ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет99/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   124
Байланысты:
Allaga madak

Серікжан Қажи,       
Алматы қаласы.     
РУХ  –  АллАнЫң сЫЙЫ.
Жаратқан Ием, жанымда жүрсің медет боп,
Сүрінсем сүйеп, жұбатасың да өбектеп.
Қорғайсың кілең қиянаттардан қызыл шоқ,
Қолдайсың небір қиын шақтарда жебеп кеп.
Жаратқан Ием, өзіңе жол бар басталмақ,
Сеземін іштей, жүремін содан аспандап.
Табанмен таптап өткісі келсе пенделер,
Ұстасып  көріп, мысымыз басып, қашты аулақ.
Намыс, Ар болып кеудеме құйдың күш, жігер.
Қиялға  қанат бітірер ғажап түс кірер,
Жүректе Өзің, еңсемді жүрмін тік ұстап,
Жолымды кесіп, торыса дағы «тістілер».
Жанымды ғажап шуаққа бөлеп, нұрға әсем,
Жаратқан десем жасампаз, асқақ күй кешем.
Кереметіңді түйсініп, танып, ұқпасам,
Пәниге неге келгендігімді білмес ем?!
Жаратқан Ием, Өзіңе ғана құл болам,
Қорқамын ессіз, сүйемін шексіз, сыр бағам.
Аспан да, Жерде, Күн  – Ай да, Су да, Ауа да,
Құдіретіне тағзым етеді бұл ғалам.
Өзіңсіз тірлік, өтпейді бір сәт қағыс қап,
Торықсам бірге, тойынсам бірде алыстап.
Шапағатыңа шомылдырарсың, Жаратқан,
Рухыңды асқақ кетермін қайта табыстап...


223


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет