Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата29.01.2017
өлшемі1,4 Mb.
#2940
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

3  Дәстүр, демократия, философия
137
Музыка – өнердің ұлттық тілге, мемлекеттік шекараға 
бағынбайтын  жанры  саналады.  Алайда,  барлық  өнер  ту-
ындылары  тәрізді  музыкалық  шығармалар  да  ұлттық 
дүниетаным  мен  түсініктен  бастау  алып,  туған  халқының 
мұңы мен арманын бейнелегенде ғана шынайылық сипатқа 
ие болады. Ал бір адамның мұндай шығармалары өзгеше 
мазмұндық-сарындық  тұтастық  құрап,  халық  көңіліндегі 
мәңгілік  арманы  мен  рухтың  әрі  символына,  әрі  бұл  ұлы 
сезімдерді  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғайтын  қайнар  бастауға 
айналса ше!? 
Философиялық  астары  тереңде  жатқан  Құрманғазы 
күйлерін тыңдаған кез келген қазақ баласының неге делебе-
сі  қозып,  көзі  от  шаша  бастайды.  Себебі,  бұл  күйлердегі 
кең  даланы  дүбірлеткен  ат  тұяғының  дүрсілі,  ию-қию 
араласқан  шайқас  сарыны,  үздігіп  барып  кең  жазыққа 
шыққандай, жарқын жеңіске жеткендей жайраңдап шыға 
келетін жайма-шуақ қоңыр әуен… бәрі-бәрі сонау түркілік 
заманнан біздің қанымызға сіңген, қаншама жыл өзгелердің 
езгісіне  түссек  те  түйсігімізден  өшпеген  жауынгерлік 
рухтың көріністері. Ұлы күйші сол көріністерді жүрегінен 
қайта  өткізіп,  өлмес  күй  тіліне  айналдырды.  Халқының 
қалғып бара жатқан рухын дүр сілкіндіре оятып, ұрпақтан 
ұрпаққа жететін шоқ тастап кетті. Құрманғазы күйлерінің 
Асан Қайғы мен Қазтуған, Доспамбет пен Шалкиіз, Бұқар 
жырау  мен  Махамбет  жырларымен  үндесіп  жататыны 
сондықтан. Жат жұрттың қабағына жаутаңдап отырса да:
«Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?!» –
– деп, іштей азат елдігін, еркін тұрмысын аңсаумен болған 
халық  Құрманғазы  күйлерінен  бойына  қуат,  жанына  ме-
дет, үмітіне тірек тапты. Сөйтіп, домбыраның қос ішегінен 
шыққан  үн  ұлан-ғайыр  сарынға,  азаттық  пен  тәуелсіздік 
гимніне айналды. Кешегі кеңес заманында да іштегі арма-

Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
138
нын сөзбен жеткізе алмаған зиялы азаматтарымыздың ұлы 
баба күйлерін әспеттеп, оркестрге салып, үнінің барынша 
алысқа  жетуіне  жағдай  жасауының  бір  сыры  осында  жа-
тыр. «Сарыарқа» мен «Балбырауынды», «Кісен ашқан» мен 
«Көбік шашқанды» үзбей тыңдаған ұрпақтың ұлтының өр 
рухын бойына сіңіріп өспеуі мүмкін емес еді. Сол рух, міне, 
бүгін жаһандану заманында бізді егемен елдігімізді, дербес 
демократиялық қайта құрып, мәдениетімізді дамытып, му-
зыка философиясын жандандырудамыз.
Шынайы  өнер  туындысының  қадір-қасиеті  уақыт  өт-
кен  сайын  бедерлене  түсетіні  белгілі.  Тарихи  тұлғаның 
туған халқы мен адамзат өркениеті алдында сіңірген еңбегі 
де  солай  –  ғасырдан  ғасыр  озған  сайын  өркештене  түседі. 
Ал,  тағдырдың  ең  бір  қиын  бұралаңдарында  халқының 
бойына қуат берген, жігерін жанумен болған Құрманғазы 
күйлері келер ғасырлардағы толқын-толқын талай ұрпаққа 
ата-бабаларының  мұңы  мен  шерін,  арманы  мен  рухын 
ұмыттырмай,  үнемі  құлағына  құюмен  болары  анық.  Жер 
бетінде  Қазақ  елі  тұрғанда,  осынау  мәңгілік  сарын  да 
ешуақытта үзілмейді.
Қазақ  философиясы  поэтикалық  және  музыкалық 
формада  өмір  сүреді.  Осыған  орай  біздер  осы  бағыттағы 
зерттеулерді өрістеткеніміз жөн деп есептеймін. Бұл бағыт-
та  академик  Ғ.  Есім,  ғылым  докторлары  С.  Нұрмұратов, 
А.  Қасабеков,  М.  Орынбеков,  Т.  Ғабитов,  Б.  Нұржанов,                 
А. Тайжанов, С. Ақатай және тағы басқалар жемісті еңбек 
етуде.  Дегенмен,  қазақ  тарихын,  әдебиетін,  мәдениетін 
жаһандану  заманында  тереңірек  және  жүйелі  түрде 
түсінуге көмектесетін қазақ философиясының тарихы мен 
теориясы мәселелерін  одан  ары  зерттеу  ауадай  қажет  бо-
лып тұр.
Халықтың  бай  өткен  тарихын  дұрыс  ұғынбай,  білмей 
қазіргі қайшылықты да жанжалға толы заманды терең тү-
сінуге болмайды және келешекті болжап, рухани бай тұл-
ға болу мүмкін емес. Орталық Азияда халық философия-

3  Дәстүр, демократия, философия
139
сы  көркемдік-поэтикалық  формада  өмір  сүрді,  яғни  ауыз 
әдебиеті,  халық  шығармашылығы  түрінде  көрініс  берді. 
Сондықтан жастар үшін өз халқының ұлттық тарихы және 
көшпелі,  жартылай  көшпелі  халықтарда  қалыптасқан 
ерекше  философияның  құндылықта-рын  кейінгі  ұрпаққа 
бере  білу  де  құнды  нәрсе.  Сонымен  қатар  ХХ  ғасырдың 
50-ші  жылдары  елімізде  қалыптаса  бастаған  кәсіби  фило-
софияны  да  айтпасқа  болмас.  Әдетте,  кез  келген  жоғары 
білімі бар адам философияны білемін деп есептейді. Шын 
мәнінде,  қазір  ештеңе  білмейтіндер  көбейіп  бара  жатыр, 
осындайлардан  кәсіби  философияны  қорғау  керек.  Осын-
дай дилетанттар ғылым мен мәдениетке орны толмас зиян 
келтіруде.
Сөйтіп,  қазақ  философиясы  дәстүрлі  мәдениеттің  бай 
дерегіне  ие,  оның  мәтінінің  ішкі  мәні  мен  мағынасы  әлі 
толық  анықталмаған,  ол  болашақта  өзінің  терең  зерттеу 
мен  зерделенуін  күтуде. Бұл  герменевтикалық  міндет  ХХІ 
ғасырдағы қазақ және Қазақстан философиясының үлесіне 
тиіп  отыр.  Өзінің  маңызды  миссиясын  орындай  отырып, 
Қазақстан философиясы жалпы әлем философиясының әр 
түрлі мәселелерін шешуге ат салысуда.
Қазақ әдебиеті. – №5 (2739). – 1 ақпан, 2002.
3.4 АСТАНА – ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ӨСУ ТАРИХЫ
Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  1994  жылғы  6  шілдеде,  өзі-
нің  туған  күнінде,  Жоғарғы  Кеңестің  сессиясының  пленарлық 
мәжілісінде  тұңғыш  рет  астананы  Алматыдан  Ақмолаға  ауы-
стыру туралы идеясын ұсынды. Залды сол кезде іске асуы мүмкін 
емес болып көрінген жобаның таң қалдырғаны соншалық, тіпті 
Елбасының туған күнін де ұмытып кетті. 90-шы жылдардың ба-
сында елдегі өте қиын жағдайда астананы көшіру мүмкін бе? Бұл 
жоба іске аспайтын утопия делінді. Осындай қиын жағдайда Прези-

Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
140
дент өзінің жаңа жобасының іске асатындығын және болашағының 
жарқын екендігін дәлелдей алды ма?
Нұрсұлтан  Назарбаев  жас  республиканың  күрделі 
геосаяси,  экономикалық,  экологиялық  мәселелерін  сол 
кезде  көпшілікке  ақылға  сыйымсыз  болып  көрінген  тота-
литаризмнен  демократияға  қарай  бірден  секіру,  парадиг-
маны  ауыстыру,  барлық  әлеуметтік  және  экономикалық 
күштерді  жаңарту  және  оларға  жаңа  серпіліс  беру  керек 
екенін  жақсы  білді.  Астана  жаңа  мемлекеттің  және  жаңа 
дәуірдің символы екені анық байқалды.
Тамаша Астана – бүкіл қазақтардың, қазақстандықтар-
дың,  тіпті  барлық  әлем  жұртшылығының  мақтанышы. 
Астана – дәстүрлі және әлемдік діндер лидерлерінің сұхбат 
алаңы,  бейбітшілік  пен  рухани  келісім,  төзімділік  пен 
тұрақтылық,  жаңару  мен  даму  алаңы.  Елорда  Елбасының 
тамаша ұлттық стратегиялық жобасы.
Астана  қаласында  «астана  –  әлем  нүктесі,  Еуразия 
жүрегі» деген жаңа астананың тууы жайлы онтологиялық 
идея іске асты. Астанада қазақ халқының тарихы мен пост-
модерн, ұлттық стилистика және жаңа зәулім ғимараттар 
мен үйлер бір арнаға түйісті.
Астананың  ЮНЕСКО  шешімімен  1999  жылы  «Бей-
бітшілік  қаласы»  атағын  алуы  тегін  емес.  Ширақ  дамып 
жатқан Астанада әртүрлі үлгідегі азиялық күмбездер мен 
еуропалық  ғимараттар  үйлесіп  жатқан  Шығыс  пен  Батыс 
одағы  қаланды.  Қалада  түрлі  этностар  бейбітшілік  пен 
келісімде өмір сүруде және де Астанада тұратын әрбір эт-
нос  қала  өміріне  республиканың  еуразиялық  тұтастығын 
құрайтын бірегей негізін ендіруде.
Астана «мәдениеттер мен халықтар достығы» аралына 
айналды.  Астананың  басты  құндылығы  оның  халқының, 
астана  тұрғындары  әлеуетінің,  түрлі  мәдениет,  дін,  кон-
фессия  өкілдерінің,  ең  бастысы  республиканың  жас  аста-
насының жаңа тұрғындары санының күннен күнге артып ке-
ле жатуының өзіндік құндылықтарын сақтауынан тұрады.

3  Дәстүр, демократия, философия
141
Тарихи  процестің  заңды  күшеюі  ретіндегі  бейбітші-
лікті, достықты, келісімді құруға мүмкіншілігі бар Астана 
өркениетаралық сұхбаттың мәдени орталығы болуда.
Біз ғалым және азамат ретінде өз міндетімізді тек біз-
дің Отанымыз көлемінде ғана емес, ғаламшардың мәдени 
кеңістігінде  осы  бейбітшілік  пен  келісім  ахуалын  нығайту 
мен ынтымақтастықтан, жоғары қоғамдық борышымызды 
кеңейту мен жалғастырудан көреміз.
Астана тек ашық көкжиек пен кеңістік, қазіргі әлемнің 
қалыптасып жатқан рухани орталығы ғана емес, тұтас ел-
дің туып, қалыптасу, өсу тарихы.
Қазір  Астана  тәуелсіз  мемлекетіміз  мүддесінің  даму 
негізі  арқылы  көруге  қажетті  жаңа  рөлді  орындайды.  Ре-
спублика  астанасы  ел  нысанының  ары  қарай  дамуына, 
қала жасауға арналған мерекелік шаралар ұйымдастыру-
ға,  қазіргі  ақпаратты  қоғам  мүддесінің  терең  кірігуіне 
байланысты  көпвекторлы  міндеттер  орындайды.  Аста-
на жұртының өсуі жылдан жылға өндіріс, ішкі құрылым, 
байланыс және қатынас жолдар, шағын және орта бизнес, 
білім  мен  ғылым,  ауылшаруашылық  бөлімі  саласында 
белсенділік көрсетуде.
Бірақ ол жас республиканың геосаяси, экологиялық, 
экономикалық мәселелерін тек жұлқыну, парадигма ау-
ыстыру,  барлық  экономикалық  және  әлеуметтік  күш-
терге  жаңару  мен  күш  беру  арқылы  қарама-қайшы,  то-
сын  жағдайларда  шешуге  болатынын  білген.  Сонымен 
бірге Астана жаңа мемлекет пен жаңа дәуір нышаны бо-
луы қажет. Қазақ мәдениеті ертеден терең бейнелілігімен 
ерекшеленген.  Рәміз  –  бұл  айқын  және  елеусіз,  ақиқат 
және  ізгілік  арасындағы  көпір.  Бұл  ұлттық  рух  тәнінің 
айнасы!
Қазақстанның  жаңа  астанасын  экзотикалық  және  құ-
рылыстың  бірегейлігіне,  архитектуралық  шешімдердің 
сонылығы  мен  батылдығына,  көзге  түсетін  дәстүр  мен 
дағдылы қала жарасымдылығына қарай отырып, «азиаттық 

Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
142
Бразилия» деп жиі атайды. Астана өзінің жаңа бейнесінде 
болашақтың сұлбасына сай келетін, тіптен бөтен қалыпқа 
ауыса  отырып,  үлкен  қала  жайлы  бұрынғы  пайымдарға 
кірмейді.
Сонда  да  Бразилиямен  салыстыру  жақынырақ  келеді. 
Мұндай  үйлестік  белгісіне  архитектуралық  қолтаңбаның 
қарама-қайшылығы  мен  ерекшелігі  жатады.  Басқа  да: 
қаланың  мінезі,  оның  рухани  ахуалы,  ақиқат  күші  тәрізді 
белгілері  болуы  мүмкін.  Бұл  сипатына  байланысты  Аста-
на  керемет  көпішекті  мәдениеті  бар  ірі  мемлекеттердің 
өркениеттік, шығыстық сипаттағы астаналарына сай келеді. 
Әл-Фараби  мұндай  көпбояулы,  еркіндік  сүйгіш  қалалар-
ды мақтан тұтқан. Оларға тән мінезге ол төзімділікті, діни 
шыдамдылықты, өзара келісімді жатқызған: «…мұндай қала 
ең  ғажайып,  бақытты  қала  болады…  және  өзінің  сыртқы 
түрімен  гүлді  және  ашық  түсті,  сонымен  бірге  әрбірінің 
сүйікті баспанасы болып шығады, өйткені адам бұл қалада 
өз тілегі мен ниетін қанағаттандырады. Сондықтан да халық 
(бұл қалаға) топталып, орналасады».
Сәнді  де  ертегідегідей  шығыстық  үлгідегі  Астана  тө-
зімділік рухын, мәдениетаралық сұхбат пен келісім, өзара 
құрмет пен өзара түсіністікті атқарады. Шығыс астаналары 
шығыс мәдениеті дәстүрін, олардың ашықтығын, көптеген 
діни сенімдердің келісімге келуін іске асырады.
Конфессияаралық  қарым-қатынас  кеңістігінің  қазіргі 
түрлерінің  белсенді  жетекшісі  тарихи,  әлемдік  сипат-
тағы  бірегей  ұсыныстарды  жасауға  талаптанған  тәуелсіз 
Қазақстанның  жаңа  астанасы  болды.  Папа  Иоанн  Па-
вел  II  шақыру,  2003  жылы  әлемдік  және  дәстүрлі  діндер 
жетекшілері  I  съезін  өткізу,  Астанада  әлемдік  діндердің 
тоғысу Орталығын құру жолындағы алғашқы қадам болды. 
Бұл идея Еуразия орталығында, Шығыс пен Батыс, Оңтүс-
тік пен Солтүстік, Еуропа мен Азияны кесіп өтетін ежелгі 
қазақ даласының дәл жүрегінде орналасқан Қазақстанның 
жас  астанасына  лайықты.  Данышпан  қазақ  халқының  тө-

3  Дәстүр, демократия, философия
143
зімділік  дәстүріне  сай  Астана  рухани  келісім  мен  халық-
тардың  өзара  түсінісу  негізінде  конфессияаралық  сұхбат-
тың ғаламат стратегиясын жасады.
2003, 2006, 2009 және 2012 жылдарда өткен Астанадағы 
әлемдік  және  дәстүрлі  дінбасыларының  съезі  рухани  мә-
дениет  өкілдерін  де,  мемлекет  қайраткерлерін  де  нем-құ-
райлы  қалдырмады.  Олардың  барлығы  не  өздері  ғасыр 
оқиғасына  қатысуға  асықты,  не  оларға  деген  қатынасын 
хаттар мен телеграммалар арқылы жеткізуге тырысты. Ға-
ламшардың  бар  назары  көптеген  конфессия  өкілдерінің 
біріккен әлемдік сұхбатына алғаш рет жиналған қазақ аста-
насына ауды.
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан 
Назарбаев І съезде «Дін ХХІ ғасырдың дамуын ынталанды-
ра ала ма?» деген сұраққа оң жауап берді. Елбасы дау-да-
май,  өркениеттердің  күйреуі  жайлы  қағидаларды  жоққа 
шығарып,  оған  қарама-қарсы  салмақты  да  дәлелді  пікір 
білдірді.  Дау-дамай  жайлы  емес,  «өркениеттер  кездесуі» 
жайлы айтуымыз керек. Қазіргі әлем халықтарды, конфес-
сияларды,  мәдениеттерді,  өркениеттерді  жақындастыру 
жолында, сындарлы сұхбат пен мәдени өзара әрекетке ты-
рысуы қажет.
Тағдырдың  жазуымен  тәуелсiз  Қазақстан  география-
лық  қана  емес,  демографиялық  және  мәдени  тұрғыда  да 
Еуропа  мен  Азияның  арасынан  орын  тепкен.  Сондықтан 
да  ол  өзiнiң  мәртебесi  бойынша  еуразиялық  ел,  еуразия-
лық өркениеттiң бiр бөлшегi болып табылады. Сол себептi 
де, бiр қарағанда, осы заманғы Қазақстанның табиғи даму 
жолы бiздi ұлттық түбiрiмiздiң, тiлiмiздiң, дәстүрлерiмiздiң, 
салт-санамыздың сан ғасырлық ортақтығын байланыстыра-
тын түркі-ислам әлемiне ену болып көрiнуi мүмкiн. Алай-
да,  әлдеқайда  шығысырақтағы  көршiлерiмiзге  қарағанда, 
бiзде  таза  мұсылмандық  мәдениет  формалары  үстемдiк 
ете қоюы неғайбыл. Көне замандарда Қазақстан даласында 
түрлі дiндер ұсталынып, бейбiт қатар өмiр сүрген. Олардың 

Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
144
арасында  көне  христиандық  та,  буддизм  де,  зороастризм 
де, манихейлiк те болған, ал тәңiршiлдiк дәстүрi өзiнiң мәнi 
жағынан қарапайым халық үшiн исламнан кем саналмаған. 
Елде  қалыптасқан  тарихи-өркениеттiк  дәстүрлердi,  оның 
еуразиялық  мәртебесiн  және  мемлекеттiң  ұлттық  мүд-
делерiн жiтi ескеру бiзге айтарлықтай қысқа мерзiмде өзiнiң 
нарықтық  экономикасы  бар  тәуелсiз  мемлекеттi  құруда, 
тұрақты  экономикалық  өсiм  мен  тұрлаулы  сыртқы  саяси 
ахуалды  қамтамасыз  етуде  елеулi  табыстарға  қол  жеткiзу 
мүмкiндiгiн бердi. Осынау процесте еуразиялық мемлекет 
ретiндегi  осы  заманғы  Қазақстанды  жүйелi  реформалау-
дың  теориясы  мен  практикасын  жасап,  оны  іске  асыруда 
Қазақстан Президентi шешушi рөл атқарды.
Рухани келiсiмдi басқа барлық келiсiм формаларының 
бастау негiзi ретiнде қарастыруға болады. Өйткенi, ол адам-
аралық байланыстардың iшкi дүниетанымдық-дүниеге қа-
тыстылық өзегi болып табылады.
Әлбетте, осы заманғы Қазақстанда зайырлық-дiни сала 
мен  конфессияаралық  өзара  қатынаста  барлық  мәселе 
ойдағыдай  да  мiнсiз  деп  айтуға  болмас.  Республиканың 
iшiнде, сондай-ақ одан тыс жерлерден бiзге қатер төндiре-
тiн  «жалған  дiндердiң»  төбе  көрсетуi  бiзден  қырағы  болу 
қажеттiгiн  талап  етедi.  Иә,  Қазақстанда  дiни  бiрлес-тiктер 
қандай  да  бiр  ерекше  немесе  баршаға  ортақ  саяси  күш 
функциясын алып отырған жоқ, бiзде «әскери-дiни» ұйым 
секiлдi  қатерлi  конгломерат  жоқ.  Алайда,  мұндай  күштер 
мен ұйымдар бiзден тiптен де алыс емес өңiрлерде құрылып, 
әрекет етiп отыр. Демек, олар Қазақстан Республикасының 
ұлттық  қауiпсiздiгiне  нақты  қатер  төндiрiп,  бiздiң  респу-
блика  халқының  арасына  және  одан  тыс  жерлерде  белгiлi 
бiр  дәрежеде  шиеленiс  пен  егес  тудыруы  мүмкiн.  Бұл 
тұрғыда елемеушiлiкке салынуға болмайды. Сол себептi де 
әлеуметтiк-саяси  өзгерiстер  жағдайында  конфессияаралық 
және өркениетаралық өзара ықпалдастық пен үн қатысудың 
түрлері мен әдiстерiн зерттеу айрықша маңызды.

3  Дәстүр, демократия, философия
145
Өткен  ғасырлар,  әсiресе,  өткен  жиырмасыншы  ғасыр 
жай  түсiнудi  ғана  емес,  сонымен  бiрге  қазіргі  жаһандану 
жағдайында  адамдардың,  олардың  дүниетанымдары  мен 
мәдениеттерiнiң өзара түсiнiстiк табуын талап еткенi белгi-
лi. Жаһандану кезеңiнде өркениеттер мен мәдениеттер үн 
қатысуының процесi күрделi де нақты өмiрлiк тақырыпқа 
ғана емес, өзектi мәселеге айналып отыр, ол өзара байла-
нысты да қақтығыстағы дүние жағдайында бүгiнгi өмiрдiң 
барлық саласын қамтыды. Қазiргi таңда болашақ мақсаттар 
үшiн  өркениеттер,  этностар,  ұлттар,  конфессиялар,  мем-
лекеттер  арасындағы  үн  қатысудың,  халық  пен  билiк, 
қоғамды  дамытудағы  модернизм  мен  дәстүрлер,  филосо-
фия мен ғылым, ғылым мен дiн үн қатысуының, дәстүрлі 
және дәстүрлі емес дiни нанымдар, конфессияаралық және 
конфессия iшiндегi үн қатысудың, ұстаз бен шәкiртке, пе-
дагог  пен  тәрбиеленушiге  қатысты  үн  қатысушылықтың 
шарттары  мен  ұстындарын  орнықтыру  қажеттiгi  туралы 
белгiлi  бiр  алаңдаушылықпен  айтатын  болдық.  Мұның 
өзi үн қатысу мен өзара түсiнiстiктi және келiсiмдi талдап 
жасаудың  жанды  проблемасының  кейбiр  қырлары  ғана. 
