Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


 Аргументтер, себептер мен салдары жайлы



Pdf көрінісі
бет31/86
Дата04.04.2022
өлшемі3,31 Mb.
#29739
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86
Байланысты:
Критикалық ойлау негіздері KZ 27-08-2014

3.3. Аргументтер, себептер мен салдары жайлы
Біздің өмірімізде болып жатқан әртүрлі құбылыстарды
түсіндіру  үшін  себептер  іздеу  адамдарға  тән  дүние.
Сіз  кейбір  өзіңіздің  сыныптастарыңыздың  жақсы
үлгерімдерінің  құпиясын  ашуға  тырысқан  кезіңіз  болған
шығар.  Олардың  күн  тәртібіне  мұқият  қарап  отырып,  Сіз
олар күніне ең аз дегенде бір сағаттарын үй тапсырмасын
орындауға  жіберетіндігін  байқай  аласыз.  Сонымен  қатар,
Сіз қанағаттанарлықтай емес бағалары бар оқушылардың
үй  тапсырмасын  мүлдем  орындамайтындығын  да
көресіз.  Былайша  айтқанда,  Сіз  үй  жұмысын  орындауға
арнаған  оқушының  үлгерімі  мен  уақыттың  арасындағы
корреляцияны  (өзара  тәуелділікті)  көресіз.  Зерттеушілер
үнемі  әртүрлі  факторлар  арасындағы  корреляцияны
табуға  тырысады.  Мысалы,  қартаю  мен  ұзақ  жасау
факторы  процесін  зерттеуші,  зерттеуші-геронтологтар,
пайдалы таңғы ас пен ұзақ жасау арасында корреляцияны
табулары  мүмкін.    Тіпті  зерттеушілерден  басқалар  да  кей
кезде  өз  тұжырымдарын  нақтылау  үшін  корреляцияға


73
жүгінеді.  Базардағы  сатушыларды  есіңізге  алыңызшы.
Олардың  кейбіреулері  егерде  таңертең  әмиянына  аздап
ақша  салып  қойса,  бұл  ақшалар  өзге  ақшаларды  тартып,
сатылым бойынша еш мәселе болмайды дегенге кәдімгідей
анық  сенім  білдіреді.  Яғни,  олар    сату  күнінде  қолма  қол
ақша  көлемі  мен  сол  күнгі  сатылым  көлемі  арасында
корреляцияның  бар  екендігіне  сенеді.  Тіпті,  егерде
мұндай корреляция бар болған күннің өзінде ол өздігінен
факторлар  арасында  себеп-салдар  байланысын  анықтау
үшін  жеткілікті  негіздеме    бола  алмайды.  Себеп  пен
салдарды дұрыс талдау үшін критикалық ойлаушы келесі
сұрақтарды  қоя  отырып,  содан  кейін  ғана  себеп-салдар
жайлы белгілі бір пікір жасауы қажет.
Себептің салдарға қалай алып баратындығын аргумент 
түсіндіре алады ма?   
Адамдар  көп  жағдайда  қателікпен  егерде  екі  фактор
арасында    корреляция  бар  болса  онда  бір  фактор  қалай
болғанда  да  келесісіне  әсер  етуі  қажет  деп  санайды.
Өкінішке  орай,  мұндай  логикаға  құрылған  аргументтер
бір  фактордың  екінші  факторге  әсер  ететін  механизмін
әрдайым  ашып  бере  алмайды.  Егерде  бізге  екі  фактор
арасындағы себеп-салдарлық өзара іс-әрекетінің механизмі
түсініксіз болса, бізде қателесу қаупі бар.
Мысалы, зерттеуші-геронтологтар, көптеген адамдарға
сұрақ  жүргізіп  және  олардың  таңғы  астарының  сапасын
бақылай  отырып,  толыққанды  таңғы  ас  ұзақ  өмір  сүруге
алып  келеді  деп  санауға  болады  деп  қорытындылаған.
Бірақ, біз олардың құр сөзіне сене алмаймыз. Бізді, жақсы
таңғы  ас  ұзақ  өмір  сүруге    нақты  қалайша  әсер  ететіндігі
қызықтырады.  Ғалымдар  мұны  шамамен  төмендегідей
түсіндіре алатын еді:


74
Толыққанды таңғы ас құрамына әртүрлі дәрумендер мен 
минералдарды енгізетендікте, мұндай тағамды күнделікті 
қолдану  адамның  иммунитетін  көтеріп,  метаболизмін 
жақсартады.  Мықты  иммунитет  аурудан  қорғап,  ал 
жақсарған    метаболизм  адам  ағзасын  бірқалыпты  ұстап 
тұруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, толыққанды таңғы 
ас ішіп жүрген адамдар орта есеппен алғанда көбірек өмір 
сүреді...  
Екі  фактордың  корреляциясы  олардың  арасындағы
себеп-салдардарлық  байланысқа  кепілдік  бермейтіндігін
есте сақтаңыз. Мысалы, адам жасы ұлғайған сайын жақсы
тамақтануға  көп  көңіл  бөлуі  әбден  мүмкін.  Егерде  солай
болса,    дәл  осы  пайдалы  таңғы  ас  ұзақ  өмір  сүруге  алып
келеді  деп  тұжырымдау  қиынға  түседі.  Сонымен  қатар,
уақытылы  алдын  алу  мен  емделудің  негізінде  ұзақ  өмір
сүруді  қамтамасыз  ететін,  үшінші  фактордың  мысалы
ақшаның  болуы  да  мүмкін.  Себебі,  ақшаның  арқасында
адамдар  органикалық  тағамдармен  тамақтанып,  сапалы
медициналық қызметті пайдалана алады.
 Қорытындыда әлдеқайда ықтимал себеп келтірілген бе?


75
Көптеген  оқиғаларда  мүмкін  болар  бірнеше  себептер
болады. Олардың бір себебіне назар салу жеткіліксіз болып
саналады.  Әлдеқайда  мүмкін  болатын  себепті  көрсету
қажет. Осыған байланысты мысалды қарастырайық:
«К»  ауылының  тұрғындары  құрбандыққа  ақ  түйе 
шалды.  Ауыл  тұрғындарының  ойларынша  құрбандық  шалу 
ауданда  болып  жатқан  өзін-өзі  өлтіруге  кінәлі  жындарды 
қууға  себепкер  болады  деп  санайды…  Жергілікті  тұрғын 
өзін-өзі  өлтірмек  болған  жеткіншектердің  белгісіз  елес 
көргендіктерін айтқан.  «Олар маған өздеріне ақ киім киген  
қарт  адамның  бейнесі  көрінгендіктерін  және  қарияның 
оларға өмірдің еш мағынасы жоқ деп мойнына жіп тағып 
көрсетіп өзінің соңынан еруге шақырғандығын айтты»..  
Бәлкім,
«К»
ауылында
болған
жағдайларға
жындар  расымен  кінәлі  шығар.  Расында  жындарды
аз  адам  көргендіктен,  олар  үшін  ешкімнің  жауап  бере
алмайтындығынан  да  оларды  кінәлау  оңайырақ.  «К»
ауылындағы  жеткіншектер  мәселесіндегі  әлдеқайда
ықтимал болатын себеп жын болып табылады деп санайсыз
ба?  Бұдан  басқа  қандай  да  бір  нақты  себептер  болмаған
жағдайға  ғана  адамдар  мұндай  себептерге  жол  береді.
Егерде  ауылда  пайдалы  әлеуметтік-экономикалық  орта
болмаған  болса  және  үлкендердің  жас  жеткіншектермен
жақсы  байланысы  болмаса,  онда  жастарды  мазалап
жүрген әлеуметтік, экономикалық немесе психологиялық
мәселерді шешу жолдарын қарастыру қажет еді. Біз ғылым
барлық  сұрақтардың  жауабын  табады  деп  тұжырымдама
жасап  отырған  жоқпыз.  Әйтседе,  ғылыми  әдіс  мәселені
көрсетіп,  ал,  мәселені  анықтау  оны  шешудің  жартысы
болып табылатынын ескерген жөн.


76


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет