3 Дәстүр, демократия, философия
115
Шынтуайтына келгенде, түркі бабаларымыздың дана-
лыққа толы құштарлығы мен тұжырымдары тек қазақ хал-
қы үшін ғана емес, жалпы түркі тілдес халықтарға, бүкіл
түркі әлеміне, одан кеңірек алсақ, барлық адамзат баласы-
на рухани бағдар болып табылады. Сонау Орхон-Енисей
жазбалары мен Абайдың кісілік философиясы, Шәкәрім-
нің ар-ұят, ұждан философиясы аралығында игерілмеген,
өзінің толық философиялық тұжырымдамасын жеткілікті
деңгейде ала қоймаған дүниелер әлі де жеткілікті. Мәселен,
халықтың діни сенімдері мен ұлттық ділі арасындағы өза-
ра астарласу мәселесі өзінің тыңғылықты философиялық
зерделеуін алуға тиісті мәселелердің қатарына жатады.
Қазақтың әлемді қабылдауы батыстық үлгілерден айырық-
ша ұстындарға негізделген. Бұл да өзінше философиялық
зерделеудің түрі. Ол даналықты, саз бен сөзді жоғары
қоюшы жүйе десе де болғандай. Ал қазақ халқының да-
налық тағылымдары аталған тарихи үлгіні, мәдени пара-
дигманы сабақтастықпен жалғастырып келе жатқан бірегей
мәдениет болып табылады. Осыған орай қазақ халқының
тағдыры абстрактілі мәселе емес, ол сол халықтың әрбір
өкілінің бақытты өмірімен, дүниетанымымен астасып жа-
татынын айтуға болады. Ал әрбір тұлға бақытты болуы
үшін халықтың ғасырлар бойы қордаланған даналыққа
толы рухани байлығын игеруі тиіс және әлеуметтің әрбір
ғылыми мәселесін жан-жақты әдіснамалық тұрғыда зерде-
леу әріптестеріміздің қасиетті парызы.
Тәуелсіз мемлекет, асылы, айқын мәдени және рухани-
адамгершілік бағдарсыз ойдағыдай дамымайды. Өткеннің
барлығы із-түзсіз жоғалып кетпейді. Оның есесіне ұлт са-
насында ертегі-аңыз, эпос халықтың философиялық пай-
ымдау жүйесінің өзегі болып, ұлттық тарихтың қатпар-
қатпар қойнауында жинала бермекші. Егер Қазақстанға
жағырапиялық және әлеуметтік-мәдени шолу жасасақ,
біздің еліміз Батыс пен Шығыс және ежелгі өркениетті
Қытайдың қақ ортасында орналасқан. Бұл фактор қазақ
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
116
халқының кешегі, бүгінгі және болашақтағы рухани болмы-
сына, құндылықтар әлеміне және дүниетанымына әсерін
тигізбей қоймайды. Ендеше, біз үшін мәдениеттің эконо-
мика мен саясатқа қарағанда артықшылығы басымырақ.
Дәстүрлі қазақ қоғамын осындай өркениеттік әдіснама
бағытында зерттеу қомақты философиялық нәтижелерге
жетелейді. Қазақ философиясы қазақ тарихы мен әдебиеті
бойынша зерттеулердің әдіснамалық, методологиялық
негізі болып табылады.
Кеңестік дәуірден кейінгі уақытта қазақ және түркі
философиясы арасындағы рухани-мәдени байланысты
тереңдету мәселесі өзекті бола түсуде. Сонымен қатар,
мәдени әртүрлілікке байланысты XX ғасырда кең дами
бастаған философиялық ойлау мен пайымдау жаңа тип-
терін игеру қазіргі таңда маңызды болып отыр. Өйткені,
оларда демократиялық мәдениеттің, азаматтық қоғамның
қалыптасуы, рационалдықтың жаңа тәжірибесі жинақ-
талған. Бұл тәжірибе біздің ұлттық ерекшелігімізді ескере
отырып, ұлттық философиямыз бен ұлттық мәдениеті-
мізді атамекенде өркендетуге теориялық-әдіснамалық негіз
ретінде көмек береді, басқа мәдени кеңістіктермен тиімді
сұхбаттық қатынаста болуға шақырады.
Егемен Қазақстан. – 17 шілде, 2013.
3.2 БІЛІМ – ӘЛЕМДІК, ТӘРБИЕ ҰЛТТЫҚ
БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙМЫН
- Әбдімәлік аға, әңгімемізді әріден тартып, астарла-
май-ақ бірден бастасақ… Диаспора танушы ретінде
еліміздегі ассамблеяның бергені мен бермегі туралы ай-
тыңызшы.
- Қазақ халқы бірлікті, ынтымақты жақсы көреді. Бір-
лік бар жерде тірлік барлығын атам қазақ бекер айтпаған.
3 Дәстүр, демократия, философия
117
Құшағы кең, көңілі дарқан қазақ халқының төңірегіне топ-
тасқан басқа қазақстандықтар, қазақ халқына құрметпен
қарауы тиіс. Оларға да тыныштық керек. Көріп отырмыз,
көршілес жатқан шетелдерде қандай жағдайлардың болып
жатқанын.
Араздықтан, дүмпуден, көтерілістен әлеуметтік жа-
маншылыққа ұшырағанын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.
Бүгінгі таңда қазақтың татулығы, ұлттар мен ұлыстардың
ынтымағы, діндердің бірлігі керек. Еліміздегі негізгі дін –
ислам мен православтық христиандар. Осы екеуінің ара-
сындағы рухани келісім ауадай қажет. Дінаралық кикіл-
жің, соғыс, қақтығыстар жақсылыққа апармайды, апарған
да емес.
Біздің елімізде жүз отыздан астам этнос бар екен.
Оның кейбіреуінің саны көп емес. Мәселен, он мың. Бірақ
этнос ретінде есептеледі. Олардың санының көптігі мен
аздығында тұрған ештеңе жоқ. Өзгелер де, өзіміз де шешуші
халық, осы жердің иесі, осы мемлекетті құрушы қазақ
халқы екенін мойындауға тиіспіз. Аллаға шүкір, қазіргі
кезде қазақ 67 пайызға жетіп отыр. Бұл тұрғыдан келген-
де, қазақ ұлты Қазақстан қоғамында шешуші «доминант»
деп есептеледі. Солай бола тұра, қазақтар «Мен осы елдің
егесімін» деп, өзге ұлттарға қысымшылық жасамауының
өзі қазақ халқының тектілігін көрсетеді. Қай заманда,
қандай қиыншылық болмасын нанының жартысын бөліп
беріп отырған қазақ соғыс кезінде, соғыстан кейін, бейбіт
замандағы дағдарыстар, елең-алаң өліара шақтарда да өзі-
нің адамгершілік, гуманистік көзқарасынан айныған емес.
Келешекте де осылай болады. Өйткені бұл әдет қазақтың
болмысында, қанында бар. Қазақ негізгі ұлт болғандықтан,
басқа ұлттар қазақ халқының түпкі мүддесін қолдап, құр-
метпен қарауы қажет. Ең бастысы, қазақ Тәуелсіздіктен ай-
рылмауы тиіс. Тәуелсіздігімізді қастерлеп, құрметтеп жи-
ырма төрт жылдағы жеткен жетістіктерімізді насихаттап,
халыққа түсіндіруіміз керек. Этностар арасын зерттеу, рет-
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
118
теу бұл – бір мәселе. Бізде шетелдерден келіп жатқан мис-
сионерлер көп. Оларға сіз, «келме» деп айта алмайсыз. Біз
ашық және демократиялық қоғам қалыптастырып жатыр-
мыз. Сондықтан да олар келеді. Бірақ олар жай келмейді.
Өздерінің идеологиялық платформасымен келеді. «За-
манына қарай амалы» дейді қазақ. Бір кездері босып кел-
ген этностарға қазақтар көмек қолын созған. Өйткені
олар көмекке зәру еді. Ал бүгінгі келіс басқа… Оларды біз
бақылауға алуымыз керек. Олардың пиғылын анықтамасақ
болмайды. Олар көмек сұрап келіп жатқан жоқ. Олардың
мақсаты – іштен іріту, бірлікті бұзу болса қайтпекпіз?
- 1991 жылы елімізде алғаш рет қазақ философиясы
бөлімін аштыңыз. Соның нәтижесінде халқымыздың сан
ғасырлық даналығын жүйелеуге бізде мүмкіндіктер туды.
Одан бері де міне, жиырма жыл өткенін көзіңізбен көріп
отырсыз. Еліміздегі бір үйдің баласындай ғұмыр кешкен
өзге ұлт өкілдері, қазақ философиясын қаншалықты та-
ныды?
- Қазақ философиясы – Тәуелсіздіктің рухани фор-
масы. Тәуелсіз ел болғаннан кейін біз де өзіміздің фило-
софиямызбен, ұлттық энциклопедиямызбен, ұлттық
кітапханамызбен ерекшеленуіміз керек емес пе?! Қазақ
философиясын мойындамайтындар бар. Алматыдағы
кейбір ғалымдар, мұғалімдер «қазақта философия болған
жоқ», – деген пікір білдірген. Ал мен айтар едім: кез кел-
ген ауылдағы ақсақалмен шәй ішіп отырып сөйлессеңіз,
мейлі өмір туралы, мейлі өлім туралы айтсын, керемет
философиялық ойларға тұнып тұр. Қазақтың философия-
сы – адамның өмір сүру философиясы. Бір сөзбен айтқанда,
қазақ – ойшыл, философ халық.
- Егемендіктен кейін біз белгілі бір елді үлгі еттік, жол-
дар таңдадық. «Өркениетті елдер бүйтеді, дамыған елдер
сөйткен» деген сияқты. Тарихымызды айтып таңданған-
да, тамсанғанда, мәдениетті, жалпы адамзатқа қажетті
3 Дәстүр, демократия, философия
119
құндылықтарды өзімізден тауып жатамыз. Осыларды
негізге алуға мүмкіндіктер жоқ па? «Батыс философиясы»,
«Шығыс философиясы» деп бөлеміз. Жаһандану заманын-
да қазақ философиясы тасада қалып, ұлттық ерекшелік-
тер басылып, жаншылып кетпей ме?
- Жоқ. Ондай болмайды. Бізде философиялық жо-
ба бар. Ол – еуразиялық өзара түсіністік. Елбасымыз
Н.Ә. Назарбаевтың ұсынған идеясы және ұстанған ұсты-
ны. Осы ойдың іске асудағы нәтижелері де бар. Мәселен,
Беларуссия, Ресей, Қазақстан арасындағы Кеден одағы
құ-рылды. Еуразиялық экономикалық одақ және бар.
ХХІ ғасыр өзіңмен-өзің, жеке-дара өмір сүретін заман
емес. Жаһанданудың осындай жағы бар. Мемлекеттер ин-
теграцияға түсіп бірігуі тиіс. Әрине, біріккенде ұлттық
стратегияға сай келіп, өзінің ұлттық мүддесін сақтау
мақсатында бірігуі керек. Ұлттық құндылықтар көздің
қарашығындай сақталмаса, біріккеніңізден келер пайда
жоқ. Сол кезде бізді қазақ болғанымыз үшін барлық халық
құрметтейді. Біз қанша жыл «орыс боламын» деп тыры-
сып едік, одан ештеңе шықпады. Орыс бола алмадық. Болу-
дың қажеті де жоқ. Тек, ұлттық рух, ұлттық мүдде, ұлттық
мәдениет, ұлттық болмыс, ұлттық құндылықтармен ғана
біз бәсекеге қабілетті елдер қатарында мәңгі қаламыз.
Одан басқа жол жоқ!
- Мысалы, жапондардың «Тoyota» автокөлігін алайық.
«Тoyota» десе жапон, жапон десе «Тoyota» еске түседі.
«Бренд» деп жүрміз ғой. Қазақтың «бренді» не болуы ке-
рек?
- Қазақтың «бренді» – оның мәдени мұрасы. Бізде мұ-
най көп. Бірақ мұнай жалғыз бізде ғана емес, барлық жер-
де бар. Алтын, күміс, газ, уран т.с.с. толып жатқан бағалы
дүниелерді атай беруге болады. Бұлар да қазаққа «бренд»
бола алмайды. Қазақты әлемге паш ететін тек – мәдени
мұрасы. Біз көп нәрседен ажырап қалдық. Сондықтан осы
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
120
мәдени мұраны игеру бізге ауадай қажет. Мәдени мұраны
игеру арқылы санамызды өзгертеміз. Кеңейген сана тарих-
қа дұрыс қарай алады. Бодан замандардан ары өтіп, баяғы
тәуелсіз болған, Ресейге қосылмай тұрғандағы хандығы,
мемлекеті болған заманмен сана үйлескен жағдайда біз да-
мимыз, тәуелсіздігіміз мығымдана түседі. Ал бодан болған
санадан аз уақытта айығып кету мүмкін емес. Құлдық
психологияда қалып қояды. Оны бірден жоя алмайсыз.
Пышақпен сылып тастап немесе операциялық жолмен
ала салатын нәрсе емес. Адамның санасы – консервативті.
Сондықтан бірте-бірте білім-ғылымды өрістету арқылы,
тәрбие жұмысын жандандырып жүргізумен халықтың
санасын тәрбиелеу қажет. Мен ылғи айтамын, тағы қай-
талағым келіп отыр: «білім – әлемдік, ал тәрбие ұлттық бо-
луы керек». Сонда ғана біз елдігімізді, қазақылығымызды
сақтаймыз. Жаңағы Жапон елін дұрыс мысал етіп отырсыз.
Бірақ біз ине де шығармаймыз ғой. Бізде ондай техника да
жоқ. Бірақ шығарғымыз келмегеннен емес. Ол – отар мен
боданның кесірі. Кеңес өкіметі кезінде қулығына құрық
бойламайтын адамдар болған-ау шамасы: «осы қазақ
тәуелсіздік алған күнде де жүз жыл тәуелді болып жүре
берсін» деген сияқты. Мысалы, Павлодарда трактор зауыты
болғанымен, моторы Челябинскіде жасалады екен. Расын-
да моторсыз қандай трактор жүреді. Оның бәрі саясатқа
келіп тіреледі.
Қазіргі XXI ғасырда мылтықтың күшімен, найзаның
ұшымен біреуді жеңу мүмкін емес. Атом бомбасы болсын-
болмасын. Ендігі жерде тек ұлттық рухы мықты елдер ғана
күшті өмір сүретін болады.
- Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін қазіргі мектептегі
жас балаларды ұлттық рухта тәрбиелеу керектігі белгі-
лі. Бүгінгі мектепке көңіліңіз тола ма? Философ ретінде
қандай идеология ұсынатын едіңіз?
- Өте орынды сұрақ. Мектептегі оқу процесі екі бө-
ліктен тұрады. Бірінші – тәрбие, екінші – білім. Біз көбіне
3 Дәстүр, демократия, философия
121
білім беру жағына мән беріп, бір шелектен екінші шелек-
ке құятын су сияқты түсінеміз. Ол дұрыс емес. Тәрбиеге
өте қатты мән беруіміз керек. Әл-Фарабидің: «дүниеде
тәрбиесіз берілген білімнен қауіпті нәрсе жоқ» дегені бар.
Сондықтан да білім мен тәрбиені бір процестің екі жағы
деп қарау қажет. Мектепте математика, физика, биология,
химия пәндері арқылы да тәрбие жұмысын жүргізуге бо-
лады. Балаларды қызықтыратын неше түрлі курстар ашу
жолдарын қарастырған жөн.
- Ендігі әңгімені дін тақырыбына қарай бұрсақ. Дін
мен ғылым – бірін-бірі толықтыратын егіз ұғым. «Дінсіз
ғылым – ақсақ, ғылымсыз дін – соқыр» дейді. Пайғамбары-
мыз с.ғ.с. бір хадисінде «маһшар күні соғыста ағызылған
шейіт қаны мен ғылымға жұмсалған ғалымдардың сия-
сы таразыға тартылған сәтте ғалымдардың сиясы ба-
сым түседі» деген екен. Бізде дін мен ғылым қаншалықты
қабысқан?
- Қазіргі заманда бір әділетсіздік бар. Бір жерде қо-
парылыс, жарылыс, төңкеріс болып жатса, міндетті түрде
«ислам» дейді. Ислам дінін теріс көрсетеді. Негізі, ислам
дегеніміз – керемет дін. Ол – демократиялық дін. Бей-
бітшілікті қолдайтын дін. Сондықтан мынау Батыстың ой-
ыншылары «игрок» дейді ғой, исламды саяси ойынға ай-
налдырып, қасиетті діннің беделін түсірумен айналысып
жүр. Қазір христиандар мен мұсылмандар арасындағы
рухани тепе-теңдік бұзылды. Егер екеуінің арасындағы
тепе-теңдік қалпына келмесе, қырғиқабақ, өзара соғыстар
жалғаса бермек. Бұл мәселелерді шешетін елдер арасын-
да келісім болуы керек. Тиімді бір сұхбат формаларын
ұйымдастырған дұрыс. Ендігі жерде бізге тек бейбіт жолмен
ғана жүргеніміз абзал. Революциялық емес эволюциялық
жолмен дамуымыз керек. Халықтың тұтастығын сақтап,
мемлекеттің ішінде тату болып, басқа этностар, әртүрлі
диаспоралар, діндер, мәдениеттерді ұйыстыруға тиіспіз.
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
122
Ол оңай емес. Мысалы, өзіңіз білесіз қазіргі кезде төрт-
бес адамнан тұратын отбасы быт-шыт болып жатыр.
Әйелі күйеуімен төбелесіп, бала-шағасын өлтіріп, үйге,
дүниеге таласып әлектенуде. Дүние де керек шығар, деген-
мен менің ойымша, XXI ғасырда шексіз байлық – рухани
байлық. Рухани бай адам елін, халқын, жұртын сатпайды.
Ешқандай байлыққа қызықпайды да. Рухани жұтаған адам-
дар халықты бүлдіретіндер. Ондайлар қазіргі таңда біздің
қоғамда өкініше қарай, азайып емес, көбейіп жатыр. Міне,
осының алдын алуымыз керек.
Жасыратыны жоқ, біздің елде қалыс қалған мәселе ол –
дін жағы. Кеңес дәуірі кезінде «дін – апиын» деп бәрімізді
діннен алшақтатып жіберді. Қазақ халқының ұлт ретінде
қалыптасуына ислам дінінің рөлі кезінде өте зор бол-
ды. Сондықтан біз өзіміздің исламды, ислам болғанда да
арабтың я болмаса иранның исламы емес, Қожа Ахмет
Исауидің хикметтері, Шәкәрімнің философиясын, қазақ-
тың исламын, Абайдың отыз сегізінші сөзіндегі исламды
бойымызға сіңіруіміз керек. Осы тұрғыдан келгенде әлі де
істелетін шаруалар аз еместігін байқауға болады.
- Қазіргі уақытта ғылымның жалпы зерттелуінен,
зерделенуінен еліміздегі ғылымның дамып келе жатқан-
дығын, белгілі бір жолға түскендігін көреміз. Сол ғылым
қарапайым халықтың қолданысына түсіп, сол ғылымның
жемісін татып, пайдасын көру деңгейі қаншалықты?
Қазақ ғылымы белгілі бір орталарда, тек ғалымдардың
арасында ғана айтылып жүрген жоқ па?
- Мысалы, Иранға барсаң кішкентай кітапшаларын
алып, саған қарай жүгіреді. Қалтаңа салады. Біз де Құранның
керемет аяттарын жастарға «ұрлық жасама, жаманшылық
істеме, сен жақсы азамат бол!» деп жаттатсақ, нұр үстіне
нұр болар еді. Соның бәрін іске асыру үшін бізге Құранды
насихаттау, жалпы исламды насихаттауды алға қоюымыз
керек. Құран кітапшаларын далада ойнап жүрген кішкен-
3 Дәстүр, демократия, философия
123
тай балаларға беріп, олар сол Құранның ішіндегі барлық
тәлім-тәрбиені алып, жадына сақтап, жаттап өссе, саналы
ұрпақ дүниеге келер еді. Міне, жеміс, осы – нәтиже. Әрине,
мұндай әрекеттер аздап болса да бар.
- Қазақ философиясы қазақтың өз дара жолын салып
беруге ықпалы бар ма?
- Мен бұл жерде Президенттің сөзіне жүгінейін. Оның
«Қазақстандық жол» деген кітабы бар. Қазақстанның руха-
ни жағынан да, мәдени жағынан да өзіне тән жолы бар. Ол
– тұрақтылық реформаға көшу жолы. Тұрақтылық бірлік
болмаған жерде сіздің ешқандай реформаңыз жүзеге ас-
пайды, бәрі нөл болады. Ал тұрақтылық әлеуметтік-саяси
болуы тиіс. Қазақ философиясы үш сатыдан өтті. Біріншісі
– ежелгі түркілік дәуір, екіншісі – халықтық дәуір, үшінші
– кәсіби дәуір. Қазір біз кәсіби дәуірде өмір сүріп жатыр-
мыз. Кәсіби дәуіріміз бар, ол жөнінде кітаптар шығарып,
мақалалар жазып, диссертациялар қорғап, лекциялар
оқып, айлығын алып жатырмыз. Қазақ философиясы сіз
айтқандай, бізге үлкен жол салып бере қойған жоқ шығар,
бірақ рухани мүмкіндігіміз бар. Қазақтың діни филосо-
фиясы дамыған. Шәкәрімнің өзі не тұрады!? Оның діни
философиясы керемет қой. «Білімділерге қойылған бес са-
уал», «Үш анық» т.с.с. Біздің елде имансыз адамдар азайып,
имандылардың саны көбейе түссе екен.
- Айтқаныңыз келсін! Сіздің өміріңіз бен шығар-
машылығыңыздан байқағанымыз, қиын заманды бастан
кешірген екенсіз. Жас кезіңізде әкеңіздің қудалануы, кейін
ол кісінің ақталуына жасаған әрекеттеріңіз табандылық-
ты, қажырлылықты көрсетеді. Бірақ ол қолдан жасалған
қиын заман еді. Бейбіт заманда табандылықты немен
көрсетуге болады?
- Бір қарағанда, ешқандай қақтығыс, бәле-жала жоқ
сияқты болып көрінуі мүмкін. Жоғарыда айттық қой «қазір
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
124
қарумен ештеңе шешілмейді» деп. Бірақ бүгінде күліп оты-
рып, күйзелтіп кететін амалдар бар. Сондықтан табанымыз
нық, рухани жағымыз мықты болмаса, біз қаңбақ сияқты
өз бағыт-бағдарымызды білмей, жел қайдан тұрса солай
қарай ұшып жүре бермекпіз. Біздегі әрбір адамның бағыт-
бағдары – адам болу, артынан ұрпақ қалдыру, халқына
қолдан келгенше көмек көрсетіп, сол арқылы іргелі елге,
айбынды мемлекетке айналу. Он жеті миллионға жуық
Қазақ мемлекетінің әрбір азаматы өз еліне елеулі үлес
қосса, игі істер жасаса еліміздің ертеңі көрікті болар еді.
«Сауатты халық – салауатты» дейді. Заманауи техноло-
гияларды игеру және соны өзіміздің елде жасап шығару,
пайдалану, зейнетін тату – біздің негізгі міндетіміз. Алла
қаласа, келесі онжылдықта біздің еліміз алып державаға
айналатындығына сенгім келеді және соны көргім келеді.
Сұхбаттасқан Едiл Анықбай.
Алаш айнасы. – 1 шілде, 2011.
3.3 ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ
Қазақ философиясы дегеніміз не? Бірнеше жыл бұ-
рын мұндай ұғым ойдан шығарылғандай болып көрі-
нетін. Классикалық неміс философиясы мен маркстік
теорияның идеяларын дамытушы «қазақстандық диалек-
тика мектебін» жұртшылық жақсы білетін, құрметтейтін.
Философиялық ойлаудың үлгісі ретінде батыстық ғылымға
ұқсайтын философияның бір ғана түрі мойындалды,
әсіресе бұл саладағы әйгілі ойшыл ретінде танылатын
Гегельдің беделі үстем болатын. Кеңестік кезеңдегі фило-
софия тарихының ерекшелігі – қазақтың шалқар даласын-
да Гегель мен Маркстің негізгі бағдарға айналуы. Әрине,
Дала өркениетінде дәуірдің тағдырын анықтаған неміс
ойшылдарының қабылдануы кездейсоқ болмас, бірақ әрбір
нәрсенің өзіндік сипаты, үні болады емес пе? Міне, қазіргі
3 Дәстүр, демократия, философия
125
күрделі жаһандану заманында осы қасиеттер анық байқала
бастады.
Әрине, классикалық батыс типтегі философияның, Ге-
гель бастаған академиялық философияның өлшемдерімен
қарайтын болсақ, онда дәстүрлі қазақ философиясына сын
көзімен қарауға болатын сияқты. Өйткені, онда ғылымға
ұқсастық, жүйелілік, дәлелділік жетпей жататыны белгілі.
Бірақ, қазіргі философияның деңгейінде еуропаорталықтық
пен азияорталықтық сияқты түсініктер ескірген. Шығыс
философиясы өзінің ерекше мәртебесі жөнінде әлемге
жар салды. Бір қызықты жері: Кьеркегор мен Ницшеден
бастап постмодернистерге дейінгі қазіргі батыс фило-
софиясы өздерінің қалыптасқан дәстүрін реформалауға,
мәдениет онтологиясын қайта қарауға тырысты, яғни ан-
тропологияны, эпистемологияны, методологияны жаңаша
қалыптастыруға күш салды. ХХІ ғасырдың басында терең
зерттеуді қажет ететін шығыстық, түріктік ғылым методо-
логиясы күн тәртібінде тұр.
ХХ ғасырдың барлық ойшылдары мәдениеттің маңыз-
дылығын атай отырып, шығыс пен батыстық дәстүрлер-
дің өнімді синтезін іске асыруды қолдайды. Техникалық
дамудың, өркениеттің түлегі бола тұрып олар рухани-
лықтың өміршең күшін сақтап қалған Шығысқа үмітпен
қарайды. Мәселен, Хайдеггердің экзистенциалдық талдауы,
Гадамердің «өмірлік әлемі», Адорноның «әсемдік табиғаты»
және т. б. шығыстан сусындаған. Сондықтан, қазіргі батыс
философиясы өзіне шығыстық әлемге қатынасты идеясын
өз бойына сіңірген және ол жаңғыру үстінде.
Шығыс философиясының (оның ішінде қазақ-түркі фи-
лософиясының) негізгі ерекшелігі неде? Меніңше, мәде-
ниет әмбебаптарының философия әмбебаптарымен біте
қайнасқан бірлігінде. Классикалық батыстық философия
эмпириядан тазарып, «таза ойлау стихиясын» артық көре
бастады. Сөйтіп, ол өзіне жаңа әлемді ашып, идеальды
объектілерді қалыптастыру мүмкіндігіне ие бола бастады.
Бірақ мұндай әрекет кері әсерін тигізе бастады. Мартин
|