Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту тұжырымдамасын жүзеге
асыру шарттары
Осы тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар мектепке
дейінгі ұйымдар тәрбиешілері, әдіскерлері, меңгерушілері, педагогикалық
колледж, педагогика институттардың арнайы мамандар дайындау бөлімінің
оқытушылары, білім беруді басқару органдары мен оған қарасты ұйымдар
106
болып табылады. Тұжырымдаманы жүзеге асыруда бірқатар нақты шараларды
орындау қажет. Олардың бастылары төмендегідей:
1. Тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды белгілеу,
мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру жүйесін дамытудың әдістемелік
негіздерін жасақтау, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің нормативтік
құқықтық құжаттарын даярлау. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа
әдістемелік жүйесін жасау, оның ішінде барлық пәндер бойынша білім
мазмұнын жаңартуды қамтамасыз етілуі шарт.
2. Білім мазмұнын жаңарту үшін мектепке дейінгі ұйымдардың
материалдық-техникалық базасын нығайту және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
қамтамасыз етудің жаңа әдіс-тәсілдері іздестірілуі қажет. Мектепке дейінгі
ұйымдарды ақпараттық құралдармен қамтамасыз ету (компьютерлер, интернет,
интерактивті тақта т.б)
3. Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың қуатты факторларының бірі
тәрбиеші педагог мамандарды қайта даярлау, біліктілігін арттыру және қайта
даярлау жүйесін қайта құру, білім жетілдіруде жаңа технологияларды пайдалану
мамандардың құзіреттілігін арттырып, нәтижеге жетуге ықпал етеді. Кез келген
білім бағдарламаларының дайындалуы және ондағы ұсынылған білім
мазмұнының жаңартылуы, олардың тәжірибеде табысты орындалуы тәрбиешіге
тікелей байланысты. Олардың кәсіби шеберлігі, нысаналы бағдарламаны да, оқу
жоспарларын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби
дәрменсіздігі істі құлдыратады. Осыған орай, тәрбиешілердің шығармашылық
еңбегін ынталандыратын қаржы-құқықтық тиісті құжаттар әзірлеу.
4. Жоғары оқу орындарының білікті тәрбиеші педагог мамандарын
даярлауда қоғам мен мектепке дейінгі ұйымдар алдында жауапкершілігін
күшейту және мамандар дайындауда педагогикалық арнаулы білім берудің
жаңаша тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану кезек күттірмейтін мәселе. Соған сәйкес
университеттер мен педагогикалық институттарда, педколледждерде тәрбиеші
педагог мамандарды кәсіптік тұрғыда даярлау үшін жағдай жасау керек.
5.Ең
өзекті
мәселе–мектепке
дейінгі
ұйымдарға
арналған
бағдарламалардың мазмұнын жаңарту және оны өз деңгейінде жүзеге асыру
жаңартылған білім мазмұнын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен, ойымызды
қорытындылай келе, мектепке дейінгі білім әрбір бала үшін қандай маңызды
болса, елдің өркендеуі үшін де сондай құнды. Мектепке дейінгі балаларды
дамыту мәселесін ұлттық дамудың стратегиясымен тығыз байланыста
қарастырып, мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатынын
ескерсек, қолданыстағы мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандартын,
бағдарламалары мен оқу әдістемелік құралдарының мазмұнын жаңарту
жолдарын қарастыру біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін айғақтайды.
Тұжырымдаманың мәнділігі ондағы тәрбиелеу мен білім берудің негізгі
қағидаттары адамдық жалпы құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың
107
басшылыққа алынуы, тұлғаға бағдарланған тәсілдерді пайдалану мен
тәрбиелеудің ізгілік парадигмасына көшуінде. Тұжырымдама тәрбие идеясын
белгілейді, тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын таңдаудың және жаңартудың
негізі болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |