 
қалыптастырудың  мүмкіндігі  күшейе  түсуде  және  оны 
жүзеге  асыру  халықаралық  құқық  пен  халықаралық 
ұйымдардың  механизмдерінің  қызметіне  игі  ықпал  ету-
де.  Бұл  жаңа  тәуелсіз  мемлекеттердің  пайда  болуы  өз 
кезегінде  әр  түрлі  халықтардың  төлтумалығын,  мәдени-
рухани  табиғатын  байқатуға  мүмкіндіктер  ашады.  Бас-
қаша  айтқанда,  біз  қазіргі  кезеңде  әр  түрлі  бағыттағы 
заңды  процестердің  куәсі  болып  отырмыз.  Бірлесу  мен 
бірыңғайлану  құбылыстары  әр  түрлі  мемлекеттер  мен 
әлемнің  аймақтарындағы  әртараптандыру  процесі  ауқы-
мында көрініс табуда. Жоғарыдағы құбылыстар осы мәсе-
лелерді ғылыми-теориялық талдауды өзекті ете түседі.
ХХI ғасырдың басында әлемдік дамудың жанына батқан 
мынадай кешенді мәселелер күн тәртібіне қойылып отыр:
-  дүниежүзілік  термоядролық  соғыс  қаупін  сейілту, 
халықаралық терроризмге және діни экстремизмге қарсы 
бірлесіп  күресу,  әлем  халықтарының  өзара  сенім  мен 
ынтымақтастық  негіздегі  бейбіт  өмір  сүруіне  қолайлы 
жағдайлар туғызу;

103

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет