Сынау. Төмендегі сөздерге «-шыл» жұрнағын қостырып,
туынды сөз істету.
Тер, кір, жер, қайын, тел, кел, есеп, ауыл, су, қымыз, жұрт,
соқа, аяң, өсек, уайым, тәуекел, ырым, амал, қызыл, өзім, өзге,
ойын, шын, басқа, ертек, бүгін, еркін, төр, көп, тәсіл, әдіс.
4. «-лас» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты яки
жарты дауысты дыбыс болса, осы «-лас» күйінде жалғасады.
Мәселен: қора-қоралас, ау-аулас, ай-айлас, ақы-ақылас, сыр-
сырлас, қол-қолдас (қол-лас болмайды).
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «-лас» орнына «-дас»
болып жалғасады. Мәселен: мұң-мұңдас, қан-қандас, ым-
ымдас.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «-лас» орнына
«-тас» болып жалғасады. Мәселен: от-оттас, тап-таптас, ошақ-
ошақтас, қос-қостас, бұрыш-бұрыштас.
Түбір сөздің аяғы жіңішке болса, «-лас» орнына «-пес»
«-дас» орнына «-дес», «-тас» орнына «-тес» болып жалғасады.
Мәселен: Төбе-төбелес, көл-көлдес, жер-жерлес, тілек-тілек-
тес, шек-шектес, шөп-шөптес.
81
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-лас», «-лес», «-дас»,
«-дес», «-тас», «-тес» жұрнақтарын жалғатып, туынды сөз
еткізу.
Бас, бауыр, бу, тізе, өкше, ата, қайын, құда, тоғай, сабақ,
табақ, су, екі, түс, заман, қарын, тұқым, қара, ілік, одақ, ақыл,
пайда, жарна, енші, ен, таңба, ірге, сыбай, үн, жайлау, суат,
көңіл, бата, аяқ, отан, ру, ұя, орыс, құрық, тек, дәм, олжа, амал,
тілеу, от, шабын, қоныс, сыбаға, кіндік.
5. «-лы» жұрнақ. Түбір сөздің аяғы дауысты я жар ты дауы-
сты дыбыс болса, осы «-лы» күйінде жалғасады. Мәселен: ба-
ла-балалы, тау-тауды, тай-тайлы, қар-қарлы, мал-малды (мал-
лы болмайды).
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «-лы» орнына «-ды» бо-
лып жалғасады: мәселен: мұң-мұңды, сан-санды, шам-шамды.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса «-лы» орнына «-ты»
болып жалғасады. Мәселен: сап-сапты, ат-атты, тас-тасты,
құлақ-құлақты, бұрыш-бұрышты.
Түбір сөз жіңішке болса, жұрнақтар да жіңішке болып
жалғасады; мәселен: шеге-шегелі, түйе-түйелі, тіреу-тіреулі,
кегей-кегейлі, үрей-үрейлі, тек-текті, жел-желді, жер-жерлі,
күш-күшті, іс-істі.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-лы» жұрнағын қостырып,
туынды сөз еткізу.
Кісі, адам, дене, бас, шаш, сақал, самай, иек, мұрт, маңдай,
кеуде, жүрек, бүйір, қарын, тамыр, тізе, табан, тобық, ата, ана,
аға, іні, күйеу, жаға, етек, түн, мақта, ет, қымыз, айран, су, шоп,
тары, сұлы, жуа, ағаш, мойыл, үй, тұмар, жылқы, жорға, бұталы,
шағала, аң, аю, қасқыр, балық, ақша, май, сүмбе, құндақ, ал-
тын, күрең, ақыл, ес, үміт, сана, саңылау, қайғы, ашу, құла,
6. «-лау» жұрнақ. Түбір сөздің аяғы дауысты яки жарты да-
уысты дыбыс болса, осы «лау» күйінде жалғасады. Мәселен:
бала-балалау, қара-қаралау, тау-таулау, сұлу-сұлулау, тар-
тарлау, жар-жарлау, шал-шалдау.
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «-лау» орнына «-дау»
болып жалғасады, паң-паңдау, шың-шыңдау, құм-құмдау.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «-лау» орны на «-тау»
болып жалғасады. Мәселен: ақ-ақтау, жас-жастау, аш-аштау.
82
Түбір сөз жіңішке болса, жұрнақ та жіңішкереді «-лау» ор-
нына «-леу», «-дау» орнына «-деу», «-тау» ор нына «-теу» бо-
лып жалғасады. Мәселен: көне-көнелеу, ірі-ірілеу, кір-кірлеу,
семіз-семіздеу, кең-кеңдеу, кем-кемдеу, төмен-төмендеу, көк-
көктеу, сирек-сиректеу.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-лау» жұрнағын қос-
тырып, туынды сөз еткізу.
Жаман, меңіреу, батыр, ер, қорқақ, сұр, сары, кедей, жақын,
жуық, үлкен, зор, өткір, биік, ескі, қызық, сасық, бүкір, қалың,
жұқа, ыссы, суық, керең, терең, жылтыр, тегіс, жақсы, қымбат,
алыс, ұзын, жұқа, шолақ, көркем, жуас, ұяң, жеңіл, өгей, лас,
лай, жас, ұсақ, аласа, салақ, нас, сақау.
7. «-сыз» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөзге әман осы күйінде
қосылады; жуан сөзге қосылса, жуан болып ай тылады. Жіңішке
сөзге қосылса, жіңішке болып айты лады. Мәселен: Құлақ-
құлақсыз, иек-иексіз.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «сыз» жұрнағын қостырып
туынды соз еткізу.
Бас, аяқ, қол, жол, бүл, жем, жең, тең, тек, ем, жел, көл, бет,
еп, ат, қой, түйе, мал, ет, сүт, сорпа, тән, жан, ел, күн, бала,
жала, қала, құла, албар, ау, бау, жота, бұта, күй, үй, ми, ой, от,
құт, бақ, жақ, оқ, серік, ар, жар, түр, түк, тол, түп, жіп, мұң, сал,
тон, дақ, дәт, дәм, дәме.
8. «-ғы» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса, осы «ғы»
күйінде жалғасады. Мәселен: бұрын-бұрынғы, ар-арғы, соң-
соңғы.
Түбір сөз жіңішке болса, «-ғы» жұрнақ «-гі» болып
жалғасады. Мәселен: кеше-кешегі, бүгін-бүгінгі, кейін- кейінгі,
төмен-төменгі.
Қатаң дыбыстардан соң, жуан сөздерде «-қы» бо лып,
жіңішке сөздерде «-кі» болып өзгереді. Мәселен: арт-артқы,
сырт-сыртқы, түп-түпкі, шет-шеткі.
9. «-еке» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөзге жалғаспай
сызықпен қосылып жазылғаны қолайлы, «-еке», «әке» деген
сөзден азып болған жұрнақ: би-еке, төре-еке, батыр-еке, әке-
еке, аға-еке, шеше-еке.
83
10. «- ыншы» жұрнақ. Бұ жұрнақ жуан сөзге жалғасса, жуан
болып айтылады, жіңішке сөзге жалғасса жіңішке болып ай-
тылады. Мәселен: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші,
алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, жиырман-
шы, отызыншы, қырқыншы, елуінші, алпысыншы, жетпісінші,
сексенінші, тоқсаныншы, жүзінші, мыңыншы.
Сынау. Төмендегі «-ыншы» жұрнағын қостырып, ту ынды
сөз еткізу.
Он бір, он екі, он үш, он төрт, он бес, он алты, он жеті, он
сегіз, он тоғыз, жиырма тоғыз, отыз сегіз, қырық жеті, елу
алты, алпыс бес, жетпіс төрт, сексен үш, тоқсан екі, бір жүз
он, жүз мың, жүз он, жүз жиырма.
11. «- у» жұрнақ. Бұ жұрнақ түбір сөздің аяғы дауыс ты ды-
быс болса, осы күйінде бір «-у» болып жалғасады. Мәселен:
қара-қарау, аса-асау, өте-өтеу.
Түбір сөздің аяғы дауыссыз дыбыс болса, ыу (ﯟ) болып
жалғасады. Мәселен, бар-барыу, кет-кетіу, бу-буыу.
Достарыңызбен бөлісу: |