АТАУЫШ СӨЗДЕР
І. ЗАТ ЕСІМ
Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды. Мәселен: жер,
тау, тас, су, ағаш, шөп, жапырақ, күн, ай, жұлдыз, бұлт, қарт,
жаңбыр, жел, бу, сағым, кісі, мал, аң, құс, бақа, шаян, шыбын,
шіркей, құрт, құмырсқа, қала, үй, төсек, орын, аяқ, табақ, киім,
қазан, ошақ, арба, шана, ер, тоқым, қамыт, доға, арқан, жіп,
тамақ, су, мыс, қалам, сия, астық, жеміс, бақан, сойыл, құрық,
таяқ, асық, топай, доп, қобыз, домбыра, сыбызғы, ақша, киіз,
қадақ, мылтық, найза, қылыш, қанжар, оқ.
Осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім дейміз.
Зат есім туралы «кім?», «не?» деп сұраймыз. «Кім?» деп адам
туралы сұраймыз. «Не?» деп басқа заттар туралы сұраймыз.
Мысалы: 1. Ат ерінді келер, ер мұрынды келер; «кім?»
мұрынды келер?» – «ер», «не» ерінді келер?» – «ат».
2. Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман; «не жаман?» –
«шаншу», «не жаман?» – «қаңқу».
3. «Жылы-жылы сөйлесең жылан іннен шығады, қатты-
қатты сөйлесең, қарт та діннен шығады. «Не: іннен шығады?»
– «жылан». «Кім діннен шығады?» – «қарт».
4. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне. «Не тойған жеріне?» –
«ит». «Кім туған жеріне?» – «ер».
5. «Ас – адамның арқауы». «Адамның арқауы не?» – «ас».
«Ас кімнің арқауы?» – «адамның».
6. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада». «Кімнің
көңілі балада? – «ананың». «Кімнің көңілі далада? – «баланың».
«Ананың көңілі кімде?» – «ба лада». «Баланың көңілі неде?» –
«далада».
Осындай кім? не? деген сұрауларға жауап болып айтылатын
жаңа нәрселердің атын көрсететін сөздерді зат есім дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |