146
Жіктеу есімдігінің сыпайы түрі есімдіктерше жалғаула-
нады. Мәселен, «біз», «сіз», «о кісі», деген сөздер:
Жекеше: Атау кім?
біз
сіз
о кісі
Ілік жалғау
кімнің?
біздің
сіздің
о кісінің
Барыс жалғау кімге?
бізге
сізге
о кісіге
Табыс жалғау кімді?
бізді
сізді
о кісіні
Жатыс жалғау кімде?
бізде
сізде
о
кісіде
Шығыс жалғау кімнен?
бізден
сізден
о кісіден
Көпше: Атау кімдер?
біздер
сіздер
о кісілер
Ілік жалғау
кімдерің? біздердің сіздердің о кісілердің
Барыс жалғау кімдерге? біздерге сіздерге о кісілерге
Табыс жалғау кімдерді? біздерді сіздерді о кісілерді
Жатыс жалғау кімдерде? біздерде сіздерде о кісілерде
Шығыс жалғау кімдернен? біздерден сіздерден о
кісілерден
СІЛТЕУ ЕСІМДІГІ
Сілтеу есімдігі дегеніміз – ол нәрсені көрсеткенде айты-
латын сөздер. Мәселен, жақын нәрсені көрсеткенде:
осы, бұл,
мынау дейміз, алыс нәрсені көрсеткенде:
сол, анау дейміз.
Осы,
бұл, мынау, сол, анау деген сөздер сілтеу есімдігі болады.
Сілтеу есімдігінің де жалғыз жалғаулары ғана өзгеріліп
қоймайды, өздері де өзгеріңкірейді. Мысалмен көрсетейік:
1) «Осы»
деген сөз
Жекеше
Көпше
Атау
қайсы? осы
осылар
Ілік жалғау
қайсының? осының
осылардың
Барыс жалғау
қайсыға? осыған
(олға орнына)
осыларға
Табыс жалғау
қайсыны?
осыны
(осыда орнына) осыларды
Жатыс жалғау қайсыда? осында (осыда орнына) осыларда
Шығыс жалғау қайсыдан? осынан (осыдан орнына) осылардан
147
2) «Бұл» деген сөз
Жекеше
Көпше
Атау
қайсы? бұл
бұлар
Ілік жалғау
қайсының? бұның (бұлдың орнына) бұлардың
Барыс жалғау қайсыған? бұған (бұлға орнына)
бұларға
Табыс жалғау қайсыны? бұны бұлды орнына)
бұларды
Жатыс жалғау қайсыда? мұнда (бұлда орнына) бұларда
Шығыс жалғау қайсыдан? бұнан
бұлардан
Дағдыландыру. Осы үлгі бойынша «сол» деген сөзді
жалғаулату.
3) «Мынау» деген сөз
Жекеше
Көпше
Атау
қайсы? мынау
мыналар
Ілік жалғау
қайсының?
мыналардың
Барыс жалғау
қайсыған?
23
бұған
(мынаға орнына)
мыналарға
Табыс жалғау
қайсыны?
мынаны
мыналарды
Жатыс жалғау
қайсыда? мынада
мыналарда
Шығыс жалғау
қайсыдан? мынадан
мыналардан
Дағдыландыру. Осы үлгі бойынша «анау» деген сөзді
жалғаулату.
СҰРАУ ЕСІМДІГІ
Сұрау есімдігі дегеніміз – біреуден бір нәрсе тура лы
сұрағанда айтылатын сөздер. Адам туралы сұрасақ «кім?»
дейміз, басқа заттар туралы сұрасақ «не?» дейміз. Қай нәрсе
екендігін сұрасақ «қайсы» дейміз. Нәрсенің сыны тақырыпты
сұрасақ «қандай?» дейміз. Нәрсенің дәл санын сұрасақ «не-
шеу?», «неше?» дейміз. Нәрсенің саны емес, шамасын
сұрағанда «қанша?» дейміз. Нәрсенің қатарда қайсы екендігін
сұрасақ «нешінші?» дейміз. Мезгіл туралы сұрасақ «қашан?»
23
«Қайсыған» аз айтылады. Көбінесе тәуелді қалыпта.
148
дейміз. Кім?, не?, қайсы?, қандай?, нешеу?, неше?, қанша?,
нешінші?, қашан? деген сөздер сұрау есімдігі болады. Сұрау
есімдіктерінің бірсыпырасы есімдерше, бірсыпыралары
есімдікше өзгереді, бірсыпыралары бұлардың бәрінде де
басқаша өзгереді. Мысалмен көрсетейік.
«Кім? не?» деген сөздер
Жекеше
Көпше
Атау
кім? не?
кімдер? нелер?
Ілік жалғау
кімнің? ненің? кімдердің? нелердің?
Барыс жалғау
кімге? неге?
кімдерге? нелерге?
Табыс жалғау
кімді? нені?
кімдерді? нелерді?
Жатыс жалғау
кімде? неде?
кімдерде? нелерде?
Шығыс жалғау
кімнен? неден? кімдерден? нелерден?
«Нешеу?
Нешінші?»
Достарыңызбен бөлісу: