Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет172/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

МЕТОДИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ


278


279
титул
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
БАЯНШЫ
Қазақ мұғалімдері үшін
Бастырушы: Кіндік қазақ өзгеріс 
комитетінің оқу бөлімі
Р. В. Ц. КАЗАНЬ. Тираж 8600 экз.
Казань, 6-я государственная типография 1920 г.


280
СӨЗ БАСЫ
Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың ба-
сында  қиналмаса,  оқудан  тауы  шағылмай,  көңілі  қайтып, 
мұқалмайды,  оқуға  ықыластанып,  оқыған  сайын  қызығады. 
Үйретушінің де жігері құм болмай, ісі ілгері оңай жылжыған 
сайын  көңілденіп  оқытуға  жаһады  зорайып,  шабыттанады. 
Оқу  басында  қиын  болса,  балалар  миға  (ұйыққа)  түскен  мал 
сықылды малтығып, жылжи алмай қиналады, үйретуші сүйреп 
шығара алмай қиналады. Екі жағының да жігері кеміп, шабы-
ты  болмайды.  Шабыттанып  істемеген  іс  оңды  да  болмайды. 
Сондықтан  әліппе  кітабы  оңай  болып,  оқытқанда  балаларды 
неғұрлым аз қинаса, соғұрлым жақсы болмақшы. Әліппені ба-
лалар қиналмай оқып шықса, онан әрі оқуға ықыластанып та-
лаптары қанат байлағандай көтеріліп, зораймақшы. Осыны ой-
лап, әліппе оңай болмағын көздеп, бірінші әліппенің басынан 
аяғына шейін оңай һәм қысқа сөздерді алдым; қазақ сөзіндегі 
харіптерді  оқып  шыққанша,  балалардың  жолында  мал- 
тыққандай  еш  қиыншылық  ұшырамас.  Екінші,  бұл  әліппеде 
әр дыбысқа, өзіне деп анықтап, харіп арналды; олай болғанда 
бұрынғыдай  бір  харіп  әртүрлі  орында  әртүрлі  оқылмай,  қай 
орында да болса, бір харіп бір-ақ түрлі оқылады; бұл һәм оқуды 
жеңілдетеді.
Жаңа  оқу  жолымен  таныс  емес  оқытушылар  төмендегі 
«Дыбыспен жаттығу» деген екі сөзді оқып, әліппе қалай тәртіп 
етілгенін көріп, оқу бастауы артық. Бұл екі сөз оқушылар емес, 
оқытушылар үшін жазылған.
Адамның өзінде кәмілдік болмаған соң, ісінде де кәмілдік 
жоқ. Сондықтан: 14 жыл бала оқытып аңғарған, сезген, білген, 
іс  көргендігім  болса  да,  әліппе  мінсіз  болады  демеймін. 
Ұнамсыз  мінді  жерін  аңғарған  адамдар  көрсетсе,  көп-көп 
алғыс айтамын.


281


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет