Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет37/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

4-ТАРАУ
ТЬІНЫ С АЛУ ЖҮЙЕСІ
85-  сурақ.  Тыныс алу дегеніміз не ж әнеол қалай атқарылады?
Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, 
өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиын- 
тығы. Демек* тыныс  алудың мөні  организм торшаларын оттегімен 
қамтамасыз ету арқылы қоректік затгар құрамындағы энергияны био- 
логиялық құнды түрге айналдырып, денеде пайда болтан көмір қыш- 
қы л газды бөліп шығаруда.
Адам  мен жоғары  сатыда дамығын  омыртқалыларда тыныс  алу 
процесі бірнеше кезенде атқарылады:  1) сыртқы орта мен өкпе аль- 
веолалары арасындағы ауа алмасуы, немесе сыртқы тыныс; 2) өкпе 
альвеолалары мен кіші қан айналым шеңбері капиллярлары арасын- 
дағы  газ  алмасу,  немесе  өкпедегі  газ  алмасу;  3)  газдардың  қанмен 
тасымалдануы;  4)  үлкен  қан   айналым  шеңбері  капиллярлары  мен 
ұлпа жөне мүше торшалары арасындағы газ алмасу -   ішкі тыныс; 
5)  торшалардың  оттегін  пайдаланып,  көмір  қы ш қы л  газды  бөлуі, 
немесе торшалар митохондрияларындағы биологиялық тотьпу.
86- 
сурақ.  Тыныс алу жуйесі және тыныс аппараты деген не,  оның 
мушелерінің қызметі қандай?
Тыныс алу жүйесі деп организмді оттегімен қанықтырып, көмір 
қьппқыл газдың денеден бөлінуін жөне организмнің барлық тіршілік 
өрекеттеріне қажет қуаттың (энергияның) бөлінуін қамтамасыз ететін 
мүшелер жиынтығын айтады. Адам мен омыртқалы жануарларда ол
70
сыртқы тыныс мүшелерінен, газдардың қанмен тасымалдануын қам- 
тамасыз ететін тетіктерден, ұлпалық тынысты қамтамасыз ететін орга- 
неллалардан, осы жүйе жұмысын ретгейтін жөне ондағы ықпалдас- 
тықты (интеграция) қалыптастыратын механизмнен құралады. Ты­
ныс аппараты деп организмнің тыныс  алуын қамтамасыз ететін мүше- 
лер жиынтыгын айтады.
Адам  мен  сүт  қорекгілердің  сыртқы  тыныс  аппараты  жоғарғы 
(мүрын қуысы, аңқа, көмекей) жөне төменгі (кеңірдек, ауа тамыр- 
лар - бронхылар мен бронхиолалар) тыныс жолдары мен газ алмасу 
мүшесі - оңж өне сол өкпеден тұрады. Дем алынған кезде ауа жоғар- 
ғы тыныс жолдарына түсіп, онда шаң-тозаңнан тазарады, жылына- 
ды, дымқылданады да, төменгі тыныс жолдарына өтеді.
Дем  алынған  кезде жұтылған  ауаның  30  пайызы тыныс  жолда- 
рында қалады да, ол газ алмасу процесіне қатыспайды. Осы себепті 
мұрын қуысынан өкпе көпіршікгеріне (альевеолаларға) дейінгі жол- 
ды  “пайдасыз кеңістік ”деп атайды. Бүл тек шартгы атау, шын мөнінде 
тыныс жолдарының маңызды қызмет атқаратынын жогарыда баян- 
дап өттік. Сонымен қатар мүрын қусының кілегейлі қабығында ты ­
ныс ауасының сапасын анықтауға мүмкіндік беретін иіс рецепторла- 
ры  орын  тебеді.  Тыныс  жолдарында  түрлі  қорғаныс  рефлекстерін 
(жөтелу, түшкіру) тудыратын сезімтал нерв үпггары да орналасады.
Ауаны жоғарғы тыныс жолынан өкпеге жөне  одан кері  бағытга 
өткізетін түтік төрізді мүшені кеңірдек дейді. Оның қабырғасы ішкі 
кілегейлі, ортаңғы - шеміршекгі жөне сыртқы-сірлі қабатгардан тұра- 
ды. Ортаңгы қабат тұйықталмаған, біте жалғаспаған шеміршек сақина- 
ларынан түзіледі, соңдықтан кеңірдек қуысы өрдайым ашылып тұрады. 
Кеңірдек сақиналарының саны мойынның ұзындыгына байланысты. 
Жүректің жоғарғы тұсыңца кеңірдек екі негізгі бронхыларға ажырап, 
кеңірдек ашамайын (бифуркациясын) түзеді.
Ддам мен жануарлардың газ алмасу мүшесі -  өкпе,  -  құрылысы 
жағынан түтікшелі - көпіршікгі, паренхималы ағза.  Ол тыныс жол- 
дарынан жөне газ алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс жолдарын брон- 
хы (ауа тамыр) тарамы, ал газ алмасу бөлімін - көпіршік (альевеола) 
бөлімі деп  атайды.  Бронхы  тарамы  арқылы  ауа тазаланып,  жылы- 
нып, дымқьщданып, ионданып, альвеолаларға жеткізіледі. Альвеола 
тьпш с жолының тұйықталған сощ ы  бөлігі. Олардың қабырғасы ора- 
лымды мембранаға бекіген ж үқа бір қабат жалпақ эпителий торша- 
ларынан түзіледі. Эр альвеола сырт жағынан тығыз орналасқан ка- 
пиллярлар торымен қоршалады. Өкпе капиллярлары кең (диаметрі 
40  мкм  дейін)  жөне  тар  (диаметрі  11  мкм)  түзақ  торлар  қүрайды. 
Кең тұзақ капиллярларынан қан толассыз ағады жөне ол альвеолалар 
кеңістігінің  көп  мөлшерін  қамтиды.  Бүл  капиллярлар  түзағы  бір-
71


бірімен  ж алғаса  келіп  альвеолалы қ  тор  түзіледі.  Альвеола  мен 
капиллярды ң ж анасу беткейінің жалпы қалы нды ғы  бар болғаны 
0,004 мм,  сонды қтан бұл жерде  газдардың алмасуына айтарлы қ- 
тай кедергі болмайды.
Өкпеде альвеолалар саны орасан көп, сондықтан өкпенің тыныс- 
ты қ  аумағы өте үлкен. Өкпе альвеолаларының саны 350 млн. жетеді 
де, олардың жалпы беткейі 100-120 м2 қүрайды, демек дене беткейінің 
мөлшерінен  100 есе артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет