unearthly monster, fiery serpents - жыртқыш құбыжық, от жыландар;
физиологиялық ахуал-жағдайы: fairy-mother, swan – girl - ертегі ана, аққу -
қыз; жасы: young man, old man,young lady - жас жігіт, қария, жас қыз;
қызметтік сипаты: jolly shake-hands - көңілді қол алысулар; әлеуметтік
мәртебесі: queen, king, prince – ханшайым, патша, ханзада т.б. сияқты
белгілер алынады.
Ертегі кейіпкерлерінің биологиялық белгілері дене мүшелері,
эмоционалдық ахуалы, интеллектуалдық қасиеттері мен физикалық
белсенділігі атауларында көрініс табады. Ал, әлеуметтік сипаттамалар -ертегі
мәтіндерінде сөйлеу іс-әрекеттерінің түрлерінде, жекелік қасиеттерде, жеке
тұлғааралық қарым-қатынастарда, адамдардың өзара әрекеттестіктерінде
орын алады. Ағылшын халқының тұрмыс-тіршілік ерекшеліктері ертегі
тілінде құрылыс түрлері, оның безендірілуінде, киім-кешек, азық-түлік және
сусындаратауларындарепрезентацияланады:tle, mansion, stable, shoulder of m
utton, bread, milk, soft cheese - қамал, үй , тұрақты мекенжай ,, қой еті, нан,
сүт, жұмсақ ірімшік. Бұл, өз кезегінде адамның үй, тамақ пен киім-кешек
секілді базалық қажеттілігімен түсініледі.
Ал, кәсіби қызметтің маңызды саласы еңбекпен айқындалады. Мысалы,
«Lazy Jack» - «Жалқау Джек» ертегісінде кейіпкер апта бойы жұмысқа
кетеді: а) Джек фермерде жұмыс жасап, ақша табады, бірақ оны жоғалтып
алады. Анасы оған ақшаны қалтаңа салуың керек еді дейді; ә) Джек мал
шаруашылығында жұмыс жасап, бір құты сүт алады да оны қалтасына
салады. Анасы оған басыңа қойып әкелуің керек еді дейді; б) Джек фермерде
31
жұмыс жасап, ақысына ірімшік алып, басына қойып алып келмекші болады.
Анасы оған қолыңа ұстап алып келуің керек еді дейді; в) Ол наубайшыда
жұмыс істеп ақысына мысық алады да, оны алақанына салып көтеріп келеді.
Анасы оған оны жіпке байлап алып келу керек еді дейді т.с.с. (бұл ертегінің
сюжеттік желісі қазақтың «Мақта қыз бен мысық» ертегісіне ұқсас келеді,
бірақ моральдік-тәрбиелеу мәні екі бөлек екені сөзсіз).
Ертегідегі ғалам бейнесі мынадай тілдік бірліктер арқылы
айқындалатыны белгілі: forest, road, mountains, rock, apple-tree – gold –apple -
Орман, жол, таулар, жартастар,
алма ағашы – алтын т.б. Әдеп-ғұрып іс-
әрекеттері
мынадай
ертегі
іс-әрекеттерінде
сипатталған:
to sleep, to awake, to wash, to eat, to drink - ұйықтаңыз, сергек болыңыз,
жуыңыз, тамақтаныңыз, ішіңіз. Әрбір топ нысандарының атаулары тікелей
ағылшын этносының өмір сүру жағдайы мен шарттарына, олардың
шаруашылық қызметіндегі рөліне тәуелді екені байқалады. Бұл ретте, мәдени
культ нысаны ретінде ерекше қызығушылықты «cross» - «тоғысу» лексемасы
танытады. Халықтың танымы бойынша, крест белгісі барлық жаман
дүниелерден қорғап, жақсылыққа алып келетін нышан іспетті.
«Cross» - «тоғысу» сөзі діни сипатта қолданылады, өйткені адамдар
жаман және жақсы рухтар барына сенеді. Сондықтан да жоғары күштермен
тілдесетін құралдар болып саналатын белгілі бір символдар мен заттар
болған. Міне, солардың бірі – крест белгісі. Ертегіде крест жақсылықтың
белгісі. Сол кездегі адамдар үшін табиғаттың ажыратылмас бір бөлшегі
ретінде жан-жануарлар әлемі болып есептелген. Ертегідегі жан-жануарлар
ішінен аққу мен аттың орны ерекше. Олар бүкіл ертегі бойынша кейіпкермен
бірге болады. Аққу тазалықтың, жауапкершіліктің, тек пен рудың, руды
қорғаудың символы. Англияда «Аққу тотемінің» астында өмір сүру мен
өркендеу құқығын алу үшін тек «жақсы ойлап сөйлеу» ғана жеткіліксіз,
сонымен қатар «жақсы іс-әркеттерді» атқару қажет. Аққу британ
монархының ресми Елтаңбасы болып табылады. Христиан дәстүрінде ат
ерлік пен тектіліктің эмблемасы болып саналады.
Ағылшын халқының ғылыми білімдер жүйесі ертегіде мынадай
аталымдарда
көрініс
табады:
уақыт
пен
кеңістік
бірліктері:
hour,minute, today, month, dais of week - сағат, минут, бүгін, ай, аптаның
күндері; ақша жүйесінің бірліктері: penny, golden coins – тиындар(пенни),
алтын монеталар; діни-философиялық ұғымдар мен көзқарастар:
use, harmony, beauty,pretty, believe - пайда, үйлесімділік, сұлулық, жағымды,
сену және т.б. Бұл аталымдар адамның қоғамдағы мінез-құлық ережелері мен
құндылықтар жүйесін айқындайды. Ғаламның ертегі бейнесі ертегі тілінде
көрініс тапқан ғаламның біртұтас бейнесі болып табылады. Ол ғаламның
фольклорлық бейнесінің бір бөлігі және ертегі жанрына тән белгілерге ие
болып келеді.
Сонымен, ғалам бейнесі – адамның рухани қызметінің нәтижесінде
пайда болған ғаламның жаһандық бейнесі. Ғаламның тілдік бейнесі адамның
әлем жайындағы көзқарастарын айқындайтын тұрақты тіркестерде,
32
стереотиптерде жүзеге асырылады. Ұлттық сипат дегеніміз – елдің тарихи
және
мәдени
дамуының
ықпалымен
қалыптасатын
мінез-құлық
ерекшеліктерінің, салт-дәстүр мен дүниетаным, көзқарастар жиынтығы.
Ағылшын халық ертегісінің жанрлық ерекшелігі оның тілдік бейнесінде
толық көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: |