Әлбетте,  олар  әрдайым  болған,  алайда  ХХI  ғасырда  бұл 
мәселе қай кездегiге қарағанда да өткiр қойылып отыр. ХХI 
ғасырдың  басындағы  тапшылық  –  бұл  өзара  түсiнiстiктiң, 
руханияттың, iзгiлiктiң, төзiмдiлiктiң тапшылығы.
Тұтастай  алғанда  мәдени-философиялық  және  саясат-
танушылық  тұрғыда  егемен  елдің  жаңа  интегралдық 
дүниетанымын  қалыптастыру  мәселесі  Батыс  пен  Шы-
ғыстың,  бай  Солтүстiк  пен  кедей  Оңтүстiктiң  арасындағы 
сындарлы  үн  қатысу  мен  өзара  өркениеттi  қатынастарды 
жолға қою қажеттiгi ретiнде бой көрсетедi. Сондықтан да 
шығыстық  және  батыстық  өркениеттер  арасындағы  тең 
құқылы  берiк  үн  қатысудың,  олардың  өзара  ықпалдасуы 
мен  өзара  молығуының  жарасымды  тұрпатын  ескерер 
болсақ,  тәуелсiздiк  жылдарында  қалыптасып  келе  жатқан 
жаңа  өзара  түсiнiстiк  философиясы  –  бұл  шын  мәнiнде 

Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
146
болашақтың,  XXI  ғасырдың  философиясы  деуге  болады, 
қазіргі көпэтностық қоғамның рухани келісімінің негізі бо-
лып табылады.
Шығыс  пен  Батыстың  үн  қатысуы  мен  интеграцияла-
ну  процесiне,  түрлі  өркениеттер,  мәдениеттер,  халықтар, 
конфессиялар,  дүниетанымдар  арасындағы  сындарлы  үн 
қатысуды жолға қоюға мәдениеттiң барлық саласы: саясат, 
ғылым, дiн және басқалары белсене қатысып, сонымен бiрге 
өздерi де үн қатысудың осынау процесiмен қамтылады. Егер 
де осынау үн қатысуға байланысты қандай да бiр маңызды 
мәселе ұмыт қалатын болса, өзара түсiнiстiк туралы әңгiме 
қозғау мүмкiн емес.
Мәдениеттердiң  сындарлы  үн  қатысуы  туралы,  өзара 
түсiнiстiкке, келiсiм мен бiрлiкке қол жеткiзу қажеттiгi ту-
ралы айтқанда, бiз нақты үн қатысуды, яғни оның барысын-
да тараптар бiр-бiрiн еститiн, ең болмағанда бiр-бiрiн естуге 
тырысатын үн қатысуды айтамыз, сондай-ақ түсiну дегендi 
белгiлi  бiр  мәдениеттiң  материалын  теориялық  тұрғыда 
игерудi ғана емес, сонымен бiрге шын жүрекпен мойында-
уды айтамыз. Бiз үшiн келiсiм бiр-бiрiне «төзудi» белгiлей-
тiн  мәжбүрлеу  шарты  емес,  мақсаттар  мен  мiндеттердiң 
ортақтығын шынайы түсiну мен қабылдау.
Сөйтіп, ендігі жерде ғаламдық мәселелер Астана арқы-
лы шешілмек. Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап әлем 
талай жүйелі де күрделі өзгерістерге ұшырады және одан 
да ауқымды дағдарыстар мен қауіп-қатерлерге ұшырайды. 
Шешуі қиын түйіндер, даулы аймақтар, ғаламдық маңызы 
бар жаңа кешенді мәселелер пайда болды. Осындай өзекті 
мәселелерді шешу жолдарын анықтау, әлемдік қаржылық 
дағдарыстан  шығудың  тиімді  бағыт-бағдарын  қарастыру 
бүгінгі күннің өзекті талабы болып отыр. Оның үстіне әлем 
сарапшыларының  пікірлеріне  қарағанда,  қазіргі  әлем-
дік  қаржылық-экономикалық  дағдарыс  үш  толқыннан 
тұратын  көрінеді.  2008–2010  жылдардағы  алғашқысынан 
біздер  сүрінбей  жақсы  өттік.  Екіншісі  алдымыздағы 

3  Дәстүр, демократия, философия
147
2015–2016  жылдарда  екені  белгілі.  Ал  үшіншісі  2017–2020 
жылдарда  деген  болжам  бар.  Мұндай  ұзаққа  созылған 
дағдарыс қолымыздағы бар рухани-интеллектуалдық және 
материалдық  ресурстарды,  адам  капиталы  мен  табиғи 
байлықтарды  тиімді  пайдалануды,  жақсы  дайындықты 
қажет етеді.
2010  жылғы  желтоқсанның  басында  Астанада  Қазақ-
стан төрағалық етуімен өткен ЕҚЫҰ-ның саммиті, сондай-ақ 
2011 жылы Ислам Конференциясы ұйымына Қазақстанның 
төрағалығын атап өткен жөн. Өзге де көптеген игі бастама-
ларды тілге тиек етуге болады. Астанада бас қосатын мем-
лекет  басшылары  ғаламдық  мәселелерді,  сондай-ақ  дау-
лы түйіндерді дөңгелек үстел басында сұхбаттасу арқылы 
шешіп жатса, бұл еліміз үшін үлкен абырой болмақ.
Парасат-пайымы мен ерік-жігері дәуір бейнесін айқын-
дайтын айырықша адамдар, тұлғалар болады. Осы заманғы 
ең  танымал  саяси  көшбасылардың  бірі,  әлемдік  арена-
да  жас  республиканың  егемендігі  мен  қадір-қасиетін  ор-
нықтыра біліп, елін жаңа, соны жолмен алға қарай батыл 
да  үздіксіз  бастап  келе  жатқан,  болжампаздық  пен  саяси 
көрегендік танытып, өз халқының тағдыры, бұл ғана емес, 
әлем тағдыры үшін тарихи жауапкершіліктің бар салмағын 
иығына  артқан  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Нұрсұлтан Назарбаев – сондай тұлға.
Оның өмірбаянын халқы мен елінің өмірбаяны мен та-
рихынан,  Елорда  тарихынан  тыс  қарастыруға  болмайды. 
Ол  өз  бойына  халқымыздың  талай  ұрпағы,  замандастары 
армандаған құндылықтардың барлығын жинақтап, солар-
ды  жүзеге  асыра  білді.  Ол  өз  халқының  өмірін  түлетіп, 
олардың  алдынан  бұрын-соңды  болмаған  көкжиек  ашып 
берген  ұлы  тарихи  өзгерістердің  куәгері  болудан  гөрі, 
соларға  белсенді  араласушы  және  оларды  іске  асырушы 
тұлға болып табылады.
Қазақстанның  тұңғыш  Президенті  өмірбаянының 
негізгі  кезеңдерін,  демек  соңғы  ондаған  жылдағы  ел 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет