Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет15/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

ХІХ гасырдагы 
Қазақстандағы саяси 
ойлар
52


ортасы  тарихи  бір  кезенде  өткендіктен,  ортақ  арман-мүддесі  туған  халқының 
ой-санасын  ояту,  әлемдік  мәдениет  қатарына  ұлттық  өркениетінің  сақталып, 
басқа  дамыған  елдермен  тең  етіп  қосу  болды.  Сондықган  Шоқан,  Абай, 
Ыбырай  да  орыс  халқының  алдыңғы  қатарлы  прогресшіл  мәдениетін  қазақ 
даласына таратушылар ретінде Қазақстан тарихында ағартушылық қозғалысы- 
ның негізін жасады.
Шоқан Уәлиханов
Ш оқан  Уәлиханов  қоғамның  саяси-әлеуметтік  құрылымы  жөнінде 
көптеген  еңбектер  жазды.  Ғалым  мұрасының:  «Үлкен  қырғыз-қайсақ ордасы- 
ның  ескі  аңыз-әңгімелері»,  «Қырғыздардың  шежіресі»,  «Даладағы  мұсылман- 
дық  туралы»,  «Қытай  империясының  басты  өлкесі»,  «Қашғария  туралы 
жазбалар», «Абылай», «Сот реформалары жайында хат». Шоқан соңғы аталған 
еңбегінде бұқара халықтың мүддесіне  сай билер сотының сақталуын қолдады. 
Өз халқының болашағы үшін отаршылдардың билігінен  әлеметтік-экономика- 
лық  реформа  жасау  барысында  қазақтардың  мүддесі  үшін  еңбек  етті.  Ол 
демократ  болғаннан  кейін  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістерді  жаңашыл- 
дық,  прогрессивті  дүние  ретінде  қолдады.  Сондай-ақ,  формализм  мен  бюро- 
кратизмді,  қазақ  әйелдерінің  құқығын  шектеуші  ретінде  мұсылман  дінін 
сынады.  Шоқан  Уәлиханов  феодалдық  тоқырау  кезеңіндегі  қазақтың  ағарту- 
шы демократиялық идеологиясының негізін салушы болып табылады.
53


Ыбырай Алтынсарин
Қазақ  халқының  ұлы  ағартушысы,  педагог,  қоғам  қайраткері  Ы бырай 
Алтынсарин  қоғамның  экономикалық  дамуына  қажетті  мамандар  әзірлеу 
ісіне баса назар аударып, қазақ халқының жалпы мәдениетін көтеруді көкседі. 
Ғалым,  этнограф,  жазушы  және  ақын  Ыбырай  Алтынсарин  өз  замандастары- 
ның арасында аса беделге ие болды.  Ол қазақ жастарын ең алдымен, оқу,өнер- 
білім,  техниканы  игеруге  шақырды.  «Оқысаңыз  балалар,  Шамнан  шырақ 
жағылылар.  Тілегенің  алдыңнан,  Іздемей-ақ  табылар».  Оқымаған,  сауатсыз, 
надандарды  сынап,  ақ  пен  қараны  ажырата  алмайтын  көрсоқыр  ретінде 
суреттеген.  «Оқымаған  жүреді,  Қараңғыны  қармалап,  Надандықтың  белгісі- 
Еш  ақылға жарымас».  «Ата-енең  қартайса,  Тіреу  болар  бұл  оқу.  Қартайғанда 
мал тайса,  Сүйеу болр  бұл  оқу»  -деп  оқудың  өмірдегі  орнын  көрсетті.  Ғылым 
мен  білімді  жоғары  бағалады.  «Адамды  құстай  ұшырды,  Мал  істейтін 
жұмысты,  От  пен  суға  түсірді.  Отынсыз  тамақ  пісірді,  Сусыздан  сусын 
ішірді».  Ол елдің саяси өміріне тікелей араласып қызмет жасады да.
54
А б а й


Әрбір  ғұлама-ойшыл  өзі  өмір  сүрген  заманның  тыныс-тіршілігін  айнытпай 
байқап, болашаққа көрегендік болжам жасай алатындығымен дараланады. XIX 
ғасырдағы қазақ топырағындағы Абай да сондай тұлға болды.  (1845-1904 жж). 
Ол өзі дүниенің, әлемнің объективтік заңдылығын мойындап, дүние мен адам­
зат қоғамы бірқалыпты тұрмай,  бейне  бір ағып жатқан  судай  өзгеріп  отырады 
деп  таниды.  Абай  қазақ  халқының  ақыны,  философ,  ағартушысы,  оның 
әлеуметтік-саяси  көзқарасында  демократиялық,  прогресшіл  бағыт  басым. 
Абай  халық  жыршылары  айта  алмаған,  бірақ  халық  бұқарасының  санасында 
жүрген  ойларды айтты.  Халықтың  саналы түрде түсініп болмаған,  стихиялык, 
тілектерін,  саналы  түрде  айтып,  бұл  үшін  өз  бойына жинаған  нәрді  пайдала- 
нып, сол кездегі орыс мәдениетінің шыңына құлаш ұрды.
Қоғам  ұдайы  ұрпақ  ауысуынан  тұрады  дей  келе  былай  тұжырымдайды: 
«Дүние бір қалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры мәңгі емес», «Дүние -  
үлкен  көл,  заман  -   соққан  жел»,  «Алдынғы  толқын  -   ағалар,  артқы  толқын -  
інілер.  Кезекпенен  өлінер,  баяғыдай  көрінер»  -  деуі  соның  дәлелі.  Күндіз 
күлкің бұзылды, түнде ұйқың,  - деп  1864 жылғы «Екінші Низамнан» соң қазақ 
жері  де,  оның  байлығы  да  Ресейдің  қарамағында  қалғанына  шарасыздық 
білдіреді.  Өйткені  билік те,  тіршіліктің  көзі  де  жаттың  қолында болып,  олар- 
дың қолпаштауынсыз малыңды малдап, жаныңды жандай алмайтын, ел-жұрты 
тәуелді күйге түскен кезде Абай да еркін өмір сүре алмады. Абай ұлтының бұл 
халін «Қалың  елім, қазағым,  қайран жұртым,  ұстарасыз  аузыңа түсті мұртың»
-  деп  бар  болмысымен  қынжыла  айыптайды.  Халқының,  дәрменсіздігін,  ел 
тізгінін ұстаушылардың шенқұмарлыққа ұмтылып,  соның жолында малын  да, 
арын да сатып, өзара қырқысқанын көріп налиды.
Әлеуметтік құбылыстар мен процестердің елді, қоғамды басқару жүйесімен 
тығыз  байланысты  екенін,  адамның  әлеуметтік  субъект  қана  емес,  басқару 
құрылымының  да  субъектісі  екенін  көрсете  білгенін  жоғарыда  айттық.  Сол 
кездегі  қалыптасқан  басқарушы  жүйе  түрінің  қазақ халқының  жылдан  жылға 
төмендеп  отырғанын  көрді.  Осыған  байланысты  Абай  әрбір  болыс  елде 
старшын  басы  бір  бидің  болуы  «көп  халыққа  залал  болғандығы  көрініп, 
сыналып  білінді»  -  дейді.  Ол  бұрынғы  атақты  хандар  салған  жолды  жақсы 
біліп,  ескірген  ережелерінің  орнына  заманның  өзгергенін  ескеріп,  татымды 
әділ  билік  шығарып  отыру  қажет  деп  санайды.  Ол  үшін  «Би  екеу  болса,  дау 
төртеу болады»  - деген халық даналығын еске сала отырып, «тақ болмаса, жұп 
билер таласып, дау көбейе береді» - деп қорытады.  Сондықтан, ол биді көбейт- 
пей,  әрбір  болыс  елден  толымды,  білімді  үш-ақ  кісі  билікке  жыл  кесілмей 
сайланса  деген  тұжырымға  келеді.  Сондай-ақ  Абай  білімсіздіктің,  надандық-
55


тың  әлеуметтік  келеңсіздікке  апарып  соғатынын  дұрыс  бейнелеп  беріп 
отырды.  Надандықтың  көптеген  әлеуметтік  кертартпалығын  жан-жақты  тал- 
дай  отырып,  оның  тағы  бір  мынандай  келеңсіз  құбылысын:  надан  ел  куанбас 
нәрсеге  қуанады  және  қуанғанда  не  айтып,  не  қойғанын  өзі  де  білмей  есі 
шығады;  әрі  ұялмас  нәрседен  ұялады,  ұяларлық  нәрседен  ұялмайды.  Мұның 
бәрі надандық, ақымақтықтық әсері -деп сынады.
Данышпан  Абай  «Адам  баласын  заман  өсіреді,  кім  де  кім  жаман  болса, 
оның  өзі  және  замандасының  бәрі  виноват»  -  деген  шын  мәніндегі  ғылыми 
қорытынды  жасайды.  Бұл  кемеңгер  ақынның  адамды  (индивидті)  қоғамнан 
бөлек  алып  қарамай,  ол  сол  әлеуметтік  ортаның  жемісі  екендігін  терең 
түсінгендігінің белгісі.
Шәкәрім
Шәкәрім  (Ш аһкерім)  Құдайбердіұлы  -  Абайдың  немере  інісі,  Құнанбай- 
дың  Құдайберді  деген  баласынан  туған.  (1858  ж,  11.07.)  Жасынан  жетім 
қалғандықтан  оны  Абай  бауырына  салып  тәрбиелейді.  1905-1906  жылдары 
Стамбол,  Каир,  Бағдат,  Мекке  шаһарларының  кітапханаларында  болған.  Лев 
Толстоймен  кездесіп  хат  жазысып  тұрған.  Оның  «Үш  анық»  деген  еңбегінде 
қоғам дамуы туралы мәселелер  сөз  болады.  Билік туралы  қазақтың  ескі жолы 
жоқ емес,  қазылған  қара жолдай жолы  бар.  Бірақ ол жол ұмытылған.  Ол  ескі 
жолдың  көбі  осы  күнгі  өмірге  қолайлы.  Бұрынғы  ережелерде  көбінесе  сол 
жолға  сүйеніп  айтылған.  Қазақтың  ескі  жолының  бір  талайы  шариғатқа  да 
жанасады.  Шариғат  ешқашан  бір  тастай  қатып  қалмайды.  Әр  заманның 
ыңғайына қарай іс қылуға лайықтайды.  Оны тастай қатыратын шала молдалар. 
Ал  бұл  күні  «Қазақтың  дауын  орыс  судьясы  бітіргеннің  қолайсыздығын  біз 
айтпасақ  та  тамам  қазақ  біледі.  Сайып  келгенде,  дәстүрге  сүйенбеген  заң- 
әділеттің  таразысы  емес,  әділетсіздіктің  өлшемі  болады.  Ол  дүниені  тек
56


әділетсіздіктің таразысымен өлшейтінін» - айтты.
Үкімет жойылып,  әркім  өз бетімен өмір сүрсе адам өмірі түзеледі деушілер- 
ді  де  Шәкәрім  қолдамайды.  «Үкімет  жойылса,  адам  бет-бетімен  кетсе,  біреу- 
біреуге  жәрдем  етпесе,  азулы  айуандар  жекелеген  адамдарды  жей  берсе, 
қайтіп  өмір  сүрмек»?  -  дейді.  Ол  адам  өмірін  түзетуге  болады  деген  көзқарас 
айтады.  «Адам  өмірін  түзетуге,  барлық  адамдар  тату  тұруға  негізгісі  -   адал 
еңбек,  ақ  жүрек,  арлы  ақыл  болуға  керек.  Дүниеде  бұл  үшеуі  үстем  болмай, 
адам  баласына  тыныштық  өмір  сүруге  мүмкіндік  жоқ»  -  деген  тұжырым 
жасайды.  Осы  айтылған  жаман  әдеттерді  жою  үшін  жастарға  «еңбек  өнерін 
үйрету  керек,  онымен қабат оқу-білімге жетілдіру қажет,  бірақ олар  жеткілік- 
сіз болғандықтан, «ар білімі» деген білім оқытылуы керек» - дейді.
«Бұл ғылымды, - дейді Шәкәрім, - ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде 
жазып,  нәпсіні  жойып,  адам  бойында  жеке  ардың  қожа  болып  қалу  жағын 
көздеу керек.  Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгерісі оңай...» Шәкәрімнің 
бұл  айтып  отырған  «ар»  -   ілімінің  негізі  болып  табылатын  адамдағы  ынсап, 
әділет,  мейірім  -   үшеуінің  қосындысы  «Ұждан»  -  деген  ұғым.  Егер  әр  адам 
«ұжданы  сол жанның  азығы  екеніне  ақылмен  сынап  істесе,  оның жүрегін  еш- 
нәрсе  қарайта  алмайды»,  -  деген  Шәкәрімнің  терең  ойы  казіргі  заманда 
халқымыздың  алға  қойып  отырған  рухани  жағынан  жаңару  талабына  үндес 
келіп отыр.
Шоқан,  Ыбырай,  Абай,  Шәкәрім  қазақ  халқының  қоғамдық-саяси  ой 
тарихында ағартушылық идеяларының одан әрі өркендеуінің негізін салды.
Қосымша: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет