Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет10/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Қайта өрлеу мен жаңа 
замандагы саяси
ой-пікірлер
34


Никколо Макиавелли
Қайта  өрлеу  дәуірінің  гуманисі  Томас  Мор  өзінің  «Утопия»  аралындағы 
мемлекеттің үлгілі құрылысы туралы ойларын өзек етті.  Ол теңдіктің түсінігін
Томас Мор
XVII  ғасырда  буржуазиялық  революция  Еуропа  көлемінде  ең  бірінші 
Англияда  болды.  Ол  феодализмге  күйрете  соққы  беріп,  капиталистік 
қатынастардың тез  дамуына жол  ашты.  Бұл  дәуірдің көрнекті  өкілдерінің  бірі 
ағылшын ойшылы Томас Гоббс  (1588-1679  жж.)  еді.  Оның ойынша, мемлекет 
қоғамдық  келісімнің  негізінде  жалпыға  бірдей  бейбіт  өмір  мен  қауіпсіздікті 
сақтау үшін пайда болды.
35


Томас Гоббс
Жаңа  дәуірдің  келесі  ойшылы  Джон  Локк  (1632-1701  жж.)  монархияға 
қарсы  шығып,  меншікке  негізделген  қоғамдық келісімді жақтады.  Мемлекет- 
тің пайда болуында табиғи құқыіқ ілімін қолданды.  Конституциялық монархия 
идеясын негіздеді.
Джон Локк
Француз  ағартушысы  Шарль  Луи  Монтескье  (1689-1755  жж.)  «Заң  рухы» 
деген  еңбегінде  мемлекеттің  даму  заңдылықтарын,  саяси  билікті  жүргізудің 
нысандарын  айқындауға  ықпал  ететін  факторларды  қарастырды.  Оның  саяси 
ойлар тарихына қосқан үлесі-билікті бөлу теориясы болды.
36


Монтескьё, Шарль-Луи де Секонда
Француз  ағартушысы  Жан  Жак  Руссо  (1712-1778  жж.)  азаматтық 
тұжырымдама,  халықтың  егемендігі  мәселелерін  көтерді.  Руссо  ойынша, 
үкімет  билігі  халықгың  декретімен  және  қаулысымен  орнайды.  Руссо  толық
билік мемлекеттің егемендігі халықтың қолына көшуін жақтайды.
Жан Жак Руссо
Жаңа  дәуір  ойшылдарының  идеялары  кейінгі  саяси  көзқарастар  мен 
теорияларда  көрініс  тауып,  жалпы  әлеуметтік  ой-дүниесінде  маңызы  зор 
болды.
Қазіргі  заманғы  саяси  тұжырымдамалардың  өзі 
бірнеше  ағымдарға  бөлінеді.  Олардың  ішінде 
негізгілеріне 
психоаналитикалық 
тұжырымды, 
технократизмді, либерализмді,  консерватизм және неоконсерватизм,  анархизм 
мен фашизмді жеке көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет