Монография Астана, 2010. 250 бет


Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың теориялық -



Pdf көрінісі
бет30/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың теориялық -
педагогикалық негіздері 
    Егеменді  еліміздің  бүгінгі  таңдағы  даму  кезеңі  қоғам  өмірінің  барлық 
саласын демократиялық тұрғыда қайта жаңарту үрдісімен ерекшеленіп отыр. 
Қоғамға  белгілі  бір  деңгейде  біліммен  қаруланған  адам  ғана  емес,  бәсекеге 
қабілетті,  сыни  ойлау  қабілеті  дамыған,  іс-әрекетінде  өз  ұлты  мен  өзге 
халықтардың  мәдени  мұраларын  қолдана  білетін,  өз  бетінше  шешім 
қабылдай алатын, тәжірибеде кездескен жағдаяттарды жылдам шеше алатын, 
қиындықтарды  жеңе  білетін,  өмірлік  дағдылары  қалыптасқан  жеке  тұлға 
қажет.  Ғылыми  зерттеулерде  білім  мазмұнының  теориялық  негіздері  Х111-
ғасырдың  аяғы,  Х1Х-ғасырдың  басында  қалыптаса  бастағандығы 
дәлелденген.  Білім  мазмұнының  материалдық  теориясын  дидактикалық 
материализм  немесе  энциклопедизм  деп  қарастырған  өткен  дәуірдің  белгілі 
педагогтарының  мақсаты:  бұл  балаға  әртүрлі  ғылым  саласынан  неғұрлым 
көбірек  көлемде  білім  беру  деп  есептейді.  (Я.А.Коменский,  Г.Спенсер  т.б). 
Бұл  теория  негізінде  балаларға  бүгінгі  таңдағы  қолданыстағы  білім  беруде 
өте  көп  жүктеме  берілуі  және  қажетсіз  ақпараттардың    басым  болғандығы 
анықталды.  Білім  мазмұнының  формальді  теориясын  жақтайтындар 
(дидактикалық  формализм  теориясы)  оқытуда  баланың  танымдық 
қызығушылығын,  есте  сақтау  қабілетін,  зейінін  тұрақтандыру,  ойлау 
қабілетін дамыту құралы деп қарастырады. Олар алдымен баланың ақыл – ой 
қабілетін  дамытуға  баса  назар  аударды,  осыған  сәйкес  білім  мазмұнын 
таңдауда  математика  мен  классикалық  тіл  пәндерін  оқыту  құнды  деген 
тұжырым  жасайды.  (Дж.Локк,  И.Г.Песталоции,  И.Гербарт  т.б).  Аталған  екі 
теориялық көзқарастарды К.Д.Ушинский сынға алды, оның пікірінше мектеп 
баланың  интеллектуалдық  күшін  дамытуға,  білімін  толықтыруға  ықпал  етуі 
керек және оны өз тәжірибесінде қолдана білуге үйретуі қажет және бұл екі 
теорияны біржақты емес, екеуін біртұтас қарастыру керек деп есептейді. Шет 
елдерде  білім  мазмұнын  қалыптастыруда  дидактикалық  прагматизм 
теориясы  (дидактикалық  утилитаризм  теориясы)  пайда  болды.  Мұның 
негізін  қалаушы  педагог  АҚШ-та  ДЖ.Дьюи,  Европада  осыған  ұқсас  пікірді 
неміс педагогы Г.Кершенштейнер білдірген еді. Бұл теорияны жақтаушылар 
білім  мазмұнының  бастау  бұлағы  тек  жеке  пәндерде  ғана  емес,  ол  баланың 
қоғамдық  және  жеке  іс  -  әрекетінде  деп  атап  көрсетеді.  Білім  мазмұны  бұл 
пән  аралық  білім  жүйесі  түрінде  оқушыдан  ұжымдық  тұрғыда  күш  салуды 
және алға қойған мақсатты шешуде тәжірибелік әрекет етуді талап етеді. Бұл 
теорияны тәжірибелік бағытта жүзеге асыру барсында АҚШ  – та білім беру 
деңгейі  біршама  төмендеп  кеткендігі  байқалып,  қатал  сынға  ұшырады. 


 
99 
Дидактикалық  материализм,  дидактикалық  формализм  және  дидактикалық 
утилитаризм  уақыт  сынына  төзбеді,  бірақ,  бүгінгі  білім  мазмұнының  
қалыптасуына  өзіндік  әсерін  тигізді.  Белгілі  поляк  ғалымы:  В.Оконь  білім 
мазмұнының  функционалдық  материализм    теориясын  ойлап  тапты.  Оның 
пікірінше,  мұндай  теорияның  өте  қажеттігі  сол,  мұнда  оқушылардың  алған 
білімін  өз  іс-тәжірибесінде  тікелей  пайдалана  алуына  және  таным  мен  іс-
әрекеттің өзара кешенді тығыз байланысының болуын қамтамасыз ету керек 
деп  тұжырым  жасайды.  Ол  сондай-ақ,  жеке  пәндердің  мазмұнында  оның 
негізгі идеясы, мысалы: биология болса-эволюция идеясы, математика болса-
функционалдық тәуелділік т.б яғни білім мазмұнын таңдауда дүниетанымдық 
тұрғыдан  қарастыру  маңызды    екенін  атап  өткен.  Бұл  теория  білім  беруге 
деген  қоғамның  және  жеке  тұлғаның  талаптары  мен  сұранысын  біріктіреді. 
1950  жылдары  білім  мазмұнының  операционалдық  құрылымдық  теориясы 
жасалды. Оның пайда болуы оқу үдерісін бағдарламалап оқытуды тәжірибеге 
енгізумен байланысты. Аталған теория бойынша білім мазмұны қандай болу 
керек деген сауалға жауап іздеу емес, оны оқушыға қалай жеткізу керектігін, 
оның  құрылымы  қандай,  қандай  бөліктерден  тұрады  және  логикалық 
үйлесімділігі қандай болу керектігіне баса назар аударады. Осы теорияларды 
талдау  жасай  келе,  білім  мазмұны  деген ұғымның  алуан  түрлі  қырлары  бар 
екендігіне,  білім  мазмұны    қоғамның  экономикалық  және  әлеуметтік 
дамуының негізгі факторларының бірі және ол жеке тұлғаның қоғамдағы өз 
орнын  таба  білуін,  құқықтық  мемлекетті  жетілдіруді  қамтамасыз  етуге 
бағытталғандығына  көз  жеткіздік.  Мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмұнын 
жаңарту  арнайы  зерттеу  нысанасына  алынбағандықтан  біз  өз  зерттеуімізде 
білім  мазмұнының  анықтамасы  мен  құрылымына  және  мектепке  дейінгі 
кезеңдегі  білім  мазмұнын  жаңартудың  негізгі  бағыттарына  тоқталмақпыз. 
Дәстүрлі  педагогикада  білім  мазмұны  –  деп  оқушылардың  меңгеретін 
ғылыми білімдер жүйесі мен білім, білік, дағдылары қарастырылады.  Мұнда 
білім  мазмұнының  мәні  адамзаттың  тарихи  даму  үдерісіндегі  білім 
әлеуметтік  құндылық  болып  табылады.  Бұл  тұрғыдан  қарағанда,  «білім» 
демократиялық қоғамдағы өздігінен ойлай алатын, шығармашылықпен еңбек 
ететін  адамды  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Ғалымдар:  И.Я.Лернер, 
М.Н.Скаткин,  В.С.Леднев,  В.В.Краевский  т.б  еңбектерінде  білім  беруді 
ізгілендіру идеясына сәйкес білім мазмұнын анықтаудың мәні «жеке тұлғаға 
бағытталған»  деп  түйіндейді.  Аталған  зерттеулерде  балалар  тек,  білім 
мазмұнын игеріп қана қоймайды, олардың жеке тұлғалық сапалары: өз ісіне 
жауапкершілікпен  қарау,  өз  елінің,  жерінің  тағдыры  толғандыру,  қоршаған 
ортаны  қорғау,  әділетсіздікке  төзбеу  және  қиындықты,  кездескен 
кедергілерді жеңе білуге деген шыдамдылығы қалыптасады. Авторлар білім 
мазмұнын педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе  деп қарастырып, 
оның құрылымдық ерекшелігін төрт түрлі элементтен тұрады деп есептейді. 
Олар:  -  білім  мазмұны  -  нәтижеге  жетудегі  танымдық  іс-әрекет  ретінде 
қарастырылуы;  (табиғат,  қоғам,  техника,  іс-әрекеттің  тәсілдері  және  ойлау 
туралы);  -  белгілі  іс-әрекеттің  жүзеге  асырылуы  (интеллектуалдық    және 
тәжірибелік  білік  пен  дағды);  -  шығармашылық  іс  -  әрекет  –  бұл  кездескен 


 
100 
жағдаяттар  мен  іс-әрекет  барысында  дәстүрден  тыс  шешім  қабылдай  білуі 
(экспериментке  қатысу,  көркемдік  және  техникалық  шығармашылық 
жұмысқа  қатысу);  -  тұлғалық  бағдар  негізінде  эмоционалдық-құндылық 
қатынастардың  жүзеге  асырылуы  (қоршаған  ортаға,  адамдарға,  өзіне-өзі, 
моральдық нормаларға, әлемдік дүниетанымдық көзқарастарға);  
    Білім  мазмұнының  бұл  элементтері  бір-бірімен  тығыз  байланысты 
қарастырылады.  Сондай-ақ,  бұл  элементтерді  меңгеруде  жас  ұрпақ  тек  оны 
орындаушы ретінде ғана қарамай, әлеуметтік тәжірибе тұрғысынан өздігінен 
әрекет етуге, шығармашылыққа және сол жүйеге өз үлесін қосып, ықпал ете 
білуі тиіс. Осыған орай, енді біз  білім мазмұнының құрылымын  қарастырып 
көрейік.  Білім  мазмұны  ол  үш  біртұтас  үдерісті  сипаттайды.  Біріншіден, 
өткен  аға  ұрпақтың  тәжірибесін  меңгеру.  Мұнда  ХХ!  ғасырдағы  білім 
мазмұнында  өткеннің  тәжірибесімен  қатар,  бүгінгі  күндегі  ғылымның 
жаңаша  жеткен  жетістіктерімен  озық  іс-тәжірибелерді  ескеру.  Екіншіден, 
жеке  тұлғаның  тәрбиесіндегі  типтік  сапаларды  ескеру.  Үшіншіден,  адамның 
ақыл-ой  және  дене  дамуының  ерекшеліктеріне  баса  назар  аудару.  Мұндағы 
жетекші  іс-әрекеттің  түрі  оқыту,  білім  берудің  ең  жақын  уақыттағы  және 
тікелей қатысты мақсаты-тәжірибені меңгеру. Білім мазмұнының құрылымы, 
ол  қоғам  талаптарынан  туындап,  ғылым  мен  техниканың  дамуына,  тарихи 
кезеңдердегі әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты анықталады. 
Дегенмен  де,  қоғам  талаптарының  ең  басты,  маңызды  бөлігі,  білім 
мазмұнының  философиялық негізі болуында және адамның қоғамдағы орны 
мен  ролі  білім  беру  мақсатымен  тығыз  байланысты  қарастырылуында.  Бұл 
білім  беру  теориясының  тамырын  терең  философиялық  ой  түйіндерден 
алатындығында 
жатыр. 
Білім 
берудің 
классикалық 
теориясының 
дидактикалық  көзқарастарында  мақсат,  міндеттер,  білім  беру  мазмұны, 
оқулықтың ролі және мұғалім жайында анықтамалар берілген. Мұнда, білім 
мазмұны  білім  көздері-деп  түсіндіріледі.  Осындай  білім  көздерінің  негізгі 
бағыттары мен оған қойылатын төмендегідей талаптарды ұсынып отырмыз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет