Байланысты: zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартуға қойылатын талаптар: –
білім мазмұнын қоғамның қазіргі әлеуметтік–экономикалық сұраныстарына
сәйкестендіру; –
білім мазмұнын ізгілендіруді және вариативтілігін қамтамасыз ету; – білім мазмұнын тәжірибеде қолдана білуге және баланың өмірлік дағдысын
қалыптастыруға бағытталу қажеттілігін қарастыру; –
білім мазмұнын мектепке дейінгі жаста балалар өздігінен танып білуіне
бағыт беру, дербес әрекет етуіне жағдай жасау; –
білім мазмұнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге де мәдени
бастамаларға ашық болуға тәрбиелеу; –
этнопедагогика негіздері мен аймақтық компоненеттерді енгізу;