156
«Тарадым» десе, басқаны тараған болар еді, «тарандым» де-
генде
істі басқаға емес, өзіне істеген болады.
«Мақтады» десе, басқаны мақтаған болар еді, «мақтанды»
дегенде
басқаны емес, өзін мақтаған болады.
«Жуындым», «тарандың», «мақтанды» деген сиякты
басқаға істерлік істі өзіне істеуді көрсететін сөздерді
өздік етіс
дейміз.
Дағдыландыру. Қирағат кітабынан бір мақала алып,
сондағы өзіндік етістерді көрсеткізу.
5.
ӨЗГЕЛІК ЕТІС
Өзгелік етіс дейміз – біреудің ісіне себепкер болуды,
мәселен:
атты жүргізді, қойды өргізді, түйені тұрғызды де-
генде аттың жүруіне, қойдың өруіне, түйенің тұруынa себепкер
болғанды көрсетеді. Олар өздігінен істеce ат жүрді, қой өрді,
түйе тұрды болар еді.
«Жүргіздім», «өргіздім», «тұрғыздым» деген сияқты біреудің
ісіне себепкер
істі көрсететін сөздерді өзгелік етіс дейміз.
Дағдыландыру. Қирағат кітабынан бір мақала алып,
сондағы өзгелік етістерді көрсеткізу.
6.
БЕДЕЛДІ ЕТІС
Беделді етіс дейміз – істі біреу арқылы істеуді. Мәселен:
хат жаздырды, өлең айттырды, үй салдырды, кітап алдырды
дейміз.
«Жаздырды», «айттырды», «салдырды», «алдырды» деген-
де бәрі де біреу арқылы істеген іс болады. Осындай сөздерді
Достарыңызбен бөлісу: