Монография Астана, 2010. 250 бет


  Мектепке дейінгі кезеңдегі білім беру мазмұнын жаңартудың моделі



Pdf көрінісі
бет37/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

2.2.  Мектепке дейінгі кезеңдегі білім беру мазмұнын жаңартудың моделі 
 
    Болашақ бүгіннен басталатынын тереңнен зерделесек, жас ұрпақтың тағдыры, 
оның  келешегі,  жан  -  жақты  азамат  етіп  тәрбиелеу  мәселесі  қашан  да 
халқымыздың  басты  арман,  мұраты  болып  келгені  даусыз.  Осыған  орай, 
қоғамда  бiлiм  беру  және  ғылым  саласына  елеулi  өзгерiстер  енгiзiлiп  жатқан 
қазiргi кезеңде мектепке дейiнгi ұйымдарда бiлiм мазмұнын жаңарту, баланың 
жеке  басын  дамыту,  жас  ұрпаққа  бiлiм  беру  мен  тәрбиелеуді  жаңа  сапалық  
деңгейге  көтеру  мiндетi  тұр.  Білім  мазмұны  -  әлеуметтік  мәдени  феномен 
ретіндегі  әлеуметтік  тәжірибенің  бірлескен  көрнісі,  яғни  кешенді  жүйе.  Осы 
білім  мазмұны  арқылы  мәдениеттегі  ұласымдылық  және  қоғамның  әлеуметтік 
дамуы  жүзеге  асырылады.  Осыған  орай,  тарихи  дәуірлердің  қай  кезеңдерінде 
болмасын аталған мәселе өзінің көкейкестілігін әлі күнге дейін жойған жоқ. 
    Қазіргі  кезеңдегі  қоғамдық  өзгерістер  мен  жаңа  білім  беру  кеңістігінде 
жаңартуларға  қатысу  маңызды  жауапкершілік  жүктейді.  Барлық  ТМД 
елдеріндегідей мектепке дейінгі білім беру жүйесі өте күрделі кезеңдерден өтіп, 
тәрбиелеу  мен  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  және  оны  жүзеге  асыру  бүгінгі 
күннің  үлесінде.  Білім  мазмұны  дәстүрлі  педгогикалық  модель  тұрғысынан 
алып қарағанда ол білім, білік, дағды деп қарастырылған. Ал қазіргі кезеңдегі 
көзқарас  тұрғысынан  алып  қарағанда    бұл,  барлық  мәдениеттің  құрамындағы 
педагогикалық  интерпретация  деп  тұжырымдалған.  Бұл  түсінік  білім 
мазмұнының  құрылымында:  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  қарапайым  білім 
мазмұнын  беруге  арналған  пәндер  жиынтығын  жалпы  білім  беру 
мазмұнындағы  орны  мен  рөлін,  оқу  материалдарының  логикалық 
үйлесімділігін анықтауда маңызды рөл атқарады. 
    Мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  моделін  құрмас  бұрын 
«модель» сөзінің мағынасына тоқталғанды жөн көрдік. 
    Модель  түсінігі  ғылымда  бір-біріне  ұқсас  болып  келетін  бірнеше 
анықтамалармен  беріледі.  Оның  ішінде  В.В.  Краевский  моделді  белгілі  бір 
құрылымды  қамтитын  құбылыстың  ішкі,  нақты  қатынастары  мен 
байланыстарын көрсететін оның элементтері деп түсіндіреді.  
    Осыдан  біз  мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  моделін 
анықтау үшін оның құрамына кіретін элементтерін, олардың өзара қатынастары 
мен қызметіне тоқталамыз. 
    Оқу іс-әрекетінің құрылымына байланысты зерттеу жүргізген Г.Б. Мокотрова 
төмендегідей  компоненттерді  жатқызады:  гносиологиялық,  технологиялық, 
тұлғалық, шығармашылық .  
Автордың  осындай  компоненттерін  ажыратуына  негіз  болған  оқу  іс-әректіне 
берілген анықтама. Оқу іс-әрекеті дегеніміз – балалардың өздерін мазалайтын, 
өздері  қызығушылық  танытатын,  әлем,  табиғат,  қоғам,  адамзат  туралы 


 
108 
білімдерді  тәрбиешінің  басшылығымен,  тәрбиелеу  мен  білім  берудің 
қарапайым  әдіс-тәсілдерін  пайдалана  отырып,  дүниетанымдық  көзқарастарын 
кеңейтуге,  іс-әрекеттің  аталмыш  түріне  бейімделіп,  тұлғалық  қабілеттерін 
дамытуға,  шығармашылық  жұмыс  жасауға  көңіл  бөлінеді.  Осы  анықтамадан 
алынған  жоғарыда  аталған  іс-әрекеттің  компоненттерін  жеке-жеке  атап  өтетін 
болсақ, онда: 
    Гносиологиялық  –  балалар  іс-әрекет  барысында  қарапайым  білім  мазмұнын 
игеруімен  сипатталады.  Білім  мазмұнының  гносиологиялық  компоненті  жеке 
тұлға  үшін  түрлі  мақсаттарды  шешуге  бағытталуы  мүмкін.  Мысалы, 
дүниетанымдық,  білімділік,  тәжірибелік.  Ол  баланың  жеке  тұлғасына,  білімі 
мен  икемділіктеріне  байланысты.  Яғни,  бала  білім  мазмұнын  меңгерту 
барысында  дүниетанымдық  көзқарастары  кеңейіп,  түрлі  қиын  мәселелерді 
шешуде  тәжірибе  жинақтайды.  Білім  мазмұнының  осы  компоненті  толық 
жүзеге асуына бірден бір себеп баланың бойындағы қабілеттері. Ол қабілеттер 
құрамына  Э.Г.  Гельфман  және  М.А.Холодныйдың  жеке  тұлғаның 
интеллектуалдық  мүмкіндіктеріне  байланысты  атап  өткен  қабілеттерін 
жатқызамыз, 
олар: 
құзіреттілік, 
ынта-ықыласы, 
қызығушылығы, 
шығармашылық, өзін-өзі реттеу ойлау қабілетінің ерекше қалыптасуы. Аталған 
жеке  тұлғаның  қабілеттері  балалардың  бойынан  табылып,  оларға  іс-әрекетпен 
айналысуға мүмкіндіктер тудырады.  
    Білім  мазмұнын  қалыптастырудың  келесі  компоненті  технологиялық 
компонент.  Технологиялық  компоненттің  жүзеге  асуы  балалардың  қарапайым 
ғылыми  таным  әдістерін  пайдалануымен  байланысты.  Технологиялық 
компонент дегеніміз - балалардың таным әдістерін білуімен сипатталады деген 
қорытындыға  келдік.  Тәрбиеші  қабылдау,  ойлау  есте  сақтау,  зейінін 
шоғырландыру,  қиялын  дамыту  сияқты  психикалық  процестерге  сүйене 
отырып, білім мазмұнын қалыптастырудың жолдарын білулері керек. Тәрбиеші 
білім  мазмұнын  жаңарту  барысында  зерттеудің  эмпирикалық  әдістерімен 
(бақылау,  эксперимент  және  т.б)  қатар  теориялық  әдістерін  де  қоса 
пайдаланады (индукция, дедукция, аналогия, болжау, моделдеу және т.б).  
    С.В.  Кривых  пен  Л.Л.  Тимофеевалар  өз  зерттеулерінде  педагог  ғылыми 
таным  әдістерін  игеру  барысында  олардың  пайдаланатын  дағдылары  мен 
икемділіктерін атап көрсеткен.  
    Аталған  ғалымдардың  ой-пікірлерін  басшылыққа  ала  отырып,  біз  білім 
мазмұнын  жаңартуда  технологиялық  компонентті  төмендегідей  білімдер 
жиынтығынан және дағдылар мен икемділіктерден тұрады деп қарастырдық: 
1. Тәрбиешінің алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-әрекетті жоспарлай білуі. 
Яғни, қиындықтарды тани білу дағдысы, проблемалық жағдайды ажырата алуы, 
алға  қойылған  жұмыстың  мақсатын  тиісті  терминдермен  бере  алу,  туындаған 
қиындықтарды жеңу мақсатында әрекетін басқаша жоспарлай алу, алға қойған 
міндеттерін  жүзеге  асыру  мақсатында  өзінің  тәжірибесі  мен  біліміне  сүйене 
алуы.  
2.  Ғылыми  таным  әдістері  мен  тәсілдерін  пайдалана  алуы.  Яғни,  білім 
мазмұнын  жаңарту  мәселесіне  байланысты  зерттеудің  тиісті  әдіс-тәсідерін 


 
109 
таңдай  алуы,  әдістерді  пайдалану  мүмкіндіктерін  есепке  алу,  оларды 
пайдалануда бірізділік сақтай білу.  
3.  Тәрбиешілердің  оқу  құралдары,  оқу-әдістемелік  кешендері  және  қосымша, 
арнайы  әдебиеттермен  жұмыс  жасай  білуі.  Мәселеге  сәйкес  зерттеу  жүргізуге 
қажетті  әдебиеттерді  таңдай  білуі,  оқығанын  түйіндеп,  қорытындылай  алуы, 
мәтінге сұрақ қоя алуы.  
4.  Эксперимент  жасауға  дайындық  жүргізе  білуі.  Эксперимент  барысында 
жүзеге  асатын  әрекеттер  жүйесін  жоспарлай  алу,  эксперимент  жүргізуге 
қарапайым  құрылғыларды  дайындай  және  таңдай  алуы,  эксперимент 
барысында қауіпсіздік ережелерін ескере алуы.  
5.  Эксперименттік  жұмыстарын  жүргізуге  қажет  дағдылары  мен  икемділікері. 
Бақылауды ұйымдастыруға қажет дағдыларының болуы, эксперименттің тиісті 
жағдайда  жасаудың  мүмкіндігін  анықтай  алуы,  эксперименттің  шарттарын 
түзете алуы.  
6.  Жұмысты  қорытындылау,  рәсімдеуге  қажет  дағдылар  мен  икемділіктер. 
Баланың  өзінің  зерттеу  жұмысының  қорытындысын  ойды  жүйелеп,  нақтылай 
отырып, қағазға түсіріп, оны көпшілік алдында баяндау дағдыларының болуы.  
    Аталған  талаптарды  орындау  үшін  тәрбиешіге  әрине  шығармашылықпен 
әрекет  ету  керек,  осыған  байланысты  біз  мектепке  дейінгі  ұйымдардың 
мамандарына  тәрбиелеу  мен  білім  беруді  ұйымдастырудың  басты 
компоненттерінің  бірі  ретінде  шығармашылық  компонентті  танып  отырмыз. 
Теориялық  мәліметтерге  сүйенсек  тәрбиеші  шығармашылығының  нәтижесі 
қандай да бір жаңа нәрсе өндірумен тығыз байланысты болып келеді, сонымен 
қатар  шығармашылықтың  өзіндік  деңгейлері  де  бар.  Тәрбиешінің  білім 
мазмұнын жаңартудағы іс-әрекетімен айналысу деңгейі де осы шығармашылық 
әрекетінің жүзеге асуымен байланысты болса керек. Өйткені тәрбиеші мектепке 
дейінгі  жастағы  балалардың  іс-әрекетінің  жаңа  қырынан  көрінуіне  баса  назар 
аударады. Ал жаңалықтың барлық түрі шығармашылық әрекеттің нәтижесінде 
көрінеді.  
    Я.А.  Пономорев  шығармашылықты  талап  ететін  мәселелерді  шешу  үшін 
адам  «ойша  әрекет  етуі  керек»  деген.  Соған  байланысты  қандай  да  бір  жаңа 
нәрсе табу үшін балалар шығармашылық әрекет ететін адамның (тәрбиелеу мен 
білім беруді ұйымдастырушы – тәрбиеші) үлгісін көріп, соған еліктей отырып, 
бала өз бетімен дербес әрекет етуге бейімделуі керек.  
    Тәрбиешінің  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  іс-әрекетімен  айланысуы 
барысында  осындай  шығармашылық  танытуы  олардың  әр  қайсысының  өз 
жұмысына  іштей  дайындығына  байланысты.  Мысалы:  тәрбиешінің  өзінің 
шығармашылық белсенділігінің арқасында білім беру мазмұнын жаңарту әдіс-
тәсілдерін меңгеру дәрежесі, балалардың қызығушылықтарына сай оқу-тәрбие 
жұмыстарының  тақырыптарын  таңдай  білуі,  жұмыс  барысында  кездесетін 
қиындықтарды  жеңуде  ерекше  қыр  таныта  алуы,  бойында  жинақталған 
тәжірибені орынды пайдалана алуы.  
    Тәрбиеші  мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын  жаңартуда  өздігінен  ізденіс 
жасауда  ғылыми  әдістемелік  әдебиеттерді  оқып  үйренуге,  идеялар  базасын 
құруға,  библиографиялық  көрсеткіштер  жасап,  педагогикалық  басылымдардан 


 
110 
тұрақты  түрде  ақпараттық  хабарлама  дайындауға  дағдылануы  керек.  Білім 
мазмұнын  балаларға  жеткізуде  тиімді  әдіс-тәсілдерді,  көрнекі  құралдарды: 
бейне 
таспалар, 
үн 
таспалар, 
фонотека, 
фильмотека, 
видиотека, 
демонстрациялық, дидактикалық құралдарды т.б тиімді пайдалануы шарт. Озық 
педагогикалық 
тәжірибелерді 
насихаттап, 
жаңа 
педагогикалық 
технологияларды  өз  тәжірибесінде  қолдануға  үйренуі  тиіс.  Сондай-ақ,  білім 
беру  мазмұнын  жаңартудың  нормативтік-құқықтық  негіздеріне  жан  -  жақты 
талдау жасап, тәжірибеде қолдана алуы маңызды. 
    Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  15  жыл  ішінде  жалпы 
үздіксіз  білім  беру  саласында  оның  ішінде  мектепке  дейінгі  білім  беру 
жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Қазақстан Республикасы Білім беру туралы 
Заңы  (1999  ж),  Мектеп  және  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу 
тұжырымдамасы  (1995  ж),  Үкіметтің  Балаларды  міндетті  мектепалды 
даярлығының  мәселелері  туралы  №1762  қаулысы  (1999ж),  Мектепалды 
даярлық  тұжырымдамасы  (1999 ж),  сондай-ақ,  еліміздегі  білім  беру  жүйесінің 
дамуының  2015  жылға  дейінгі  бағыттарын  айқындайтын  мемлекеттік  Білім 
бағдарламасы  т.б  құжаттардың  қабылданып,  күшіне  енуі  мектепке  дейінгі 
ұйымдарға арналған республикалық вариативтік бағдарламалардың жасалуына, 
тәрбие  мен  оқытудың  мазмұнын  жаңартуға,  инновациялық  педагогикалық 
технологиялардың  дамуына  басты  негіз  болды.  Осыған  орай,  бүгінгі  таңдағы 
білім  берудің  баламалығы  мен  көптүрлілігі  жағдайындағы  оқу-тәрбие 
үдерісінің  сапалы  болуын  қамтамасыз  ететін,  балаларды  шамадан  тыс 
жүктемеден  сақтайтын  және  білім  мазмұнының  міндетті  минимумы  мен 
балалардың,  оқушылардың  дайындығына  қойылатын  талаптар  деңгейін 
белгілейтін  мамлекеттік  құжат-стандарт  дайындау  мәселесі  күн  тәртібіне 
қойылды. Мемлекеттік білім стандартын тәжірибеге енгізудің мәні-оның білім 
беру кеңістігінің біртұтастығын қамтамасыз етуінде және Республикадағы білім 
жүйесінің  дамуына  қолайлы  жағдай  туғызылуында.  Осы  орайда  нормативтік 
құқықтық 
құжаттарды 
пайдалану 
компоненттерін, 
өлшемдері 
мен 
көрсеткіштерін төмендегі кестеде сипаттадық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет