265
3.
Ыстамбұл патша болсаң да Құддыс Шамға, Бұқар мен
үкім етсең де Үндістанға, Ағылшын, Қытай, Мәскеу, Румды
алып, Дін түзеп әмір етсең де бұл жианға. Тұтсаң да жеті
ықылымның бәрін тегіс, Кірерсің ақыр бір күн көрстанға.
Мұнда ой дәуірлеуі «тегіс» деген сөзге дейін келіп, онан арғы
жерде беті бұрылады.
4.
Қосылып бірнеше адам, ортақтасып, Ой салып ор-
тасынан дүкен ашып. Саудасы, жұғымды боп байып әбден,
Шат болып көңілдері судай тасып, Ақшаны төбедей қып үйіп
қойып, Үлесіп отыр еді шуылдасып. Үйі жанып барады деп
хабар берді, Жүгіріп келіп біреуі түсі қашып. Мұнда ойдың
дәуірлеген беті «шуылдасып» деген сөзбен бітіп, сонан әрман
беті бұрылады.
ЖАЗУ. ҚОСЫМША
БЕЛГІЛЕРІ МЕН ТЫНЫС
БЕЛГІЛЕРІНІҢ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ
1.
Кіші сызықша «-» (тіркестіру белгісі).
Бұл белгі: 1) Бір сөзді екінші сөзге тіркестіретін орында
қойылады, сөзді олай тіркестіру екі сөзді қосақтап, бір сөз (қос
сөз) қылып айтатын орындарда келеді. Мәселен,
төсек-ағаш,
жүк-аяқ, құрт-құмырсқа, аяқ-табақ. 2) Сөздің бір бөлімін
екінші бөліміне тіркестіру керек болған орындарда қойылады,
ондай тіркестіру көбінесе, сөздің бөлімдері жазып келе жатқан
жолға түгелімен сыймай, сыймаған бөлімін екінші жолға
шығару қажет болған жерде келеді. Ондай орында қойылған
тіркестіру белгісі сөздің екі жолдағы бөлімдерін тіркестіріп
қосып оқу керектігін керсетеді. Жана да тіркестіру белгісі
сөздің жалғауы мен екі арасына бөтен сөз келіп қыстырылған
жерде, мәселен, демеу келіп қыстырылған жерде келеді.
Мұндай орында тіркестіру белгісі сөзді жалғауынан айыруға
болмайтындығын, бірінен-бірін айырмай тіркестіріп оқу
керектігін көрсетеді.
(Жақсы-ақ-пысың? Жалғыз-ғана-мысың?).
266
2.
Үлкен сызықша «–» (жұмақтау белгісі).
Бұл белгі бытыранды ұғымдарды шоғырландырып,
жалқыланған ұғымдарды жалпыландырып, теңелерлік
нәрселерді теңеп, балап айтатын орындарда қойылады.
Мәселен: Көк шалғын, ағаш, бұлақ – бәрі жақсы. Қасқыр – аң.
Ақымақты үйрету – өлгенді тірілту.
3.
Ноқат (нүкте) «
.» (ұлы тыныс).
Бұл белгі: 1) Әбден біткен ойлы сөйлемдерді бір-бірінен ай-
ыратын орында қойылады; 2) Мақала, кітап басының атаулары-
нан соң қойылады; 3) Қысқартқан сөздің соңынан қойылады;
4) Келте-келте қысқартылып айтқан сөйлемдердің соңынан
қойылады.
4.
Үтірлі ноқат (нүкте) «
;» (орта тыныс).
Бұл белгі: 1) Сөйлемдердің ішкі жақындығы күшті
болған
жерде қойылады. Сөйлемдер арасында ондай жақындық ортақ
ой айтылған немесе нәрсе тұтас суреттелген жерде келеді
(Шақшам жақсы еді, тау текенің мүйізінен істелген тақысы
еді; қырық қой, төрт ат істеген кісінің ақысы еді; сексен мар-
жан көзі бар еді, тоғыз ат болар деген істеген кісінің сөзі бар
еді); 2) Сыйысулы құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары де-
меулермен құраспай, алды-алдына тұрған жана да қастарында
тұрлаусыз сөйлем мүшелері немесе бағыныңқы сөйлем болған
орында қойылады (Берген ақыны азсынып, істеген кісі тау
жайлаймын деп наршамды алды; ой қыстаймын деп шотымды
алды; қыр қыстаймын деп балтамды алды; қалауым деп бөрте
атымды алды; жау шапты деп төрт атымды алды; қайқы келген
қара
атымды алды; тілік құлақ сары атымды алды).
5.
Теріс үтір «
,» (кіші тыныс).
Бұл белгі: 1) Бұратана сөздерді бөлек шығару үшін
қойылады; 2) Сыйысулы сөйлемдердің бірөңкей мүшелерінің