жүрекшеге қүйылып, оның ырғақты жиыруларының өсерімен қарын-
шаға өтеді де, қарынша жиырылғанда артерия буылтығына қуылады.
Одан өрі желбезек артериялары арқылы желбезекке барып отгегімен
қаны ққан соң, қолқа арқылы бүкіл денете тарайды да, мүшелер мен
үлпалар капиллярларынан қан қайтадан вена тамырларына жиналып,
жүрекшеге оралады.
Қос мекенділер жүрегі екі жүрекше жөне бір қарыншадан тұра-
ды. Оң жүрекшеге қуыс веналар арқылы бүкіл денеден жиналған
қан оралып, ол одан өрі қарыншаға айдалады. Қарынша жиырылған-
да қан қолқа тамырға қуылады да, оның шамалы мөлшері өкпе арте-
риясы арқылы өкпеге барып, қалған бөлігі артериялармен бүкіл де-
неге тарайды. Өкпеде оттегімен қаны ққан қан өкпе венасы арқылы
сол жүрекшеге, одан қарыншаға өтіп, оң жүрекшеден келген вена
қанымен араласады. Демек, өкпе тамырлары бүл жөндіктерде жалпы
қан айналым жүйесінің бір тармағы ғана. Бақаларда қолқа буьипығы
арқылы бүл тамыр екі тармаққа бөлінеді де, оң жүрекшеден келген
қанның көп мөлшері өкпе артериясына бағытгалады.
Сүт қоректілер мен қүстар жүрегі өзара тек қан тамырлары арқы-
лы ғана байланысатын оң жөне сол бөліктерден тұрады. Әр бөлік
жүрекше мен қарыншаға бөлінеді. Жүрек қанның түйықталған үлкен
жөне кіші қан айналым шеңберлерімен жылжуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: