Дағдыландыру. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі зат есім
сөздерді айырту.
Аш кісі ұрысқақ, арық қой тырысқақ. Таспен ұрғанды аспен
ұр! Еменнің иілгені – сынғаны, ердің ұялғаны – өлгені. Бұта
қорғалаған торғай да қалады.
87
Сиыр судан жериді, су сиырдан жериді. Аюдан қорыққан
тоғайға бармас. Мұртына қарай іскегі, сабасына қарай піспегі.
Май сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер? Жел болмай, шөп
қозғалмас. Қыс арбаңды сайла, жаз шанаңды сайла. Пышақ
берсең қынымен, қынын берсең шынымен. Күн ортақ, ай ортақ,
жақсы ортақ. Қазыға тойса, қарта әлем сасиды. Оқ жетпес жер-
ден қылыш суырма. Үйді қозғасаң көшірерсің, отты қозғасаң
өшірерсің. Шоттың басын бассаң, сабы өзіңе тиер. Айран сұрай
келіп, аяғыңды жасырма. Құр қасық ауыз жыртады. Тоқпағы
зор болса, киіз қазық жерге кіреді. Қалауын тапса, қар жанар.
Ет етке, сорпа бетке.
Сынау. Төменгі сөйлемдердің ішіндегі зат есім сөздердің
астын сызып көрсетіндер.
Бағың артқан шағыңда жапалақ салсаң қаз ілер, бағың
қайтқан шағында лашын салсаң аз ілер. Мал басқа бітер, қына
тасқа бітер. Нар жолында жүк қалмас. Таяқ тайға жеткізер, тай
құнанға жеткізер, құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер.
Ата даңқымен қыз өтеді, мата даңқымен бөз өтеді. Ағасы
бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар. Кісі болған кісіні
кісесінен танимын, кісі болмас кісіні мүшесінен танимын. Бұлт
ала, жер шола. Ай мен күндей, әркімге бірдей. Би ба ласы биге
ұқсар, биік-биік тауға ұқсар; хан баласы ханға ұқсар, қанатын
жайған қазға ұқсар; бай баласы байға ұқсар, байланбаған тайға
ұқсар. Қайырымсыз болса ханнан без, өткелсіз болса судан
без, асусыз болса таудан без; Пайдасыз болса байдан без, пана-
сыз болса, сайдан без. Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар;
бәрінен де қой бағып, қойыртпақ ішкен озар.
Үйеңкінің түбінен үйіріп алған қобызым, қарағайдың
түбінен қайырып алған қобызым.
|