Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-ық» жұрнағын қосты-
рып, туынды сөз еткізу.
Ал, сал, ас, ал, тоз, бұз, көр, күр, кір, біл, сез, сыз, шірі, бұл,
бер, сау, түс, жет, ой, тіле, сасы, өкіс, қада, қыс, жап, боя, біт,
қаз, тау, жар, үш, сүй, сын, қат, кез, тес, қол, ора, қақыр, кекір,
оз, жұл, қан, бұз, бұйыр, ес, жап, жаб, біл, жүз, еле, түкір, төле,
үз, сол, жырт, жайық, кес, отыр, ау, аң, жара, жина, су, түр, құс.
15. «-ақ» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса
осы «-ақ» күйінде, жіңішке болса, «-ақ» орнына «-ек» бо-
лып жалғанады. Мәселен: тұр-тұрақ, кес-кесек.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-ақ» жұрнағын жалғатып,
туынды сөз еткізу.
Жат, қос, қор, сез, жол, бұл, жет, көм, тап, ор, аш, от, құм,
шаш, айт, ат, аң, шеш, күн, жүр, құш, құн, ол, жат, қаб, жіб, көп,
түп.
16) «-ыс» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөз жуан бол-
са, жуан айтылады, жіңішке болса, жіңішке айтылады.
Мәселен: бар-барыс.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-ыс» жұрнағын жалғатып
туынды сөз еткізу.
85
Ал бер, жүр, тұр, айт, қон, тарт, ту, ат, шап, сау, бұр, біл, соқ,
қақ, таны, жұқ, той, жіт, шал, кір, шық, ор тап, жұт, бол, үр,
тый, жек тұр, жақ, ұқ, жу, бақ, жұл, тала, жон.
17) «-м» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса жуан
айтылады, жіңішке болса, жіңішке айтылады. Мәселен: атта-
аттам, тісте-тістем.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-м» жұрнағын жалғатып,
туынды сөз еткізу.
Ат, сал, жар, кел, кет, ас, қос, қарт, сұқ, соқ, кес, арт, күт, же,
жыр, тіл, қала, байла, ора, іш, шайна, тұт, жұт, жай, сық, қыс,
төз, қайт, қада, елше, ал, үз, жала, тат, ақ, тоң, сау, түс.
18) «-ынды» жұрнақ. Бұл жұрнақ та жуан сөзге жал-
ғанса, жуан болып, жіңішке сөзге жалғанса жіңішке
болып айтылады. Мәселен: қос-қосынды, кес-кесінді.
Сынау. Төмендегі сөздерге «-ынды» жұрнағын жалғатып,
туынды сөз істету.
Қу, бу, ту, жу, бас, ас, тас, ақ, жақ, үр, ек, өк, жүгір, сат, қайт,
сүрт, жыр, жұл, үз, мүжі, жұт, сөйле, қыр, ой, қуыр, ор, шақыр,
қаз, боя, тап, жат, түкір, жапыр, семір, түрт, шеш, байла, тала.
19) «-ма» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты
я жарты дауысты дыбыс болса, осы «-ма» күйінде жалғасады.
Мәселен: сана-санама, таста-тастама, ту-тума, сау-саума, жай-
жайма, қыр-қырма, сал-салма.
Түбір сөздің аяғы басқа дыбыстар болса «-ма» орнына
«-ба», «-па» болып жалғасады. Мәселен: жаз-жаз-ба, оң-оңба,
жон-жонба, шам-шамба, бас-баспа, ат-атпа, ақ-ақпа, жап-жаппа,
аш-ашпа. Түбір сөздер жіңішке болса, «-ма» орнына «-ме»,
«-ба» орнына «-бе», «-па» орнына «-пе» болып жалғасады.
Мәселен: кер-керме, іл-ілме, ій-ійме, кез-кезбе, көм-көмбе, кес-
кеспе, ек-екпе.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе»
жұрнақтарын жалғатып, туынды сөз істету.
Сал, қаз, бат, жат, сөз, таста, ас, күзе, қақ, қада, кір, тек, сүрт,
таңда, қара, жек, қыдыр, сыз, ұр, соқ, ти, ой, қуыр, ор, жап,
ұста, тұтық, ора, сына, айнал, боя, бас, тура, жар, ұш, жала,
құла, жыр, жүз, кеш, көтер, тай, оз, жаныш, жай, мұз, шаш,
қайна, ау, қой, сық, кіи, тоқы, қыс, тара, көш.
|