ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет105/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   124
Байланысты:
Allaga madak

Егізбаев Еркебұлан Нұрланұлы,
ОҚО, Ордабасы ауданы.
КөРКЕм мінЕЗ 
– 
КөРКіміЗ
«Бисмиләдан»  бастайын өлеңімді,
Оятып бойымдағы өнерімді.
Ұлықтап бір Алланы зікір етіп,
Салауатпен ашайын мен жырымды.
Көркем мінез мұсылманға тән көркі,
Ашатын жан әлемін, жүрек кілті.
Құлақ салсаң өсиетке жырланған,
Иншаллах, бойға түздің көркемдікті.    
Қорыққайсың қайда жүрсең Бір Алладан,
Орындап бар парызды Құран жазған.
Мінезіңе көркемдікті жіпше өріп,
Болғайсың үлгі болар пәк жандардан.
Келгеннен соң бұл өмірге адам болып,
Жүрмегін, сен, жат пиғылды надан болып.
Сен түсінгін жаратылыс мақсатыңды,
Қалмасын еріншектік панаң болып.
Мақсат қой, ілгері ұмтыл, басқын алға,
Қолдайды игі істерді Рақымды Алла.
Үлес қос туған елге, отбасыңа,
Ешкімді, ешқашан да бөліп жарма.
Құрметте ата анаңды бөлеп нұрға,
Олардың бар үміті сен ғой, тыңда.
Бақытты етсең, сол жандарды бұл өмірде,
Бөлейді мейріміне Хақ бір Алла.


239
Таңдаулы діни өлеңдер
Білім ізден, талап етер жігерлікті,
Қару болар жеңіп шығар мың білекті.
Айналып сол білімің жарық нұрға,
Жол көрсетер жандарға ақ ниетті.
Тырысқын әр сөзіңді амалдауға,
Ерік бер арманыңа, қамауға алма.
Сүңгіп кетпей қиялдың тұнығына,
Қанағат қыл алатын демің барға.
Береке орнар арада бірлік барда,
Бақыт қонар еңбек етіп талмағанда.
Ойланғын, әр ісіңді ақылға сал,
Кеудеңде жастық шақтың оты барда.
Иманды бол, имандылық адамдықтың тұғыры,
Сол арқылы тегіс болар жүрегіңнің жұмыры.
Екі өмірге шырақ болар салиқалы амалың,
Сонда ғана мәнді болар әрбір жанның ғұмыры!


240


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет