30
5) ағылшын халқының этникалық бірегейлігі;
6) әлем және абстрактілі ұғымдар жайындағы ғылыми білімдер жүйесі.
Жоғарыда келтірілген әрбір сала ғаламның тілдік бейнесінің бірнеше
өлшемдерімен сипатталады. Себебі, олар түрлі сөз таптарына жататын
лексикалық бірліктермен маңыздылығы арттырылған. Мысалы, жеке тұлға
немесе бірнеше топ адамдар аталымы адамның әлеуметтік сипаттамалары,
кәсіби
белсенділік
саласы
арқылы
айқындалады:
«
cowman, baker, butcher, cattle keeper, farmer, gardener»
-
«сиыршы,
наубайшы, қасапшы, малшы, фермер, бағбан». Адам мен мифологиялық
кейіпкерлерді айқындайтын аталым белгілері ретінде биологиялық сипаттағы
белгілер көрініс табады: жас, мінез-құлық және сыртқы келбет
ерекшеліктері:«
he had longgrey hair, and his teeth were curling out of his mouth,
and his finger- and toe-nailshad not been cut for many thousand years» - «оның
ұзын сұр шашы бар, тістерін аузынан жұлып тастаған, тырнақтары мыңдаған
жылдар бойы кесілмеген».
Сонымен, ағылшын шығармаларындағы ертегі кейіпкерлерінің
аталымдары негізіне алынған ерекше белгілер: кейіпкерлердің жасы,
мақсаты, физиологиялық жағдайы, мінез-құлық ерекшеліктері т.б. Ал,
ағылшын ертегілеріндегі үй жануарларынан басқа, қолға үйретілмеген
хайуанаттар әлемі мұндай ерекшеліктермен сипатталмайды. Мифологиялық
тіршілік
иелерінің
аталым
негізіне
сыртқы
келбеті:
Достарыңызбен бөлісу: