44
менталды репрезентациясы. Ол сол маңызға қатысты көптеген білімдердің,
ассоциациялар мен көріністердің менталды теориясы. Осымен байланысты
концептілер мифологиядан туындаған ғаламның фольклорлық бейнесінің
негізін де құрайды. Мифпен өзара тығыз байланысты фольклордың жанры –
халық ертегісі екенін атап айтқан болатынбыз.
Ағылшын халық ертегілері уақыты бойынша басқа тілдерге қарағанда
кештеу жазбаға түсіріліп жинақталған. Ағылшын халық ертегілерінің
алғашқы жинақтары ХIХ ғасырдың соңында жарық көрген. Ертегілерді
жинап, екі том етіп шығарған ғалым Джозеф Джейкобс (1854-1916) ағылшын
фольклор клубының президенті болған. Д.Джейкобс ертегілерді жинау
барысында қиындықтар мен кедергілерге тап болған, себебі көптеген
ертегілер ұмытылған және ол Ресейдегі А.Афанасьев, Франциядағы
Ш.Перро, Германиядағы
ағайынды Гримм секілді ертегілерді әдеби өңдеуге
алмаған. Оның басты мақсаты – ертегі халық шығармаларында үлгілерін сол
халық қай формада жасады, сол күйінде беру болған.
Ағылшын қиял-ғажайып ертегілері қазақ ертегілері секілді бастама,
сюжет дамуы, кульминация және түйін секілді құрылымдардан тұрады.
Қиял-ғажайып ертегінің сюжет негізі сиқырлы амал-құралдар немесе
ғажайып көмекшілер арқылы белгілі бір жоғалтқан нәрсені, дүниені я
айырылған затты қайтарумен басталады. Ертегінің экспозициясында аталған
бастамаға себеп болған барлық жағдаяттар айтылады: тыйым салу немесе
белгілі бір тыйым салынған іс-әрекеттерді бұзу, т.б. Ал қазақ қиял-ғажайып
ертегілерінің бастамасынан кейін, оның нақты кейіпкерлері сөз болады.
Әдетте, олар екі ұрпақ өкілдері болады: ата-анасы мен балалары, үлкендер
мен кішілер. Қазақ ертегісінің басқалардан бір ерекшелігі – эпос түрінде
басталады, яғни қартайған кісілерден баласы жоқ және жалбарынып сұрап
алған баласының дүниеге келуі де «наннан, бір үзік майдан, күн нұрынан»
т.б., өсуі де өзгеше болады («Ер Төстік», «Нан батыр»). Олар күн сайын емес
сағат сайын өседі екен: «
бір айда бір жастағы баладай, үш айда үш
Достарыңызбен бөлісу: