263
Мысал: 1) Бүгін, Құдай біледі, жауын болса керек. 2. Әзір,
Аллаға шүкір, жаман емеспіз. 3) Осы жолы, асылык болма-
сын, алып келерміз-ақ. 1-інші мысалда «бүгін жауын болса
керек» деген сөйлемнің ішіне «Құдай біледі» деген сөйлем
қыстырылып айтылып тұр. 2-інші мысалда «әзір жаман
емеспіз» деген сөйлемнің ішіне «Аллаға шүкір» деген сөйлем
қыстырылып айты лып тұр. 3-інші мысалда «осы жолы алып
келерміз-ақ» деген сөйлемнің ішіне «асылық, болмасын» деген
сөйлем қыстырылып айтылып тұр.
Сондықтан «Құдай біледі», «Аллаға шүкір», «асы лық бол-
масын» деген сөйлемдер «қыстырынды» бола ды. Қыстырынды
сөйлемдер қыстырушы сөйлемдерден теріс үтірмен айыры-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: