Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет52/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

117- 
сурақ.  Қарында қандай секрециялық аймақтар болады? Олар- 
дың маңызы қандай?
Қарын қабырғасы сірлі, етті жөне кілегейлі қабықтардан құрал- 
ған. Өз кезегінде етті қабы қ үш қабатган - бойлама, сақинаша жөне 
қиғаш  етгерден  түзілген.  Кілегейлі  қабықтың  қүрылымдық  жөне 
функционалдық ерекшеліктері бар аумақтарын қарынның секреция- 
лы қ  аймақтары деп  атайды.  Олар  кардиалық,  фундалдық  (қарын 
түбі) жөне пилорустық болып бөлінеді.  Бүл аймақтарда орналасқан 
бездер өзекгері қарын кіріккілеріне (крипты) - эпителий ойыстары- 
на ашылады. Қарын бездері үш түрлі торшалардан - қосымша, негізгі 
жөне  көмкерме,  -  түзіледі.  Қосымша  торшалар қарынның кардиа- 
лы қ жөне пилорус аймақтарьшда орналасады, шырыш бөледі. Негізгі 
торшалар -  қарын түбі мен пилорус аймақтарында орналасады да, 
пенсиноген мен реннин ферменттерін бөледі. Ал, көмкерме  торша­
лар қарын түбінде ғана болады да, тұз қыш қылын бөледі. Сонымен, 
қары нны ң  кардиалық  аймағында  шырыш,  фундалдық  аймағында 
ферменттер мен тұз қыш қылы, ал пилорус аймағында - ферменттер 
мен шырыш бөлінеді. Қ ары н мөлшері дененің бітіміне, қорекгену 
ерекш еліктеріне байланы сты .  10-12 ж асар  балалар  қары ны ны ң 
сыйымдылығы  1,5 л,  ересек адамдар қары ны ны ң сыйымдылығы 
тіпті  5—10 л дейін жетеді.
118- 
сурақ.  Қарын  сөлі  деген  не,  оның  қурамы  мен  қасиеттері 
қандай?
Қарын сөлі деп қарын бездері мен қарынның кілегей қабығының 
жабынды эпителийінің өрекеті нөтижесінде бөлінетін өнімдерді ай- 
тады.  Қарын сөлі түссіз,  иіссіз,  қы ш қы л  реакциялы сұйық.  Оның
98
қышқылдық реакциясы құрамында түз қышқылыньщ, органикалық 
қышқылдардың жөне қыш қылдық реакциялары бар басқа да қосы- 
лыстардың болуына байланысты.
Қарын сөлі құрамында белоктар, полипептидтер,  мукопротеид- 
тер, несепнөр, зөр қышқылы, амин қышқылдары, ферментгер (пеп­
син,  гастриксин,  химозин,  желатиназа,  липаза),  шырыш жөне  на­
трий,  калий,  магний,  Н С 0 3 ,  Н Р 0 4~,  S 0 4~  түрінде  анорганикалық 
заттар болады.
Пепсин қарындағы ортаның рН -ы  -  1,5-2,0, ал гастриксин - 3,2 - 
3,5 деңгейінде болганда эсер етеді. Бұл ферменттер белоктарды кіші 
молекулалы пептидтерге (альбумозалар мен пептондарга) ыдырата- 
ды, желатиназа -  дөнекер ұлпа белогы желатинді ыдыратады, химо­
зин казеиногенді казеинге айналдырып, сүтті ірімтікгейді. Липаза- 
ны ң өсерімен майлар глицерин мен май қышқылына ыдьфайды.
Қарьш сөлі құрамындагы шырыш қарынның кілегей қабығын өр 
түрлі механикалық, химиялық зақымданудан сақтайды, қарын қабыр- 
ғасын сөл құрамындағы ферменттердің өсерімен өздігінен қорыты- 
льш кетуден қорғайды.
119-сурақ. Қарын сөлі қалай бөлінеді?
Аш қарын жағдайында тек шырыш пен пилорус сөлі бөлінеді. Ал, 
қарын түбінің сөлі тек тамақтану (азықтану) үстінде арнаулы қоздыр- 
ғыш затгардың өсерімен бөлінеді. Қарьш бездерінің сөл бөлу қабілеті 
қорек сипатына бейімделе өзгеріп отырады.
Қарын бездерінің қызметі күрделі рефлекс арқылы жөне нейро- 
гуморальдық жолмен реттеледі.  Бүл екі механизм өсерінің өте ай- 
қы н байқалатыны соншалықты, қарын сөлінің бөлінуінде екі кезең 
аны қ жіктеледі.
Бірінші  -  күрделі рефлекстік кезең  қабылданған  қоректің ауыз 
қуысының сезімтал нерв ұштары мен түрлі талдағыштарға (анализа- 
торларға) эсер етуінің салдарынан туьіндайды.  Қабылданған қорек 
ауыз қуысындағы рецепторларды тітіркендіріп,  пайда  болған  қозу 
толқыны  орталыққа тепкіш  сезімтал  нервтермен сопақш а мидағы 
қарын сөлінің бөлінуін ретгейтін орталыққа беріледі.  Орталықтан 
тітіркеніс қарын бездеріне кезеген нервпен бағыгталады.
Қарын  сөлі  түрлі  шартты  тітіркендіргіштер  (иіс,  бейне,  дыбыс 
сигналдары) өсерінен де бөлінеді. Бұл процесс үлкен ми жарты шар- 
ларындағы ас қорыту орталығының ы қпалы мен жүреді. Д емек, сөл 
бөлуде шартсыз рефлекстерге шартгы рефлекстер қабатгасады. Осы 
себепті сөл бөлудің бірінші кезеңін күрделі реф лекст ік  кезең деп 
атайды .  Т ү р л і  ш артты   си гн ал д ар д ы ң   ө с ер ін ен   б ө л ін ген   сөлді 
И. П. Павлов “тәбеттік сөл” деп атаған.
99


Сөл бөлудің екінші кезеңі механикалық (қарынның керілуі) жөне 
химиялық (ас қорыту барысыңда пайда болған өнімдердің - альбумо- 
залар,  пептондар,  өр түрлі сығыңцы  заттардың,  қарынның кілегей 
қ а б ы ғы н д а   тү зіл етін   ги стам и н ,  гастр и н   си я қт ы   заттарды ң) 
тітіркендіргіш өсерлерінен жүреді. Аталған химиялық заттар қарын 
бездеріне  тікелей  эсер  етпей,  сөлдің  бөлінуін  нерв  ұш тарын 
тітіркендіру арқылы реттейді.  Осы себепті сөл  бөлудің бұл кезеңін 
нейрогуморальды кезең деп атайды.
Қарын  сөлінің  бөлінуін гастрин,  энтерогастрин жене  гистамин 
күшейтеді, ал гастрон, энтерогастрон — бөсеңцетеді.
Адам төулігіне  1,5-2 л қарын сөлін бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет