Мейірбек Сопыбекұлы Әт-Түркістани.
Алматы қаласы,
Алатау ауданы,
«Өжет» кенті.
ШЕбЕРді ШЕбЕР дЕгЕнШЕ,
АллАҺТЫ ШЕбЕР дЕсЕЙШі
Құдіретіңді біліп ал,
Сабырлық еттім. Саспайын,
Өзіңді Аллаһ ұлықтап,
«Бисмилләһ» деп бастайын.
Түйір еттен о ғажап,
Жасадың менің көзімді.
Шеберлікпен тіл жасап,
Ұлықтап тұр Өзіңді.
Дозақтағы сақтандым,
Отқа оранған камшыдан.
Шүкір еттім. Мақтандым,
Жаралып жалғыз тамшыдан.
Басымда ми, санам бар,
Тамырмен қаным таралды.
Он сегіз мың ғаламшар,
Алты күнде жаралды.
Топырақтан жасадың,
Жан беріп Адам, Хауаны.
Шеберлікпен аса тым,
Жасадың қалай ауаны.
229
Таңдаулы діни өлеңдер
Еркінбіз. Болмай қысымың,
Әмірің ғана күштеп тұр.
Тоқтатпай өз жұмысын,
Ішім – завод, істеп тұр.
Ішкі дүнием лап қойып,
Бұйрығыңды ұғады.
Керектері қап қойып,
Артықтары шығады.
Шүкір-деп берген несіпке,
Қолымда Құран қалады.
Құлшылық ет деп, мешітке
Аяғым алып барады.
Денемде жан бар қимайтын,
Кереметтер толып тұр.
Ғажайып миға симайтын,
Құдіретіңмен болып тұр.
Арайлап атса ала таң,
Іске кірісті құмырсқа.
Шығып тұр тірі балапан,
Жансыз жатыр жұмыртқа.
Гүлдерді көрсек біз келіп,
Жер бетіне сән берген.
Күзде қурап , қыс өліп,
Көктемде оған жан берген.
Мінәжат етіп бір ғана,
Құлыңның ең сенері.
230
Аллаға мадақ
Жаратушы тек Аллаһ,
Шебердің ең шебері.
Аман қалды, Нұх қауым,
Су тасқыны көшкін де.
Қызғалдақтың бояуын
Таппайды әлі ешккім де.
Аллаһқа шебер таңым бар,
Паш еттім ісін мен Оның.
Қолынан келсе ғалымдар,
Жаратсын, кәне, бір шыбын.
Барлық істі бұл өткен,
Құдіретің қылғандай.
Қаны бар ет емшектен,
Сүт шығып тұр былғанбай.
Мақұлық білер ойына ап,
Өзіңсіз шипа ем келмес.
Әлем түгел мойындап,
Шеберсің Аллаһ тең келмес.
Біздерде әл жоқ, күш деген,
Сыйынсақ Аллаһ демерсің.
Әлемді ғажап істеген,
Өзің ғана шеберсің.
Судағы балық бұйырса,
Несібесін жеп жатыр.
Нұр боп жаңбыр құйылса,
Астымда байлық, кен жатыр.
231
Таңдаулы діни өлеңдер
Айналам аспан, кең дала,
Бәрі де көркем. Кең дала.
Шеберсің ұлық сен ғана,
Әлемге айтам мақтанып.
Құдіретіңмен аралар,
Гүл жалап, бал жасаған.
Шеберсің Аллаһ таңғалар,
Керемет қой мәссаған!
Ұлықтаудан Өзіңді,
Мұқалмайды қаламым.
Жеткізе алмай сөзімді,
Қабірге кетіп барамын.
Күш берсін Аллаһ бәріңе,
Әмин, йә, Раббил ъаламин!
Мың өл. Тіріл, қайта кел,
Жаратқан бізді өссін деп.
Қанша айтсаң да айта бер,
Аллаһтан шебер ешкім жоқ!
232
Достарыңызбен бөлісу: |