262
дейміз. (Мүнда сын есім арқылы) 3) Қалай пішілсе, киім со-
лай тігілмекші. Мұнда ықшамдап айтқанда, «Пішілуінше
киім тігілмекші» дейміз (мұнда етістік зат есімге айналған
түрі арқылы). 4) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. Мұны
ықшамдап айтқанда, «Атаңа қылғаның алдыңа келер» дейміз
(мұнда етістіктің есімше түрі арқылы). 5) Олар көше алмады,
үйткені көлігі жоқ болды. Мүны ықшамдап айтқанда, «Көлігі
жоқ болып, олар көше алмады» дейміз (мұнда етістіктің
көсемше түрі арқылы).
1-інші мысалда «түсі қандай болса» деген бағыныңқы
сөйлем жоғалып, «түсіндей» деген жалғыз ауыз сөз болып,
басыңқы сөйлемге сіңісіп кетіп тұр. 2- інші мысалда «ит жүйрік
болса» деген бағыныңқы сөйлем жоғалып, «ит жүйрігін» де-
ген екі ауыз сөз болып, басыңқы сөйлемге сіңісіп тұр. 3-інші
мысалда «қалай пішілсе» деген бағыныңқы сөйлем жоғалып,
«пішілуінше» деген бір ауыз сөз болып сіңіріп тұр. 4-інші мы-
салда «атаңа не қылсаң» деген бағыныңқы сөйлем жоғалып,
«атаңа қылғаның» деген екі ауыз сөз болып, басыңқы сөйлемге
сіңісіп тұр. 5-інші мысалда «үйткені көлігі жоқ болды» де-
ген бағыныңқы сөйлем ықшамдалып, «көлігі жоқ болып»
деген бағыныңқы сөйлемге айналып тұр. Мұнда алдыңғы
сөйлемдер сияқты бағыныңқы сөйлем жоғалып кеткен жоқ, тек
ықшамдалған. Оның себебі көсемше арқылы ықшамдалуында.
Көсемше арқылы ықшамдалған бағыныңқы сөйлемдер өз ал-
дына сөйлемнің күйін ықшамдалған күнде де жоғалтпайды.
Толық түріндегі бағыныңқы сөйлемдер мен басыңқы
сөйлемнің арасы теріс үтірмен айырылады. Ықшам түріндегі
бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемге сіңісіп жоқ болып кет-
кенде, ешбір тыныс белгісімен бөлінбейді. Егер де бағыныңқы
сөйлем ықшамдалғанмен, басыңқы сөйлемге сіңісіп кетпей,
өз алдына сөйлем күйінде қалса, онда толық түрдегідей теріс
үтірмен айырылады.
Достарыңызбен бөлісу: