3 Дәстүр, демократия, философия
159
дың жолдарын іздеуге және оларды іске асыруға, сөйтіп,
тұлғаның адамгершілік тұрғысынан биіктерге көтерілуін
насихаттай отырып, ол өмір мен өлім туралы кең мағына-
лы қорытындылар жасайды. Соның арқасында ол тек бір
халықтың данышпан философ-ойшылы ғана болмай, бүкіл
әлемдік мәдениеттің көрнекті өкіліне айналды.
Егемен Қазақстан. – 5 мамыр 1995 ж.
3.6 ҚУАТТЫ ҚАЙНАР
Еуропа мен Азияны жалғап жатқан қазіргі кең байтақ
қазақ даласы қай заманда да ғұламаларға кенде болмаған.
Анахарсис пен Заратуштра, Қорқыт пен әл-Фараби, Мах-
мут Қашқари мен Қожа Ахмет Иасауи, Асан Қайғы мен
Бұқар жырау, Шоқан мен Абай сары даладағы ұлан-ғайыр
мәдениеттің ұлы көшінің сорабын аңғартатын, алыстан
көзге ілінетін қадау-қадау алып шындар іспетті.
Ерлік жыры мен болашақ ұрпақтарына айтар амана-
тын ата-бабалары сонау сегізінші ғасырда-ақ тасқа қашап
жазып кеткен көшпелі халықтың сол дәстүрлі мәдениеті
кейін бәлкім хат пен қағазға ден қоймаудың салдары-
нан жалпақ әлемге кең танылмаса, танылмаған да шығар.
Бәлкім, Еуразия құрлығының шығысынан батысына, ба-
тысынан шығысына сан дүркін жөнкілген жаугершілік за-
манда ат тұяғының астына тапталып көмілсе, көмілген де
шығар. Бірақ жоғалып кеткен жоқ. Халқымыз дәстүрлі
мәдениетінің мәйегін, өзіндік дүниетанымының дәнін
және дүниенің ұлттық бейнесін асыл рухты перзенттерінің
жәрдемімен ғасырдан ғасырға жалғады. Содан соң, баяғы
Анахарсес пен Әділдің, әл-Фараби мен Қорқыттың қай
өлкеден келгені естен шығып, жер бетінде данышпан қазақ
деген халықтың бар-жоғын ұмыта бастаған жиырмасыншы
ғасырдағы жалпақ әлемге осыдан жарты ғасырдан астам
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
160
уақыт бұрын осы қазынасын жарқ еткізіп қайта танытгы.
Танытқан – Мұхтар Әуезов, танылған – «Абай жолы» эпо-
пеясы және ұлттық қоғамдық ойы еді.
«Абай» романын «XIX ғасырдың екінші жартысындағы
қазақ елінің өмір тіршілігі мен болмыс-тұрмысын бар қы-
рынан жан-жақты суреттейтін шын мәніндегі энциклопе-
дия» деп бағалаған қазақтың тағы бір ғұлама перзенті. Ғы-
лым академиямыздың тұңғыш президенті академик Қаныш
Имантайұлы Сәтбаев еді. Міне, Әуезовтің рухани мұрасы өте
бай және жан-жақты дүние екені осыдан байқалады.
Осы ойды Мұхтар Әуезовтің сүйікті шәкірттерінің бірі,
біздің заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтма-
тов кең ауқымда алып, нақтылай түсті. «Бұл роман, – деп
жазды ол, – бүкіл түркі тілдес халықтардың, оның ішіңде
өткендегі көшпелі халықтардың да адамзат мәдениетіне
қосқан зор үлесі. «Абай» эпопеясы – біздің көркемдік және
әлеуметтік энциклопедиямыз. Бұл – біздің ортақ манда-
тымыз, біздің ұлан-байтақ Еуразия кеңістігіндегі бүкіл
бастан кешкен заманымыз тура келген бүкіл тауқыметі-
міз үшін, өз қазынамыздың жүйесін, өзіміздің көркемдік
және адамгершілік дүниемізді, өзіміздің ұлы поэтикалық
сезімімізді жасап, қол жеткізе алған бүкіл игіліктеріміз
үшін берілген есеп... Дүниені көз алдыңа келтіру үшін, бас-
қалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін
асқақтата көтеріп, жар салу үшін өз биігің – Мұхтар Әуезов
сияқты асқар шыңың болу керек. Біз өзіміз жайында
Мұхтар Әуезов көтерілген биікте тұрып ой түйеміз және
басқа халықтармен сол биік арқылы араласамыз».
Демек, бұл күндері дербес мемлекетке айналып, жері-
міздің байлығымен кеңдігі төрткүл дүниені танданды-
ра бастаған біздің – Қазақ елінің, қала берді бүкіл түркі
әлемінің рухани-көркемдік және пәлсапалық дүниетаны-
мын әлем жұртшылығына осыдан жарты ғасыр бұрын-ақ
Мұхтар Омарханұлы Әуезов өзінің ұлы шығармасы «Абай»
эпопеясы арқылы қойыпты.
3 Дәстүр, демократия, философия
161
Иә, Әуезовтің рухани әлемі оның Ташкент қаласында
шығатын «Алаш» газетінің бетінде 1917 жылдың 30 науры-
зында жарық көрген «Қазақтың өзгеше мінездері» атты
тұңғыш мақаласынан бастап, 1961 жылдың маусымында ау-
руханада операция күтіп жатып, қаламдас інілеріне арнап
жазған соңғы хаттарына дейін бір-бірінен бөліп-жіктеуге
болмайтын біртұтас рухани дүние.
Тек алғашқы мақалаларында даналық көрігінде ерте
қайнаған албырт жас кеудесін кернеген ойды ірке алмай,
халқына бағыттаған, елінің келешегін бағамдаған асыл ой-
ларын ашық білдірсе, кейін осы ойларды жұртқа жеткізудің
әміршіл-әкімшіл жүйенің қырағы көзіне шалынбайтын-
дай ұтымды әдістерін шебер таба білген. Ал, нәтижесінде
Әуезовтің сол ойлары біздің – қазақ зиялыларының, барша
шығыс жұртының осы уақытқа дейінгі рухани дамуының
темірқазығына, бүкіл педагогикалық, пәлсапалық, әдеби-
көркемдік ізденістеріміздің негізгі бағыттарына айналып
келді. Осы пікірдің ақиқаттығына көз жеткізу үшін Әуезов
мұрасына қайта бір көз жүгіртіп көрелікші.
Әр адамның туып-өскен елі, жасынан жаттап өскен
ғадеті, нанымы, тұрмыс қалпы сол адамның ақыл, мінезіне
із қалдырмай тұрмайды, – деп жазды Мұхтар Омарханұлы
өзінің 1918 жылы жарық көрген «Өліп таусылу қаупі» деген
мақаласында. – Бұл қалдырған із көңілге кіріп, ерікті би-
леп, әр адамға өзінің елін сүйгізіп, елдігін іздетеді. Елдікке
келген қауіпке оқыған, оқымаған бірдей күйініп қарсысына
бірдей шығады. Елдігі аман қалуы үшін екінің бірі бейнет-
ке, өлімге, я түрлі басқа қазаға шыдап кететінін тарих
жүзінен көріп отырмыз».
Қазақ қоғамтанушылары Мұхаң сілтеген осы тақырып-
ты тереңірек зерттеуге талай рет талпыныс жасады, бірақ
қос өкпеден қысқан саяси-идеологиялық құрсау ұзақ жыл-
дар бойы бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарының адымын
аштырмағаны ақиқат. Тек соңғы жылдары ғана ұлтымыз-
дың өзіне тән дәстүрлі дүниетанымын саралауды шыңдап
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
162
алған жайымыз бар. Бұл жұмыстың еліміздегі оқу-ағарту
жүйесін де мүлде жаңа сатыға көтеріп, тың көк көкжиекке
бастары анық. Халқымыздың ынтымағын жарастырып, еге-
мен мемлекетіміздің іргетасын нығайтатын, сөйтіп, тәуелсіз
елімізді әлемдік өркениет айдынына алып шығатын ақ жел-
кен де, тіпті түбінде осы бүкіл казақстандықтарға ортақ
дүниетаным, ортақ діл болуға тиіс.
«Абай уақытында өліктің артын күту, қаралы болу, бата
оқу, аза салу, ас беру сияқты әдеттер қандай еді? Осылар ту-
ралы тағы да айрықша уақиғаларды жазып алу қажет. Сол
кездегі құда түсу, кит кию, ұрын бару, қыз ұзату, ілу жасау,
жора, ырым-жырым қандай, – оның да көп суретін Абай
жанасқан фактілермен мысал қып жазып алуға болады...
Онан сон қыстау, көктеу, жайлау, күздеу бар. Осындағы
мал баққан көшпелі шаруаның не түрлі өзгешелік мерзім
машығы, тәжірибе тәртібі бар, – оларын да мысалдармен
жазу керек.
Осыған жалғас сол кездегі қазақтын ауа райын, жыл
реңін білудегі, жұт-жалаң турасындағы тәжірибелерін де
жазу керек. Отамалы, сәуір, қыркүйек, құралай, тоғам,
сүмбіле сияқты ай, күн мерзімдерін де ескеру қажет. Күзем,
отар, күйек, соғым, неше алуан науқан жәйлі жазылса, – ол
да керек...
Қысы-жазы киетін қысқы киімдер қандай, әйел не киеді,
бала киімі немене, – бұл да тегіс керек. Тіпті, ер-тұрман,
қару-сайман, жылқының таңбасы, қойдың ені, үй-ішінің ою
кестесі – бұлар да кажет...
Мұндайларды білу арқылы Абайдан көп өлеңінің қа-
зіргі буынға, келер буынға түсініксіз, көмескі көрінетін
ерекшеліктерін де жақсы таныр едік».
1940 жылы жазылған бұл мақала тек «Абай жайын
зерттеушілерге» айтылған кеңес емес-ті, бұл – ұзамай
дүниені дүр сілкіндірер Абай романының, қазақтын көр-
кем және әлеуметтік энциклопедиясының ақ қағазға түс-
кен алғашқы тұжырымдамасы болатын.
3 Дәстүр, демократия, философия
163
«...Шекспирдің Гамлетіне, Гетенің Фаустына қазақ өз
елінде болған, заман шерін айтқан Асан Қайғыны, толғау
айтқан Бұқар жырауды айырбастар ма екен?». Рас, бір за-
манда осының бәрін қазақ та өзгелердей ұғатын болар.
Бірақ елді сол заманға жеткізетін, сол санаға шейін жетек-
теп апаратын өз өнері болады».
Ұлттық қоғамдық ой, онын ішінде көркемдік танымның
даму механизмі отандық пәлсапа ілімінде әлі зерттелмеген
мәселе. Ал, Мұхтар Омарханұлының сонау өткен ғасырдың
жиырмасыншы жылдың соңында айтқан бұл пікірі қазіргі
біздің – кәсіпқой қоғамтанушылардың алдында тұрған
күрделі мәселені қозғап отыр. Шынымен-ақ, қазіргі өскелең
ұрпақ әлемдік өркениеттің үздік туындыларынан руха-
ни ләззат алудың орнына, арзан-қол дүниелерді қызық-
тауға неге әуес. Мұның себебі: біз өз замандастарымызды
әлемдік құндылықтар қайнарына, Әуезовше айтсақ, со-
ларды түсінетін санаға Асан Қайғы мен Бұқар жырау жыр-
лары арқылы жеткізе алмай отырмыз. Біздің қазіргі өнер
маңында жүрген коммарсент-ұйымдастырушыларымыз
да, кейбір әсіреқызыл суретшілеріміз бен киногерлеріміз
де, тіпті бірен-саран қаламгерлеріміз де Әуезов айтқан әлгі
ақиқаттан хабарсыз қалпында, әр түрлі ағымдарға елік-
теудің соңында жүр. Мейлі еліктей берсін, бірақ мұндай
еліктеудің талайына куә болған әлем жұртшылығына жаңа
қазақ көзқамандарының күлдібадам туындылары таңсық
емес, оларды қызықтырса дәстүрлі мәдениетімізден та-
мыр тартатын шынайы да бірегей өнеріміз қызықтырар.
Ұлы Мұхаңның жоғарыдағы өрен туралы пікірінің аста-
рынан осындай әлеуметтік ой түйіп, болашақ ғылыми-
ағартушылық жұмысымызды басшылыққа алсақ жарар еді.
Кең даламызда шашылып жатқан ауыз әдебиетінің
үлгілерін жинап-теріп, ерінбей-жалықпай жүйелеп, абай-
тану мен қазақ фольклоры ғылымының негізін қалап кет-
кен де Мұхтар Әуезов екенін баршамыз білеміз. Бірақ,
ұлы Әуезовтің халықтың ауыз әдебиетіне қатты қызығуы,
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
164
фольклористикаға осыншама ден қоюы тар филологиялық
шеңберге сыймайды десем, әдебиетші әріптестерім маған
ренжи қоймас.
Қазақ халқының және шығыс жұртының рухани әле-
мін жалпыадамзаттық мәдениетке жалғастыру Мұхтар
Әуезовтің өмірлік мұраты болып өткені акиқат. 1952 жылы
қырғыздың «Манас» эпосын зерттеуге арналған ғылыми
конференцияны тағы бір есімізге алайықшы. Мұхтар
Омарханұлы бауырлас елдің ұлы мұрасын солақай сая-
сатшылардан қорғай келіп, өзінің сөзін «бұл шығарманы
әлемдік әдебиеттің інжу-маржандары қатарына қосуымыз
қажет» – деп аяқтамаушы ма еді?!
Ал, күні бүгінге дейін әдебиетшілеріміз тек қазаққа
ғана тән деп жүрген айтыс өнеріміз туралы мұхаң былай
деп жазады: «Айтыс жанры замандарда бір қазақ емес,
дүние жүзіндегі көп елдердің тарихында болған... Мысалы,
арабта жәрмеңкелерге жиналған ақындардын айтысқан
жарыс өлеңдері қағазға жазылып, көпшілік оқуына, сына-
уына қолайлы етіп, жәрмеңке ортасына ілініп койылатын
болған. Ол айтыс өлеңдерін арабтар мұғалламат деген, сол
алуандес айтыс өлең Батыс Еуропаның орта ғасырында:
келттерде – фильдер деген ақындарды туғызған. Францияда
труверлер, орталық Еуропадағы мейстерзингирлер және
Скандинавия елдерінде болған «эдалаларда» жырлайтын
скальділер – бәрі де айтысқа жүйрік ақындар».
Мұхтар Әуезовтің бұл ғылыми тұжырымынан әлемдік
мәдениет тарихынан салыстыру әдісі арқылы өз халқының
төл мәдениетіне жақын нышандар іздеу сарынын аңғару
қиын емес.
Рухани жақындық бүкіладамзаттық татулыққа жеткі-
зетін төте жол екенін ғұлама Әуезов ерте білген. Сондықтан
да ол алыстағы ағылшынның Шекспирі мен Американың
Джек Лондонын қазақ топырағына алып келді, грузиннің
Шота Руставелиі мен үндінің Рабиндрант Тагорын асқан
құрметпен асқақтата жазды, орыстың Толстойы мен
3 Дәстүр, демократия, философия
165
Достоевскийін кейінгі ұрпақтарына үлгі етті. Ал, Низами
мен Науаидан бастап, бүгінгі Шыңғыс Айтматовқа дейін-
гі түрік, жұртының ұлыларына деген құрметі мен бауыр-
ластық сезімін бәріміз де жақсы білеміз.
Өз ұлтының дәстүрлі дүниетанымы мен төл мәде-
ниетінің адамзаттың өркениет дүрмегінде жойылып ке-
туіне жан-тәнімен қарсы болған Әуезов әлемдік әдебиет
пен өнердегі әрбір жаңалыққа зер салып, елеулі табысқа
жан-тәнімен қуана да білген. Бұл да ұлылықтың бір белгісі.
Табиғатынан зорлык пен әділетсіздікке жаны төзбейтін
Әуезов өз ұлтын жан-тәнімен жақсы көру, төл мәдениетін
жанын салып қорғау мен жалпы-адамзаттық гуманизмнің
арасында қарама-қайшылық жоқ деп білген. Керісінше, көзі
тірісінде нигилизм мен жаңаша көзқаманға жаны түршіге
қарсы болған ғұлама ойшыл өзінің барша рухани мұра-
сы арқылы шынайы гуманизмге және жалпыадамзаттық
келісімге жетудің жолы туған халқының дәстүрлі мәдениетін
белсенді игеру арқылы жететінін дәлелдеп кетті.
Мұхтар Әуезов тек нигилизм мен көзқаманды ғана
емес, әлеуметтік енжарлықты да ұлттық және жалпыа-
дамзат өркениетінің қас жауы деп білген. Оның шығарма-
шылығындағы ұлттық пен жалпыадамзаттық құндылық-
тардың арақатынасы біздер үшін тереңірек зерттеуді кажет
ететін келелі мәселе.
Әрбір сөзі жылдар белесін көктей өтіп, үнемі санаңда
жаңғырып тұратын Әуезовтей рухани көсемі бар халық-
тың қоғамдық ойы қалғитын ба еді, қалғыған жоқ. Мен
тек мақаланың қысқалығынан Әуезовтің тікелей дәрісін
тыңдап, Әуезов рухымен ер жеткен ғұлама ұстаздың ама-
натын арқалап, бүгінгі қоғамымыз бен ғылымымыздағы,
мәдениетіміз бен әдебиетіміздегі барша ауыр жүкті өз
иықтарымен көтеріп келе жатқан өз замандастарымның
еңбектеріне тоқталмадым. Айтарым: ЮНЕСКО-ның қол-
дауымен дүние жүзі назар тігіп отырған бүгінгі егемен
елімізден Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын ешкімге
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
166
жалтақтамай, алғаш рет жаңаша танытып отырған бүгінгі
салтанатты мерейтойдан соң төл қоғамдық ойымызда,
әлемдік өркениетте тағы бір тың серпіліс болары хақ.
Лайым, солай болғай!...
Егемен Қазақстан. – 30 қыркүйек, 1997.
Академик Ә. Нысанбаевтың жариялаған еңбектерінің тізімі
167
АКАДЕМИК Ә. НЫСАНБАЕВТЫҢ ЖАРИЯЛАҒАН
ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ТІЗІМІ
I. Жеке монографиялар
1. Диалектика и современная математика. – Алма-Ата: Ка-
захстан, 1982.
2. Диалектико-логические принципы построения теории.
– Алма-Ата: Наука КССР, 1973.
3. Адам және ашық қоғам. – Человек и открытое общество.
– Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998.
4. Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару. – Казахстан. Де-
мократия. Духовное обновление. – Алматы: Қазақ энциклопе-
диясы, 1999.
5. 15 лет независимости Казахстана: становление нового
общественного сознания. – Алматы, 2006.
6. ЖаҺандану және Қазақстанның орнықты дамуы. – Гло-
бализация и устойчивое развитие Казахстана. – Алматы, 2002.
7. Независимость. Демократия. Гуманизм. – Алматы, 2006.
(1-ая книга).
8. Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм. – Алматы: Қазақ эн-
циклопедиясы, 2011. (2-ші кітап).
9. Философия взаимопонимания. – Алматы: Главная ре-
дакция «Қазақ энциклопедиясы», 2011.
10. Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтар әлемі. – Алматы,
2011.
11. Қазақ халқының рухани-құндылықтық әлемі. – Алма-
ты, 2015.
12. Глобализация и проблемы межкультурного диалога. –
Алматы, 2004 (в 2-х томах).
13. The spiritual inheritance and Social transformation in
Kazakhstan. – Almaty, 2002.
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
168
II. Ұжымдық монографиялар
1. Развитие познания и математика. – Алма-Ата: Казах-
стан, 1971 (соавт. Г.Г. Шляхин).
2. Между мифом и разумом: из опыта духовных исканий
XX века. – Алма-Ата: Казахстан, 1991 (соавт.: Ф.М. Сулейманов).
3. Философский анализ науки в контексте социокультур-
ной трансформации общества. – Алматы, 1995 (соавт.: А.Г. Ко-
сиченко, Р.К. Кадыржанов).
4. Наследие аль-Фараби и современная философия вза-
имопонимания. – Алматы, 2011 (соавт.: Г.К. Курмангалиева,
Г.Г. Соловьева, Н.Л. Сейтахметова).
5. Категориально-логические структуры и ценностно-смыс-
ловая архитектоника философской онтологии. Кн. 1. Метафи-
зика всеединства: конструктивные принципы и личностный
смысл. – Алматы, 2010 (соавт.: В.Ю. Дунаев, В.Д. Курганская).
6. Категориально-логические структуры и ценностно-
смысловая архитектоника философской онтологии. Кн 2. Он-
тологические начала социальной эпистемологии. – Алматы,
2010 (соавт.: В.Ю. Дунаев, В.Д. Курганская).
7. Эволюция политической системы Казахстана. – Алма-
ты: Главная редакция «Қазақ энциклопедиясы», 2001. В 2-х то-
мах (соавт.: М. Машан, Ж. Мурзалин, А. Тулегулов).
8. Генезис категориального аппарата науки. – Алма-Ата:
«Наука» КазССР, 1990 (соавт.: А.Г. Косиченко, Р.К. Кадыржа-
нов и др.).
9. Логико-гносеологический анализ науки. – Алма-
Ата: Гылым, 1990 (соавт.: Ж.М. Абдильдин, А.Г. Косиченко,
М.С. Орынбеков и др.).
10. Принцип противоречия в современной науке. – Алма-
Ата: «Наука» КазССР, 1975 (соавт.: М.И. Баканидзе, Г.А. Югай,
М.С. Сабитов, Г. Тасмагамбетов).
11. Роль принципа конкретности в современной науке.
– Алма-Ата: «Наука» КазССР, 1976 (соавт. Ж.М. Абдильдин,
Т.Х. Рыскалиев, М.С. Сабитов и др.).
12. Оценка политических рисков: принципы и инструмен-
тарий. – Алматы, 2008 (соавт.: В.Ю. Дунаев, В.Д. Курганская).
Академик Ә. Нысанбаевтың жариялаған еңбектерінің тізімі
169
13. Евразийская концепция Льва Гумилева и современ-
ность. – Астана, 2012 (соавт.: С.Ю. Колчигин, Г.Г. Соловьева,
Б.М. Сатершинов и др.).
14. Тюркская философия: десять вопросов и ответов. – Ал-
маты, 2006 (соавт.: Н. Аюпов).
15. Евразийство в XXI веке: проблемы и перспективы. – Ал-
маты, 2009 (соавт.: С.Ю. Колчигин, Г.Г. Соловьева, Б.М. Сатер-
шинов, С.Е. Нурмуратов и др.).
16. Соотношение содержательного и формального в на-
учном познании. – Алма-Ата: «Наука» КазССР, 1978 (соавт.:
Ж.М. Абдильдин, С.Н Мареев и др.).
17. Философия в контексте глобализации. – Алматы, 2009
(соавт.: А.Г. Косиченко, А.Н. Чумаков, В.А. Лекторский и др.).
18. Казахстан в условиях глобализации: философско-по-
литический анализ. – Алматы, 2006 (соавт.: О.В. Нечипоренко,
С.Ю. Колчигин, А.Г. Косиченко и др.).
19. Общенациональная идея Казахстана: опыт философ-
ско-политологического анализа. – Алматы, 2006 (соавт.: Р. Ка-
дыржанов, М. Ашимбаев, А. Шоманов и др.).
20. В 1985–1987 годах нами подготовлены и изданы труды
по «Диалектической логике» в 4-х томах.
21. Казахстан в глобальном мире: вызовы и сохране-
ние идентичности. – Алматы, 2011 (соавт.: Д.Д. Ешпанова,
А.А. Нысанбаев, А.Г. Косиченко и др.).
22. Қазақ философиясы тарихы (Ежелгі дәуірден қазіргі
заманға дейін). – Алматы, 2014. 1 және 2 томдар (бірлескен авт.:
С.Е. Нұрмұратов, Г.Г. Барлыбаева, Қ.Ұ. Әлжан, тағы басқалар).
23. On the role of philosophy in the Dialogue of cultures of the
EAST and the West. – Almaty, 2009.
24. Управление рисками в сфере внутренней политики Ре-
спублики Казахстан. – Алматы, 2014 (соавт.: А.Г. Косиченко).
25. Формирование толерантного сознания в современном
казахстанском обществе. – Алматы, 2009 (соавт.: А.Б. Капышев,
Н.К. Сейтахметов, М.З. Изотов и др.).
26. ЖаҺандану жағдайындағы шетел қазақтарының құн-
дылықтық әлемінің жаңаруы. – Алматы, 2014 (бірлескен ав-
торлар ұжымы).
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
170
27. Религия в политике и культуре современного Казах-
стана. – Алматы, 2004 (соавт.: А.И. Артемьев, С.Ю. Колчигин,
А.Г. Косиченко и др.).
28. Этнокультурные традиции в духовном наследии
М.О. Ауэзова. – Алматы, 1997 (соавт.: А. Тайжанов).
29. Проблемы истории и методологии научного познания.
– Москва, 1974.
III. Шетелдік басылымдар
1. Россия и Казахстан в XXI веке: опыт модернизационных
реформ. –Новосибирск, 2005 (соавт.: О.В. Нечипоренко).
2. Нурсултан Назарбаеŷ: Казахстан – тэрыторыя мίpy ί 3
годы Мίнск. «Выдавецкί цэнтр БПУ», 2007 (соавт. Г. Малίнίн).
3. Қазақ философиясы. ЕСО Cultural institute (ESI), Tehran,
2002.
4. Kazakhstan: Cultural interitance and Social Transformation.
Washington, 2004.
5. Kazak türklügünü Aydinlatanlara Nysanbayev”in Bakişi.
Hazirlayan Prof. Dr. Sadik Tural. Ankara, 1999.
6. Kazak türklerinin Felsefesi. Ankara, 2002.
IV. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша басылым-
дар
1. «Ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі қазақ халқының
философиялық мұрасы» 20 том.
2. «Әлемдік философиялық мұра» 20 том.
3. «Әл-Фараби шығармалар жинағы» 10 том.
V. Оқулықтар мен оқу құралдары
1. Философия. – Алматы: Рауан, 1991. Жоғары оқу орындары
студенттеріне арналған алғашқы оқулық. (Авторлар ұжымы).
2. Шығыс философиясы. – Алматы: «Жазушы» баспасы,
2009. Оқу құралы. (Авторлар ұжымы).
Академик Ә. Нысанбаевтың жариялаған еңбектерінің тізімі
171
3. Батыс философиясы. – Алматы: «Жазушы» баспасы,
2009. Оқу құралы. (Авторлар ұжымы).
4. Политология. – Алматы, 1998. Вузовский учебник. (Авт.
колл.).
5. Социология. – Алматы, 2009. Оқулық. (Авторлар ұжымы).
6. Ұлттық тәуелсіздік және қазақ философиясы. – Алматы,
2011. Студенттерге арналған оқу құралы (авторлар ұжымы).
7. Ғылым тарихы және философиясы. – Алматы, 2013. Оқу
құралы.
8. Қысқаша философия тарихы. – Алматы, 1999. (Т. Әбжанов).
9. Адам. Қоғам. Құқық. – Алматы: Мектеп, 2014. 10 сыныпқа
арналған. (Авторлар ұжымы).
10. Человек. Общество. Право. – Алматы: Мектеп, 2014.
(Авт. колл.).
11. Ой. Ақыл. Адамгершілік. – Алматы: Білім, 1994. Оқу
құралы. (Т. Әбжанов).
Достарыңызбен бөлісу: |