Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет102/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

Дағдыландыру.  Бала  басына  бірнеше  өсіңкі  істерді  көр-
сететін сөздерді тапқызу:
РАЙЛАР
Етістікте 14 рай бар; 1) Тұйық рай. 2) Билік рай. 3) Ашық 
рай. 4) Шартты рай. 5) Ереуіл рай. 6) Реніш рай. 7) Қалау рай. 
8)  Сенімді рай.  9)  Сенімсіз  рай.  10)  Мұң  рай.  11)  Көніс  рай.  
12) Қайрау рай. 13) Азалы рай. 14) Теріс рай.
1. ТҰЙЫҚ РАЙ
Тұйық  рай  дейміз  –  істің  беті  белгісіз  тұйық  күйінде 
тұрғандағы  айтылатын  сөз  түрін.  Мәселен:  қарамақ,  саумақ, 
бармақ,  жазбақ,  атпақ,  ермек,  үймек,  жүрмек,  тізбек,  кет-
пек дегенде кім? қашан? қалай? істегені мәлім емес. Осындай 
сөздер тұйық рай болады.
Тұйық рай етістіктің бейтарап, жалпы түрі, сондықтан жал-
пы етістік жайынан сөйлегенде осы тұйық райдағы түрі алына-
ды. Тұйық райдан әрі етістік өзгереді. Өзгергенде һәр райдың 
жалғауы өзінше басқа болады.
Райларда  үш  жақ  болады:  І-ші  жақ  (айтушы),  ІІ-ші  жақ 
(тыңдаушы), ІІІ-ші жақ (бөгделік). Екі айырыс бар: 1. Жекелік 
айырыс.  2.  Көптік  айырыс.  Үш  шақ  бар:  Осы  шақ.  2)  Өткен 
шақ. 3) Келер шақ. Осы үш жақ, екі айырыс, үш шақ бойын-
ша сөз түбірінің аяқ дыбысына қарай етістік өзгереді. Етістік 
өзгеруі турасында дыбыстар екі-ақ тапқа бөлінеді: 1) Дауысты 


159
ды быс. 2) Басқа дыбыстар (дауыссыз һәм жарты дауысты ды-
быстар). Сөз түбірінің аяғы дауысты дыбыс болса, жалғау мен 
түбір арасына «и» дәнекер болады; дауыс сыз яки жарты дауы-
сты дыбыс болса «а», «е» дәнекер болады.
Етістіктер  райлармен  өзгергенде  екі  түрлі  айтыла ды:  
1)  Дара  түрде  2)  Қосар  түрде.  Қосар  түрде  сөйле генде  кө- 
мекші  етістіктер  қосыла  айтылады.  Көмекші  етістіктер 
дегеніміз: тұрмақ, жүрмек, отырмақ, жатпақ, бармақ, болмақ, 
алмақ,  бермек,  келмек,  кетпек,  көрмек,  өтпек,  тастамақ, 
қоймақ,  қалмақ,  имек.  Мұнан  басқа  етістіктер  жай  етістік 
болады.
Қосар түрде сөйлегенде, жай етістіктер мағына беруші бо-
лып,  алда  жүреді;  көмекші  етістіктер  өзгеруші  болып,  сонда 
жүреді. Қосар түрін қоя тұрып, қазір де дара түрін көрсетеміз. 
Қосар  түрі  етістіктің  көсемше  һәм  есімше  түрлері  жайынан 
сөйлегенде көрсетілмекші.
Етістіктің түпкі түрі салт етіс пен сабақты етіс; өзгелері 
туынды  етістер.  Сондықтан  бастапқы  екеуі  екі-ақ  мүшелі: 
1)  Түбір.  2)  Жалғау.  Басқа  етістер  үш  мүшелі:  1)  Түбір.  2) 
Жұрнақ. 3) Жалғау. Түбір мен жұрнақ екеуін жалғаудан айы-
рып сөйлегенде, тұқыл дейміз. Сүйтіп жалғау түпкі етістердің 
түбіріне жалғанады, туынды етістердің тұқылына жалғанады. 
Етістік жалғаулары есім жалғауларынан өзгеше болғандықтан, 
һәр заттың ісінің жігін айырып айтатын болғандықтан жалғау 
орнына жіктеу дейміз.
2. БИЛІК РАЙ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет