42
her at once, and thought no man so fortunate as he was. They lived happily
together, but, though he wished people to think otherwise, he was fonder of the
golden arm than of all his wife’s gifts besides» бастамасында мынадай қарама-
қарсылықтарға мән беруге болады: «
once/at last» уақыт маркерлері; «
who
traveled the land all over / they lived happily together» кейіпкер бейнесінің
сипаты үйленгенге дейін және кейін.
Пайымдау-диктемасы ағылшын ертегілерінде сирек кездесетін бастама
түріне жатады. Бұл бастамаға ертегішінің ұстанымы автордың төл сөзі
формасында эксплицитті түрде берілуі тән . Мысалы, «Ghosts in the Fen»
ертегісі сипаттау элементтері бар пайымдаумен басталады: «
Ghosts, bor?
Why, the old Fen’s full of them. The best time to see them is during what we call
chiming hours: four, eight and twelve o’clock. Have I seen any of them? Of course
I have, and so will you if you live as I’ve done and spend five nights out of six
poaching or fishing like I do. I used to go fishing in the finest swim for bream that
there was in the river; it was down by that blasted ash tree just before you come to
Littleport Chair. Years ago there was a house quite close up to the bank there, but
it’s gone now». Бұл бастамадан байқағанымыз, осы шақ (The Present Perfect,
The Present Indefinite) және өткен шақ (The Past Indefinite) етістіктерінің
түрлі уақыттық формаларының предикация деңгейіндегі қарама-қарсылығы.
Бастамадағы тілдік құралдардың синтаксистік құрылымы екі уақыт үзіндісін
анық көрсетеді – өткен уақыт пен қазіргі уақыттағы оқиғалар желісін.
Сонымен, қорыта келгенде, ағылшын қиял-ғажайып ертегілерінде «су
кеңістігі» ерекше мәнге ие болатын болса, қазақ ертегілері үшін «жерасты
кеңістігі» аса маңызды. Мұның себебі ертегілердің мифпен тікелей
генетикалық байланысымен айқындалады. Қазақ мифологиясына өзіндік
ерекшеліктер тән келеді және ол, ең алдымен ,көшпелі тұрмыс-тіршілікпен
түсініледі. Басқа халықтардың мифтері, негізінен ғалам мен адам
жаратылысының пайда болуымен өлшенеді. Ал, көшпенділер мифтері рулар
пайда болуының генеалогиялық аңыздарымен сипатталады. Жалпы, уақыт
пен кеңістік ұғымдары ағылшын ертегілерінде қазақ ертегілеріне қарағанда
нақтылық мағынасында беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: