СӨЗ ЖАЗУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Әр сөз түбір сөз болсын, туынды сөз болсын,
жұрнақтарымен, жалғауларымен бірге тұтас жазылады, үзілетін
қаріптер келген жерде үзіледі; ол үзілу сөздің тұтастығын
бұзбайды (үзілетін қаріптер: а, д, р, з, о, ұ, у, е).
2. Жалпылағыш қос сөздердің арасы дәйім сызықшамен (–)
айырылып жазылады (аяқ-табақ, киім-кешек. Қой-қозы, түйе-
мүйе, сауыт-сайман, ер-тұрман).
3. Жалпылағыш қос сөздердің арасы сызықшамен айыры-
лып та, айырылмай да жазылады.
Қос сөзде екі сөз бірыңғай болса, мәселен, екеуі бірдей жуан
я жіңішке айтылатын болса, онда екеуі айырылмай, тұтас жа-
зылады (басқұр, қолқап, Балжан, желкесер, Алтынбай, Атан-
бай, Тасболат, Баймырза).
Қос сөзде екі сөз бірыңғай болмаса, мәселен, бірі жуан, бірі
жіңішке сөз болып келсе, онда аралары сызықшамен айыры-
лып жазылады (жел-бау, төсек-ағаш жүк-аяқ, Тілеу-бай, Ес-
құл, Төре-тай, Жан-темір, Мұрат-бек, Мал-келді, Меңді-қара,
Жіті-қара).
*
(Ескерту: Баспадан кеткен қате болар, өйткені жұрнақ туралы анықтама осы
тақырыптың 7-нші тармақшасында анық айтылады (Құраст.)
78
Ескерту. Сөздің тұлғасы мен тұрпаты бір емес. Тұлғасы
бірдей сөздердің тұрпаттары басқа болуы мүмкін. Мәселен:
«Тұрғанбай» – «Тұрғамбай» деген сөздердің тұлғалары бірдей,
тұрпаттары бірдей емес. Мұндай орын да айтылу дұрыс-
бұрысына қаралады. Дұрысы «Тұрғамбай емес, «Тұрғанбай»,
сондықтан жазғанда «Тұрғанбай» деп дұрыс тұрпатымен жа-
замыз. Сондай-ақ, қос сөздерде, қосарлап айтқан сөздерде дау-
ыс жеделдігі мен дауыс тұтасынан болатын тұрпат өзгерісіне
қарамай, жеделдік; тұтастық жоқ жеке күйіндегі тұрпатымен
жазамыз. Мәселен: «жүк-аяқ» деген сөзді «жүк-аяқ» деп, «Қара-
гөз» дегенді «Қара-көз» деп, «Сылаңғыз» дегенді «Сылаңқыз»
деп жазамыз.
4. Сөз артынан жалғанатын демеулер алдындағы сөзден
сызықшасыз бөлек жазылады, ондай демеулер түбір сөз бен
жалғаудың арасында айтылатын болғанда түбір сөзге сы-
зықшамен жалғанып, жалғаумен бірге жа зылады. Мысалы:
«жақсы ма?», «жақсы-ақ ба?, «жақсымысың?», «жақсы-ақ-
бысың?».
5. Үндестік заңына келмейтін «гер», «дікі», «паз» сықылды
жұрнақтар түбір сөзге қосылып жазылады. Ондай жұрнақпен
жазылған сөздің түбірінде дәйекші болса, оның дәйекшісі
жұрнақ қосылғанда да қалмай жазылады (мысал: ىكىدزوت
(түздікі), راوزوس (сөзуар), زاپمىلىب (білімпаз).
6. Қосалқы «ма», «ба»-лардан «еді», «екен» деген сөздер
бөлек жазылады. Айтар ма еді, келер ме еді, бар мас ба
еді. Айтқан ба екен? Көрген бе екен? Білді ме екен? тағысы
тағылар.
7. Жұрнақтар барша сөзге қосылып жазылады, жұрнақ
ішіндегі дыбыстар естілу қалыбынша жазылады.
8. Жалғаулар түбір сөзге де, туынды сөзге де қосылып жа-
зылады. Жалғауда «т» мен «д» дыбыстары естілген қалпынша
жазылады. Жұрнақтар мен жалғаулар сөздің аяқ дыбысының
түріне қарай, тұрпатын өзгертіп жалғасады.
|