Марат Бақыштегі,
Алматы қаласы.
АллАғА ЖАлбАРЫнУ.
Құдыретіңе бір АЛЛА құлдық ұрам
Құтқар бізді нәпсінің құлдығынан
Пендеңізге ақыл мен сабырлық бер
Қорға және тозақтың сұмдығынан
Жаратушым, тек өзің, иланамын
Ібілістің есірген тыи, талабын
Адасқанды сала гөр тура жолға
Істете гөр істердің тек адалын
Өткен іске әрқашан салауат бер
Төккендерге байлық бер, ғаламат тер
Сабасына түсіргей, тасқандарды
Патшаларға әділдік, қанағат бер
Момындарды от беріп, жігерлендір
Есерсоққа сал ноқта, жүген-кендір
Адамдарға сәждеге басын иген
Бойларына сіңіргей, білім мен нұр
Тас жүрекке мейірім, махаббат бер
Аш көңілге көл-көсір шапағат бер
Азғындардың, арамза, арсыздардың
Жолын кесіп, жұдырық, шапалақ бер
Өзің ғана бір АЛЛА жаратушым
Ішкізе гөр пендеңе таза сусын
Келіндерім қылықты қыз өсіріп
Иманы мол ақылды бала тусын
226
Аллаға мадақ
Мейірбанды бір АЛЛА қорғанышым
Дүниенің жайнаған, жалғаны шын
Кешіре гөр, ойланбай өмір сүріп
Күнәсі көп, тек пенде болған үшін
Ниет етіп, өзіңе басымды идім
Ырғағына түстім бір жаңа күйдің
Қабыл етіп, отыз күн оразамды
Санамызға иманның нұрын, құйғын !
***
Алланы сүйе білгенге
Ғибадат нұры жауады
Өтірік сөйлеп күлгенге
Ібіліс арқан салады
Жаман бір жолға түспесең
Ісіңді Алла оңдайды
Қиянат жанға істесең
Тірлігің түзде оңбайды
Жомарттық жұртқа жасасаң
Саған да Алла береді
Жымқырып байлық асасаң
Басыңа балта төнеді
Қанағат етсең барына
Тоқ болар толмас көңіл де
Дақ салсаң таза арыңа
Тазармас мына өмірде
Қызғаныш отын қоздырсаң
Парасат безіп кетеді
227
Таңдаулы діни өлеңдер
Білімді алға оздырсаң
Көкке де қолың жетеді
Ақыл мен еңбек біріксе
Молшылық елге келеді
Билікке жемқор іліксе
Шындықтың шамы сөнеді
Белшеден басса жамандар
Бірліктің гүлі солады
Иманды болса адамдар
Ел іші тыныш болады
Ақиқат жалғыз Алладан
Жүрекке тура жол сілтер
Қу нәпсі тоймай сарнаған
Келгенде ажал, селт етер
228
Достарыңызбен бөлісу: |