Монография Астана, 2010. 250 бет


Тұжырымдаманы  іске  асыру  кезеңдері



Pdf көрінісі
бет35/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

Тұжырымдаманы  іске  асыру  кезеңдері:  Бірінші  кезең:  Білім  беруді 
дамытудың  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сай  жаңа  заңнамалық  және 
нормативтік  – құқықтық база құру және білім берудің жаңартылған мазмұнын 
енгізуді  жоспарлау.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесінде  мектепке 
дейінгі  білім  берудің  міндеттерін  тек  қана  балаларды  мектепке  даярлау  емес, 
сонымен  бірге  әйелдерге  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  беретін  және  әлеуметтік 
жағынан  қорғалмаған  әрі  аз  қамтамасыз  етілген  отбасыларына  қолдау 
көрсететін  әлеуметтік  институт  ретінде  іске  асыратын    балабақшалардың 
желісін  дамыту  бойынша  ғылыми  -  әдістемелік  негіздерді  әзірлеу  көзделеді. 
Ауылдық  мектептерді  ашық  әлеуметтік  институт  және  көп  функциялы  білім 
беру ұйымы ретінде қайта құрылымдау бойынша оларда “мектеп  –балабақша” 
кешендерін,  жеке  меншік  балабақша  ашу,  қысқа  мерізімдік  топтар  құру, 
маусымдық  балабақшалар  ашу,  мектепке  дейінгі  тәрбиенің  ақысыз  шағын 
орталықтарын  құру  мақсатында    нормативтік  –  құқықтық  актілер  әзірлеу 
көзделеді. 
Екінші  кезең:  Тұжырымдаманы  толық    көлемде  іске  асыруда  мектепке 
дейінгі  тәрбие    мен  оқыту  жүйесінің  әулеті  мен  ресурстарын  дамыту,  бұдан 
былай  олар  балаларға  ерте  білім  берудің  бағдарламаларын  іске  асыру  үшін 
ұтымды және барынша тиімді пайдаланатын болады. 
Білім  беру  бағдарламаларының  құрылымы  мен  мазмұнын  өзгерту  – 
мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарының  жеткілікті  желісін  жасау  арқылы 
іске асырылады.  
 Мемлекеттік  жалпы  міндетті  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  білім 
беру стандарттарын тәжірибеде жүзеге асыруда нәтижеге  қол жеткізіледі. 
Тұжырымдаманы  іске  асырудың  нәтижесінде  мектепке  дейінгі 
ұйымдардың тиімді жұмыс істеуіне және арнайы мамандар даярлаудың  сапалы, 
жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет