Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет169/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

2. Келтірінді сөйлем
Сөйлегенде  я  жазғанда  сөйлеуші  я  жазушы  бұрынғыдан 
қалған мақалды немесе біреудің айтқан сөзін келтіре сөйлейді 
не жазады. Сондай келтіріп айтқан не жазған мақалдар, болма-
са біреудің сөздері келтірінді сөйлем деліп аталады.
Мысал:  1)  Нақыл  сөз:  «Әлін  білмес  әлек»  деген  осындай 
әуре болған жаннан қапты. 2) Бір күні бұлбұл құсты есек көрді. 
Қасына сөз айтпаққа жақын келді. «Сыртыңнан сайрағыш деп 
жұрт мақтайды. Тыңдайын, достым, біраз сайра» деді. 1-інші 
мысалда келтірінді сөйлем – «Әлін білмес әлек» деген мақал. 
2-інші мысалда келтірінді сөйлем – «Сыртыңнан сайрағыш деп 
жұрт мақтайды, тыңдайын, достым, біраз сайра» деген есектің 
сөзі.
Келтірінді сөйлемде мақалды немесе біреудің айтқан сөзін 
айтушы  не  сол  айтылған  күйінде  өзгертпестен  ай тады,  не 
өзгертіп мағынасын, мазмұнын ғана айтады.
Бірінші түрде айтылса, мақал не біреудің сөзі төл сөз деліп 
аталады.
Екінші түрде айтылса, төлеу сөз деліп аталады.
Мысал: 1) Сонда есек сөз айтады бұлбұл құсқа: «Мақтаулы 
бар  ғой  әнпаз  әрбір  тұста,  солардың  бәрі-дағы  әдемі  әнге 
тауықтың  айғырындай  емес  ұста».  Мұнда  «мақтаулы»...  де-


264
геннен  бастап,  «ұстаға»  дейін  бәрі  есектің  сөзі  өзгерместен 
алынып айтылып тұр. Сондықтан бұл төл сөз болады. 2) Шал 
тұрып орнынан есен-аман, жақындап жұмыскерге келді таман, 
әумесер ақылы жоқ, ит, доңыз деп, байғұсты балағаттап сөкті 
жаман.  Мұнда  «әумесер»...  дегеннен  бастап,  «деп»-ке  дейін 
шалдың не дегенін нақ айтқан күйінде келтірмей, жай әңгіме 
түрінде мазмұнын ғана айтып өткен. Мұнда шалдың төл сөзі 
емес, төлеуі ғана айтылған. Сондықтан бұл төлеу сөз болады.
Төл сөздер қабатша
36
 (« » ) ішіне жазылады. Төлеу сөздерге 
тыныстар жай сөйлемдерше қойылады, Мәселен: Шал айтты: 
«Көрмеймісің  не  еткеніңді?  Желігіп  жындануға  жеткеніңді? 
Бардай-ақ  әкең  құны  сонша  шаншып.  Терісін  іске  алғысыз 
еткеніңді».  Шалдың  бұл  сөзі  төл  сөз  болған  соң,  қабатша 
қойылып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет