Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет40/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

91-  сүрақ.  Өкпенің желдетілуі деген не?
Өкпенің белгілі бір уақыт ішінде ауа алмастыру қабілетін өкпенің 
желдетілуі деп атайды. Өкпе желдетіліуін өлбетте  1  минут мерзімде 
өлшейді.  Осыдан  1  минут ішінде өкпеден өткен ауа мөлшерін  өкпе 
желдетілуінің минуттық көлемі дейді.  Ең терең дем  шығарғанның 
өзінде  өкпе  толық  солмайды,  ондағы  барлық  ауа  сығылып  ш ық- 
пайды,  өкпеде  ауа  қоры қалады.  Қалыпты тыныс алу кезінде  адам 
500  мл  (жылқы мен сиыр  5 л)  ауа жүтады.  Оның 30 пайызы тыныс 
жолдарында қалып, тек 70 пайызы, немесе 350 мл (жылқы мен сиырда
3.5 л) альвеолаға жетеді. Адам өкпесінің альвеоласында қальппы ты- 
ныстау жағдайында 1 л қалдық ауа жөне  1,5 л қордағы ауа, барлығы
2.5  л  ауа  қалады  (жылқы  мен  сиырда  20-22  л).  Демек,  өрбір  дем 
алынғанда альвеола ауасыныңтек 1/7 бөлігі (2500:350 немесе 22:3,5) 
ғана алмасады - желдетіледі.
Өкпе желдетілуінің минуттық көлемі өзгермелі шама.  Ол тыныс 
жиілігі мен терендігіне, өкпенің сиымдылығьша, сыртқы орта темпе- 
ратурасьша т.б. байланысты өзгеріп отырады.
92-  сүрақ.  Өлексе (мәйіт ) өкпесі неге суга батып кетпейді?
Өкпе қуыс ағза.  Ол белгілі мөлшерде ауа сиғыза алады.  Мысалы, 
адам еркін дем алған кезде 500 мл ауа жүтып, дөл осы мөлшерде дем 
шығарады (жылқы  -  5-6 л).  Бұл тыныстық ауа.
Адам терең дем алса тыныс ауасына қосымша 1,5 л (жылқы 10-12 л) 
ауа  жүта  алады.  Ауаның  бұл  мөлшерін  қосымша  (устеме)  ауа  деп 
атайды. Қалыпты дем шығарған соң адам тағы да 1,5 л (жылқы 10-12 л) 
шамасында ауа бөле алады.  Бұл қордагы ауа.  Осы аталған тыныстық, 
қосымша жөне қордағы ауаның қосындысын өкпенің тіршіліктік (эре- 
кет) сиымдылыгы - ӨТС) деп атайды. Адамда ол 3,5-4 л, ал жылқыда -
75


26-30 л шамасында.  Ең терең дем  шығарылғаннан кейін де өкпеде 
шамамен  1 л (жылқыда  10 л) ауа қалады. Ауаның бұл бөлімін  қал- 
д ы қ  ауа  дейді.  Қордағы  жөне  қалдық  ауа  алъвеолалық  ауа  түзеді. 
Өкпенің ііршілікгік сиымдылығы мен қалдық ауа қосыңдысын өкпенің 
жалпы сиымдылыгы ( ӨЖС) дейді. Демек, өкпе өрекеті тоқтағанының 
өзінде  өкпеде  қалды қ ауа қалады,  сондықтан  бір  рет тыныс алған 
өкпеде әр уақытта ауа болады. Қалдық ауа өкпені суға батыртпайды.
93-сурақ. Атмосфералық ауадан организм не себепті тек оттегіні 
сіңіріп,  өзінен көмір қышқыл газды бөліп шыгарады?
Тыныс алу процесі кезінде организм атмосфералық ауаны қабыл- 
дайды. Атмосфералық ауа өр түрлі газдардың қоспасы. Оның құра- 
мында 20,82% оттегі, 0,03% көмір қы ш қы л газы, 79,03% азот, 0,15% 
су  буы  болады.  Ал,  деммен  ш ы ққан  ауа  құрамында  16,3%  оттегі, 
4,4%  көмір  қы ш қы л  газы,  79,7%  азот  кездеседі.  Демек,  организм 
тыныстық ауадан 5 пайызға жуық оттегі сіңіріп, 4,4% көмір қышқыл 
газын бөледі, азот газ алмасу процесіне қатыспайды.
М ұндай  жағдай  газ  алмасу  процесінің  белгілі  зандылықпен 
жүретінінің дөлелі. Организмде газдар өздерінің үлес қысымына сөйкес 
алмасады.  Үлес қысым деп ауадағы өрбір газдың өзі тудыратын қысым 
мөлшерін  айтады.  Мысалы,  атмосфералық  ауадағы  отгегінің  үлес 
қысымы с.б.  158,25 мм, көмір қышқыл газдың үлес қысымы - 0,3 мм, 
азот қысымы - 596,45 мм. Альвеола ауасында отгегі қысымы - 101 мм, 
көмір  қы ш қы л  газ  қысымы  -  40  мм,  азот  қысымы  -  573,8  мм.  Ал, 
вена қаны ны ң құрамында  12 колем пайыз оттегі, 50-56 колем пайыз 
көмір қы ш қы л газы жөне бір колем пайыз азот болады, осыдан он-
14-сурет.
Өкпедегі газ алмасу 
принципа
76
дагы оттегінің үлес қысымы 40 мм, көмір қы ш қы л газының қы сы - 
мы - 46 мм, азоттың қысымы 573 мм шамасында сақталады. Артерия 
қаны, вена қаны, үлпалық сүйық жөне альвеола ауасындағы азоттың 
үлес қысымы өзгермейді, сондықтан азот газ алмасу процесіне қатыс- 
пайды. Ал, басқа газдар үлес қысымы жоғары жақтан үлес қысымы 
томен ж аққа өтеді.  Сондықтан оттегі альвеоладан вена қаны на,  ал 
көмір қы ш қы л газы вена қанынан альвеола қуысына өтеді. Артерия 
қаны отгегімен қаньпъш, көмір қыш қыл газынан тазарады, сондық- 
тан  ондағы  оттегінің  үлес  қысымы  с.б.  95  мм,  көмір  қы ш қы л  газ 
қысымы 40 мм деңгейінде сақталады.  Ұлпа сүйықтығында аталған 
газдардың  бұл  көрсеткіші  тиісінше  20-40  жөне  60  мм,  сондықтан 
отгегі қаннан үлпалық сүйыкқа (95-20=+75), ал көмір қьпиқыл газы - 
үлпалық сұйықтан  (60-40=+20)  қанға өтеді.  Сонымен, организмде 
газ алмасу процесі газдардың үлес қысымының градиентіне сөикес жүреді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет