Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата29.01.2017
өлшемі1,4 Mb.
#2940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
дұрыс байлық жинай алмай кеткені де осыдан болар. Алай-
да  ұлттық  діліміздегі  бұл  қасиетті  мансұқ  етуге  болмай-  
ды. Керісінше, жарлы-жақыбайға көмектесуді жаппай дәс-
түрге айналдырғаннан ұтылмаймыз. 
Екіншіден, ізеттілік, яғни үлкенді сыйлау, кішінің көңі-
ліне қаяу салмау – атадан балаға көшіп келе жатқан асыл 
қасиеттеріміздің  бірі.  Қазақтар,  тіпті  ренішінің  өзін  иша-
ралап  жеткізеді.  Жоқ,  бұл  –  шығыстық  қулық  емес,  шын 
көңілден шыққан ибалылық пен имандылық. 
Үшіншіден,  қоғамның  кішкентай  ұясы  түріндегі  отба-
сындағы  ынтымақ  –  аға  ұрпақ  пен  жас  ұрпақ  арасында-
ғы рухани келісім қазақ қоғамында көздің қарашығындай 
сақталған.  Ата-ананы,  аруақтарды  қастерлеу,  анасының, 
әйелінің, әжесінің, келінінің, қарындасының арына кір жұқ-
тырмай  сақтау  –  биік  адамгершілік  парыз  деңгейіне  кө-
терілген. Тіпті қоғамдағы жесір дауы жер дауынан кейінгі 
екінші  орынға  көтерілетіні  де  сондықтан.  Мұны  өзге  от-
андастарымыз да, шетелдік әріптестеріміз де мықтап есте 
ұстағаны ләзім. 
Төртіншіден,  адалдық.  Досқа,  ағайынға,  ұлтқа,  Отанға 
адалдық қазақ халқының ұғымында айрықша әспеттеледі. 
Ата-бабаларымыздың  ғасырлар  тереңінен  жеткен  амана-
ты  сынды  батырлық  жыр-дастандарымызды  қайтадан  бір 
парақтап  шығайықшы.  Олардың  бәріндегі  негізгі  траге-
диялық  желі  жауын  жапыра  жеңіп  келген  батырдың  ту 
сыртынан жасалған опасыздықтан туындап жатады. Бейне 
опасыздық  пен  сатқындыққа  айтылған  лағнеттің  үні  құ-
лағыңа келгендей болады. 
Бесіншіден,  қазақ  еркіндікті,  әсіресе,  ой  еркіндігін, 
жеке  басының  бостандығын,  ешкімге  бағынышсыздықты 
жоғары қоятын халық. Жағымпаздық, мансапқорлық сын-
ды  әдеттер  бізге  кейін  Кеңес  дәуірінде  жұққан.  Бұрынғы 
қазақ  қоғамындағы  «Дат!»  деп  алып,  ханға  да  қарсы  уәж 
айта  беретін  дәстүрді  қоғамтанушылар  «далалық  демо-
кратия  үрдісі»  немесе  «көшпелі  демократиясы»  деп  атап 

25
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
жүр.  Хан  да,  батыр  да,  сұлтан  да,  бай  да  қара  халықтың 
осы уәжімен есептесуге мәжбүр болған. Себебі кейін аңыз 
әңгімеге айналып кете баратын қоғамдық пікір кең даланың 
түкпір-түкпіріне,  оны  айтасың,  үрім-бұтағына  жететінін 
олар  жақсы  білген.  Бұл  орайда,  ел  сыйлаған  жыраулар 
мен ақындардың пікірі елеулі әлеуметтік күшке айналған. 
Қорқыт Ата, Асан Қайғы, Бұқар, Махамбет сынды данала-
рымыз  ел  мұңын  ханға  қасқая  қарсы  қарап  тұрып  айтып 
кеткен емес пе?! Ал жалғыз өзі бүкіл халықтың ары мен на-
мысын таразыға тартып кеткен ұлы Абай ше?! 
Ой  еркіндігі,  пікір  дербестігі  қазақ  халқының  қанына 
туа  біткен  қасиет.  Әлі  күнге  дейін  алыстағы  құм  арасын-
да қойын бағып жүрген қарапайым малшың да сізге өмір 
мен өлім туралы, жақсы мен жаман туралы, қазіргі қоғам 
туралы өзінің өмірлік пәлсапасын ұсынады. Далалық демо-
кратия жағдайындағы осындай ой еркіндігі, пікір дербестігі 
кейде  анархияға,  «бас  басына  би  болуға»  дейін  ұласып 
кетіп отырған. Сірә, қазақ қоғамының кезінде қатаң билік 
үстемдік құрған елдерден кенже қалуы, сөйтіп, өзгенің бо-
данына  айналуы  осы  еркіндіктің  шектен  шыққан  әрекет-
терге ұласуынан да болар. 
Бірақ  бұл  ойлау  еркіндігінің  пайдасынан  зияны  көп 
деген сөз емес. Қалыптасқан қағидаларға күмәнмен қарау 
–  дамудың  бір  көзі.  Тәуелсіз  ойлау  адамзаттың  танымын 
кеңейткен  талай-талай  ғылыми  жаңалықтардың  ашылуы-
на себеп болды. Кез келген қоғамдағы жүргізіліп отырған 
саясат, алған даму бағдары сол қоғамдағы парасат иелері-
нің талқысынан өтіп, күмән мен сенім таразысына салынуы 
қажет.  Демократия  ережелері  салтанат  құрған  елдердегі 
бір-бірімен бәсекелес партиялардың алма-кезек билік басы-
на келіп, бірі тұғырға қонғанда, екіншісі оппозицияға кетіп 
жататыны да осы таразының қоғамға керектігінен туған. 
Алтыншыдан,  қазақ  тәубесі  бар,  төзімді,  даналыққа 
құштар, философ халық. Оның терме және айтыс өнерлері 
осының дәлелі.  

26
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
Қазақ  даласының  ойшылдары  халықты  үнемі  рухани-
адамгершілік  және  құндылықтық  бағдарларға  шақырып 
отырған.  Әл-Фараби  замандастарына  «қайырымды  қала-
ның»  қажеттілігін  айтса,  Жүсіп  Баласағұн  қоғамда  әрбір 
адамның  әділетті  болуын  көксеген,  Абай  пендеге  арнап 
«Адам бол!» деп нақты кеңесін берген, Шәкәрім болса ар-
ұяттан,  ұжданнан  әлеуметтік  болмыстың,  адам  өмірінің 
түп қазығын іздеген. 
Сонымен,  адам  бүкіл  түркілік  және  қазақтық  дүние-
танымның  негізгі  мәселесі,  тәуелсіз  мемлекеттің  ең  басты 
құндылығы болып табылады. Дүниедегі барша жақсылық 
та, жамандық та адам қолымен жасалып келеді. Кез келген 
қоғамның өсуі немесе өшуі сол қоғамдағы адамдардың па-
расаты мен іс-әрекетіне тікелей байланысты. Адамды руха-
ни жағынан жетілдіру қоғамды жетілдірудің төте жолы. 
- Әңгімеңізге рақмет.  
 Сұхбаттасқан Сейсен Әмірбекұлы.
Айқын. – 17 мамыр, 2014.
1.3 ҰЛТ РУХАНИЯТЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ, ИГІЛІГІ ҮШІН 
ЕҢБЕКТЕНГЕН АДАМ ӨМІРДЕН ШАРШАМАЙДЫ
Әбдімәлік Нысанбаев елімізге танымал көрнекті ғалым. Са-
налы  ғұмырын  түгелдей  гуманитарлық  ғылымдар  саласындағы 
шығармашылық  ізденістерге  арнаған  ұлт  руханиятының  қа-
лыптасуы  мен  дамуының  түрлі  қатпарларын  философиялық 
тұрғыдан зерделеуден өткізумен айналысқан ғалымды сөзге тарт-
қан едік...
 
-  Жетпіс  бес  жыл  ғұмырыңыздың  қаншасын  толық 
ғылымға бере алдыңыз. Кез келген ғылым саласына терең-
деп ену үшін ішкі ізденіс керек екені анық, сол ізденіс сізде 
қалай пайда болған еді? 

27
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
-  Жетпіс  бес  жылдық  өмірбаяным  болса,  соның  елу 
жылдық  белесі  философия  саласы  бойынша  ғылыми-зерт-
теу  жұмыстарына  арналды  деп  айтар  едім.  60-жылдардың 
басында  Қызылорда  мемлекеттік  педагогикалық  институ-
тын  қызыл  дипломмен  тамамдағаннан  кейін  (қазіргі  Қор-
қыт  Ата  атындағы  мемлекеттік  университет)  Қазақстанның 
Ғылым  академиясына  келіп  жұмысқа  тұрдым.  Ол  кездегі 
бар арманым – бойымдағы күш-жігерімді, шығармашылық 
шабытымды  ғылымға,  білімге  арнау,  сол  арқылы  ұлттық 
руханиятқа қызмет ету еді. 
 Ол кезде Ұлттық Ғылым академиясы академик Қаныш 
Сәтбаевтың  басшылығымен  әлемге  танылған  және  талай 
кәсіби  шебер  мамандар  қызмет  атқарған  еліміздегі  іргелі 
зерттеулерді жүргізудің нағыз үлгісі атанған ғылыми кадр-
лардың  шоғырланған  ордасы  болатын.  Сонымен  қатар 
ғылыми  шығармашылығымның  бастауын  белгілі  заңгер, 
академик  Салық    Зиманов  жетекшілік  еткен  «Философия 
және  құқық  институтымен»  байланыстырамын.  Артынша 
Мәскеуге  барып  ғылыми  ізденісті  аспирантурада  жалғас-
тыруыма  Қаныш  Имантайұлы  мен  Салық  Зиманұлы  се-
бепкер  болды.  Кандидаттық  диссертациямды  1964  жылы 
Мәскеуде, ал математикалық танымның философиялық си-
паттамасын беруге арналған жаратылыстану философиясы 
бойынша докторлық диссертациямды 1975 жылдың басын-
да қорғадым. 
- ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институ-
тының  директоры  лауазымында  жүргеніңізге  жиырма 
жылдан аса уақыт өтіпті. Тәуелсіздік тұсынан бері бас-
қарып келесіз? Қандай қиыншылықтар болды? 
- Қиыншылықтар, әрине, болды. Әсіресе Тәуелсіздіктің 
қалыптасу кезеңіндегі  небір  қиын,  дағдарысты кезеңдерде 
мекеменің жұмысын босаңсытпай ұстап тұруға тура келді. 
Не нәрсені болса да қирату, жою оңай, ал одан қиыныра-
ғы, әрине, «қолдағы алтынның қадірін білу», бүтін дүние-

28
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
ні  сақтау,  жетілдіру,  заман  талабына  сай  қалыптастыру 
екенін  өмірдің  өзі  дәлелдеп  берді.  Сондықтан  қоғамның 
барлық  қиын  кезеңдерінде  маған  қуат  беріп  отырған  ру-
хани күш – Қазақ елінің ұлттық Тәуелсіздігіне, болашағы-
на  деген  сенім.  Әрине,    еліміздің  саяси  тәуелсіздігімен 
қоса, әрбір азаматтың өзіндік рухани тәуелсіздігіне, тұлға-
лық  еркіндігіне  ұмтылу  қажеттігі  бірге  тұжырымдалады. 
Халқымыз  үшін  ғасырлар  бойы  маңызды  болып  келген 
Тәуелсіздік  идеясын жауапкершілік мәселесімен астасты-
рып қарастыру қажет болды. Яғни әрбір адамның ұлт руха-
нияты алдындағы жауапкершілігі өте жоғары болуы қажет. 
Сонау  өткен  ғасырдың  жиырмасыншы  және  отызын-
шы жылдары қазақтың небір рухани саңлақтары тарих сах-
насынан көрінгені белгілі. Ол кезең қазақ зиялылары өзін 
шын мәнінде әлемге танытқан кезең болатын. Ұлт рухани-
яты Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып      
Дулатов,  Шәкәрім  Құдайбердіұлы,  Мұстафа  Шоқай  және        
т. б. зиялылар тобымен етене танысып, солардың арқасында 
халықтың ұлттық санасы оянды, кемелденді десе де болады. 
Міне, осындай өзіндік ұлт руханиятының жарқырап, өзінің 
дүмпуін  танытқан  екінші  шақ  өткен  ғасырдың  алпысын-
шы және жетпісінші жылдары деп бағалауға болады. Жаңа 
замандағы қазақ зиялыларының үлкен тобы тоталитарлық 
қоғамның қыспағына қарамастан руханияттың барлық са-
ласында,  оның  ішінде  өнерде,  білімде  және  ғылымда  өзін 
асқан биіктен танытқан шағы болатын. Ғылым Академия-
сында ғылымның барлық саласы бойынша дарынды маман-
дар  шоғырланып,  қазіргі  еліміздегі  білім  мен  ғылымның 
іргетасын қалыптастырған болатын. 
Қазақстанда  бұрынғы  Одаққа,  одан  қалды  әлемдік 
философиялық  әлеуметке  ерекше  танылған,  өзін  маман-
дар  алдында  мойындатқан  «Алматы  философия  мектебі» 
қалыптасты.  Академик  Ж.  Әбділдин  бастаған  диалекти-
калық логикамен айналысатын топтың ғылыми ізденістері 
мемлекет тарапынан да жоғары бағаланды. 

29
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
-  Жаңағы  қиын-қыстау  кезеңдерде  қазақ  ғылымын 
жоғалтып  алмай,  беделін  түсіріп  жібермей  ұстап  тұру 
үшін  көп  еңбек  сіңіргеніңізді  білеміз.  Сол  еңбектеріңізді 
замандастарыңыз қалай бағалайды деп ойлайсыз? 
-  Әріптестерім  де,  мемлекет  те  сол  еңбегімді  тиісінше 
бағалайды  деп  есептеймін.  Оны  мемлекеттің  осы  күнге 
дейін үйіп-төгіп берген марапат, сыйлықтарынан да білуге 
болады. Сол үшін замандастарыма рақметімді айтар едім. 
Өз  ішіміздегі  ғана  емес,  көптеген  елдердің  ғылыми  орта-
лықтарының құрметті мүшесі, көптеген халықаралық дең-
гейдегі журналдардың редакциялық кеңесі мен алқасының 
мүшесі болып келдім. 
Қазақстанның  ғылыми  деңгейін,  оның  халқының  да-
налық  парасатын  әлемге  таныту  үшін  әлемдік  ғылымның 
интеграциялық үрдістерінен шеттеп қалмау керек. 
- Ғылыми еңбектеріңіздің көлемі жөнінде айтсаңыз... 
-  Жуырда  жас  мамандар  менің  ғылыми  еңбектерімнің 
санын  есептеп  шыққан  болатын.  500-ден  аса  ғылыми 
мақалалар  мен  40-тан  астам  монографиям  жарыққа  шы-
ғыпты. 80-нен аса ғылыми туындыларым әлемнің 25 тілін-
де жарияланып, ондаған дүниежүзінің жетекші елдерінде 
беделді  халықаралық  конференцияларда  баяндама  жаса-
ған  екенмін.  АҚШ,  Германия,  Қытай,  Түркия,  Ресей, 
Иран,  Оңтүстік  Корея,  Ұлыбритания,  Мысыр,  Украина, 
Польша,  Болгария,  Франция  және  т.б.  елдерде  ғылыми-
зерттеулердің  нәтижелерін  жариялап  отырдым.  Еліміз-
дің  философияны  дамыту  саласындағы  жетістіктерімен 
әлемді  ғылыми  көпшілікке  лайықты  деңгейде  танысты-
ра  білу  қажет.  Ол  үшін  әртүрлі  ғылыми  орталықтармен 
байланыстар  орнатып,  әр  қилы  елдердің  білікті  маманда-
рын  өзіміздің  елдің  ғылым  саласындағы  жас  ұрпағымен 
жүздесуіне, қатынасуына себепкер болу керек. Философия 
мен саясаттану салалары бойынша тек Қазақстанның ғана 

30
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
жас мамандары емес, сонымен қатар көрші жатқан Ресей 
мен Қырғызстанның, Түркия мен Иранның көптеген ғылым 
докторлары  мен  ғылым  кандидаттарының  дайындалуына 
ғылыми жетекшілік етуге тура келді. 
-  Егеменді  мемлекетіміздің  дербес  елдігін  таныта-
тын Әнұран, Елтаңба, Ту сияқты мемлекеттік рәміздер 
қатарына ұлттық энциклопедияны жатқызатындар  бо-
лады. Осы ұлттық энциклопедиямыздың пайда болуы жө-
нінде не айтасыз? 
-  Ол  да  Тәуелсіздігіміздің  алғашқы  жылдарындағы 
кезек  күттірмес  маңызды  істердің  бірі  болатын.  Энци-
клопедияның  дәстүрлі  рәміздік  сипатымен  қатар,  мән-
мағыналық,  мәтіндік  мазмұнының  байлығы  ұлт  рухания-
тының  кемелденуі  үшін  оның  маңыздылығын  арттыра 
түседі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан 
Әбішұлы  Назарбаевтың  тапсырмасы  бойынша  Үкімет 
шешімі  қабылданған  соң,  «Қазақ    энциклопедиясының» 
Бас  редакциясына  бас  редактор  болып  тағайындалдым. 
Алдымызда  «Қазақ  энциклопедиясын»  заманауи  жаңа 
талаптарға  лайықты,  Тәуелсіз  мемлекетіміздің  мәрте-
бесін  асқақтатуға  бағытталған,  тарихи  шынайы  деректер-
ге  негізделген  ғылыми  ұстанымдар  мен  әдіснаманы  бас-
шылыққа  ала  отырып,  тарихымыз  бен  мәдениетіміздегі 
ақтаңдақтардың  ақиқатын  ашып  көрсететін,  түбірімен 
жаңа  Тәуелсіз  елдің  энциклопедиясын  дайындау  міндеті 
тұрды.  1997  жылдан  2003  жылға  дейін  Философия  және 
саясаттану  институтындағы  негізгі  жұмысыммен  қатар, 
«Қазақ энциклопедиясының» бас редакторы қызметін қоса 
атқарып, Тәуелсіз Қазақстанның негізгі кітаптарының бірі 
болып  саналатын  көп  томдық  «Қазақстан»  ұлттық  энци-
клопедиясының  алғашқы  төрт  томының  шығуына  үлес 
қостым. Халқымыздың ұлттық руханияты үшін аса маңыз-
ды «Қорқыт Ата», «Құрманғазы», «Мұхтар Әуезов», «Қазақ-
стан Республикасы. Он жылдық шежіресі», «Қазақ», «Қазақ-

31
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
стан Республикасы. Энциклопедиялық анықтамалық», «Екі 
мыңжылдық дала жыры», «Түркістан» халықаралық энци-
клопедияларының шығарылуының өзі ұлтымызға деген ізгі 
ниеттің, рухани дүниемізге деген құрметтің көрінісі деуге 
болады. Халқымызды шынымен жақсы көрсек, оған деген 
құрметіміз  жоғары  болса,  онда  оны  осылай  халықаралық 
деңгейдегі  іспен,  нақты  шығармашылық  әрекеттермен  та-
нытқан  жөн  және  оның  рухани  байлығын,  өзін-өзі  жете 
тануға талпынысын ғылыми жүйелейтін уақыт та келді. 
Ұлттық энциклопедия – ең алдымен сол ұлттың, халық-
тың дүниетанымы мен ұғымын жүйелейді, отандық ғылым 
мен  білімнің,  жалпы,  қоғамның  жаңа  сатыға  көтерілуіне 
негіз қалайтын рухани іргетас. Жаңа ұлттық энциклопеди-
яны  оның  тұжырымдамасын  жасаудан  және  талқылаудан 
бас-тап, жан жақты, терең мазмұнды, тұжырымды ғылыми 
мақалалармен жабдықтауды басты назарда ұстадық. 
-  Жаңа  энциклопедия  арқылы  жаңа  көзқарас  қалып-
тастыру  үшін  қандай  ұстанымдарды  жетекшілікке  ал-
дыңыздар? 
-  Ұстанымдар  болды.  Көне  түсініктерден  арылуға  ба-
рынша ұмтылыс жасадық: 
  -  Сыңаржақты  дүниетаным  қағидаларынан  арылған, 
отаршылдық еуроорталықтық көзқарастар ықпалынан та-
зартылған, шынайы ұлттың руханиятын, даналығын, тари-
хын,  этнографиясын,  мәдениетін,  әдебиетін,  өнерін,  спор-
тын және т. б. толық қамтитын
- мемлекеттік құрылымды ішкі саяси, әлеуметтік, эко-
номикалық  жүйеге,  жер-су,  табиғатқа,  ғылыми-техника-
лық  прогреске  байланысты  ұғымдар  мен  ақпараттарды 
қамтитын,  қазіргі  индустриялық-инновациялық  даму  жо-
лына  түскен  еліміздің  жетістіктері  болашақ  жинақта  да 
көрсетілуі тиіс екені жоспарланды; 
-  адамзат  тарихында  қордаланған  асыл  дүниелермен, 
қазақ  халқының  түрік-ислам  мәдениетінің,  Шығыс  өрке-

32
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
ниетінің  тарихында  елеулі  орны  бар  ғалымдардың,  елба-
сылардың,  қоғам  қайраткерлерінің  өмір  жолымен,  олар-
дың  негізгі еңбектерімен таныстыратын
-  қазақ  тіліндегі  ғылыми  терминологияны,  ұғымдар 
мен атауларды ана тілінің заңдылықтарына, ерекше ойлау 
машығына  лайықтап  қайта  жүйелейтін,  сөйтіп,  отандық 
ғылым  мен  қоғам  мәдениетінің  жаңа  сатыға  көтерілуіне 
негіз  болатын  әмбебап  энциклопедия  болуға  тиісті  деп 
тұжырымдап, жаңа міндеттер белгіледік. 
«Қазақ ұлттық энциклопедиясының» дүниеге келуі Тә-
уелсіз  еліміздің  ғылыми-мәдени  өміріндегі  елеулі  құбы-
лыс  болды.  Жаңа  тұрпаттағы  ұлттық  энциклопедияның 
тұжырымдамасын  дайындап,  жұмысты  өркениетті  жолға 
қойып, редакцияның кадрлық, материалдық жабдықталуын 
ұйымдастырдық. Әрине, энциклопедияның заман талабы-
на сай шығуы үшін аянбай тер төккен ұжымымыздың ең-
бегі зор болды. «Қазақстанның ұлттық энциклопедиясын» 
дүниеге  келтіру  жөніндегі  ой-арманымызды,  жоба-жос-
парымызды  жүзеге  асыру  жолында  тер  төккен  марқұм 
Тілеухан  Жұмаханұлының  қажырлы  еңбегін  айырықша 
атап өткен жөн. 
-  Елбасының  басшылығымен  қолға  алынған  «Мәдени 
мұра» мемлекеттік  жобасын жүзеге асыруға көп үлес қос-
қаныңызды білеміз. Осы жобаға нақты қанша көлемде кі-
тап қоса алдыңыздар? 
-  «Мәдени  мұраның»  басты  мақсаты  –  халқымыздың 
ғасырлар  бойы  қордаланған  рухани  байлығын  барын-
ша  ғылыми  електен  өткізе  отырып,  ғылыми  жүйелеу  ар-
қылы  оқырман  қауымға  ұсыну,  сонымен  қатар  әлемдік 
ғылыми  ойдың  үздік  үлгілері  мен  жетістіктері  негізінде 
гуманитарлық  білімнің  мемлекеттік  тілдегі  толыққанды 
қорын жасау болатын. Жеке өзімнің жетекшілігіммен осы 
мемлекеттік бағдарламаның ауқымында 62 том кітап шыға-
рылыпты.  Оның  ішінде  20  томы  қазақ  халқының  ежелгі 

33
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
дәуірден  қазіргі  кезеңге  дейінгі  философиялық  мұрасын 
жинақтауға арналды. 
  Осы  маңызды  мемлекеттік  бағдарлама  бойынша  20 
том  әлемдік  философиялық  мұраның  ең  үздік  үлгілері 
мен  үзінділері  түрінде  жинақталып,  мемлекеттік  тілге 
тәржімаланды,  әл-Фарабидің  бұрын  жарияланбаған  шы-
ғармаларының  10  томы  және  әлемдік  психологиялық  мұ-
раның 10 томы, сонымен қатар шығыс пен батыс филосо-
фиясы бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне 
арналған екі оқу құралы жарық көрді. Осы аталғандардың 
қай-қайсысына болса да бейқам қараған жоқпыз. Көптеген 
түсініктемелер мен мақалалар жазу, бұл томдардың әрбір 
бетін електен өткізу және олардың мазмұны мен формасы-
на толықтай жауап беру керек. 
Адамзаттың саналы тарихында өзінің ұлттық рухани 
әлемін електен өткізуге, оны тереңдете ғылыми зерделе-
уге талаптанған қоғамның озық ойлы өкілдері мен тари-
хи  тұлғалары  бұрындары  да  болған.  Қазақ  зиялылары 
өткен  ғасырдың  басында  ұлттың  болмысын  жан  жақты 
қарастыруға  тырысқанын  көбіміз  білеміз,  ал  қазіргі  за-
манда ұлт руханиятын сараптаудан өткізушілердің саны 
көбейе  түсуде.  Шынымен  де,  гуманитарлық  кеңістікте 
осындай  үрдістердің  бірте-бірте  жарқын  көрініс  бере 
бастауының  өзі  жалпы  халықтардың  есейе  бастағаны-
ның,  рухани  кемелдене  түскенінің  өлшемі  іспетті.  Өз 
халқыңның  рухани  құндылықтарын  жүйеге  келтіріп, 
оның  бойындағы  бұлыңғыр  тұстары  болса  елеп-екшеп, 
жетістіктері  болса  барынша  жарқыратудың  өзі  рухани 
әлемді  байыптаудағы,  жалпы  ғылыми  ізденіс  жолында-
ғы ғалымдық, азаматтық борыш екені анық. Ұлт рухания-
ты мен мәдениеті, игілігі үшін еңбектенген адам өмірден 
шаршамайды. 
-  Әбдімәлік  аға,  қазақта  текті  әулет  деген  ұғым 
бар.  Әріптестеріңіз,  замандастарыңыз  сізді  үлгілі,  зия-

34
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
лы  отбасының  отағасы  ретінде  мақтап  жүреді.  Отба-
сыңызда өзіңізден басқа ғылым жолын қуған кімдер бар? 
- Өмірлік зайыбым Нысанбаева Зейнеш Әшенқызы – хи-
мия ғылымының кандидаты. Ұлым Назар – заң ғылымының 
кандидаты, қызым Динара – философия ғылымының кан-
дидаты, қазіргі кезеңде Түркияда қызмет атқарады. Соны-
мен қатар бес немерем бар. Олардың үлкені Шыңғысхан – 
экономика ғылымының кандидаты, Данияр – заңгер маман, 
Айжан – Президенттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша 
Лондондағы  университететті  бітіріп  келген  білікті  маман. 
Әмір  мен  Дәмір  деген  немерелерім,  Абылай  мен  Әлнұр 
шөбелелерім бар. 
-  Жеке  адамды,  қоғамды,  халықты  ілгері  сүйрейтін 
құндылықтардың негізгісі ретінде нені атар едіңіз? 
-  Бүкіл  әлеуметтік  тіршілік  сенімге  негізделген.  Се-
німсіз  ешқандай  жақсылық  пен  ізгілік  болмайды.  Біздер 
ертеңгі  күнге  сеніммен  қарап,  парасаттылыққа,  ізгілікке, 
ұлылыққа  ұмтыламыз.  Сенім  бүкіл  тіршілік  тұғыры  бо-
лып есептеледі, ендеше, ол – ең негізгі құндылық. Өзара 
сенім  болмаған  жерде  жақсы  отбасы,  сәулетті  де  дәулет-
ті  мемлекет,  мемлекеттер  арасындағы  аймақтық  және 
әлемдік  тұрақтылық  пен  қауіпсіздік  болмайды.  Сенім  – 
күрделі  сұхбат  процесінің  нәтижесі.  Өркениеттік  сұхбат 
процесінде  мемлекеттер  арасында  өзара  түсіністік  пай-
да болып, ең қымбат та негізгі құндылық ретіндегі сенім 
сезімі қалыптасады. Сөйтіп, біздер әлемде өз шешімін әлі 
таппаған  өткір  де  күрделі  мәселелер  мемлекетаралық, 
конфессияаралық,  ұлтаралық,  мәдениетаралық  сұхбат 
процесінде өз шешімін табады деген сенімдеміз. 
Ұлттық ұстаным
 
Халық жадында жаңғырып, оның күнделікті өмірімен аста-
сып, сабақтасып отырмайтын тарих – өлі тарих. Жансыз та-

35
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
рих жер бетінен жоғалған халықтарда ғана болады. Бұрын қазақ 
елінің тарихы, қазақ халқының жүріп өткен ұлы тарихи жолы 
құр деректер тізбегі түрінде самарқау баяндалып келсе, бүгінгі 
талап басқа. Біз осы тарихымызды ұлттық және стратегиялық 
мүдде тұрғысынан халқымыздың ізгілікке, елдікке ұмтылуының 
үздіксіз  саяси  процесс  ретіндегі,  ұлт-азаттық  күрес  түріндегі 
қасіретінен сабақ алып, қайта жазып шығуымыз қажет. Осы орай-
да, халқымыздың қоғамдық-саяси ойы дамуының елеулі кезеңінің 
шежіресі іспетті Тәуелсіз ел тарихын қайта бір парақтап шығу 
бүгінгі бізге де, болашақ ұрпаққа да пайдалы болмақ. Сондықтан 
сонау XX ғасыр басындағы зиялы қауым ұстанған ұлттық идея 
бүгінгі күні Тәуелсіз елімізде іске асуда. 
Сұхбаттасқан Сәкен Көкенов.
Алаш айнасы. – №72. – 27сәуір, 2012.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет