49
reached the woods» («Molly Whuppie»). Ағылшын қиял-ғажайып ертегілерінің
мәтіні бойынша, сиқыршы әйел кейіпкерлерінің үйі бақпен қоршалған. Бақ –
ғажайып оқиғалар жүзеге асатын кеңістік рөлін атқарады.Жалпы, ағылшын
қиял-ғажайып ертегілерінде бұл концептінің тақырыптық топтары өте кең
берілген.
Атап көрсететін бір ерекшелігі – табиғи нысандар мен құбылыстардан
басқа, өркениетке қатысты «халық ертегі» жанрының модификациясын
айқындайтын ғалам бейнесінің өзгеріске ұшырағанын дәлелдейтін
деректердің орын алуы. Оған, мысалы, сәулет-құрылыс нысан атауларын
келтіруге болады:
house, castle, church, bridge, building. Барлық жерлерде
көшелер, міндетті түрде шіркеу болады және үйлер мен ауылдар шарбақ пен
дуалдармен қоршалған. Ауыл сыртында – шабындық, өріс, дала, жайылым,
содан кейін барып орман орналастырылады. Яғни, осылайша ағылшын
ертегілерінде мәдени және жабайы кеңістіктер өзара байланастырылады.
Ағылшын ертегілерінің кез кезген концептісі бинарлы тіресімдермен
сипатталады. Мысалы, «тағам» тобының өзі «жартылай фабрикаттар» мен
«дайын тағам» деп жіктеледі. Мәдени заттар мен мәдени тұрмыстық заттар
да клерикалды және зайырлы мәдениет заттық әлеміне сәйкес екіге бөлінеді:
bible және
book. Мәселен, «
Then he walked across the churchyard, he saw a man
with a bible in his hand, standing by the wall» («The Last Man»). Сәулет-
құрылыс нысандарында тұрғын-үй және басқа да атауларда әлеуметтік
маркерлер байқалады. Бір жағынан, «
church, monastery» болса, екінші жағы
,«
castle, tower, house» тілдік бірліктерімен айқындалады: «
There was a lot of
talk down to the Castle» (Tom Tit Tot).
Ағылшын қиял-ғажайып ертегілерінде ғаламның тілдік бейнесінде
тұрғын үй құрылысы айқын берілген. Үйдің негізгі бөліктерінен басқа
wall,
window, door, roof, мысалы: «
At last they got to the door of the merchant’s house
Достарыңызбен бөлісу: