Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет14/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

3 6 - 
сурақ.  Қ андай  қасиет т ері  тромбоциттердің  қанны ң  ую 
процесіне қатысуына негіз болады?
Тромбоциттер - ядросыз, майда, нөзік, өте тез бүзылатын торша- 
лар. Қанның 1 мм3 мөлшеріндегі олардың саны - 200-400 мың, тіршілік 
мерзімінің  үзақтығы  2-5  күн.  Олар  сүйек  кемігінде  түзіліп,  көк 
бауырда бұзылады.  Бүл торшалар қанны ң ұю процесіне қатысады.
Тромбоциттерге ерекше қасиеттер төн, атап айтсақ жабысқақтық 
(адгезия) жөне желімденгіштік {агрегация).  Организм жарақаттанып, 
тамыр қабырғалары зақымданса олар жарақаттанған қан тамырлары 
қабы рғасы на  жабысады  да,  бір-бірім ен  ж елімдене  бастайды. 
Тромбоциттердің  тамыр  қабырғасына  жабысуына  зақымданған 
беткейдің теріс зарядының оң зарядка алмасуы да себепкер болады.
Тромбоцитгердің фосфолипидтерден түзілген екі қабатгы қабығы 
болады.  Осы қабықта олардың барлық қызметін қамтамасыз ететін 
қүрылымдар (тромбин, адреналин, АДФ сияқты заттардың сигналда- 
рын  қабылдайтын  рецептор,  тамыр  қабырғасына  жабысуға  қажет 
өсінділер, қанны ң үю процесіне эсер ететін затгар түйіршіктері т.б.) 
орналасады. Тромбоциттер бүзылғанда олардың денесіндегі ретрак- 
тозим,  серотонин,  антигепарин,  антифибринолизин т.б.  бөлінеді де, 
үйықтың пайда болуына қолайлы жағдай туындайды.
37-  сурақ.  Қанның қандай физикалық қасиеттері болады?
Қан қызыл түсті, кермек дөмді, қоймалжың, тұтқыр сұйық. Оның 
түсі қүрамында ерекше белок - гемоглобиннің болуына байланысты.
26
Артерия қаны ны ң түсі аш ы қ - қызыл, ал вена қаны - қоң ы р қызьш  
болады.  Бұл қанны ң оттегімен қанығу деңгейіне байланысты.  Қ ан  
құрамындағы минералды тұздар оған кермек дөм береді. Қүрамында 
белоктар мен эритроцитгердің болуымен байланысты қан тұтқы рлы қ 
қасиетке ие болады. Судың түтқырлығы бір өлшем деп алынса, оны - 
мен  салыстырғанда  плазманың  түтқырлығы  1,7  -  2,2,  ал  қ ан н ы ң  
тұтқырлығы - 5,0-ге тең.
Қанның  тығыздығы  1,050 -  1,060. Ол эритроцитгер санына төуелді 
өзгереді,  себебі эритроциттердің тығыздығы  -  1,090,  ал  плазманы ң 
тығыздығы  1,025 -  1,034 аралығында болады.
38-сурақ. Қанның осмостық қысымы деген не, оның маңызы қандай?
Осмостық қысым деп жартылай өткізгіш жарғақтан еріткіштің (су) 
өтуіне жүмсалатын күшті айтады.  Организмде қан тамырларының қа- 
бырғасы осы жартылай өткізгіш жарғақтың қызметін атқарады. Оның 
іш жағында қан, сыртқы жағында торшааралық сұйықтық жатады.
Қ анны ң  осмостық  қы сы м ы ны ң  деңгейі  оны ң  қүрамы ндағы  
электролит иондарының, белок молекулаларының мөлшерімен бай­
ланысты қалыптасады. Қанның бұл көрсеткіштерінің мөлшері тұрақты 
болғандықтан оның осмостық қысымы да тұрақты - 7 ,8 - 8 ,1   атмос­
фера аралығында  сақталады.  Осмостық қы сы мны ң түрақтылығын 
реттеуде  өр  түрлі  бөлу мүшелері  (бүйрек,  тер  бездері,  іш ек-қары н 
жолдары  т.б.  мүшелер)  маңызды  рөл  атқарады.  Олардың  қы змет- 
өрекетгерінің арқасьшда зат алмасу кезінде организмде түзілген түрлі 
зиянды ыдырау өнімдері сыртқа шығарылып, осмостық қы сы мньщ  
аутқуына мүмкіндік берілмейді.  Бүл процесте әр түрлі ұлпалардың 
минералды түздарды сіңіріп алып, оларды қанға жайлап бөліп оты- 
ратын қабілеті де маңызды рөл атқарады.
Қ анны ң осмостық қысымының түрақтылығының үлкен биоло- 
гиялы қ  маңызы  бар.  Д ененің  кез  келген  торш алары ны ң  (қ ан  
түйіршікгері, нерв, ет, эпителий торшалары) осмостық қысымы оларды 
қоршап тұрған сүйықтың (қан, лимфа, торшааралық сүйық) осмос­
ты к қысымына тең.  Сондықтан да торшаны қоршап түрған сүйы қ- 
тың осмостық қысымы өзгерсе, онда торшалардагы су алмасу процесі 
бүзылып, гемолиз (торшаның ісініп, жарылуы), не плазмолиз (тор- 
шаның су жогалтып, бүрісуі) құбылыстары байқалады.
Қанның осмостық қысымының деңгейін оның қату температура- 
сы (депрессиясы) арқылы анықтайды. Депрессия деп сумей салыстыр- 
ганда сүйықтың қату нүкгесінің төмендеуін айтады.  Ерітіндінің қату 
температурасы  ондағы  еріген  заттардың  мөлшеріне  байланысты. 
Ерітіндінің құрамында еріген затгар неғұрлым көп болса, оны ң қату 
температурасы  соғүрлым  томен  болады.  Қ ан   депрессиясы ны ң 
көрсеткіші  -  0,56-0,58 °С,  ал бүл  шама осмостық қы сы м ны ң 7 ,7 -
27


8,1  атмосфералық деңгейіне тең.  Салыстыру үшін тер депрессиясы- 
ның көрсеткіші - 0,18 — -0,60°С, ал зөр депрессиясының көрсеткіші - 
0,2—0,22 °С болатынын келтіріп өтейік. Қанның осмостық қысымы- 
ның 60 пайызына жуығы оның қүрамындағы NaCl үлбсіне тиеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет