Құл-Керім қажы Елемес
«Балдырған» журналы бөлім редакторы
Алматы қаласы.
АллАҺ
Бәрін де Аллаһ көреді.
Бәрін де Аллаһ береді.
Әуел мен ақыр жоқ Онда,
Мәңгілік Өзі төре-дұр!
Бәрін де Аллаһ біледі.
Аллаһсыз дүние тұл еді!
«Білмейді Ол» деген біреу де,
Әл-Мисақта Оған құл еді.
Бәрін де Аллаһ естиді.
Жария,
Жабық,
Әр күйді...
Хақсыздың бақсыз екенін,
Менің де «менім» кеш түйді.
Жаныңмен нұрға кенелгің,
келсе егер Хаққа жөнелгін!
Білетін,
Көріп,
Еститін,
Шебері Аллаһ Шебердің
Қамқор Ол, жұмсақ әрі өктем.
Сүйгенін тақуа, дара еткен.
Шебер Ол ғана, қас шебер,
Бәрін Ол жоқтан бар еткен.
221
Таңдаулы діни өлеңдер
Ш
ЫндЫқ
Пайғамбарға берілгені уахи – хақ!
Шындыққа қанжар кезелді.
Саған жетпей жататыны ақиқат,
Ақиқатқа жетпегеннің өзі өлді!
Ақиқатқа жетпегеннің сөзі өлді.
Өтірікті өбістіргені үшін де.
Хақ құлдардың ерітеді сөзі елді,
Дүбір толы дүниенің үстінде.
Дүбір толы дүниенің үстінде,
Хақ құлдардың сөзі қалар мәңгі боп.
Хақ еместің халы айналып мүшкілге,
Жалмар оны мәңгіге от...
Тозақ дейтін жалмар оны мәңгіге от...
222
Достарыңызбен бөлісу: |