ІІ. СЫН ЕСІМ
Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды. Мәселен:
Жақсы, жаман, биік, зор, аласа, ұзын, қысқа, терең, тайыз,
қатты, жұмсақ, бай, жарлы, қатты, жұмсақ, қою, сұйық, бай,
жар, жақын, алыс, аш, тоқ, арзан, қымбат, калың, қыран, зе-
рек, кешше, өткір, топас, семіз, арық, жарық, тұнық, ылай, кәрі,
жас, қиын, оңай, ауыр, жеңіл, сау, ауру, ақылды, ақымақ, есті,
есалаң, ескі, жаңа, ұсақ, ірі, таза, ылас, сақ, салақ, сұм, аңқау,
қу, меңіреу, жуан, жіңішке, ауыр, тегіс, жуас, сараң, жомарт,
мырза, жылы, суық, тар, кең, бұдыр, тегіс.
Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есім деп
аталады. Сын есімнің сұрауы – қандай? Мәсе лен: жаман төре
жан алар. Қандай төре жан алар? – Жаман төре жан алар. Арық
атқа қамшы жүк. Қандай атқа қамшы жүк? – Арық атқа қамшы
жүк. «Жаман», «арық» деген сөздер «қандай?» деп сұрағанға
жауап береді жаңа өздері нәрсенің сынын көрсетеді. Осындай
«қандай?» деп сұрағанға жауап болатын сөздердің бәрі де сын
есім болады.
Достарыңызбен бөлісу: |